Разделы презентаций


АБЫЛАЙ ХАН атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР және ӘЛЕМ ТІЛДЕР

Содержание

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1

АБЫЛАЙ ХАН атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР және ӘЛЕМ

ТІЛДЕР УНИВЕРСИТЕТІ





Кафедра: Педагогика және психология
Пәні: Экология және тұрақты даму
Мамандығы: 5В011900 Шетел тілі (екі шетел тілі)
Тақырыбы: Қазақстанның техногенезінің даму проблемасы
Тапсырма:Техногенезден тұрақты даму типіне көшудегі негізгі қажеттілік, Ертіс өзенін ластаушы улы заттардың көздеріне сипаттама




Орындаған: ПФИЯ 109 топ Омарова Ф.Т.
Тексерген: Кенжебаева Ш.К.




Алматы 2013 жыл
АБЫЛАЙ ХАН атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР және ӘЛЕМ

Слайд 2



ЖОСПАРЫ:



Кіріспе:
Негізгі бөлім: 2.1. Қазақстандағы су ресурстарының экологиялық жағдайы 2.2. Қазақстандағы су ресурстарының тапшылығы және зардаптары 2.3. Қазақстандағы өзен, көлдердің өнеркәсіп қалдықтарымен ластануы
2.4. Ертіс өзенін улайтын техногенді қалдықты заттар және мөлшері

Қорытынды









Слайд 3

Кіріспе

Елімізде, қазіргі таңда терең және тұрақты теріс өзгерістерімен сипатталатын қолайсыз экологиялық жағдай туып отыр. Ресурстарды өндіру және пайдалану барысында қоршаған ортаға жүктелген ауыртпашылықтар ұлғая түсті. Оның себебін көптеген факторлардан іздеуге болады, табиғи ресурстарды ретсіз, тиімсіз пайдалану, экология саласында құқықбұзушылық үшін жауапкершіліктің болмауы, және т.б. Қазақстан территориясының өте үлкен бөлігі әр түрлі факторлардың әсерінен кешенді ластанған, мысалы: ауаның, судың, жердің әр түрлі өндірістік зиянды қалдықтармен, улы газдармен және т.б. ластануы. Оған полигондарды, сынақ алаңдарын, «Байқоңыр» ғарыш кешенін, ірі тау-кен өндірістерін, Балқаш, Арал, Каспий суларындағы экологиялык апаттарды, мыңдаған өндірістік кәсіпорын, заводтар мен фабрикаларды қосатын болсақ, Қазақстан территориясының нағыз апат алаңы екенін байқауға болады. Еліміздің территориясы дүние жүзінде 9-орынға ие болса да, шегі шектеулі.

Слайд 4Жайылып жатқан территориямыздың жартысынан көбі өмір сүруге қолайсыз және ондай

жерлердің көлемі күннен - күнге өсуде. Мысалы: Атырау облысын алатын

болсақ, мұнай болу салдарынан адам өмірінің денсаулығына өте қауіпті. Соңғы бірнеше онжылдықтың ішінде қоршаған орта мен адамдарға қауіпті жаңа фактор қалыптасты, ол электромагниттік толқындар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қоршаған ортаның электромагниттік ластануын адамзатқа төніп тұрған апат ретінде қарастырып отыр. Элекетроманшеттік өрістер барлық тіршілік көздеріне теріс әсер ететіні белгілі, соның ішінде адам организміне өте үлкен зардаптар тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның жүйке жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған.
Жайылып жатқан территориямыздың жартысынан көбі өмір сүруге қолайсыз және ондай жерлердің көлемі күннен - күнге өсуде. Мысалы:

Слайд 5
Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулерге сүйенетін

болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталған

және қалаларда өзін-өзі өлтіру фактілері көптеп тіркеле бастаған. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникацияның дамуына байланысты, электромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан.



Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулерге сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің

Слайд 6 Жер атмосферасына шығарылатын техногенді табиғаты бар қалдықтардың

әлемдік мөлшері

Жер атмосферасына шығарылатын техногенді  табиғаты бар қалдықтардың әлемдік мөлшері

Слайд 7


Негізгі бөлім
2.1. Қазақстадағы су ресурстарының экологиялық жағдайы

Өндірістің келесі зиянды әсер ету объектісі болып су ресурстары табылады. Су объектілеріне антропогендік салмақ пен оларды қалпына келу қабілетінің арасындағы теңгерімсіздік экологиялық қолайсыздықты іс-жүзінде барлық ірі өзен бассейндеріне тән етті, ал су шаруашылығының мұқтаждарын жеткілікті қаржыландырмау су объектілерінің барынша ластануына әкелді.Су ресурстарының ластануына судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе, ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді.Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы, әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз болады. Суда органикалық заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады.




Слайд 8



Ластаушы заттарға

негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы

басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады. Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары. Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30 - 50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км² суды қабықшамен жаба алады. 0,05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Ластанудың әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалаудағы экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақыт керек. Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шарушылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады. Алайда 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады. Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.





Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы

Слайд 9 Ағын сулардағы

өнеркәсіптік ластаушы заттардың мөлшері

Ағын сулардағы өнеркәсіптік ластаушы 		  заттардың мөлшері

Слайд 10

2.2.Қазақстандағы су ресурстарының тапшылығы

Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Ертiс, Нұра, Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.Соңғы кезде республикада ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы сарқынды су проблемасы асқынып отыр.Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша, 2010 жылы республикада 298 елді мекенде кәріз жүйесі бар, бұл - республикадағы жалпы елді мекендердің (7161 бірлік) бар болғаны 4,2 %. Республикамызда бүгінгі күні 2174 үлкенді-кішілі өзеннен жылына 120 миллиард текше метр су ағады. Бұлар суын 65 оңаша алқаптарға құйып жатады. Мұның ішінде Ертіс, Сыр, Жайық т.б. Республика халқының жан басына шақсақ, күніне әр адамға 20 литрден келеді. Бұл өте көп мөлшер. Алайда осының бәрі қолда болғанда республикада су мәселесі бүгінгідей алаңдатпас еді. Өйткені дүние жүзінде суға ең бай деген Нью-Йорк қаласының әр тұрғынына бір тәулікте келетін судан үш еседен де асады екен. Ал, көріп жүргеніміз кері құбылыс, себебі, даламыз шөлейт аймаққа жатады. Халқымыздың жан басына тәулігіне 100—120 литрден артық су келмейді (бір техника мұқтажына, тұрмыс қажетін өтеуге, егістікті суландыруға, қалаларды көгалдандыруға және ішуге арналған судың бәрі осы санның ішінде).


2.2.Қазақстандағы су ресурстарының тапшылығы

Слайд 11 Гидросфераның әр түрлі категориялы судың қалпына келу жылдамдығы

Гидросфераның әр түрлі категориялы судың қалпына  			келу жылдамдығы

Слайд 12 2.3. Қазақстандағы өзен, көлдердің өнеркәсіп

қалдықтарымен ластануы
Өнеркәсіп кәсіпорындары және жылу электр станциялары атмосфералық ауаны ластаумен

қатар су қоймалары мен өзендерді де ластап отыр. Соның салдарынан жер үсті су көздері сарқылып, Қазақстанның флорасы мен фаунасы экологиялық тұрғыдан зиян шегуде, сондай-ақ халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасын асқындыра түсуде.Жыл сайын су объектілеріне шамамен 2,5 млн. тонна мөлшерінде өнеркәсіп қалдықтары төгіледі.Жер үсті суларының жай-күйі мен сапасын гидрохимиялық көрсеткіштері бойынша қадағалау 215 гидрохимиялық орында жүргізіледі, олар 85 объектіде, соның ішінде 58 өзенде, 11 көлде, 12 су қоймасында және 3 каналда орналасқан. Жер үсті суларының ластану деңгейі судың ластануының кешенді индексінің (ИЗВ)шамасы бойынша бағаланады, бұл индекс су сапасының өзгеру динамикасын салыстырып анықтау үшін пайдаланылады.
2.3. Қазақстандағы өзен, көлдердің өнеркәсіп     қалдықтарымен ластануыӨнеркәсіп кәсіпорындары және жылу электр станциялары

Слайд 13Барлық зерттелген су объектілерінің ішінде «таза» су объектілеріне – 8

өзен (13,8%), 3 су қоймасы (25%); «шамалы ластанған» су объектілеріне

– 39 өзен (67%), 7 су қоймасы (58%), 3 көл (27%) және 3 канал (100%) жатқызылған. «Ластанған» су объектілеріне 7 өзен (12%), Күрті су қоймасы (8,3%) және 3 көл: Шалқар, Сұлтанкелді, Балқаш (27,2%) көлдері жатқызылған. «Лас» су объектілеріне Тихая (Шығыс Қазақстан облысы), Глубочанка (Шығыс Қазақстан облысы), Елек (Ақтөбе облысы) өзендері (5,1%), Кеңгір (Қарағанды облысы) су қоймасы (8,3%) жатады. Қаракеңгір (Қарағанды облысы), Шерубайнұра (Қарағанды облысы) өзендерінің (5,1%) және Билікөл (9%) көлінің (Жамбыл облысы) су сапасының жай-күйі «өте лас» деп сипатталады. «Аса лас» су объектісі санатына Красноярка (1,7%) өзені (Шығыс Қазақстан облысы) жатады. Бұл ретте кейбір су объектілерінің сапасы нашарлаған.
Барлық зерттелген су объектілерінің ішінде «таза» су объектілеріне – 8 өзен (13,8%), 3 су қоймасы (25%); «шамалы

Слайд 14





Мәселен, Глубочанка (Шығыс Қазақстан обылысы), Ор (Ақтөбе облысы), Ембі

(Ақтөбе облысы), Бірқара (Жамбыл облысы) өзендері мен Марқакөл көлі «таза» санаттан «шамалы ластанған» санатқа ауыстырылған. Сондай-ақ Шу және Ақсу (Жамбыл облысы) өзендері, Балқаш көлі мен Күрті су қоймасы (Алматы облысы) «шамалы ластанған» санаттан «ластанған» санатқа жатқызылды. Глубочанка өзені мен Кеңгір су қоймасы «ластанған» санатқа ауыстырылды және Билікөл көлі (Жамбыл облысы) «лас» санаттан «өте лас» санатқа жатқызылды.Республикадағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тазалау қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30%-дан аспайды. Өндіріс сарқынды, шайма және қолданылған суларынының әсерінен, Ертіс, Орал т.б. өзендерінің суы, зияндылығы жөнінен нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі. Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300 километрлік жол жүріп өткен соң ғана турбулентті және ламинарлы араласулар әсерінен жүзеге аса алады. Тіпті, бұл су көздерінің "есте сақтау қабілеті" де зақымданған. Қазіргі экожүйені қалыптастыру, ғылым мен техника жетістіктерін өндіру, осы мақсаттарға қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай.








Мәселен, Глубочанка (Шығыс Қазақстан обылысы), Ор

Слайд 15 2.4. Ертіс өзенін улайтын техногеді қалдықты заттар және мөлшері

Ертіс

бассейні өзен ағысының және Балқаш көлiнiң ресурстарына антропогендiк әсер етулердi

бағалау жақын аумақтардың экономикасын дамытуды ескере отырып, су тұтынуды ұтымды реттеу қажеттілігімен байланысты.Өзендердің ішінде Ертіс су алабы, Өскемен қорғасын –мырыш комбинаты, Ленинагор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырьян зауыты секілді өндіріс орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап, тағы басқа ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады.Ертіс бассейнінің ластануы шектен шығып отыр. Оның кішігірім сағалары Үлбі, Глубокое, Тихая өзендерінің Ертіске құятын тұстарында мыс пен мырыштың мөлшері шекті қалыптан бірнеше есе көп.
2.4. Ертіс өзенін улайтын техногеді қалдықты заттар және мөлшеріЕртіс бассейні өзен ағысының және Балқаш көлiнiң ресурстарына

Слайд 16Яғни, 30 РЗШ-ден 300 РЗШ-ға дейін барады. Ертіс өзенінің суындағы

мырыштың орташа мөлшері, оның жоғары ағасынан Обь өзеніне құятын жеріне

дейінгі аралықта 7,6 есе өзгереді. Бұл жерде өте назар аударатын жағдай, оң жақ жағалау салаларындағы мырыштың ерітіндісі сол жақтағы салаларға қарағанда 8,1 есеге көп. Бұл жағдай, Ертіс өзенінің оң жақ салаларының, әсіресе Бұқтырма, Үлбі, Оба, Глубочанка, Красноярка сияқты өзендер, Зырян қорғасын, Лениногор полиметалл, Өскемен титан – магний және қорғасын – мырыш, Ертіс химия металлургиялық комбинаттар және де т.б. өнеркәсіп орындарының ағын суларымен ластануымен түсіндіріледі.
Яғни, 30 РЗШ-ден 300 РЗШ-ға дейін барады. Ертіс өзенінің суындағы мырыштың орташа мөлшері, оның жоғары ағасынан Обь

Слайд 17Сондай-ақ оң жақ жағалауының салараның бойында тұрғындардың тығыздығы да жоғары.

Ауыл шаруашылығы да біршама қарқынды дамыған.Ертіс өзен алабының ландшафттарының зиянды

заттармен қарқынды ластану, тазарту қондырғылары ескі Серебрян, Өскемен және Семей аймақтарында болса да, өзен алабына негізгі үлкен зиянды Шығыс Қазақстанның апатты жағдайға ұшыраған кезіндегі тау – кен металлургиялық және техникалық өнеркәсіптері әкеледі. Бүкіл Ертіс өзені алабына жыл бойы бірнеше ондаған тонна мырыш, 3 тонна мыс, 2 тоннадан да кадмий мен қорғасын түседі. Ертістің жалпы өзен алабының бойындағы мыс, мырыш, қорғасын, хром, кадмийдің ШЖҚ (шектеулі жіберілетін концетрация) мөлшері, микробиологиялық көрсеткіш бойынша 24 есеге дейін жоғары. Әсіресе, Ертістің кішігірім сағалары Үлбі, Глубокое, Тихая өзендерінің оған құятын тұстарында мыс пен мырыштың мөлшері шекті қалыптан бірнеше есеге көп. Енді осы қарастырылып отырған аймақтың ландшафтарының ластауының, жеке-жеке компонентке бөліп қарастырайық.
Сондай-ақ оң жақ жағалауының салараның бойында тұрғындардың тығыздығы да жоғары. Ауыл шаруашылығы да біршама қарқынды дамыған.Ертіс өзен

Слайд 18


Сонымен Ертіс өзені алабы – Қазақстан арқылы ағып өтетін аймақтарының

өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, ауыз суы және тұрмысқа қажетті сулармен қамтамасыз

ететін негізгі көзі. Өзен алабында Қазақстан аймағында 53 өнеркәсіптің пайдаланған қалдық сулары ағызылады. Бір жылда түсетін қалдық сулардың мөлшері 1,3 млрд. м³ - ті құрайды, оның шамамен 10 %-ы ешқандай тазаланбай, ал 30 %-ға дейінгісі жартылай, толық тазалаудан өтпеген күйде түседі. Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптерден басқа аймақтан су ресурстарының жағдайына Шығыс Қазақстандағы орманды кесу де, елеулі әсерін тигізеді.
Сонымен Ертіс өзені алабы – Қазақстан арқылы ағып өтетін аймақтарының өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, ауыз суы және тұрмысқа

Слайд 19


Қорытынды



Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на да жетпейді.Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген игі істер жүргізілуде. Соңғы кездерде республикада суды ластандырудан қорғауды күшейтуге байланысты біршама маңызды шаралар қабылданды. Еліміздің көптеген ірі қалаларында ірі-ірі су тазалайтын құрылыстар салынады. өнеркәсіп салаларында суларды екінші қайтара пайдалану жұмыстарына көңіл бөліне бастады және өнеркәсіп мұқтаждарын қанағаттандыру үшін таза суларды жұмсау азайды.








Слайд 20




Алайда бұл мәселелер жөнінде кемшілік баршылық.

Сондықтан да тұщы ауыз суларды таза ұстау, оларды ластамау, орынды

пайдалану, үнемдеп жұмсау жұмыстары бүкіл халықтық көкейтесті мәселеге, актуалды проблемаға айналып отыр. Су байлықтарын сақтау - бүкілхалықтың іс екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, су бірінші қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз. Осыған орай су ресурстарын қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралар, қаулы-қараларда қабылданды. Су ресурстарын пайдалану және оларды қорғаудағы заңды құжаттардың бірі - ол 1993 жылдың 31 наурызында қабылданған «Су кодексі». Мұндағы көрсетілген: «Қазақстан Республикасындағы су заңдарының міндеттері - халықтың, экономика салаларының суды ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету, су ресурстарын ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту» болып табылады.



























.






Алайда бұл мәселелер жөнінде кемшілік баршылық. Сондықтан да тұщы ауыз суларды таза ұстау,

Слайд 21




Пайдаланылған әдебиеттер:
Г. С . Оспанова, Г. Т. Бозшатаева «Экология» оқулық Алматы 2002 жыл

Ғаламтор саиттары:
www. docdat. com www.kitapkhana.kz www.student.zoom.ru
www.referat.kz
www.magistr.kz











Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика