Слайд 1Алматы Технологиялық Тниверситеті
Тағам өндісітері факультеті
Тақырыбы: ISO-22000
Орындаған: Дінбаева А., Әбдіқадырова А.
Тобы:
ТЗ-16-11
Тексерген:
Алматы 2019
Слайд 2Стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым ұлттық стандарттау органдарының әлемдiк федерациясы ретiнде
БҰҰ-ның шешiмiмен 1947 жылы құрамына 25 ұлттық ұйымдар енiп, Лондонда
құрылған.
Оның атын таңдаған кезде грек сөзiнен шыққан ISOS – "тең" деген сөздi пайдалануға келiсiлген. Сондықтан бұл ұйым барлық елдердiң тiлiнде қысқа аты ISO (ИСО) болып аталынады.Бұл Үкiметтiк емес ұйымның қызмет саласы бүкiл стандарттау жағын, электротехника менэлектроникадан басқасын, қамтиды. Бұл екi сала Халықаралық электротехникалық комиссияның құзырына жатады (МЭК).
Слайд 3ИСО-ның өзектi мәселесi – стандарттар қорының құрылымын жетiлдiру. Болашақта әлеуметтiк
сала мен ақпарат технологиясы ИСО-ның жұмысында басым болуы керек.
ИСО-ның стандарттары
дүние жүзi елдерiнiң арасында тауарлар, қызметтермен және идеялармен алмасуды жеңiлдететiн өнiмдерге (қызметтерге) қойылатын тиянақты өңделген техникалық талаптар.
ИСО-ның негiзгi мақсаты стандарттаудың және қызметтердiң ұштасқан түрiн бүкiл дүние жүзiнде дамуын ынталандыру. Бұл iс-әрекет тауарлармен, қызметтермен халықаралық алмасу процесiнiң және интеллектуалдық меншiктiң, ғылыми-техникалық, технологиялық және экономикалық салаларының қызметтерiнiң дамуын қамтамасыз етедi.
Слайд 4Қазіргі таңда өнімнің сапасы бірінші орынға қойылуда. Сондықтан кәсіпорында сапа
менеджментін енгізу өзекті мәселе болып отыр.
Кәсіпорын өнімінің сапасы неғұрлым төмен
болса, соғұрлым бұл кәсіпорын бәсекеге қабілетсіз болып табылады. Кез келген кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның өндіретін өнімінің немесе қызметінің сапасымен анықталады. Тұтынушылар әрқашан сапалы өнімді төмен бағамен сатып алуды ұнатады.
Слайд 5Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО) сапаға келесідей анықтама береді: «Сапа
– бұл өнімдер мен қызметтер құрамындағы жиынтық қасиеттері арқылы сертті
және болжамдалған қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті.» (ИСО 8402-94)
2005 жылы ISO жөніндегі стандарттау халықаралық ұйым ISO, 9001 стандарттың талаптарын және НАССР принциптерін біріктерген, «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. Тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» ISO 22000:2005 стандартын бекітті. Стандарт өндірістің құқықтық және нормативтік талаптарын сақтау, өндірістік процестердің мұқият талдау, азық-түлік өндірісінде ықтимал қатерлерден анықтау және қолайлы деңгейге осы қатерлерге, алдын азайту немесе жою үшін бақылау шараларын құру мақсатында негізделген.
Слайд 6Халықаралық сапа стандартының көп түрінің ішінде әрбір экспорттаушы- кәсіпорын –
салалық қатыстылығына қарамай Сапа Менеджментінің Жүйесіне сай құрылатын базалық стандарт
ISO 9001 болып табылады. Тағам өндірісінің өз еркімен сертификаттауға өту жағдайында тағам саласында жұмыс істейтін экспорттаушы-кәсіпорындар үшін тағам өндірісінің қауіпсіздік менеджментіне бағытталған ISO 22000 және HACCP халықаралық стандарттарын ендіру табанды қажеттілік болады.
Слайд 8ISO 22000 стандарты негізгі ережелер мен тамақ тізбегін ұйымдастыру, олардың
пайдалану кезінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты
тәуекелдерді басқару өз қабілетін көрсету қажет жағдайларда азық-түлік қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің талаптары бар. ISO 22000 стандарты басқа стандарттардың талаптарымен үйлестірілген, мысалы сапа менеджменті жүйесінің саласындағы ISO 9001 тәрізді, осылайша, интеграцияланған менеджмент жүйесіне енгізілуі мүмкін.
ISO 22000-нің НАССР-тан айырмашылығы неде?
Слайд 9НАССР - ол жай ғана бір тәуекелдерді басқару әдістерінің бірі.
Негізгі құжаттар: өнімнің сипаттамасы, НАССР тобының және топ жетекшісін тағайындау
туралы бұйрығы, қауіпті талдау және шешім ағаштың негізінде анықталған әрбір сын бақылау нүктесінің сипаттамасы, өндірістік процестің блок-схемасы, НАССР жоспары, HACCP тобының есебі, қызметкерлердің құзыреттілігін растау, рәсім сипаттамасы және ішкі аудиттердің жиілігі.
Слайд 10ISO 22000-бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық ұйымды басқарудың
толық жүйесі. ISO 22000 негізін үдерістік тәсілді пайдалану және үздіксіз
жетілдіруді қамтамасыз ететін басқару жүйесі құрастырады. Өз кезегінде, НАССР ISO 22000 сәйкес қауіпсіздік менеджмент жүйесі элементтерінің бірі болып табылады.
Слайд 11Сапаның халықаралық стандарты төменгі жолмен кәсіпорынның бәсекелестігін көтереді:
- сәйкес
емес өнімнің саны жөніндегі нөлге дейінгі мағлұматтар; клиенттер жағынан шағымның
аз болуы;
- кепiлдi қызмет көрсету көлемін төмендетуі;
- уақыт пен қаржыны барынша көп үнемдеуді қамтамасыз ету;
- сапаның тұрақтылығына кепілдеме;
- ресурстарды тиімді қолдану.
Слайд 12Өнім өндіру немесе қызмет көрсетумен тікелей байланысты:
- өнім шығаруда
технологиялық талаптарды және өнімге қызметке техникалық талаптарды сақтау;
- белгіленген
заңнамалық және нормативтік талаптарға сәйкес келуі;
-бақылау-өлшеу аспаптарын басқару үдерісі;
- өнім сапасын бақылау;
- шағымдар мен наразылықтармен жұмыс;
- сәйкес емес өнімді басқару.
Слайд 13Ұсынылатын әдебиет:
1«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы.2000ж.
2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации
и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003
г. - 450 с.
3 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.