Разделы презентаций


Қарағанды Мемлекеттик Медициналық Университет Фтизиатрия кафедрасы

Содержание

ЖоспарыТуберкулез әлеуметтік мәселесіҚазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық көрсеткіштердің талдауыӘдебиеттер

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қарағанды Мемлекеттик Медициналық Университет Фтизиатрия кафедрасы
СӨЖ Тақырыбы:Тубекулез эпидемиологиясы.Казакстандағы туберкулез эпидемиологисынын ерекшеліктері


Орындаған: Әріпбай

С.Н.
4004 топ ЖМФ
Қабылдаған: Серикбаева Н.М.



Қарағанды 2014

Қарағанды Мемлекеттик Медициналық Университет Фтизиатрия кафедрасы СӨЖ Тақырыбы:Тубекулез эпидемиологиясы.Казакстандағы туберкулез эпидемиологисынын ерекшеліктеріОрындаған: Әріпбай С.Н.4004 топ ЖМФҚабылдаған: Серикбаева

Слайд 2Жоспары
Туберкулез әлеуметтік мәселесі
Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық көрсеткіштердің талдауы
Әдебиеттер

ЖоспарыТуберкулез әлеуметтік мәселесіҚазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық көрсеткіштердің талдауыӘдебиеттер

Слайд 3Туберкулез әлеуметтік мәселесі
1993 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаһандық мәселе

болып жариялаған туберкулез Қазақстан үшін де бүгінге дейін өзекті мәселе

болып қалуда.
ДДҰ-ның ресми деректері бойынша 2006 жылы Қазақстан туберкулезбен тіркеуге алынған сырқаттанушылық бойынша дүниежүзінде алдыңғы қатарда болып отыр — ол 100 мың адамға шаққанда 155-ті құрап, ДДҰ-ның Еуропалық өңірінің туберкулез деңгейі бойынша 18 басым елдерінің қатарына енеді.
Елімізде 100 мың адамға шаққандағы туберкулезбен сырқаттанушылық ОАӨҚ елдерінің - 105,8 және ТМД мемлекеттерінің - 90,3 орташа деңгейлерінен тиісінше жоғары. Еуропа елдері арасында туберкулезбен ең жоғары сырқаттанушылық Румынияда - 112,6 және ең темен көрсеткіш Словакияда - 12,5 байқалады.

Туберкулез әлеуметтік мәселесі1993 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаһандық мәселе болып жариялаған туберкулез Қазақстан үшін де бүгінге

Слайд 4Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық көрсеткіштердің талдауы туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға

шаққанда 2003 жылғы 160,4-тен 2007 жылы 126,4-ке дейін төмендегендігін көрсетеді,

төмендеу қарқыны 21,2%-ға тең. 2003-2007 жылдары көрсеткіш азаюының қалыптасуына негізгі үлесті тиісінше Ақтөбе (279,5-тен 145,4-ке дейін), Қызылорда (278,1-ден 167,1-ге дейін), Батыс Қазақстан (208,8-ден 167,1-ге дейін), Маңғыстау (217,7-ден 157,9-ға дейін) және Атырау (225,7-ден 181,9-ға дейін) қосты.

Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық көрсеткіштердің талдауы туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2003 жылғы 160,4-тен 2007 жылы 126,4-ке

Слайд 6Мұндай нәтижелерге туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендету бойынша жүргізілген мынадай

шаралардың арқасында қол жеткізілді:
Туберкулезбен күресуді мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде күшейту.

Бұл мәселенің шешімі ҚР денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында; «ҚР халқын туберкулезден қорғау шаралары туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1263 қаулысында және Туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асыруды үйлестіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған ведомствоаралық жұмыс жоспарында көзделді.
Туберкулезге қарсы қызмет ұйымдары санының өсуі - елімізде 14 895 төсек-орындық 138 туберкулезге қарсы мекеме жұмыс істейді, оның 1395 төсек-орын балаларға арналған. Соңғы 5 жылда типтік 33 туберкулезге қарсы мекеме салынды;
Халықтың флюорографиялық тексерулермен қамтылуын ұлғайту. Олардың көлемі 2005 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықта 5%-ға артып, 62%-жетті. 2007 жылы туберкулезге профилактикалық тексерулермен қамтылу барлық халықтың 60%-ы мен балалардың 55%-нан астамын құрады. 0-ден 12 жасқа дейінгі балаларды туберкулезге қарсы екпелермен барынша қамту (БЦЖ), нәрестелерді вакцинациялаумен қамту 2007 жылы 99,1%-ға тең болып, 6-дан 12-ге дейінгі балаларды қайта вакцинациялау жоспарының орындалуы 93,6%-ды құрады;

Мұндай нәтижелерге туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендету бойынша жүргізілген мынадай шаралардың арқасында қол жеткізілді:Туберкулезбен күресуді мемлекеттік басқарудың

Слайд 7Жұқпа бақылауы жүйесін құру мақсатымен, туберкулезге қарсы мекемелерді қайта құрылымдауды

жүргізу - сырқаттарды жұқпа дәрежесіне, түріне және ТМБ (туберкулез микобактериясы)

туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектерге дәрілік тұрақтылығының болуына қарай емдеуге жатқызу;
Туберкулезбен ауыратын сырқаттардың Ұлттық тіркелімін жаңғырту;
Дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілу. 1998 жылдан бастап туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектер сырқаттарға тегін беріледі;
Туберкулез ошақтарындағы балалар арасында індетке қарсы іс-шараларды күшейту;
бациллабөлгіш 44 сырқатқа қосымша тұрғын үй бөлу. Туберкулез жұқпасы ошақтарынан 9240 бала мектепке дейінгі балалар мекемелеріне оқшауландырылды;
Туберкулез жұқпасы ошақтарындағы қатынасқа түсетін балаларды сауықтыру мен оңалту үшін, 800 орындық санаторий үлгісіндегі 16 мектепке дейінгі балалар мекемесі ашылды.

Жұқпа бақылауы жүйесін құру мақсатымен, туберкулезге қарсы мекемелерді қайта құрылымдауды жүргізу - сырқаттарды жұқпа дәрежесіне, түріне және

Слайд 82007 жылы елімізде белсенді туберкулезбен ауыратын 1 346 бала тіркелген,

оның 35 КДТ-ы (көп дәрілерге тұрақтылығы) барлары.
Туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 100

мың адамға шаққанда 2000 жылғы 22,3-тен 2007 жылы тиісінше 18,1-ге дейін төмендеді. Туберкулезден өлім-жітімнің жоғары көрсеткіштері 100 000 адамға шаққанда 2007 жылы Павлодар (29,6), Солтүстік Қазақстан (27,5), Маңғыстау (26,8) және Қарағанды (26,1) облыстарында сақталып қалды. Ал туберкулезден жітімнің ең төмен көрсеткіштері Оңтүстік Қазақстан (10,1) облысында, Алматы қаласында (10, 9) мен Алматы (8,6) облысында байқалып отыр.
Сонымен қатар, туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің төмендеуіне қарамастан, туберкулез қоздырғышының дәріге тұрақтылығы негізгі мәселе болып қалуда. Қоздырғышының көп дәрілерге тұрақтылығы бар туберкулездің таралу деңгейі дүние жүзіндегі ең жоғарғы деңгейлердің бірі болып отыр. 1999 жылы Қазақстан ДДҰ-ның дәріге тұрақтылықты дүниежүзілік деңгейде зерделеу жөніндегі бағдарламасына қосылды.
Бағалауларға сәйкес, бүкіл әлемде жыл сайын дәріге тұрақтылықтың 450 000 жаңа жағдайлары тіркеліп жатады, оның 70 000 Еуропа өңірінде. Бүгінде КДТ-мен ауыратын сырқаттардың саны 8 470-ке жетті. Осыған байланысты 2000 жылы DОТS-плюс стратегиясын енгізу басталған болатын, оның мақсаты КДТ-ның таралуының алдын алу болып табылады. Бұл стратегия шеңберінде елімізде 18 КДТ бөлімшесі (920 төсек-орындық) құрылды.

2007 жылы елімізде белсенді туберкулезбен ауыратын 1 346 бала тіркелген, оның 35 КДТ-ы (көп дәрілерге тұрақтылығы) барлары.Туберкулезден

Слайд 9Тағы бір мәселенің бірі пенитенциарлық жүйеде туберкулез «резервуарының» болуы, атап

айтқанда, сотталған адамдар арасындағы сырқаттанушылықтың, өлім-жітімнің, дәріге тұрақтылықтың жоғары деңгейі және

бостандыққа шыққаннан кейін арнайы емді жалғастыру болып табылады.
Туберкулезбен күресуді үйлестіру және сектораралық өзара іс-қимылды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі Үлттық Үйлестіру Кеңесінің шешімімен 11 халықаралық серіктес қатысатын техникалық жұмысшы топ жұмыс істейді.
2007 жылдан бастап Жаһандық қор мен Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы туберкулезбен ауыратын сырқаттарға көмек көрсету бойынша келісімді іске асыру шаралары басталды, бұған 9,8 млн. АҚШ доллары бөлінді.
Нормативтік құқықтық база нығайтылды: диагностикалау, емдеу, санитарлық індетке қарсы шаралары бойынша, көп дәрілерге тұрақтылығы бар сырқаттарды емдеу бойынша бұйрықтар бекітілді. «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғау шаралары туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желоқсандағы №1263 қаулысы әзірленіп, бекітілді.

Тағы бір мәселенің бірі пенитенциарлық жүйеде туберкулез «резервуарының» болуы, атап айтқанда, сотталған	адамдар арасындағы сырқаттанушылықтың, өлім-жітімнің, дәріге тұрақтылықтың

Слайд 11№218 бұйрығы 25.04.2011ж.
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен
туберкулезге қарсы

ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және
диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулық
1.

Жалпы ережелер
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары (бұдан әрі – БМСК) мен туберкулезге қарсы ұйымдардың (бұдан әрі – ТҚҰ) медицина қызметкерлерінің туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі жұмыстарының негізгі тәртібі мен көлемін анықтайды.

№218 бұйрығы 25.04.2011ж. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік

Слайд 12Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) қақырық микроскопиясының оң нәтижесімен

өкпе туберкулезі (бактерия шығарушы) ем жүргізілгенге дейін қақырық жағындысының микроскопиясы

кезінде туберкулез микобактериялары (бұдан әрі - ТМБ), тіпті бір рет болса да табылған науқаста анықталады.
2) қақырық микроскопиясының теріс нәтижесімен өкпе туберкулезі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және клиникалық практика стандарттарына сәйкес мынадай өлшемдердің негізінде анықталады:
қақырық жағындысын қышқылға көнбейтін бактерияларға (бұдан әрі – ҚКБ) микроскопия әдісімен зерттегенде кем дегенде 3 нәтиже теріс болса;
өкпедегі рентген әдісімен анықталған өзгерістер белсенді туберкулезге тән болса;
кең спектрлі антибактериялық дәрілермен жүргізілген ем тиімсіз болса;
дәрігер туберкулезге қарсы емнің толық курсын жүргізуге шешім қабылдаса.
3) қақырық жағындысының конверсиясы - ем барысында ТМБ жойылуы әр ай сайын жүргізілген микроскопия және тығыз қоректік ортада егу әдісінің қатарынан кем дегенде екі теріс нәтижесімен дәлелденген болса (науқас әлі де бактерия бөлуші болып саналады);
Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) қақырық микроскопиясының оң нәтижесімен өкпе туберкулезі (бактерия шығарушы) ем жүргізілгенге дейін

Слайд 134) көптеген дәріге көнбейтін туберкулез (бұдан әрі -КДК ТБ) –

бұл кем дегенде изониазид пен рифампицинге төзімді Mycobacterium tuberculosis штаммдары

қоздырған, көптеген дәріге көнбейтін туберкулез;
5) кең көлемді дәрілерге көнбейтін туберкулез (ККДК ТБ) – бұл кемінде изониазид пен рифампицинге, сондай-ақ фторхинолондардың біреуіне және екінші қатардағы инъекциялық үш дәрінің біреуіне (капреомицин, канамицин немесе амикацинге) көнбейтін ТМБ туындаған штаммдары тұрақты туберкулез;
6) полирезистентті туберкулез (бұдан әрі – ПР ТБ) – бұл КДТ ТБ және ДККТ ТБ-ден өзгеше (айрықша), екі және одан да көп дәрілерге көнбейтін ТМБ штаммдары қоздырған туберкулез;
7) қарқынды кезең – аурудың клиникалық белгілерін жоюға және туберкулез микобактерияларының популяцияларына барынша әсер етуге бағытталған емнің бастапқы кезі (бактерия бөлудің тыйылуы және дәріге көнбейтін штаммдардың дамуының алдын алу).
8) жалғастыру кезеңі – әлі де сақталған микобактерия популяцияларына әсер етіп, қабыну өзгерістерінің әрі қарай азайып, туберкулезді үрдістің кері қайтуын және науқас ағзасының функционалдық мүмкіндіктерінің қайта қалыптасуын қамтамасыз ететін емнің жалғасу кезеңі.
9) микроскопиялық зерттеу – микобактерияларды бактериоскопиялық анықтау әдісі. Бактериоскопиялық әдіс науқаста туберкулезді анықтауға, сонымен қатар ем нәтижелігін бақылауға мүмкіндік береді.
10) егу әдісі – бактериологиялық зертхана жағдайында микобактерия дақылдарын қоректік ортада бөліп алу әдісі. Егу әдісіне кез-келген биологиялық материал жолданады.
11) дәріге сезімталдық тесті - туберкулез микобактерияларының туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерге сезімталдық спектрін анықтау, науқастарды емдеу тактикасын таңдауға мүмкіндік беріп, ем тиімділігін бақылау және ауру нәтижесін болжау үшін қолданылады.

4) көптеген дәріге көнбейтін туберкулез (бұдан әрі -КДК ТБ) – бұл кем дегенде изониазид пен рифампицинге төзімді

Слайд 142. Туберкулезді анықтау
БМСК ұйымдарының медицина қызметкерлеріне мынадай міндеттер жүктеледі:
1)

ауру белгілері бар науқастар арасында қақырық микроскопиясы әдісін және туберкулезбен

ауыру қаупі жоғары халық арасында («қауіп» тобы) флюорография әдісін қолдана отырып, туберкулезді ерте анықтау;
2) бақылау химиотерапиясын жүргізу;
3) халық арасында туберкулездің алғашқы белгілері және аурудың алдын алу туралы санитариялық ағарту жұмысын кеңінен жүргізу.
БМСК ұйымының медицина қызметкері осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес зерттеу үшін қақырықты сапалы түрде жинап, оны зерттеу үшін зертханаға уақытылы жеткізуді жүзеге асырады.
БМСК ұйымында қақырықты микроскопиялық зерттеу екі аптадан астам уақыт жөтелі бар (жөтел - өкпе (жұқпалы) туберкулезінің негізгі белгісі) және төменде аталған клиникалық белгілердің біреуі не бірнешеуі байқалған науқастарға жүргізіледі:
1) салмақ жоғалту;
2) тершеңдік;
3) кеуде қуысындағы ауырсынуы;
4) қан түкіру;
5) ұзақ уақыт бойы дене қызуының жоғарлауы.

2. Туберкулезді анықтауБМСК ұйымдарының медицина қызметкерлеріне мынадай міндеттер жүктеледі: 1) ауру белгілері бар науқастар арасында қақырық микроскопиясы

Слайд 15Науқаста жоғарыда аталған симптомдар болған жағдайда медицина қызметкері осы Нұсқаулықтың

2-қосымшасында келтірілген туберкулезге күдікті науқасты тексерудің диагностикалық алгоритміне сәйкес толық

зерттеу шараларын жүргізеді.
Туберкулезге рентгенологиялық әдіспен күдік туған, бірақ қақырық жағындысының микроскопиясы теріс болған жағдайда кеуделік шағымдары және интоксикация белгілері жоқ науқас диагнозды анықтау үшін фтизиатрға диагностикалық алгоритмді жүргізбестен бірден жолданады.
Туберкулезге шалдыққан науқаспен қарым-қатынаста болған адамда туберкулез ауруына клиникалық-рентгенологиялық күдік туған жағдайда диагнозды анықтау үшін фтизиатрға диагностикалық алгоритмді жүргізбестен бірден жолдау керек.
Науқаста ТМБ анықталған жағдайда ол ТҚҰ жолданады, ол жерде қосымша зертханалық зерттеулер жүргізіліп, туберкулезге қарсы ем тағайындалады.
Қақырық микроскопиясының нәтижелері теріс болған және туберкулезге тән ауру белгілері күшейген жағдайда науқас міндетті түрде фтизиатр дәрігердің кеңесіне жіберіледі.
Халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізгенде нақты жағдайларда туберкулез туралы барлық қолжетімді әдістер мен ақпараттандыру құралдары пайдаланылады.
Ауруды флюорография әдісімен анықтау туберкулезбен ауыру қаупі жоғары адамдардың арасында жүргізіледі.
Алғаш рет ауруға шалдыққан науқастардың туберкулезінің асқынған түріне мынадай клиникалық нысандар жатады:
1) жеделдеу және созылмалы диссеминирлік туберкулез;
2) асқынған туберкулезді менингит;
3) казеозды пневмония;
4) фиброзды-кавернозды туберкулез;
5) асқынған өкпеден тыс туберкулез;
6) 0-15 жас аралығындағы балалардың өкпедегі деструктивтік өзгерістері мен бактерия бөлудің болуы.

Науқаста жоғарыда аталған симптомдар болған жағдайда медицина қызметкері осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында келтірілген туберкулезге күдікті науқасты тексерудің диагностикалық

Слайд 16Туберкулездің кеш анықталған жағдайларына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары, ТҚҰ және

БМСК мекемелері бірлесіп отырып клиникалық талдау жасап, міндетті түрде талдау

Хаттамасын жүргізіп, іс-шаралар жоспарын құрастырады.
ТБ 01 науқастың амбулаториялық картасында және тиісті медициналық құжаттарда мекенжайы бойынша бақыланатын амбулаториялық ем жүргізу тәртібі нақты көрсетіледі.
БМСК ұйымында туберкулезді күдік тудырған науқастарды тіркеу Журналы (ТБ 15) және туберкулезді шалдыққан науқастардың медициналық картасы (ТБ 01) жүргізіледі.
БМСК ұйымында туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің (бұдан әрі – ТҚД) бір айлық қоры болуы тиіс. Науқастарды амбулаториялық бақылау емдеуге қажетті дәрілер ТҚД тіркеу журналында (ТБ 12) есепке алынып, тіркеледі. Дәрілердің кіріс-шығысы туралы есеп ТҚҰ ай сайын тапсырылады.
БМСК ұйымында ТҚД-мен туберкулезден басқа ауруларды емдеуге тыйым салынады.

Туберкулездің кеш анықталған жағдайларына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары, ТҚҰ және БМСК мекемелері бірлесіп отырып клиникалық талдау жасап,

Слайд 173. Туберкулез үрдісін орнықтыруға сәйкес тіркеу жүргізу
Орнығу орнына сәйкес туберкулезді

мынадай түрлері бойынша ажыратады:
1) өкпе туберкулезі – патологиялық үрдіспен

өкпе паренхимасы зақымданған жағдайда;
2) өкпеден тыс туберкулез – барлық басқа ағзалар мен тіндердің туберкулезі ( плевраның, лимфа түйіндерінің, іш қуысының, несеп-жыныс жүйесінің, буындар мен сүйектердің, бас миы және жұлын қабықшаларының туберкулезі);
20. Науқаста өкпелік және өкпеден тыс туберкулез бірдей кездескен жағдайда ол өкпе туберкулезі бар науқас болып есептеледі. Милиарлы туберкулез өкпелікке жатады, себебі өкпеде патологиялық өзгерістер анықталады.
21. Өкпеден тыс туберкулез диагнозы бактериология, цитоморфологиялық зерттеулерге негізделіп анықталады, немесе белсенді өкпеден тыс туберкулезге нұсқайтын клиникалық-рентгенологиялық мәліметтерге негізделеді. Бірнеше ағзасы зақымдалған өкпеден тыс туберкулезі бар науқас үрдістің шоғырлануының ауырлығына сәйкес тіркеледі.
22. Қақырық микроскопиясының нәтижесі оң (бактерия бөлуші) өкпе туберкулезі науқаста мынадай жағдайларда анықталады:
1) ем тағайындалғанға дейінгі қақырық микроскопиясы кезінде кем дегенде екі рет ТМБ анықталса;
2) қақырық микроскопиясы кезінде бір рет ТМБ анықталса және де рентгенологиялық зерттеу барысында анықталған патологиялық өзгерістер фтизиатр дәрігердің қорытындысы бойынша өкпенің белсенді туберкулезіне тән болса.
23. Қақырық микроскопиясының нәтижесі теріс өкпе туберкулезі қақырық микроскопиясының нәтижесі оң өкпе туберкулезінің анықтамасына сәйкес келмейтін науқасқа қойылады.
24. Қақырық микроскопиясының нәтижесі теріс болған науқаста егу әдісінің нәтижесі оң болса, ол науқаста белсенді туберкулездің болуын дәлелдеп, диагнозды растайды.
25. Қақырық микроскопиясының нәтижесі теріс өкпе туберкулезін анықтау өлшемдері:
1) қақырық жағындысын ТМБ микроскопия әдісімен зерттегенде кем дегенде 3 нәтиже теріс болу;
2) өкпедегі рентген әдісімен анықталған өзгерістер белсенді туберкулезге тән болу;
3) ОДКК туберкулезге қарсы емнің толық курсын жүргізуге шешім қабылдауы.

3. Туберкулез үрдісін орнықтыруға сәйкес тіркеу жүргізуОрнығу орнына сәйкес туберкулезді мынадай түрлері бойынша ажыратады: 1) өкпе туберкулезі

Слайд 184. Туберкулезді науқастардың түрлері бойынша тіркеу
Туберкулезге шалдыққан науқастар 4 санат

бойынша тіркеуге алынады:
1) I (бірінші) санат - өкпе туберкулезіне

алғаш рет шалдыққан бактерия бөлуші науқастар және өкпеден тыс туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастар; сонымен қатар өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан 1 сегменттен аса зақымдануы бар бактерия бөлмейтін науқастар; туберкулездіа алғаш рет шалдыққан өкпелік және өкпеден тыс туберкулездің асқынған және жанасқан түрлерi бар бактерия бөлмейтін науқастар.
2) II (екінші) санат - туберкулез ауруы қайталанған, емi сәтсiз аяқталған, үзiлiстен кейiн емін жалғастырушы науқастар және басқалар.
3) III (үшінші) санат – алғаш рет ауырған бактерия шығармайтын шектелген (1 сегменттің көлемінде) асқынбаған өкпе туберкулезі және өкпеден тыс туберкулез түрлеріне шалдыққан науқастар.
4) IV (төртінші) санат – зертханалық дәлелденген көптеген дәрілерге төзімді (бұдан әрі – КДТ ТБ) және кең көлемді дәріге төзімді туберкулезі бар (бұдан әрі – ККДТ ТБ), I, II, III және IV санат кестелері бойынша ем нәтижесі «сәтсіз ем» болған полирезистенттік (бұдан әрі – ПР ТБ) туберкулезі бар науқастар.

4. Туберкулезді науқастардың түрлері бойынша тіркеуТуберкулезге шалдыққан науқастар 4 санат бойынша тіркеуге алынады: 1) I (бірінші) санат

Слайд 1927. Туберкулезді шалдыққан науқастардың мынадай типтерін ажыратады:
1) аурудың жаңа жағдайы

- бұрын ешқашан ТҚД қабылдамаған немесе оларды 1 айдан кем

уақыт қабылдаған науқас;
2) қайталап ауру – бұрын бірінші қатардағы ТҚД емнің толық курсын қабылдап, «сауықты» немесе «ем аяқталды» деген ем нәтижесі болған науқаста кейіннен бактерия бөлу байқалса;
3) сәтсіз ем – алғашқы ем курсы сәтсіз болуына байланысты туберкулезге қарсы ем курсы қайта тағайындалған науқас;
4) үзілістен кейінгі ем – емін 2 ай және одан да астам уақытқа үзгеннен кейін қайта бастаған, қақырық микроскопиясының нәтижесі оң науқас;
5) ауыстырылды – басқа емдеу мекемесінде туберкулезге шалдыққан науқас деп тіркелген, ем тағайындау не жалғастыру үшін осы мекемеге ауысып келген науқас. Ем курсы аяқталғаннан кейін осы науқастың ем нәтижесі туралы ақпарат ол алғаш рет тіркелген ТҚКҰ жіберіледі;
6) басқалар – жоғарыда аталған анықтамаларға сәйкес келмейтін барлық жағдайларды қамтиды. Бұл қайталанған бактерия бөлусіз өкпе туберкулезі мен өкпеден тыс туберкулез жағдайлары. Бұндай жағдайлар бірен-саран болуы тиіс және әрбір жағдайда диагноз патоморфологиялық не бактериологиялық әдістермен дәлелденуі керек.
7) Көптеген (КДК ТБ) және кең ауқымды дәріге көнбейтін (ДККТ ТБ) туберкулезі бар науқастарды бақылау мақсатында IV санат түрi бөлiніп көрсетiлген. Науқасты IV санатқа ауыстыру және ем тәртібі туралы шешімді ОДКК қабылдайды.
28 IV санаттағы науқастарды тіркеу Көптеген дәрілерге және дәрілерге кең
көлемде төзімді туберкулезге шалдыққан науқастарды туберкулезге қарсы
күрес ұйымдарында қадағалау бойынша Нұсқауға сәйкес жүргізіледі.


27. Туберкулезді шалдыққан науқастардың мынадай типтерін ажыратады:1) аурудың жаңа жағдайы - бұрын ешқашан ТҚД қабылдамаған немесе оларды

Слайд 205. Туберкулезді емдеу
29.Туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу үзіліссіз екі кезеңде

жүргізіледі
1) бірінші кезең – емнің қарқынды кезеңі негізінен стационарда жүргізіледі,

науқасты амбулаториялық емдеу мүмкіндігін орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия шешеді (бұдан әрі – ОДКК);
2) екінші кезең – емнің жалғастыру кезеңі негізінен амбулаториялық немесе шипажайда жүргізіледі. Емнің жалғастыру кезеңін стационарда өткізу мүмкіндігін ОДКК шешеді (негізінен бұл – әлеуметтік жағдайы қолайсыз, тұрмыстық жағдайы нашар науқастар).
30. Туберкулезді шалдыққан науқастарды емдеу медицина қызметкерінің тікелей
бақылауымен жүргізіледі (тағайындалған дәрілердің барлығын бақылау түрде
қабылдау). Емді бастамас бұрын науқаспен тағайындалған ТҚД міндетті түрде
қабылдау қажеттілігі туралы сұхбат жүргізіліп,науқастың ақпарат алғаннан
кейінгі ем қабылдауға берген келісіміне қол қойылады (ТБ 14).

5. Туберкулезді емдеу 	29.Туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу үзіліссіз екі кезеңде жүргізіледі1) бірінші кезең – емнің қарқынды кезеңі

Слайд 21Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу осы Нұсқаулықтың 36-38-тармақтарына көрсетілген санаттарға сәйкес

жүргізіледі.
I (бiрiншi) санатқа мынадай науқастар жатқызылуы тиіс: өкпе туберкулезіне

алғаш рет шалдыққан бактерия бөлуші науқастар және өкпеден тыс туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастар; сонымен қатар өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан 1 сегменттен аса зақымдануы бар бактерия бөлмейтін науқастар; туберкулезге алғаш рет шалдыққан өкпелік және өкпеден тыс туберкулездің асқынған және қосарланған түрлерi бар бактерия бөлмейтін науқастар.
II (екiншi) санатқа туберкулез ауруы қайталанған, емi сәтсiз аяқталған, үзiлiстен кейiн емін жалғастырушы науқастар және басқалар жатады.
III (үшiншi) санатқа алғаш рет ауырған бактерия шығармайтын шектелген (1 сегменттің көлемінде) асқынбаған өкпе туберкулезі және өкпеден тыс туберкулез түрлеріне шалдыққан науқастар жатады.
Негізгі (бірінші) қатардағы ТҚД-дің түрлерi мен мөлшерлерi осы Нұсқаудың 3-қосымшасында келтірілген.

Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу осы Нұсқаулықтың 36-38-тармақтарына көрсетілген санаттарға сәйкес жүргізіледі. I (бiрiншi) санатқа мынадай науқастар жатқызылуы

Слайд 22I санаттағы науқастарды емдеу:
1) емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң

ауырлығы мен жайылуына сәйкес екi айдан төрт айға дейін жүргiзiледi.

Емдi бастамас бұрын туберкулез микобактерияларының ТҚД сезімталдығын (ДСТ) анықтау үшін қақырықты егу әдісімен тексеру қажет;
2) ем науқастың салмағына сәйкес мөлшерде тағайындалған төрт дәрімен жүргiзiледi: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е) немесе стрептомицин (S). Стрептомицин екi айдан артық қолданылмайды;
3) екi ай емдегеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтижелі болған жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыруға болады;
4) егер емнің екiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, ДСТ-і қайталанып, емнің қарқынды кезеңі бiр айға созылады;
5) егер емнің үшiншi айының соңында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі болса, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;
6) егер емнің үшiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болып сақталса, емнің қарқынды кезеңі тағы бiр айға созылады;
7) емнің төртiншi айының соңында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі болса, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;
8) егер емнің төртiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса немесе емнің жалғастыру кезеңінде бактерия бөлу пайда болса, науқасқа «сәтсiз ем» деген нәтиже анықталады. ТМБ ТҚД сезiмталдығы сақталған жағдайда, науқас қайта тiркелiп, оған II санат бойынша ем тағайындалады. Полирезистенттiлік анықталған жағдайда науқас IV санатқа ауыстырылып, оған екінші қатардағы ТҚД ем тағайындалады.
9) егер науқаста КДК ТБ анықталса, онда науқас I санат бойынша ем тиімділігіне қарамастан, IV санатқа ауыстырылып, оған «IV санатқа ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;
10) емнің жалғастыру кезеңі 4 ай бойы екi дәрі - изониазид (Н) және рифампицинді (R) күнара (аптасына 3 рет) немесе күнделікті қабылдау тәртібінде жүргізіледі;
11) ТБ/АИВ ко-жұқпасы бар науқастарға емнің жалғастыру кезеңі бес ай бойы дәрілерді күнделікті қабылдау тәртібінде жүргізіледі;
12) аурудың ауыр жағдайларында емнің жалғастыру кезеңі дәрілерді күнде немесе күнара қабылдау тәртібінде 7 айға дейін созылуы мүмкін.

I санаттағы науқастарды емдеу: 1) емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң ауырлығы мен жайылуына сәйкес екi айдан төрт

Слайд 23II санаттағы науқастарды емдеу:
1) емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң

ауырлығы мен жайылуына сәйкес үш айдан бес айға дейін жүргiзiледi.

Емдi бастамас бұрын қақырықты егу әдісімен ДСТ жүргізу қажет;
2) алғашқы екi ай ішiнде ем науқастың салмақ мөлшерiне сәйкес тағайындалған бес дәрімен жүргiзiледi: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е), стрептомицин (S). Кейiннен ем стрептомицинсiз, төрт дәрімен жалғастырылады: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z) және этамбутол (Е);
3) үш ай емделгеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтижелі болған жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыруға болады;
4) егер үшінші айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, ДСТ қайталанып, емнің қарқынды кезеңі тағы бiр айға созылады;
5) егер төртiншi айдың соңында қақырық жағындысы екi рет теріс нәтижелi болса, науқас емнің жалғастыру кезеңiне ауыстырылады;
6) егер төртiншi айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, емнің қарқынды кезеңi тағы бiр айға созылады;
7) бесiншi айдың соңында қақырық жағындысы екi рет теріс нәтижелi болған жағдайда, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;
8) егер бесiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, науқасқа «сәтсiз ем» деген ем нәтижесі анықталып, ол IV санат бойынша тіркеледі;
9) қарқынды кезеңнің аяғына дейiн ДСТ нәтижесі бойынша КДК ТБ анықталса, науқас II санат бойынша қабылдап жатқан емнiң тиiмдiлiгiне қарамастан IV санатқа ауыстырылып, оған «IV санатқа ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;
10) емнің жалғастыру кезеңі бес ай бойы күнара (аптасына 3 рет) немесе күнде-күнде изониазид (Н), рифампицин (R) және этамбутолды (Е) қабылдау арқылы жүргізіледі;
11) ТБ/АИВ ко-жұқпасы бар науқастарға емнің жалғастыру кезеңі бес ай бойы дәрілерді күнделікті қабылдау тәртібінде жүргізіледі.

II санаттағы науқастарды емдеу: 1) емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң ауырлығы мен жайылуына сәйкес үш айдан бес

Слайд 24III санаттағы науқастарды емдеу:
1) емнің қарқынды кезеңі екi ай

бойы төрт дәрі: изионазид, рифампицин, пиразинамид және этамбутолмен негізінен амбулаториялық,

сирек жағдайда стационарда жүргізіледі (балалар мен жасөспірімдерден басқа);
2) екi ай емдегеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтижелі болған жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыруға болады;
3) емнің қарқынды кезеңінің соңында немесе жалғастыру кезеңінде науқаста бактерия бөлу анықталса, «Сәтсiз ем» деген ем нәтижесі анықталып, науқас II санат бойынша ем алу үшін қайта тіркеледі;
4) егер науқаста көптеген дәрілерге төзімділік дәлелденсе, III санат бойынша ем тиімділігіне қарамастан, науқас IV санатқа ауыстырылып, оған «IV санатқа ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;
5) III санат бойынша емнің жалғастыру кезеңі төрт ай бойы екi дәрі – изониазид және рифампицинді күнара қабылдау арқылы жүргiзiледi;
6) ТБ/АИВ ко-жұқпасы бар науқастарға емнің жалғастыру кезеңі бес ай бойы дәрілерді күнде-күнде қабылдау тәртібінде жүргізіледі.

III санаттағы науқастарды емдеу: 1) емнің қарқынды кезеңі екi ай бойы төрт дәрі: изионазид, рифампицин, пиразинамид және

Слайд 25Туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастарда ем бастамас бұрын жүргізілген ДСТ

бойынша изониазид немесе рифампицинге монорезистенттілік анықталған жағдайда емнің жалғастыру кезеңінде

косымша этамбутол тағайындалады.
I санат бойынша ем тағайындаған жағдайда 4-дәрі ретінде этамбутолды қолданған жөн.
Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің ересектерге арналған тәуліктік мөлшері осы Нұсқаудың 4-қосымшасына сәйкес анықталуы тиіс.
ДСТ бойынша КДТ ТБ анықталған жағдайда науқасты IV санатқа тіркеп, оған екінші қатардағы ТҚД тағайындау мәселесін шешу үшін оның құжаттары 10 күн үшінде ОДКК ұсынылуы тиіс.
Туберкулезге шалдыққан АИВ жұққан не жұқпаған науқастарды қарап-тексеру (анықтау, емдеу және бақылау) мен туберкулезге қарсы емдеу тәртiбi бiрдей болуы керек.
Балалар мен жасөспiрiмдерде туберкулезді емдеу кестелері ересектерді емдеу кестелерімен бірдей болады.
Балалардағы өкпе және кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезінің жайылған және асқынған түрлерін емдеудегі (I және II санат) емнің қарқынды кезеңі ауруханада өткiзілуі қажет және де емнің ұзақтылығын ОДКК стандартты кестелерге сәйкес шешедi. Емнің жалғастыру кезеңі стационарда, шипажайда немесе амбулаториялық жағдайда жүргізіледі.
Балалардағы туберкулезді емдеу үшін қолданылатын ТҚД тәулiктiк мөлшерi осы Нұсқаудың 5-қосымшасына сәйкес анықталады.

Туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастарда ем бастамас бұрын жүргізілген ДСТ бойынша изониазид немесе рифампицинге монорезистенттілік анықталған жағдайда

Слайд 26Туберкулездiң бактерия бөлусіз түрiне шалдыққан балаларды емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыру

үрдістің рентгендiк-томографиялық өзгеруіне негiзделеді.
Туберкулезге қарсы ем үзiлген жағдайда осы

Нұсқаудың 6-қосымшасында келтірілген шараларды қолдану керек.
Патогенетикалық ем химиотерапияның негізгі курсының фонында туберкулез үрдісінің фазасын, жеке көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді қатаң ескере отырып жүргiзiлуi тиіс.
Туберкулезбен ауыратын науқастарға хирургиялық ем фтизиохирургтың кеңесiнен кейiн қажеттілікке сәйкес жүргiзiледi.
Туберкулездіа шалдыққан науқастардың ем нәтижесі:
1) жазылды - емнiң соңындағы және кем дегенде оның алдындағы бір зерттеу кезiнде қақырық микроскопиясы терiс нәтижелі болса;
2) ем аяқталды - науқас туберкулезге қарсы тағайындалған дәрілердің бәрiн белгіленген мерзім ішінде қабылдады, бірақ «жазылды » немесе «сәтсiз ем» нәтижелерінің өлшемдеріне сәйкес келмейді;
3) сәтсiз ем - егер науқаста:
емнің 5-ші айында және одан кейiн қақырық микроскопиясы оң нәтижелi болып сақталса;
ем алдындағы теріс нәтижелі қақырық микроскопиясы, емнің қарқынды кезеңінің соңында оң нәтижелі болса;
4) қайтыс болды – науқас ем алу барысында кез-келген себептен қайтыс болса ;
5) ем тәртiбiн бұзды – науқас емін 2 ай және одан да ұзақ мерзімге үзсе;
6) ауыстырылды – науқас ТҚҰ бақылауынан басқа ТҚҰ бақылауына ауысып, емiнiң нәтижесі белгiсiз болса;

Туберкулездiң бактерия бөлусіз түрiне шалдыққан балаларды емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыру үрдістің рентгендiк-томографиялық өзгеруіне негiзделеді. Туберкулезге қарсы ем

Слайд 277) IV санатқа ауыстырылды – КДК ТБ бар науқас, ем

нәтижесі «сәтсiз ем» болған полирезистентiлiгі бар науқас, клиникалық резистенттілігі бар

науқас.
Өкпеден тыс туберкулезі бар науқастар мен бактерия бөлусіз өкпе туберкулезi бар балаларда «сәтсiз ем» нәтижесі клиникалық-рентгенологиялық зерттеулердің қорытындысына негізделеді.
Емнiң тиімділігі тіркелген «жазылды» және «ем аяқталды» деген нәтижелері бар науқастар санының жиынтығымен анықталады.
ТБ 03 тiркеу журналына тiркелген әрбір науқастың ем нәтижесi мерзіміне сәйкес анықталуы керек.
Туберкулез бойынша тiркеу-есеп беру құжаттары осы Нұсқаудың 7- қосымшасына сәйкес толтырылуы керек.
6. Туберкулезбен ауыратын науқастарды стационарлық емдеу
Стационарлық (аудандық, ауданаралық, облыстық және республикалық) емдеуге туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу деңгейін ТҚҰ жұмыс істейтін құрылымына сәйкес аумақтық денсаулық сақтау басқармалары эпидемиологиялық статусын есепке ала отырып, инфекциялық бақылау шараларын сақтау арқылы былайша белгілейді:
1) бактерия шығармайтын туберкулезбен ауыратын науқастарды;
2) бактерия шығаратын және ТҚП-ға сезімталдығы сақталған туберкулезбен ауыратын науқастар;
3) ТҚП қабылдайтын КДК ТБ және КАДК ТБ бар науқастарды;
4) ауру белгілері бойынша ем қабылдайтын КДК ТБ және КАДК ТБ бар науқастар;
5) мәжбүрлеп емдеудегі туберкулезбен ауыратын науқастар.

7) IV санатқа ауыстырылды – КДК ТБ бар науқас, ем нәтижесі «сәтсiз ем» болған полирезистентiлiгі бар науқас,

Слайд 28Бактерия шығаратын туберкулездің шектелген, асқынбаған түрлері, сондай-ақ бактерия шығармайтын және/немесе

ауыр қосалқы патологиясы бар туберкулездің таралған және асқынған түрлері науқастарды

аудандық деңгейде емдеуге жатқызу үшін басымдылық болып табылады.
Бактерия шығаратын және бактерия шығармайтын туберкулездің асқынған, таралған түрлері, сондай-ақ КДК ТБ және КАДК ТБ науқастар облыстық және республикалық деңгейлерде емдеуге жатқызу үшін басымдылық болып табылады.
Ауданаралық ТҚҰ-да (мұндай болса) емдеуге жатқызу патологияның негізгі бейініне сәйкес жүргізіледі.
Туберкулезбен ауыратын науқастар, оның ішінде қосалқы патологиясы бар (АИТВ инфекциясы, наркологиялық бұзылулары бар және басқа) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған науқастар ТҚҰ стационарларына емдеуге жатқызылады және медициналық ұйымдардың бейінді мамандарының консультацияларымен және бақылауымен қамтамасыз етіледі.
7. Диспансерлiк есепке алуды ұйымдастыру
Диспансерлiк есеп және бақылау төмендегi топтар бойынша жүргізілед:
1) нөлдiк топ (0) – туберкулездіың белсенді күмәндi адамдардың;
2) бiрiншi топ (I) – белсенді туберкулезі бар науқастар;
3) екiншi топ (II) – туберкулездіың белседілігі жоқ адамдардың;
4) үшiншi топ (III) – туберкулезбен ауыру қаупi жоғары адамдардың;
0 топта төмендегілер бақыланады:
1) БМСК жүйесі ұйымында жүргiзiлген стандартты диагностикалық алгоритмнен кейiн өкпедегі немесе басқа ағзалардағы туберкулездің белсенділігін жоққа шығару және анықтау мүмкiн болмаған туберкулезге күмән туғызатын адамдардың. Бұл алғаш рет немесе қайталап ауырған, туберкулездің белсенділігі күмәндi және ТҚҰ–да диспансерлiк есепке алынбаған адамдардың болуы мүмкін;
2) туберкулинге сезiмталдық сипаттамасын нақтылап, ажырату диагностикасын жүргізуді қажет ететiн, ТҚҰ-да диспансерлiк есепке алынбаған балалар.

Бактерия шығаратын туберкулездің шектелген, асқынбаған түрлері, сондай-ақ бактерия шығармайтын және/немесе ауыр қосалқы патологиясы бар туберкулездің таралған және

Слайд 290 тобында бақыланатын адамдардыңға зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық, аспаптармен қарап тексеру,

туберкулинмен диагноз қою және басқа да зерттеу әдістері жүргiзiледi. Өкпеден

тыс туберкулез түрлерi бар науқастарда туберкулездің белсенділiгi басқа да клиникалық- зертханалық зерттеулермен дәлелденеді.
0 тобында бақыланатын адамдардыңға ТҚД қолдануға болмайды. Бақылау мерзiмi – 4 айға дейін. Науқаста туберкулездiң белсенді түрi анықталса, ол I топқа ауыстырылады. Туберкулиндi сынамасының жұқпалы себепті оң нәтижесі анықталса, бала III Б тобына ауыстырылады.
I топта кез келген ағзада шоғырланған белсендi туберкулезі бар бактерия бөлетiн не бөлмейтiн барлық науқастар бақыланады:
1) I A - туберкулезге алғаш рет шалдыққандар (I және III санатлар);
2) I Б - туберкулездің қайталанған жағдайлары (II санат);
3) I В - бірінші, екінші не үшінші қатардағы туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілермен ем қабылдаушы туберкулездің дәрiге төзімді жағдайлары (IV санат);
4) I Г – емнің тиімсіз болуына немесе науқастардың дәрілерді қабылдай алмауына байланысты ем жүргізу мүмкін емес КТК ТБ не КАДК ТБ бар, полирезистенттілігі бар бактерия бөлуші науқастар (IV санат).
66. I А, I Б және I В топтарында бақыланатын науқастарға емдiк санаттарға сәйкес стандартты кестелер бойынша химиотерапия жүргiзiледi. Хирургиялық ем қажеттіліктерге сәйкес жүргiзiледi. Бақылау мерзiмi емнiң толық курсының ұзақтығына сәйкес анықталады. Емнің нәтижесі «жазылды» немесе «ем аяқталды» деп анықталса, науқас II диспансерлiк есеп тобына ауыстырылады.
67. «Ем тәртiбi бұзылды» деген нәтижесі бар науқастың емін әрі қарай жалғастыру мәселесiн ОДКК шешедi.
68. I Г тобында бақыланатын науқастарға ТҚД қолданылмайды. Көрсеткіштеріне қарай симптоматикалық (патогенетикалық) ем, соның ішінде коллапсотерапиялық және хирургиялық ем әдiстерi қолданылады. Бақылау мерзiмi – егу әдісінің нәтижелері теріс болған уақытқа дейiн.
69. II топта ем курсы сәттi аяқталған туберкулездің белсенділігі жоқ адамдардың бақыланады. Бақылау мақсатындағы тексерулер жылына екi рет жүргізіледі. Бақылау мерзiмi: үлкен қалдықты өзгерiстерi бар адамдарды – 2 жыл; кіші қалдықты өзгерiстерi бар адамдарды – 1 жыл.
70. Туберкулез ауруы қайталанған науқастар алдында жүргізілген еміне сәйкес I диспансерлiк есеп тобына ауыстырылады.

0 тобында бақыланатын адамдардыңға зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық, аспаптармен қарап тексеру, туберкулинмен диагноз қою және басқа да зерттеу

Слайд 3071. III топта туберкулезбен ауыру қаупі жоғары адамдардың бақыланып, төмендегi

топтарға бөлiнедi:
1) IIIА тобында бақыланатындар:
туберкулездiң белсенді түрiне шалдыққан науқастармен қарым-қатынастағы

адамдардың;
бактерия шығару-шығармауына қарамастан туберкулездiң белсенді түрiмен ауырған науқастармен қарым-қатынастағы балалар мен жасөспiрiмдер;
туберкулез ауруы салдарынан өлім болған бұрын белгiсiз ошақтардағы адамдардың.
Бақылау мерзiмi – қатынаста болған барлық уақыттан бастап нәтижелi химиотерапия жүргізгеннен кейiн 1 жыл.
өлiм-жітім ошақтарында қарым-қатынаста болған адамдардың 1 жыл бойы бақыланады. Жан-жақты тексеру жылына екi рет жүргізіледі.
2) IIIБ тобында бақыланатындар:
біріншілік жұқтырудың ерте кезеңі (туберкулин сынамасының виражы);
бұрын жұққандығы бар, туберкулин сынамасы гиперергиялық нәтиже көрсеткендер;
БЦЖ вакцинасын еккенде асқыну әсері байқалғандар.
Бақылау мерзiмi –1 жыл. Жан-жақты тексеру есепке алғанда және есептен шығарғанда жүргізіледі.
Туберкулезбен ауыратын науқастар мекен-жайы, оқу орны орналасқан жердегі немесе тузету мекемелерiндегі ТҚҰ-да диспансерлiк есепке алынып, бақылануы тиіс.
Науқастың мекен-жайы өзгерген жағдайда, оның жаңа мекен-жайына сәйкес дәрігер-фтизиатр 10 күннiң iшiнде диспансерлік есепке алуы тиіс.
Туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлiк бақылау тәртiбi осы Нұсқаудың 8-қосымшасында келтірiлген.
Диспансерлiк есепке алынған науқастардағы туберкулез үрдiсi белсендiлiгiнің түсініктемесі:
1) белсендiлiгi күмәнді туберкулез - өкпе немесе басқа ағзалардағы алғаш рет анықталған не диспансерлік есептен шығарылған адамдарда анықталған белсенділігі белгісіз туберкулезді өзгерiстер. Туберкулез үрдісінің белсенділігін анықтау үшін диспансерлік бақылаудың нөлдік (0) тобы белгіленген. Бұл топта бақылаудың негізгі мақсаты – диагностикалық мақсатта жан-жақты зерттеулер жүргізу;
2) белсенді туберкулез – туберкулез микобактериялары қоздырған және зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық белгілердің жиынтығымен анықталатын кез-келген ағзадағы арнайы қабыну үрдісі. Белсенді туберкулезі бар науқастарға емдік, диагностикалық, аурудың жайылуына қарсы, реабилитациялық, әлеуметтiк шаралар жүргізілуі тиіс. Белсенді туберкулезі бар барлық науқастар I диспансерлiк есеп тобында бақыланады. II топта бақыланған науқасқа хирургиялық ем жүргізілгеннен кейiн, оны әрі қарай бақылау тәртібін ОДКК шешедi;
3) қалдықты өзгерiстер - туберкулезден сауыққаннан кейiн ағзалар мен тіндерде әр түрлi қалдықты өзгерiстер анықталуы мүмкін. Олар: тығыздалған және әктенген ошақтар, әр түрлi көлемдi фиброзды және циррозды өзгерiстер (қалдықты тазарған қуыстар да болуы мүмкін), плевралық жабысулар, өкпедегі, плеврадағы және басқа ағзалар мен тіндердегі операциядан кейінгі қалдықты өзгерiстер. Кіші қалдықты өзгерiстер: жеке (саны 3-ке дейiн), ұсақ (1 см-ге дейiн) тығыздалған және әктенген ошақтар, шектелген фиброз (2 сегмент көлемінде). Басқа қалдықты өзгерiстердің барлығы үлкен қалдықты өзгерістер болып есептеледі.

71. III топта туберкулезбен ауыру қаупі жоғары адамдардың бақыланып, төмендегi топтарға бөлiнедi:1) IIIА тобында бақыланатындар:туберкулездiң белсенді түрiне

Слайд 3176. Бактерия бөлуі тоқтады деп мынадай жағдайларда тiркейді:
1) I және

II санат бойынша бірінші қатардағы ТҚД-мен ем қабылдаған науқастарда емнің

толық курсының соңында микроскопиялық зерттеу нәтижесі қатарынан екі рет теріс болғанда;
2) туберкулездiң дәрiге көнбейтін түрiне шалдыққан бірінші және екінші қатардағы ТҚД-мен ем қабылдаушы науқастарда бактериологиялық (егу әдісі) зерттеу нәтижесі қатарынан екі рет (бір айлық аралықпен) терiс болғанда.
Бактерия бөлiнудiң тоқтағандығы туралы ОДКК-ның шешiмiнен кейiн науқас бактерия бөлушi ретiнде эпидемиологиялық есептен шығарылады.
Туберкулезге жыл сайын мiндетті түрде флюорографиялық тексерiлетін «қауіп» тобындағы адамдардың тiзiмі:
1) ақысыз:
перзентхана (босану бөлiмшелері), балалар ауруханасы (бөлiмшелері), жаңа туған және шала туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінің медицина қызметкерлерi;
туберкулезге қарсы күрес ұйымдарының қызметкерлерi;
әскери қызметке шақырылушылар;
жоғары және арнайы орта бiлiм беретін оқу орындарының студенттерi, училище оқушылары;
15-17 жас аралығындағы жасөспiрiмдер;
босанған әйелдер перзентханадан шыққаннан кейiн бiр ай көлемiнде;
созылмалы бейспецификалық өкпе аурулары, қант диабетi, маскүнемдiк, нашақорлық, АИВ/ЖИТС бойынша диспансерлiк есепте тұрған адамдардың;
кортикостероидты гормондармен ем қабылдаушылар;
өкпесiнде кез-келген этиологиялы қалдықты өзгерiстерi бар адамдардың;
туберкулезбен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың;
мектепке дейiнгi мекемелердiң қызметкерлерi;
емдеу-алдын алу ұйымдарының қызметкерлерi;
жалпы және арнайы бiлiм беру мектептерінің, лицей мен гимназиялардың қызметкерлерi;
тергеуге алынғандар және сотталғандар (жылына екi рет);
Қорғаныс, Ішкi iстер министрлiгi мен Ұлттық Қауiпсiздiк жүйесiнiң әскери бөлімшелерінің қызметкерлерi мен әскери қызметкерлері;
Қазақстан Республикасына түпкiлiктi көшiп келгендер;

76. Бактерия бөлуі тоқтады деп мынадай жағдайларда тiркейді:1) I және II санат бойынша бірінші қатардағы ТҚД-мен ем

Слайд 322) жұмыс берушi есебiнен ақылы негiзде:
тамақ өнеркәсiбi, қоғамдық тамақтану және

азық-түлік сату орындарының қызметкерлері;
тұрғындарға қызмет көрсету аясында жұмыс iстейтiндер;
көлiктiң барлық

түрлерiнде жолаушыларды тасымалдап, қызмет көрсететiндер;
орта және жоғарғы оқу орындарының қызметкерлерi;
дәрiлердi дайындаушы, өлшеп ораушы және таратушы дәрiхана қызметкерлерi;
Қазақстан Республикасына уақытша тұруға келгендер, жұмыс істеуге келген мигранттарды қоса.
8. Туберкулезді бастан өткерген тұлғаларды жұмысқа және оқуға жіберу тәртібі
Туберкулезбен ауырған науқастар 8 - 10 ай бойы уақытша еңбекке жарамсыздық парақшасымен қамтамасыз етiледi.
Туберкулезбен ауырып, сауыққан азаматтарға жұмыс істеуге және оқу оқуға рұқсат ету туралы медициналық қорытындыны ТҚҰ ОДКК береді.
Төменде аталған туберкулезбен ауырған науқастарға оқу оқуға немесе жұмыс істеуге рұқсат берiледi:
1) I, II және ІІІ санат бойынша емi сәттi аяқталған, яғни «жазылды» немесе «ем аяқталды» деген ем нәтижесі барлар;
2) шектелген өзгерісі бар бактерия бөлмейтін (ем басында) науқастарға емнің қарқынды сатысы сәттi аяқтағаннан кейін (ОДКК шешiмiмен);
Туберкулезді бастан өткерген тұлғалардың мынадай жұмыстарды істеуіне рұқсат етiлмейдi:
перзентханаларда (босану бөлімшелерінде), балалар ауруханасында (бөлiмшелерiнде), жаңа және шала туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінде;
мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар, сәбилер үйі, балалар үйі, балалар санаторийлері) мен мектептердің төменгі сыныптарына.
«Қауіп» тобындағы адамдарға жұмыс істеуге рұқсат беруді ОДКК шешеді.
Әскери қызметкерлер, ұлттық қауіпсіздік, ішкi iстер, әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке қарсы қызмет, қаржы полициясының қызметкерлері ішкі тәртіпті ескере отырып, ОДКК шешімі және арнайы ведомстволық комиссияның қорытындысының негізінде бір жылға жұмысқа жіберіледі және де диспансерлiк есептен шыққанға дейін жыл сайын қайта тексеріліп отырады.
2) жұмыс берушi есебiнен ақылы негiзде:тамақ өнеркәсiбi, қоғамдық тамақтану және азық-түлік сату орындарының қызметкерлері;тұрғындарға қызмет көрсету аясында

Слайд 33Зертханаға қақырықтың тасымалдануы
Қақырықты жинау пациенттерді емдеу мен қызмет көрсететін барлық

емдеу мекемелерінде жүргізіледі. Егер осы мекемеде қышқылтұрақтылық микобактериясын анықтауға бактериоскопиялық

зерттеу жүргізілмесе, жиналған қақырық зертханаға жеткізіледі.
Қақырық базалық бактериоскопиялық зертханаға зерттеу үшін жеткізіледі. Зертханаға әкетілетін қақырықтың мөлшері 50,0 мл болатын диаметрі 35 мм аспайтын кең ыдыста, заттың сапасы мен мөлшерін анықтай алатын герметикалық қақпағы бұралмайтын айқын көрінетін арнайы контейнерде (ыдыста) жиналады. Таңбалау контейнердің қапталына жапсырылады, онда емделушінің аты, тегі, әкесінің аты, үлгінің нөмірі белгіленеді. Бір ТБ-05нысаны барлық 3 (диагностика мақсатында) немесе екі (химиялық терапияны бақылау мақсатында) толтырылады.
Зертханаға жеткізілетін қақырық жиналған контейнерлер қақырықты зертханаға тасымалдау үшін таңбаланған металл бикске (жәшік) орналастырылады. Жиналған қақырық бір тәуліктің ішінде бактериоскопиялық зерттеуге зертханаға жеткізіледі, медициналық мекемеде 7 күнге дейін тоңазытқышта сақтауға рұқсат етіледі. Бактериоскопиялық зерттеуге алынған қақырық тоңазытқышта 1 тәуліктен аспай сақталуы қажет.
Қақырығы бар контейнерлер патологиялық материал ағып кетпейтіндей етіп сенімді оралуы қажет. Бикстер (жәшіктер) тасымалдау кезінде күн көзінен қорғалған салқын жерде болуы тиіс.
Зертханаға қақырықты тасымалдау үшін медицина қызметкері емдеу мекемесінің көлігімен жеткізуі қажет. Зертханалық зерттеуге жіберетін бланкілер контейнерден бөлек материалдармен болуы тиіс. Бикске пациенттер мен сынамалар туралы мәліметтер келтірілген ілеспе құжат дайындалуы тиіс. Қораптағы контейнерлердің саны тізімдегі аты-жөн санымен сәйкес болуы тиіс. Әр контейнердің сәйкестендіру нөмірі тізімдегі сәйкестендіру нөміріне сәйкес болуы тиіс.
Ілеспе тізімде медициналық мекеменің атауы мен жөнелтілген күні жазылуы
Зертханаға қақырықтың тасымалдануыҚақырықты жинау пациенттерді емдеу мен қызмет көрсететін барлық емдеу мекемелерінде жүргізіледі. Егер осы мекемеде қышқылтұрақтылық

Слайд 34Қақырықтың үлгілерін зертханаға қабылдау кезінде мыналар қажет:
Жеткізілген бикстің бүтін екендігін

тексеру;
Бикстің сыртқы жағын зарарсыздандыру;
Контейнерді абайлап ашып, зақымдалмағанын тексеру;


Бикстің ішкі жағын зарарсыздандыру.
Зерттеуге қабылданатын қақырықтың мөлшері жетпейтін ( 3,5мл аз) болса, контейнер зақымданса және тасымалдау үлгісінің ережесі бұзылса зерттеуге қабылдауға болмайды.
Қақырықтың үлгілерін зертханаға қабылдау кезінде мыналар қажет:Жеткізілген бикстің бүтін екендігін тексеру; Бикстің сыртқы жағын зарарсыздандыру; Контейнерді абайлап

Слайд 36Емнің стандартты кестелері
Ескерту: әрiптердiң алдындағы сан ем кезеңінің аймен есептегендегі

ұзақтығын көрсетедi. Төменгi индекстегi сан бір апта ішінде дәрілердің қанша

рет қабылданатынын көрсетедi. Егер әрiптен кейiн сан болмаса, науқас дәрілерді күнделікті қабылдауы керек. Альтернативтi препарат жақша ішінде көрсетiлген.
* Бұл кесте изониазид немесе рифампицинге монорезистенттілік болған жағдайда қолданылады.
Емнің стандартты кестелеріЕскерту: әрiптердiң алдындағы сан ем кезеңінің аймен есептегендегі ұзақтығын көрсетедi. Төменгi индекстегi сан бір апта

Слайд 37




Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің ересектерге арналған тәулiктiк мөлшерi (мг)

Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің ересектерге арналған тәулiктiк мөлшерi (мг)

Слайд 38Туберкулезге қарсы қолданылатын бір құрамды дәрілердің 18 жасқа дейінгі балалардағы

туберкулезді I, II және III санат бойынша емдегенде тағайындалатын тәулiктiк

мөлшерi

Туберкулезге қарсы қолданылатын бір құрамды дәрілердің 18 жасқа дейінгі балалардағы туберкулезді I, II және III санат бойынша

Слайд 39Туберкулезге қарсы қолданылатын 2-3 құрамды белгіленген мөлшерлі дәрілердің 18 жасқа

дейінгі балалардағы туберкулезді I, II және III санат бойынша емдеуге

ұсынылған тәулiктiк мөлшерi
Туберкулезге қарсы қолданылатын 2-3 құрамды белгіленген мөлшерлі дәрілердің 18 жасқа дейінгі балалардағы туберкулезді I, II және III

Слайд 40Балалар мен жасөспірімдердегі дәрілердің күнделікті/аптасына 3 рет қабылдаудағы тәуліктік мөлшерлерінің

мүмкін ауытқулары: изониазид - 4-6/8-12 мг/кг, рифампицин – 8-12 мг/кг,

пиразинамид – 20-30 мг\кг, этамбутол – 15-25/25-35 мг\кг, стрептомицин 12-18 мг\кг күнделікті қабылдағанда.
Ескерту: Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді сатып алуға тапсырыс жасағанда, ТҚД қажеттілігін (12 айға) және 6 айлық уақытқа қажетті резервті есепке алу керек.

Балалар мен жасөспірімдердегі дәрілердің күнделікті/аптасына 3 рет қабылдаудағы тәуліктік мөлшерлерінің мүмкін ауытқулары: изониазид - 4-6/8-12 мг/кг, рифампицин

Слайд 41Әдебиеттер
2004 жылғы 13 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау

мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарлама.
ҚР Президентінің 2004 жылғы

19 наурыздағы «Бәсекеге қаблетті Қазақстан үшін, бәсекеге қаблетті экономика үшін,бәсекеге қаблетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2030 жылға дейнгі даму стратегисын іске асырудың одан арғы шаралары туралы» 2002 жылғы 28 наурыздағы №827 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпанда «Жана әлемдегі жана Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстанның статистикалық жылнамасы.Статистикалық жинақ /Б.Сұлтановтың редакциясымен \ҚР статистика агенттігі – Алматы, 2003
Қазақстанның статистикалық жылнамасы.Статистикалық жинақ /Б.Сұлтановтың редакциясымен \ҚР статистика агенттігі – Алматы, 2004
Қазақстанның статистикалық жылнамасы.Статистикалық жинақ /Б.Сұлтановтың редакциясымен \ҚР статистика агенттігі – Алматы, 2005
Қазақстанның статистикалық жылнамасы.Статистикалық жинақ /Б.Сұлтановтың редакциясымен \ҚР статистика агенттігі – Алматы, 2006
Актуальные проблемы социальной медицины и управления здравоохранением. /В сб : Избранные лекции ( под редакцией д.м.н. Кулжанова М.К) - Алматы, 1994.- 175 с.
Юрьев .В.К., Куценко Г. И. Общественное здоровье и здравоохранение.-Санкт-Петербург, Петрополис -2000. -910с.

Әдебиеттер2004 жылғы 13 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарлама.ҚР

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика