Разделы презентаций


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Содержание

Антикалық философия кезеңдеріБ.з.д. VII-V ғасырлар Б.з.д. V ғасырдың ортасы мен IV ғасырБ.з.д. IV ғасырдың соңы – II ғасырлар

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті


АНТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТЕГІ ФИЛОСОФИЯ.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина УниверситетіАНТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТЕГІ ФИЛОСОФИЯ.

Слайд 2Антикалық философия кезеңдері

Б.з.д. VII-V ғасырлар
Б.з.д. V ғасырдың ортасы мен

IV ғасыр
Б.з.д. IV ғасырдың соңы – II ғасырлар

Антикалық философия кезеңдеріБ.з.д. VII-V ғасырлар Б.з.д. V ғасырдың ортасы мен IV ғасырБ.з.д. IV ғасырдың соңы – II

Слайд 3Бірінші кезең
Сократқа дейінгі кезең (б.э.д.VII–VI ғғ) –

«Сократқа дейінгі» - философтар қызметімен байланысты: Милет мектебі, Гераклит, пифогоршылдар,

элея мектебі, атомистер. Сократқа дейінгілердің негізгі айналысқан мәселелері – бұл табиғат , ғарыш, барлық тіршіліктің бастамасын іздеу. Философиялық ойлану әдістері - өздерінің жеке көқарастарын көркем сөздермен мәлімдеу, оларды догмаға айналдыру.
Бірінші кезең  Сократқа дейінгі кезең (б.э.д.VII–VI ғғ) – «Сократқа дейінгі» - философтар қызметімен байланысты: Милет мектебі,

Слайд 4Милет
мектебі
Анаксимен (б.д.д шамамен 585-525жж.)
Анаксимандр (б.д.д. шамамен 610-540жж.)
Фалес

(б.д.д. шамамен 625-547жж.)

Милет мектебіАнаксимен (б.д.д шамамен 585-525жж.) Анаксимандр (б.д.д. шамамен 610-540жж.) Фалес (б.д.д. шамамен 625-547жж.)

Слайд 5Фалес
Аңыз бойынша Фалес жеті дананың бірі болып

саналды. Оны алғашқы философ, алғашқы математик, алғашқы астроном деп атады.

Ол геометриялық теоремаларды дәлелдеушілердің көш басында болды. Күннің тұтылуын болжады, айдың ұзақтығын 30 күнге, жылды 365 күнге бөлді. Фалес бүкіл жаратылыстың негізін су деп санады. Оның іліміне сәйкес бәрі судан басталады және оған қайтып оралады. Сөйтіп, судан барлық заттар пайда болатын алғашқы негіз және алғашқы бастау ретінде түсіндірді.
Фалес   Аңыз бойынша Фалес жеті дананың бірі болып саналды. Оны алғашқы философ, алғашқы математик, алғашқы

Слайд 6 Фалестің шәкірті және жолын қуушы. Оның барлық

еңбектері жоғалған, олардың арасынан “Табиғат туралы” шығармасын ерекше атайды. Анаксимандр

бүкіл жаратылыстың алғашқы негізі ретінде абстрактылы және шексіз затты – апейронды қабылдады. Апейронды су ретінде де, өзге қандай да бір зат ретінде анықтау мүмкін емес. Анаксимандр стихиялы диалектик болды және грек философиясында хайуанаттар мен адамның шығу тегі туралы мәселені алғаш рет қойды.

Анаксимандр

Фалестің шәкірті және жолын қуушы. Оның барлық еңбектері жоғалған, олардың арасынан “Табиғат туралы” шығармасын

Слайд 7Анаксимен
Анаксимандрдың шәкірті және жолын қуушы. Фалес пен Анаксимандр

сияқты ол астрономиялық құбылыстарды зерттеп, оны табиғи жолмен түсіндіруге ұмтылды.

Анаксименнің пікірінше Жаратылыстың алғашқы негізі ауа болып табылады. Ауа сейіле отырып отқа, қоюлана отырып желге, одан кейін бұлтқа айналды. Су болып бұдан әрі топыраққа, тасқа және басқа заттарға айналады.
Анаксимен  Анаксимандрдың шәкірті және жолын қуушы. Фалес пен Анаксимандр сияқты ол астрономиялық құбылыстарды зерттеп, оны табиғи

Слайд 8 Эфестік Гераклит (б.д.д.540-460) – диалектиканың негізін қалаушылардың

бірі. Гераклит Эфес қаласын билеген, Кодридтер патшалығы тегінен щыққан. Гераклит

идеяларының мазмұндалуы қиындығымен ерекшеленді, сол үшін оны көзі тірісінде “қараңғы” деп атады. Тіршілікің бастауы ретінде әлемді іліммен басқарылатын от деп санады.

Эфестік Гераклит

Эфестік Гераклит (б.д.д.540-460) – диалектиканың негізін қалаушылардың бірі. Гераклит Эфес қаласын билеген, Кодридтер патшалығы

Слайд 9Пифагор
Пифагор (б.д.д. 576-496жж.) – пифагорлық одақтың негізін

қалаушы. Ол Поликраттың қатыгездігінен тастап кетуге мәжбүр болған Ионидегі Самос

аралында туған болу керек. Фалестің ақыл-кеңесімен Египетке барған ол22 жыл бойы египеттік балгерлерден дәріс алды. Милеттіктерден айырмашылығы, ол әлем субстанциясын санмен теңестірді: “сан мен өлшем жоқ жерде хаос пен химер үстемдік етеді”, демек, барлық тірліктің негізі сан дейді. “Әлемде сұлулықтан басқа ештеңе жоқ, ал сұлулықта пропорциядан өзге ештеңе болмайды, пропорциядан саннан бөтен түк таппайсың” дейді
Пифагор   Пифагор (б.д.д. 576-496жж.) – пифагорлық одақтың негізін қалаушы. Ол Поликраттың қатыгездігінен тастап кетуге мәжбүр

Слайд 10Элей мектебі
Ксенофан
(б.д.д. 565-470жж.)
Парменид
(б.д.д. 540—480 жж.)
Зенон
(б.д.д. 510-430жж.)

Элей мектебіКсенофан(б.д.д. 565-470жж.)Парменид(б.д.д. 540—480 жж.)Зенон(б.д.д. 510-430жж.)

Слайд 11Ксенофан
Оның пікірінше, барлық заттардың негізі — жер.

Жер өзінің тамырларымен шексіздікке кетеді. Тіршіліктің шығуына жермен қоса судың

да маңызы зор. Жанның өзі де жер мен судан жаралған. Ал судан бұлттар пайда болады да, бұлттардан аспан денелері жаралады. Мысалы, Ай - бір жерге шоғырланған бұлт болса, Күн - су буының жануының салдарынан шоққа айналған аспан денесі.
Егер Милет мектебінің өкілдері космостың генетикалық бастамасын, әрі түпнегізін физикалық қасиеттері бар ауа, су, от апейроң десе, Ксенофан олардан әрірек кетіп жер космостың түпнегізі ретінде біртұтастық деп тұжырымдайды. Ол тұпнегіздің шекті не шексіз екендігін, материалды немесе идеалды екендігін айқындамайды.
Ксенофан   Оның пікірінше, барлық заттардың негізі — жер. Жер өзінің тамырларымен шексіздікке кетеді. Тіршіліктің шығуына

Слайд 12Парменид
Парменидтің пікірінше, болмыс пен бейболмыс тең емес, басқаша

айтқанда, болмыс - нақты өмір сүреді де, бейболмыс деген жоқ

нәрсе. Осы пікірін Парменид дәлелдеуге тырысады. Айта кететін бір жайт — ол, Парменидке дейін философтар өз тезистерін дәлелдеуден гері, метафорамеи немесе ұқсастық тәсілін қолдану арқылы (салыстыру арқылы) негіздеуге тырысатын, ал Парменид бірінші бодып өз тезисінің дұрыстығын дәлелдеуге көбірек көңіл бөлді.
Парменид  Парменидтің пікірінше, болмыс пен бейболмыс тең емес, басқаша айтқанда, болмыс - нақты өмір сүреді де,

Слайд 13Зенон
Болмыстың қозғалмайтындығын Зенон өзінің "Дихотомия" (ортасынан

қақ бөлу), "Ахиллес және тасбақа", "Жебе", "Стадион" деген апорияларына (шешілмейтін,

лажсыз жағдайлар) сүйеніп, дәлелдемек болады.
"Дихотомия" деген апориясының мазмұны мынандай. Қозғалыс бастала алмайды, себебі қозғалыстағы зат жолының аяғына жеткенге дейін, сол жолдың жартысын өтуі керек, бірақ сол жарты жолға жету үшін оның жартысын өтуі керек, сөйтіп шексіз кете береді. Басқаша айтқанда, бір нүктеден екінші нүктеге жету үшін саны шексіз нүктелерден өтуі керек, ол мүмкін емес. Бұл апорияның мағынасы мынада: шексіз кішкентай кесінділер нольге ұмтылады, бірақ өшпейді, оған жете алмайды. Зенонның қойған біртұтастық пен шексіз көптік, қозғалыс пен тыныштық сияқты мәселелері ғасырлар бойы талай ғұламаларды ойландырып, олардың философиялық ізденістеріне түрткі болды
Зенон    Болмыстың қозғалмайтындығын Зенон өзінің

Слайд 14Атомистер
Левкипп
Демокрит

АтомистерЛевкиппДемокрит

Слайд 15
Демокриттің ұстазы әрі досы.

Аристотельдің айтуынша Левкипп Парменидтің (элей мектебі) пікірімен келісуге

тырысқан – сезімдік тәжірибемен материалдық денелердің қозғалысының мүмкін еместігі туралы. Левкипп ғылым айналысына жаңа ұғымдар: абсолюттік бос қуыс, осы босқуыста атомдардың қозғалуы: механикалық қажеттілік ұғымы

Левкипп

Демокриттің ұстазы әрі досы.   Аристотельдің айтуынша Левкипп Парменидтің (элей

Слайд 16Демокрит
Демокриттің ілімі бойынша болмыс атомдардан тұрады,

ал бейболмыс қуыстан тұрады. Атомдар сапасы жоқ ұсақ денелер. Атомистік

ілімнің негізін қалаушылардың бірі. Ол екі бастаманы: атомдар және бос кеңестік мойындайды. Атомдар, яғни бөлінбейтін бөліктер, өзгермейді: олар мәңгі, үнемі қозғалыста болады және бір – бірінен тек пішіні, үлкендігі, орналасқан кейпі мен тәртібі арқылы айырмашылықта болады. Атомдардың бірігуінен денелер пайда болады, атомдардың құлауы денелердің жойылуына әкеледі. Демокриттің мұраты жақсы басқарылатын мемлекетпен, жалпы заңмен, тәртіппен қамсыздандырылатын өмір болып табылады.
Демокрит    Демокриттің ілімі бойынша болмыс атомдардан тұрады, ал бейболмыс қуыстан тұрады. Атомдар сапасы жоқ

Слайд 17Екінші кезең
Классикалық кезең (б.д.д. V – IV

ғғ – көне грек философиясының гүлдену уақыты). Бұл кезеңге софистердің

ағартушылық – философиялық қызметтері, Сократтың философиялық ойлануы, Платон және Аристотель философиясы жатады. Философияның зерттеу предметі ғарыш қана емес, адам, қоғам, мемлекет.
Екінші кезең  Классикалық кезең (б.д.д. V – IV ғғ – көне грек философиясының гүлдену уақыты). Бұл

Слайд 18Протагор
Көне грек философы, көрнекті софист, Протагордың «Ақиқат» атты

еңбегі, «Адам барлық бар заттар мен жоқ заттардың өлшеміші» деген

сөзден басталады. Бұл жерде адам деп жеке адамды айтады және осыдан қандайда болмасын білімнің, құндылықтардың, заңдар мен әдет – ғұрыптардың салыстырмалығы түсіндіріледі. Ол Фурий қаласы үшін заң жазды, Периклдің тапсырмасы бойынша Афиныға арналған Конституцияны әзірледі, осы қалада құдайларға сенбегендігі үшін ұсталып, сотталды, ал оның “Құдайлар туралы” кітабы жария түрде өртелді.
Протагор  Көне грек философы, көрнекті софист, Протагордың «Ақиқат» атты еңбегі, «Адам барлық бар заттар мен жоқ

Слайд 19Горгий
Ол әйгілі триаданың иесі.
1)

дүниеде ешнәрсе жоқ ; 2) егер ол бар болса, оны

тану мүмкін емес;
3) Егер оны тану мүмкін болса, оны пайымдау, түсіндіру мүмкін емес
Горгий   Ол әйгілі триаданың иесі.   1) дүниеде ешнәрсе жоқ ; 2) егер ол

Слайд 20Сократ
Азаматтарды сауаттандырумен, білімді таратумен айналысқан, адам мәселесінің мәңгілік

сұрақтарына жауап іздеді, маевтика әдісін ашты, бұл әдіс қазірдің өзінде

де білім саласында қолданылады; көркем сөзбен мәлімдеумен емес, ақиқатты еркін пікір – талас арқылы табатын диалогтық әдісті енгізді. Сократ әдісі – бұл диалектика, пікір – талас өнері ретінде түсіндірілетін (күмәндану, ирония, майевтика, индукция, дефиниция)
Сократ  Азаматтарды сауаттандырумен, білімді таратумен айналысқан, адам мәселесінің мәңгілік сұрақтарына жауап іздеді, маевтика әдісін ашты, бұл

Слайд 21Платон
Платонның пікірінше, шын болмыс ақылмен ғана

білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Әр идея өз алдына мәңгі

және өзгермейді, ол өзіне өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Әлемде қанша бір тектес, ұқсас заттар, қатынастар, процестер көп болса, сонша идеялар бар. Идеялар бір – біріне бағынышты немесе ортақ бір идеяға бағынышты болады. Жоғарғы идея – абсолютті жақсылық немесе әлемдік ақыл – ой. Платонның денесіз форма (идея) ілімін сынға алады; заттар идеясы сол заттың өзінің ішінде де болады. Материя – бұл материал, зат: а) түрсіз және анық емес зат, ә) бұл «заттың неден тұратыны» Материя – бұл заттардың алуан түрінің пайда болу мүмкіншілігі; ол енжар (пассивті) және инертті; белсенді фактор- бұл форма. Формалардың барлық формасы – Құдай, бірақ барлық жерде өмір сүрмейді, өйткені адамға ақыл – ой берілген
Платон    Платонның пікірінше, шын болмыс ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Әр идея

Слайд 22Аристотель
Аристотельдің адам тәрбиесі мәселесіне өзіне дейінгі ойшылдарға қарағанда

айрықша көніл бөлді. Ол адамның жан – жақты мәдени және

рухани дамуына ерекше ықпал ететін өнер деп атап көрсетті. Әсіресе өнерлердің ішінде Аристотель трагедияны ерекше бөліп алып, оның адамдарға тигізетін әсерін бағалады. Трагедия демосқа (демос грек тілінде «халық») жақын тұрады. Өйткені демос – бұл күш, саяси шындық, одан ешқайда кете алмайсың. Аристотель өнер және оның түрлері арқылы адамгершілік пен парасаттылықты қалыптастыруға болады деп есептеді
Аристотель  Аристотельдің адам тәрбиесі мәселесіне өзіне дейінгі ойшылдарға қарағанда айрықша көніл бөлді. Ол адамның жан –

Слайд 23Үшінші кезең
Римдік – эллинистік кезең (б.д.д. IIIғ.

– б.д. VI ғ) киниктер философиясының және басқа «сократтық» мектептердің,

стоялықтар, скептиктер, эпикур философиясының таралуымен сипатталады. Бұл кезеңде антикалық философиялық ойдың құлдырауы байқалады: римдік - эллинистік кезең философиясында өзінің тереңдігі мен мазмұны бойынша классикалық кезең – орын тапты; христиандық философия қалыптаса бастайды.
Үшінші кезең  Римдік – эллинистік кезең (б.д.д. IIIғ. – б.д. VI ғ) киниктер философиясының және басқа

Слайд 24Эпикур
Индивидтің бағытты өмірге қол жеткізуінің қажеттігі мен мүмкіндігі

туралы идеяны негіздеу және дамыту: құдай және өлім алдындағы қорқыныш

сезімінен айырылу; (мен бар жерде өлім жоқ, ал өлім келгенде мен жоқ боламын) өз түйсігін басқара білуді үйрену. Ләззаттің, рахаттың жоғарғы формасы – атараксия.
Эпикур  Индивидтің бағытты өмірге қол жеткізуінің қажеттігі мен мүмкіндігі туралы идеяны негіздеу және дамыту: құдай және

Слайд 25Тит Лукреций Кар
«Заттар табиғаты туралы» (б.д.д. I

ғ.) дастанында мәңгі өлмес құдайлардың болуын жоққа шығарады. Ол әлемнің,

адамның пайда болуын және адам қолымен жасалғанның бәрін ғылыми жолмен дәлелдеуге тырысты. Оның пікірі бойынша табиғат атомдардан тұрады. Атомдар бір – бірімен қосылып, аспан денелерін, жерді, тірі заттардың, адамдардың жанын құрайды. Ол денемен бірге өлетін жанның өмір сүретінін теріске шығарады
Тит Лукреций Кар   «Заттар табиғаты туралы» (б.д.д. I ғ.) дастанында мәңгі өлмес құдайлардың болуын жоққа

Слайд 26Стоицизм көне (Зенон, Кеманф, Архесипп); ортаңғы (Посидония, Панэредий); кейінгі (кештеу)

(Эпиктет, Сенека, Марк Аврелия) Логика (тамыр), физика (ағаш) және этика

(жеміс) ғылымдарының мәселелерін зерттеді

Барлық тіршілік ететіндер – алдын – ала анықталған: барлық оқиғалар табиғаттағы және қоғамдағы қатаң заңдылыққа бағынады, ол қайталанбас қажеттілік ретінде болады.
Стоялық ойшылдар өзінің логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті ретінде қарап, ол арқылы адамды түсінуге ұмтылды. Өйткені табиғат көркем түрде жаратылған. Ендеше адам да ешбір бүлінбей , идеалды түрде шебердің қолынан шыққандай, өзінің мәнін айқара ашып, күнделікті күйбең өмірдің лас жағынан тазаланып шығуы керек. Сондықтан ол ешбір қайғыны, ауыр азапты басынан кешірмей, тыныш, жайбарақат өмір сүруге тиісті

Стоицизм көне (Зенон, Кеманф, Архесипп); ортаңғы (Посидония, Панэредий); кейінгі (кештеу) (Эпиктет, Сенека, Марк Аврелия) Логика (тамыр), физика

Слайд 27Секст Эмпирик (б.д.д. 200-250жж.)
Скептиктер (грек тілінде

«қараймын», «зерттеймін», «күдіктенемін») ағымыда адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен

көптеген ойларды қамтыды. Бұл философияның негізг адамның ойы арқылы айналадағы дүниеге кеңінен көз салу, оны жақсылап көріп алу, өткен жолымызға қайта қарау және танымның жетістігіне сын көзбен шолу арқылы оны қайта бағыттау. Скептиктер көне дәуірдегі диалектика мен софистиканы ұштастырады. Әлемдегі бар ұнамды , оң құбылыстарға талдау жасай отырып, скептик тек қана қарама – қайшы пікірлер арқылы емес, оларды шындық немесе шындық емес – исостения , екендігіне толық теңдік қатынас ретінде, адамға феноменнің өзі заттар құбылыс екендігін алғаш рет тауып ашып көрсетті. Скептиктің өмірлік бағдары – игілікті ақыл – ой, есті мағынаға әдеттену
Секст Эмпирик (б.д.д. 200-250жж.)    Скептиктер (грек тілінде «қараймын», «зерттеймін», «күдіктенемін») ағымыда адамның ішкі дүниесін,

Слайд 28Антикалық философияның басты жетістіктері:
философияда екі бағыт – идеалистік (Платон)

және материалистік (Демокрит), екі бағытта алма кезек ауысып басымдық танытты:

сократқа дейінгі кезеңде материалистік, классикалық және римдік – эллинистік кезеңде – теңдей ықпалы болды, қазіргі уақытта да, материализм мен идеализм қатар болуда;
философияның негізгі сұрағы «Қайсысы алғашқы ? материя немесе сана?» қалыптасты;
еуропалық философияның негізгі қағидалары: ойлау, ойды жеткізу еркіндігі, тұлғаның еркін дамуы, философиялық білімдердің дамуы теологиялық негізде ғана емес, ғылыми негізде дамуы қаланды.
Келешек жетістіктері философиялық тұрғыдан негізделді: заттардың атомдық құрылымы, математикалық және басқа да ғылымдардың негізі
Антикалық философияның басты жетістіктері: философияда екі бағыт – идеалистік (Платон) және материалистік (Демокрит), екі бағытта алма кезек

Слайд 29Қорыта айтқанда стоялықтар – Аристотельді, эпикуршілдер Демокритті, скептиктер элей мектебі

мен софистерді, Платонды әрі қарай ілгері жалғастырушылар болды. Бұл ағымдар

– стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер – философия тарихында бір – бірімен үнемі жауласып өткен топтар. Алайда, олар адам өмірінің негізгі мақсатын бақыт деп білді. Сондықтан олар адамның бақытқа жетуінің жолдарын өзінше көрсетіп беруге барынша ат салысты.
Қорыта айтқанда стоялықтар – Аристотельді, эпикуршілдер Демокритті, скептиктер элей мектебі мен софистерді, Платонды әрі қарай ілгері жалғастырушылар

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика