Слайд 1Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Қазақстан тарихи және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы.
СӨЖ
Тақырыбы: Девиация және әлеуметтік бақылау
Орындаған: Туечиева Б.О
2005-стом
Тексерген:Аралбай С.М
Қарағанды 2015 жыл.
Слайд 2Жоспары:
Девиация
Девиантты мінез – құлық
Әлеуметтік аномия
Девианттық мінез құлыққа әлеуметтік орта
әсерлері
Девиация типтері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Слайд 3 Девиация (лат. deviatio — ауытқу) — бұл:
Әлеуметтануда: — «қалыпты» болып есептелетін немесе
қоғамдағы, не әлеуметтік контекстегі қалыптасқан мінез-құлықтан ауытқитын әлеуметтік мінез-құлық.
Слайд 4 Девианттық мінез-құлық – ережеден ауытқып, қоғамның басым бөлігімен жарамсыз
және кешірімсіз болып саналарын іс-әрекеттерге сәйкес мінез-құлық.
Слайд 5 Девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге
қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға
қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта. Әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында. Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.
Слайд 6Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны
түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы.
Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады.
Слайд 7Аномия — (гр. an- — жоқтық және гр. nomos — заң) қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды
бiлдiретiн ұғым.
Аномия өзiнiң төмендегiдей белгiлерiмен анықталады:
қалыптасқан құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан
болатын ретсiздiк нормативтiк-баптық вакуум;
әлеуметтiк үйлесiмдiктiң жоғалуы,қоғамдағы құндылықтардың жиынтық бейнесiне айналған жеке тұлғалар беделiнiң жоғалуы;
адамдардың жоғары мұраттардан, өмiрлiк құштарлықтарынан айырылуы;
мiнез-құлықтағы тұрақсыздық, өзiн-өзi өлтiрудiң көбейуi, т.б.
Аномия терминiн ғылыми айналысқа енгiзген француз ғалымы — Э. Дюркгейм (1858-1917).
Слайд 8Девиантты мінез-құлықтың мәнін түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енеді.
Әлеуметтік норма – нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның ,
әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілген мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда , мораль мен этикетте және т.б. жатыр.
Слайд 11Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады.
Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық»
деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық,суицид т.б. жатады.
Слайд 12Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке
тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
Ашкөздік
мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
Наша сату және тарату.
Слайд 13Криминалды мінез-құлық
заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының
ауырлығына байланысты жазаланады.
Слайд 14Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға
және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Қорытынды
Девиантты
мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.
Слайд 16Қолданылған әдебиеттер
Андреева Г.М. Социология психология. М., 1995.
Асмолов А.Г. Психология личности
М., 1995.
Кравченко А.И. Введение в социология М., 1995.
Смелзер Н. Социология
М., 1994.
Фрейд З. Введение в психоанализ. М., 1989.
Слайд 17Назар аударғандарыңызға рахмет !!!