ортадан келетін әр түрлі факторлардың әсерінен болады, әдетте 40 жастан
соң эпидермистің, гиподерманың жұқаруы, ұсақ май бездерінің атрофиясы дамиды. Тері тығыздала түседі және коллаген талшықтары дөрекіленеді. Эластин талшықтарының шоғыры қалыңдап, дөрекіленеді, бір-бірімен жабыса бастайды. Теріде мукополисахарид қышқылы, гликоген азады, РНК синтезінің белсенділігі төмендейді, гликопротеидтер саны көбейеді.
50 жастан соң терінің өзгерістері күшейе түседі, оның жабық бөлімдерінде басталады. Теріде қызметі бұзылған капиллярлар мен артериолалар саны біртіндеп өсе бастайды. 60 жасқа қарай барлық қабаттың жұқаруы байқалады, тіпті ірі май бездерінде секреторлық үлестің азаюы анықталады, нуклеин синтезі төмендей бастайды.
75 жастан соң тері кенеттен жұқарып кетеді, тері жамылғысының көптеген бөлігінде гиподерма атрофияға ұшырайды. Эпидермисте пигментке толған тікенекті қабаттың ошақты атиптік өсуі кездеседі. Меланин пигменті эпидермисте біркелкі емес шашырап орналасады. Шаш өсу кешеуілдейді, түскен шаштар қайта орнына келмейді, таздануға әкелуі мүмкін
Добавить нижний колонтитул