Слайд 1Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Жалпы гигиена, тағам және экология кафедрасы.
СӨЖ
Тақырыбы: «Атмосфераның
негізгі қасиеттері және экологиялық мәні»
Орындаған:Артукбаев С.Х.
Тексерген:
Қарағанды 2009 жыл
Слайд 2 Жоспары:
Кіріспе.
Негізгі бөлім
- Атмосфера қабаттары туралы түсінік
-
Экономиканы экологияландыру
арқылы атмосфераны қорғау.
- Атмосфераны ластаушы
заттардың
тастандылары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3Кіріспе.
Атмосфера (көне грекше: ἀτμός — бу және Үлгі:Lang-grc2 — шар)
- Жерді қоршаған газ қабықшасы. Атмосфера 78% азоттан, 21% оттегіден
және болымсыз мөлшердегі басқа газдардан тұрады.
Атмосфераның төменгі қабаты тропосфера деп аталады, ол 10-12 км биіктікке дейін (орта ендіктерде) созылып жатады. Одан биіктеген сайын температура төмендейді. Онан жоғары стратосферада температура тұрақты дерлік болып қалады (-40С маңында). Ал шамамен 25 км-дей биіктіктен бастап бұл қабат Күннің ультракүлгін сәулелерін жұтатындығынан температура баяу артып отырады.
Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында күн сәулелері күшті иондану туғызады. Атмосфераның ионданған қабаты ионосфера деп аталады. Атмосфера ғарыш кеңістігінен Жерге келетін сәулелерден басым бөлігін шағылдырады немесе жұтады.
Слайд 4Мысалы, ол Күннің рентген сәулелерін жібермей, ұстап қалады. Атмосфера бізді
микрометеориттердің үздіксіз атқылауынан және ғарыш сәулелерінің – жедел қозғалатын бөлшектердің
ағынының бүлдіру әрекетінен де сақтайды.
Атмосфера Жердің жылу балансында ерен маңызды роль атқарады. Көрінетін Күн сәулелері атмосфера арқылы ешбір бәсеңсімей өте алады. Оларды Жер беті жұтады, осыдан келіп ол жылынады да , инфрақызыл сәулелер шығарады. Осы күнгі көзқарастар бойынша гидросфераның және атмосфераның болуы арқасында ғана жерде тіршілік пайда болған. Міне, сондықтан да экология мәселесі, біздің бірегей ғаламшарымыздың табиғатын қорғау ерекше маңыз алуда.
Слайд 5Негізгі бөлім.
Облыстың ауа бассейні екі түрлі жолмен ( табиғи және
антропогендік) ластанады. Күшті шаңды борандар мен Маңғыстау жеріндегі тұздардың болуы
ауада шаң және тұз түйіршіктері мен тозаңдарының болуын тұрақты етеді.
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
Слайд 6Облыс бойынша ауаға ластағыш заттар шығаратын объектілердің саны 7 мыңнан
асады, бірақ олардың басын көпшілігі ұсақ жылыту қазандары болып табылады,
олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады. Атмосфераны ластайтын негізгі өнеркәсіп объектілері Ақтау, Жаңа Өзен қалаларының кәсіп орындары мен мұнай кәсіпшіліктері болып отыр. Ақтау қаласында осындай 26 кәсіпорын бар. 1980-87 жылдары облыс бойынша ластағыш заттардың мөлшері жан басына шаққанда 793кг-нан 948кг-ға, яғни 20%-ке өсті. Оның 90%-і мұнай кәсіпшіліктеріне тиесілі.
Слайд 7Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен металлургия камбинатына ( ПГМК- Каскор )
ластағыш заттардың 1/6 бөлігі тиеді. Осылардың қатарына камуналдық шаруашылық, асфальт
зауаты, күкірт қышқылы зауаты, ет камбинаты, облыс жеріндегі ұлу тас және қиыршық тас карьерлерін жатқызуға болады.
Үнемді, толық пайдаланудың мүмкін болмауынан жыл сайын мыңдаған тонна ластағыш заттар шаң тозаң, газ күйінде атмосфераға кетіп жатады.
Мәселен, “ Маңғыстаумұнай “ бірлестігінің газ құбырларында 1987 жылы жүз миллион метр аса газ ( оның жартысы Бозащыда) бостан бос жағып жіберілді.
Слайд 8 Маңғыстау облысының радияциялық ластануы жөнінде мәліметтер өте мардымсыз. Өлке
жерінде аса ірі уран рудасы өндіретін кен-орны және радиоактивті отынмен
жұмыс істейтін электр станциясының бар екенін ескерсек, радияциялық қауіптің бар екендігін сезінуге болады. 70-жылдары АЭС-тың пайдалану мерзімі бітуге таяу.
Сонымен қатар 1969-70 жылдары Үстіртте ядролық полигондар жұмыс істеп, 3 рет ядролық жарылыс болғанын естен шығаруға әсте болмайды.
Атмосфераның лсатауын тоқтату үшін ең алдымен ауа тазартқыш, түтін тұтқыш қондырғылар орнатылуын қамтамасыз ету қажет. Әзірге облыста ондай 40 жуық қондырғы бар.
Слайд 9 Экономиканы экологияландыру өндiрiстiң табиғат қажеттiлiгiн азайту және заттар мен
энергия алмасуының биосфералық процестерiне экономиканың әсерiн азайту арқылы тұрақты экологиялық
қауiпсiз табиғат пайдалануды қамтамасыз етуде және ресурстық-экологиялық тепе-теңдiктi сақтауда болып табылады.
Экономиканы экологияландыруды жүзеге асыру үшiн pecуpc үнемдейтiн технологияларды дамыту және экологиялық "лас" өндiрiстiң үлесiн азайту, табиғат пайдаланудың, мемлекеттiк экологиялық бақылаудың, экологиялық мониторингтiң және статистиканың табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландырудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру арқылы барлық әзiрленетiн мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгiзу қажет.
Слайд 10Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың негiзгi көздерi автокөлiк, энергетика объектiлерi және
өндiрiстiк кәсiпорындар болып табылады.
Көздердiң әр алуандылығы, тастандылар құрамының, атмосферадағы фотохимиялық
және басқа да процесстердiң күрделiлiгi, атмосфераға ластаушы заттардың түсу бағасын күрделi мәселесi қылып туғызады. Қазiргi кезде Солтүстiк Қазақстан облысында iрi стационарлы көздер-кәсiпорындардың тастандылары есепке алынады, олар 2-ТП Ауа нысаны бойынша есеп бередi. Жылжымалы көздер тастандылары жөнiнде мәлiмет аз; кiшi нүктелi көздердiң тастандылары бағаланбайды деп айтуға болады (мысалы, тұрмыстық сектор). Заттардың әр топтарына статистика есебiнiң толығы әр түрлi: күкiрт пен азоттың оксидi, көмiртек пен тұтас заттардың оксидi үшiн ең үлкен бөлiгi — ауыр металлдар, аммиак және т.б. үшiн.
Слайд 11 Солтүстiк Қазақстан облысында атмосфераға ластаушы заттар тастайтын
3000 артық кәсiпорындар мен ұйымдар бар. Атмосфераны ластайтын 4000 стационарлық
көздер тiркелген, соның iшiнде ұйымдастырылғаны — 3500.
Стационарлы көздерден атмосфераға ластаушы заттар тастандыларының динамикасы төмендегi кестеде көрсетiлген.
Слайд 122002-2007 жылдар аралығындағы атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттардың тастандылары
Слайд 13Қорытынды.
Облыста атмосфералық ауаның сапасына негiзгi бақылау облыс орталығы — Петропавл қаласында —
«Солтүстiк Қазақстан гидрометереология орталығы» ЕМК Қазгидромет» РМК, 2 стационарлық бекеттерде
жүргiзiледi. 2007 жылы атмосфералық ауаның 11778 сынағы алынды және талданды. Атмосфералық ауаның ластануын зерттеген кезде 7 ингредиент анықталды: шаң, күкiрт диоксидi, көмiртек оксидi, азот диоксидi, фенол, формальдегид, ерiтiлетiн сульфаттар. Бiр жыл бойы шаң, күкiрт диоксидi, формальдегид, фенол құрамы өзгерiп отырды, бiрақ норманың шегiнен шыққан жоқ. Күкiрт диоксидiнiң құрамы салқын жыл мезгiлiнде көбейдi, бұл жылыту мерзiмiмен байланысты. Концентрациялар ШРК шегiнен шыққан жоқ. Формальдегидтiң орташа концентрациясы жыл бойы ортатәулiктiк ШРК бiршама асып тұрды. ШРК өсуi осы мерзiмге оттегi диоксидi бойынша байқалды: 40 жағдай (ең көп дегенде — 1,8 ШРК) және көмiртек оксидi: 29 жағдай (ең көп дегенде — 2 ШРК), бұл бекеттердiң автомагистральдарға жақын орналасуына байланысты.
Слайд 141) Оспанова Г.С, Бозшатова Г.Т. “Экология”
2) Молдахметов З.М, Газалиев А.М,
Фазылов С.Д.
“Экология негіздері”
3) Радкеевич В.А.
“Экология”.
Пайдаланылған әдебиеттер: