Разделы презентаций


"?аза? хал?ыны? ?лтты? бас киімдері"

Содержание

Киімнің негізгі түрлеріБас киімдерСырт киімдерІшкі киімдерАяқ киімдер

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1
Сабақ тақырыбы:
Қазақ халқының
ұлттық бас

киімдері.

Сабақ тақырыбы:Қазақ халқының     ұлттық бас киімдері.

Слайд 2Киімнің негізгі түрлері
Бас киімдер
Сырт киімдер
Ішкі киімдер
Аяқ киімдер




Киімнің негізгі түрлеріБас киімдерСырт киімдерІшкі киімдерАяқ киімдер

Слайд 4Ерлердің бас киімдері
Бөрік
Тымақ
Малақай
Қалпақ
Тақия
Әйелдердің бас киімдері
Кимешек
Жаулық
Бөрік
Сәукеле
Тақия

Ерлердің бас киімдеріБөрікТымақМалақайҚалпақТақияӘйелдердің бас киімдеріКимешекЖаулықБөрікСәукелеТақия

Слайд 5Тақия - ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері
көп. Биік төбелі,

тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия.
Ерлер киетін тақияда «қошқар мүйіз»,

«ат ерін»,
«шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді,
тігін машинасымен немесе қолмен «таңдай», «ирек», қабырға тігістерімен әдеміленіп сырылады.
Тақияны пүліштен, қыжыман ал астарын жібек, сәтеннен тігеді.

Ер кісілердің тақиялары.

Тақия - ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлерікөп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия.Ерлер киетін

Слайд 6Айыр қалпақ - ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі. Айыр

қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі. Шебер пішілген төрт

қиынды киізді арасына қара барқыттан сыздық салып, қайып тігеді. Сонда қалпақтың төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Сәнді болу үшін, қалпақтың қайырмасының астыңғы жағы кейде қара барқытпен көмкеріледі. Ақ киізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі салқын, әрі сәнді болып келеді. Соңғы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары айыр - қалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүр
Айыр қалпақ - ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі. Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі.

Слайд 7
Мұрақ – екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ.

Оны сән – салтанатқа киеді.

Мұрақ – екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән – салтанатқа киеді.

Слайд 8


Тымақ — қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағалысы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай киізден құралып, шошақ болып келеді.


Слайд 9Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті.

Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып, сәнді жіптермен

тақияға зер төгіледі. Қазақтың «үкі-дей үлбіреген», «тотыдай таранған» деп қыздарды әспеттеуі содан шыққан тәрізді.
Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен

Слайд 10
Бөрік - қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі, оны бағалы

аң терісінен және жас төлдің етірісінен тігеді. Оның жаздық және

қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді.


Бөрік - қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі, оны бағалы аң терісінен және жас төлдің етірісінен тігеді.

Слайд 11





Кимешек — қазақ әйелдерінің киелі бас киімі. Әдетте кимешек ақ матадан тігіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешек әшекейсіз болмайды. Әшекей орнына алтын, күміс, ағыл, ақық, шырымтал, меруерт секілді металл және қымбат бағалы тастар қолданылған. Кимешектің егде және қартаң тартқан әйелдер киетін қарапайым түрлерін шылауыш, күндік деп атайды.


Слайд 12



Жас әйел

кимешегі

Слайд 13


Той думанға киетін кимешек


Слайд 14

Әжелердің кимешегі

Әжелердің кимешегі

Слайд 15


Сәукеле - әйелдің бас киімдерінің ішіндегі ең әшекейлісі. Сәукелені ұзатылатын қыздар киген. Қалыңдық күйеудің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Сәукеленің ең сыртынан жауып қойған шашақты әшекейлі жібек мата бар, ол көйлектің етегі құсап, жерге сүйретіліп жүреді.


Слайд 16
Жаңа түскен келіннің той сәукелесі

Жаңа түскен келіннің той сәукелесі

Слайд 17
Жаңа сөздер
Бас киім - головной убор
Тақия - тюбетейка
Бөрік –

шапка; ушанка
Тері – шкура; кожа
Мата - ткань
Кимешек -кимешек (старинный

женский головной убор из белого ткани, иногда с вышитым узором по овалу лица)
Барқыт – бархат; плюш
Қымбат - дорогой; ценный; драгоценный



Жаңа сөздерБас киім - головной уборТақия - тюбетейкаБөрік – шапка; ушанкаТері – шкура; кожа Мата -

Слайд 18Бас киім
Қазақ қауымының әдетінде ер мен әйелдің бас киімі болып

екіге бөлінеді. Ерге тән бас киімдер: тақия, бөрік, тымақ, мұрақ(айырқалпақ).

Оларды теріден, аң терілерінен, тыстық маталар сырып тігеді.
Әйел бас киімдері: кимешек, жаулық, сәукеле, желек, шәлі бүркеніш, т. б. Бұлар көбінесе іштік жеңіл матадан, ал тақия, құндыз бөрік, шошақ бөріктер ең қымбатты аң терілерінен тігіледі.
Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім болып саналған. Қысқы, жазғы бас киімдер бір бөлек, той жиындарда, жорықтарда киетін бас киім бір бөлек болып түрліше тігілетін. Тымақ пен бөрікті көбінесе елтіріден, сеңсеңнен, лақ терісінен, пұшпақтан т. б. мал терілерінен жасап тыстайды, арасына жүн салып сыриды. Қыстыгүні киетін түлкі терісінен жасаған тымақты барқыт, пүліш, атлас, шұға сияқты жылы, әрі қымбат маталармен тыстаған.
Бас киімҚазақ қауымының әдетінде ер мен әйелдің бас киімі болып екіге бөлінеді. Ерге тән бас киімдер: тақия,

Слайд 19Тапсырма:

Мәтінге сұрақтар құрастыру.
Мәтіннен етістіктерді теріп жаз.
Шығыс септігінде тұрған сөздерді теріп

жаз.


Тапсырма:Мәтінге сұрақтар құрастыру.Мәтіннен етістіктерді теріп жаз.Шығыс септігінде тұрған сөздерді теріп жаз.

Слайд 20
Дұрыс – бұрыстығын тексер
1. Әйелге тән бас киімдер: тақия, бөрік,

тымақ, мұрақ(айырқалпақ).
2. Оларды теріден, аң етінен, тыстық маталар сырып тікпейді.
3.

Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті
киім болып саналған.
4. Қысқы, жазғы бас киімдер екі бөлек, той жиындарда, жорықтарда киетін бас киім екі бөлек болып түрліше тігілетін.
5. Қыстыгүні киетін түлкі терісінен жасаған тымақты барқыт, пүліш, атлас, шұға сияқты жылы, әрі қымбат маталармен тыстамаған.


Дұрыс – бұрыстығын тексер1. Әйелге тән бас киімдер: тақия, бөрік, тымақ, мұрақ(айырқалпақ).2. Оларды теріден, аң етінен, тыстық

Слайд 21Сәйкестігін тап

Сәйкестігін тап

Слайд 22Бес жолды өлең

Зат есім /1/
Сын есім /2/
Етістік /3/
Сөйлем құрастыру.
Синоним.

Бес жолды өлеңЗат есім /1/Сын есім /2/Етістік /3/Сөйлем құрастыру.Синоним.

Слайд 23












Ерлер бас киімі

Ерлер бас киімі

Слайд 24Әйелдер бас киімі












Әйелдер бас киімі

Слайд 25Сабақты қорытындылау

1. Ұлттық бас киімдерді атаңыз?

2. Сәукелені кімдер киген?

3. Айыр

қалпақты кімдер киген?

4. Үйге қандай тапсырма берілді?

Сабақты қорытындылау1. Ұлттық бас киімдерді атаңыз?2. Сәукелені кімдер киген?3. Айыр қалпақты кімдер киген?4. Үйге қандай тапсырма берілді?

Слайд 26Үйге тапсырма
1.Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы реферат жазу.
2. Мәтінді әңгімелеу.

Үйге тапсырма1.Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы реферат жазу.2. Мәтінді әңгімелеу.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика