жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін заңды шығару актілерінің әлеуметтік –
экономикалық, техникалық, гигиеналық және емдеу – сауықтыру шаралары мен құралдар жүйесі.
Әрбір мекемеде, өндіріс орындарында, лабораторияда қауіпсіздік техникасы, еңбек қауіпсіздігі, өндірістің санитарлық ережелері және де өрттен сақтану нұсқаулары, химиялық әсері бар заттардың қауіпсіздігі туралы ережелер болуы тиіс. Ереже көрнекті жерге ілінуі тиіс. Әрбір жұмысшы осы ережелермен таныс болуы керек.
Еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігі тығыз байланысты. Себебі өрт өндірістегі және тұрмыстағы материалдық құндылыққа ғана емес, сонымен қатар адам өміріне де қауіпті болып келеді.
Мен өткен өндірістік тәжірибенің, яғни, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығында»қауіпсіздік техникасы туралы, еңбек қауіпсіздігі туралы ережелер, өрттен сақтану нұсқаулары, өрт сөндіруге арналған инвентарь және оны қолдану ережесі; уланған кезде, күйіп қалған жағдайда, электр тогы соққанда көмек беру жолдары және тағы басқа жазатайым жағдайға ұшыраған кезде адамдарға алғашқы көмек көрсету шаралары бәрі де қарастырылған.
Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыру және жұмысты орындауға жіберілген адамдардың еңбегін қорғау жауапкершілігі кәсіпорын, мекеме басшыларына жүктелген.
Кіріспе