Разделы презентаций


Қазақстандағы ауыр атлетиканың тарихы

Илья ИльинИлья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) — Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы [1]. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қазақстандағы ауыр атлетиканың тарихы
КСРО ыдырағаннан кейінгі республикалардың ішінде Қазақстан Республикасының

Алматы қаласы әлемдегі ауыр атлетикадан әлем чемпионатының астанасына айналып кетті.

Осы кезге дейін Мәскеу қаласы ғана әлемдегі ең мықты штангашыларды қабылдады (1975, 1980,1983 жж.). Ауыр атлетикадан алғашқы турнирі 1891 жылы Лондон қаласында өткен, мұнда алты елден келген үміткерлер бір салмақ категориясында медальдер үшін таласқан.
Осы жылы Алматы қаласындағы әлем чемпионатына Қазақстан, Белорус, Қытай, Колумбия, Эквадор, Мысыр, Германия, Жапон, Польша, Ресей, АҚШ мен басқа елдердің штангашылары қатысады.
Қазақстан намысын қорғайтындар: Маргарита Елисеева (48 кг дейін), Зульфия Чиншанло (53 кг дейін), Сәуле Сәдуәқасова (58 кг дейін), Майя Манеза (63 кг дейін), Карина Горичева (63 кг дейін), Жазира Жаппаркүл (69 кг дейін), Гүлназ Науырызова (69 кг дейін), Анна Нұрмұхамбетова (75 кг дейін), Арли Чонтей (56 кг дейін), Альберт Линдер (69 кг дейін), Кирилл Павлов (77 кг дейін), Медет Жүндібаев (77 кг дейін), Владимир Седов (94 кг дейін), Рустем Сыбай (94 кг дейін), Илья Ильин (+105 кг), Жасұлан Қыдырбаев (+105 кг), Ибрагим Берсанов (+105 кг), Селімхан Әбубақаров (+105 кг).

Қазақстандағы ауыр атлетиканың тарихы КСРО ыдырағаннан кейінгі республикалардың ішінде Қазақстан Республикасының Алматы қаласы әлемдегі ауыр атлетикадан әлем

Слайд 2Илья Ильин
Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) — Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш

олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы

(2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы [1]. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.
Илья ИльинИлья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) — Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің

Слайд 3Жүлделер

2012 жылы Қазақстандағы ауыр атлетика үшін ең табысты жылдардың бірі болып

саналады. Зулифия Чиншанло (53 кг дейін), Майя Манеза (63 кг дейін) Светлана

Подобедова (75 кг дейін), Илья Ильин (94 кг дейін) Олимпиада чемпиондары атанды.
Жүлделер2012 жылы Қазақстандағы ауыр атлетика үшін ең табысты жылдардың бірі болып саналады. Зулифия Чиншанло (53 кг дейін), Майя Манеза

Слайд 4Тарих толқынында
Қазақстанда ауыр атлетиканың ресми дамуы 1935 жылдан бастау алады.

Араға екі жыл салып республикада ауыр атлетика бойынша алғашқы біріншілік өткізілді. Ал 1954

жылы қазақстандық ауыр атлеттердің әлемдік және бүкілодақтық рекордтар орнатуға бағытталған жетістіктері тізбектелді.
Мысалы, 1958 және 1960 жылдары С.Ульянов әлемдік рекорд орнатып, СССР чемпионы атағын жеңіп алды. Оның ізін әлемдік және бүкілодақтық рекордшылар А.Колодков, П. Ким, В. Дрекслер, А. Храпатый және С.Филимонов жалғастырды.
Алайда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты мен Олимпиадалардың алғашқы жүлдегері болып Қазақстан тумасы Юрий Зайцев саналады. 1974 жылы өзінің мансабындағы алғашқы жеңісіне Маниладағы әлем чемпионатында қол жеткізді. 110 келіде өнер көрсеткен ауыр атлет қоладан алқа тағынды.

Виктор Мазин
Зайцевтің жеңісінен кейін бұл салмақ дәрежесі дәстүрлі түрде «қазақстандық» деп саналды. Араға екі жыл салып Монреалдағы Олимпиадада ол өзінің жеңісін қайталап, «алтын» қанжығалады. Ал 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасында атақты жерлесінің ізін 26 жасар Виктор Мазин қайталап, Олимпиада ойындары мен әлемнің чемпионы атанды.
Төрт жылдан кейін Еуропа чемпионатында қазақстандық ауыр атлет Анатолий Храпатый қола медальға қол жеткізді. Осы жеңісінен кейін 80-ші жылдардың соңына дейін 90 келі санатта әлем бойынша Анатолийге тең келер ешкім болмады. 1995 жылы ол Седертельеде (Швеция), 1986 жылы Софияда, 1987 жылы Остравада (Чехия), 1989 жылы Афинада, ал 1990 жылы Будапештте өткен чемпионаттарда әлем чемпионы атанды.
Анатолий Храпатый
1988 жылы әлем чемпионаттарынан ауыр атлетика алынып тасталды. Ол кезде Храпатый Сеулдегі (Оңтүстік Корея) Олимпиададан қанжығасы майланып, үздік нәтижеге қол жеткізген болатын. КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіз Қазақстан үшін ауыр атлетикадан спортшы алғашқы алтынына қол жеткізді.
Қазақстандық басқа спортшы, С.Филимонов Афины Олимпиадасының «күмісін» олжалады. Ал араға бір жыл салып қызылордалық 17-жасар Илья Ильин Дохада (Катар) өткен әлем чемпионатында 85 келі салмақ дәрежесінде сенсациялық жеңіске жетті. Бір жылдан кейін 94 келі санатқа ауысып, Илья әлемнің екі дүркін чемпионы атанды, ал 2008 жылы Пекинде (Қытай) өткен Олимпиадасында жеңіске жетті.
Мұнымен қазақстандықтардың тосынсыйы бітпеді. 2009 жылы ауыр атлетикадан Гойанг-Ситидегі (Оңтүстік Корея) әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы осы спорт түрінен төрт алтын қанжығалап, жалпыкомандалық есепте екінші орынға жайғасты. Олардың арасында «алтын» алқаның иегерлері 16-жасар Зульфия Чиншанло мен Светлана Подобедова бар еді. Зульфия әлемнің ең жас чемпионы атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Тарих толқынындаҚазақстанда ауыр атлетиканың ресми дамуы 1935 жылдан бастау алады. Араға екі жыл салып республикада ауыр атлетика бойынша

Слайд 5Юрий Зайцев 1951 жылы Қиыр Шығыстағы Сахалин аралының Победино ауылында

туып-өсті. Кейіннен әке-шешесімен бірге Теміртау қаласына көшіп келді. Сол жерде

ауыр атлетикамен «танысқан» бала араға жылдар салып, керемет көрсеткіштерге қол жеткізді. 1975 жылы ол «Достық кубогында» топ жарып, КСРО халықтары спартакиадасы мен Еуропа чемпионатында күміс медаль алды. Мәскеуде жалауы желбіреген әлем чемпионатында конкурстан тыс қатысып, дүниежүзілік рекордқа өзгеріс енгізеді. 1976 жылы Қарағандыда өткен КСРО чемпионатында алтыннан алқа тағынып, Олимпиада ойындарына қатысу құрметіне ие болады. Монреальда 110 келі салмақта сынға түскен Зайцев 385 (165+220) келілік зілтемірді ырқына оңай көндіріп, бас жүлдені олжалайды. Бір айта кетерлігі, айтулы Олимпиадада болгариялық Валентин Христов өз нәтижесі бойынша қазақстандық ауыр атлеттен асып түседі. Алайда оған «допинг қолданды» деген айып тағылып, бас жүлде біздің спортшыға бұйырады. 1977-79-жылдар аралығында әлем чемпионы, Еуропаның екі дүркін чемпионы атанады. Алайда ол кезде Юрий Зайцев Украинаға қоныс аударған болатын. Зайцевтің орнын Виктор Мазин жоқтатқан жоқ. Қарағанды облысының Шахтинск қаласының тумасы Мәскеуде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанды. 60 келі салмақта күш сынасқан 26 жастағы жігіт болгариялық Стефан Димитров пен поляк Марек Северынды артқа тастап, діттеген мақсатына қол жеткізді. Мазиннің көрсеткіші – 290 (130+160) келі. Шахтинскінің шымыр жігіті одан бөлек КСРО чемпионы, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы болды. Сондай-ақ ол алты рет әлемдік рекордты жаңартты
Юрий Зайцев 1951 жылы Қиыр Шығыстағы Сахалин аралының Победино ауылында туып-өсті. Кейіннен әке-шешесімен бірге Теміртау қаласына көшіп

Слайд 6Виктор да Ресейдің Краснояр өлкесіне көшіп кетті. 1984 жылы социалистік

елдер Лос-Анджелестегі ойындарға барған жоқ. Ал 1988 жылы Сеул Олимпиадасында

Анатолий Храпатыйдың бақ жұлдызы жанды. Ол 1963 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында туды. Балауса шағында-ақ осы спорт түрімен айналысқан Анатолий бірден дара талантымен оқшауланды. Ол КСРО, Еуропа біріншіліктерін сан мәрте ұтты. Бес рет әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Сеулдегі ойындарда 90 келі салмақта шеберлік сынасқан отандасымыз 412 (187,5+225) келілік нәтижемен бас жүлдені қоржынға салды. Ол өзінің басты қарсыласы әрі командалық әріптесі Наиль Мұхамедьяровтан 12,5 келі көп көтерді. Өзбек спортшысы күміс медальді мойнына ілді. Жоғарыда есімдері аталған спортшылардан бөлек Владимир Можейков пен Евгений Сыпко сынды қазақстандықтар ресми халықаралық жарыстардан жүлделі оралды.
Виктор да Ресейдің Краснояр өлкесіне көшіп кетті. 1984 жылы социалистік елдер Лос-Анджелестегі ойындарға барған жоқ. Ал 1988

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика