Разделы презентаций


Буддизмнің аңыз әңгімелері

Буддизм - (санскритше - बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Буддизмнің аңыз әңгімелері
Орындаған: Садықов Елнар

Буддизмнің аңыз әңгімелеріОрындаған: Садықов Елнар

Слайд 2
Буддизм - (санскритше - बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі)

- дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI

Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Үш себет") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт асыл ақиқатты білу қажет:

Азап бар;
Азапта себеп бар;
Азапта соң бар;
Жол азаптың тоқталуы бар.
Буддизм - (санскритше - बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің

Слайд 3Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде

этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей

қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу ай- налымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттава - құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махая- на (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна не- гізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол важраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бұл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақсаттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм неме- се метабуддизмнің бірқатар жаңа бағыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда үйымдары Азия елдерінде әртүрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, ұлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тува-да түрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын құтқарудың қамын ойлауы керек. Бұл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің құрылуына эсер етті. Бұлардың жиынтығы будда үйымы - 1950 ж. құрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.
Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне

Слайд 4Әлем елдерiндегi буддалық тұрғынның пайызы

Әлем елдерiндегi буддалық тұрғынның пайызы

Слайд 5Гималай елдерінің (Непал, Бутан және Сикким) өнері
Үндістанның солтүстікпен және солтүстік-батыспен

байланыстары, тіпті, ертедегі мәдениеттер дәуірлерінен, Хараппа мен ертедегі буддизм кезеңімен

басталады. Хараппа мәдениеті қазіргі Үндістан мен Пакистанның жерлерімен ғана шектелмей, оның кейбір тармақтары, түрлері шекаралас ауған және иран облыстарына да тарағанын еске сала кету керек. Буддизм іліміне ден қойған кезде Маурьялар әулетінің билеушісі Ашока Будданың туған жері жөніндегі аңызға қатты иланған. Ол аңыз бойынша Будданың туған жері Непалға қарайтын облыста екеніне және оның Үндістан шекарасында болғандығына да зор маңыз берген, әрі аңыз бойынша, ол жерге қажылық сапар да жасаған. Сірә, Ашоканың тұсында Непалдың жазық ауданында, Катмандуға жақын жердегі Патанада Будда ілімі құрметіне символикалық күмбез жасалған болса керек. Ашока оған арнап Будданың жастық шағы өткен мекенде — Оңтүстік Непалда да, Гималай етегіндегі Терраи деп аталатын жерде де ескерткіштер жасап қалдырған. Кушан кезеңінде Үндістанның солтүстік, солтүстік-батыспен тығыз байланыста болуы өзінен-өзі түсінікті жай, өйткені елді билеушілер сол жақтан келгендер еді. Таяудағы Совет Одағының оңтүстігінен қазба жұмыстары кезінде табылған мол олжаларға қарағанда, Кушан өнері тек Ауғанстанға ғана емес, Тәжікстан мен оған шекаралас облыстардың түкпір-түкпірлеріне дейін тарағаны белгілі болып отыр. Соңғы жылдары мұнда тұтас буддалық монастырь құрылыстары, мүсіндер, қабырғалық кескіндеме қалдықтары, тағы басқа осы және одан кейініректегі кезеңдерге жататын металл ақшалар мен әр түрлі заттар табылды. Осы орайда Аджана-Тепені атасақ та жеткілікті, осынау ауған шекарасынан Будданың жатқан (дүниеден безіп, рақатқа шомған Будданың) алып мүсіншесінің табылуы Үндістанмен біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында тығыз байланыс болғандығын айғақтай түседі. Тіпті буддизмге тәуелділігі шамалы, көп кейінгі кездердегі олжалардың өзінде де үнділік ықпалдың айқын іздері бар екенін байқаймыз.
Гималай елдерінің (Непал, Бутан және Сикким) өнеріҮндістанның солтүстікпен және солтүстік-батыспен байланыстары, тіпті, ертедегі мәдениеттер дәуірлерінен, Хараппа мен

Слайд 6Үндістандағы буддизмнің даму тарихынан бізге мәлім жайдың бірі сол кездерде,

әсіресе, махаяна деп аталатын мектеп өкілдерінің солтүстікке сапар шеккені және

көптеген белгілі ғалымдардың осында мекендеп қалғаны. Екіншіден, бұл жерде үнді философтарының пайда болғаны туралы кашмирлік, непалдық және тибеттік жазбалар да айғақтай түседі. Бұл елдерце буддалық ілімді таратудағы үнділік мұғалімдердің қызметіне, сол сияқты олардың өте жоғары цивилизаторлық роліне қарсы ешқашан дау айтылып көрген емес. Үндістаннан шыққан буддалық монахтардың Қытайға да жеткенін, олардың мұнда да буддизмнің таралуына алғаш түрткі салушы болғандарын да айта кету лазым; IV ғасырлардан бастап буддалық қытай монахтарының Үндістандағы буддалық орындарға сапар шегуі басталады.

Тара. Қола. Биіктігі 12 см. XV ғ. Непал. Нью-Йорк, Метрополитск музейі.

Үндістандағы буддизмнің даму тарихынан бізге мәлім жайдың бірі сол кездерде, әсіресе, махаяна деп аталатын мектеп өкілдерінің солтүстікке

Слайд 7Сонымен, бұл кезеңдегі үнді мәдениетінің біртіндеп таралуы тікелей буддизммен байланысты

болды. Буддизмнің Непал мен Тибетте күні бүгінге дейін негізі берік.

Дегенмен, солтүстікте, мәселен, Цейлон мен Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне қарағанда буддизмнің ерте, бір беткей ілімінің ешқандай да дерлік әсері болған жоқ, әрине, жаңа кезеңде олар бұл өңірге де барынша молырақ ене бастады. Гималай елдерінде де алдымен махаяна буддизмі, ал кейініректе тантри буддизмі кеңінен тарай берді. Сол себепті де тхераваданың оңтүстік мектептеріне қарама-қарсы мағынадағы солтүстік буддизмі туралы әңгімелеуге болады. Бұл жерде мынаны есте ұстаған жөн: индуизм әсерін көріп үлгерген буддизм ағымдары бұл жерлерде жергілікті анимистикалық табынушылықпен, шамандық ұғымдармен; сірә, буддаға дейінгі көне индуистік-брахмандық
қалдықтармен қатты қақтығысқа киліккен. Нәтижесінде буддизм, мәселен, Непалдағыдай күшті өзгерістерге ұшырады; Тибет пен Монғолияда ол ламаизм деп аталатын түрге айналды.
Үнді мәдениетінің солтүстікті жайлап таралуы Солтүстік Үндістанға исламның енуінен кейін қуатты қарқын алды. Бихара мен Бенгалияда буддизмнің соңғы тіректері құлағаннан кейін көптеген буддистер, олардың ішінде монахтар, ғалымдар, дарынды суретшілер қанды қылыштан бас сауғалап Гималайдың игерілмеген, баруы қиын аудандарына қашты.
Олар өздерімен бірге алып жүруге оңтайлы заттарды ғана: қолөнер туындыларын, жазу ескерткіштерін және кескіндеме орамдарын немесе пальма жапырақтарын ғана ала кетті. Үнділік буддизмнің соңғы елеулі кезеңі саналатын Палдар кезеңінің өнері үнді шекараларынан алыс жерлерге осылай тарап, Гималайда орын тепкен елдер өнеріне көрнекті ықпал жасады. Мұнда, Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір аудандарындағы сияқты және ең алдымен Солтүстік Вьетнамда үнді мәдениеті оңтүстік пен батысқа кең тараған қытай мәдениетімен кездесіп, қақтығысып қалып жатты. Бұл ретте қытай мәдениетінің біздің дәуірімізге дейінгі I ғасырдың өзінде-ақ Үндістаннан Қытайға тарай бастаған буддизм ықпалына түсе бастағанын есте ұстаған жөн.
Сонымен, бұл кезеңдегі үнді мәдениетінің біртіндеп таралуы тікелей буддизммен байланысты болды. Буддизмнің Непал мен Тибетте күні бүгінге

Слайд 8
Гималай елдерінің, ең алдымен Непалдың құрылыстары сәулетінде шығыс азиялық стильге

еліктеушілік көбірек байқалады (өзіндік, жергілікті жағдайлармен байланысты стиль үстемдік еткен

Тибетте Бұл еліктеу шамалы ғана). Тіпті, бұл жерлерде әбден қалыптасқан қытайлық стиль болды деп те айтылды. Бірақ бұл ретте буддалық храмдар формасының өзі үнділік символикалық күмбезден шығатыны әдетте ұмыт қалады. Тіпті, Непалға тән, бірінің үстіне бірі қойылған екі, үш ол түгілі бес, жеті қабатты мұнара-храмдарды да қазірде енді қайтып қытайлық ықпал әсеріне телімейді. Непалдағы осы тәрізді құрылыстарды Тан кезіндегі қытай хроникаларыда суреттейді.

Дарбар алаңы. Катманду.

Катмандуға жақын жердегі Сваямбунатх символикалық күмбез

Ньятопол Бхадгаоның храмы.Непал. XIV ғ.

Гималай елдерінің, ең алдымен Непалдың құрылыстары сәулетінде шығыс азиялық стильге еліктеушілік көбірек байқалады (өзіндік, жергілікті жағдайлармен байланысты

Слайд 9Мысалға непалдық патша сарайының дәл ортасына орналасқан, мыс пластинкалармен қапталған,

бұрыш-бұрыштары мыстан жасалған пішіндік суағарлармен әшекейленген жеті қабатты мұнараны алуға

болады. Мұны жасаған қытайлықтар мұндай құрылыстарға тән стиль Қытай мен Жапонияға Үндістаннан Непал мен Тибет арқылы келіп жеткеніне әсте шек келтіріп көрген емес. Бұдан көп кейініректегі үнді өнеріне тән тіптік, шаршыланып жоспарланатын мұнара-храмдардың вестибюльдер мен тағы басқалар есебінен кеңейтілуі солтүстік жақты жайлаған елдерге етене сіңісіп кете алған жоқ. Гималай елдерінде сәулетпен бірге мүсін өнерінің дамуы, әсіресе, оның коладан, асыл металдардан, ағаштан жасалған шағын формалары, сонымен бірге кескіндеменің жоғары дәрежеде гүлденуі зор мән-маңызға ие болды. Бұл кескіндеменің мазмұны негізінен буддалық болып келеді және үнділік ықпал аңғарылып отырады. Бірақ Бұл жерде өзінің шығу тегі жөнінен Үндістанға емес, Қытайға қарыздар кейбір белгілерді де атап өтуге болады. Ең алдымен, кескіндеменің қабырғадан бөлектенуі Үндістанға тән белгі емес. Өз алдына дербес картиналар көп кейініректе тек кітаптық безендіру түрінде ғана пайда болды. Қағаз орамдарына салынған кескіндеме деп аталатын, көбінесе тік форматты болып келетін Непал мен Тибетте кең тараған мұндай безендірулерде, сөз жоқ, қытайлық әсер байқалып тұрады. Аздап болса да, бұл Бутан мен Сиккимге де қатысты. Картиналарды еркін көшіру және оларды қалағанынша әр түрлі пайдалану мүмкіндігі арқылы кескіндеменің мұнда мән-маңызы арта түсті. Буддалық мазмұндарға шығыс азиялық әуендердің де араласа бастағанын айта кеткен жөн. Бұл ең әуелі мұнда кең дамыған пейзаж кескіндемесіне қатысты болды. Бірақ кеңістікті түсіндіруде Шығыс Азия кескіндемесі мен Гималай елдері кескіндемесі арасында елеулі айырмашылықтар бар. Бұлардың соңғыларында моғол кескіндемесіндегі сияқты жазықтық бейнелеулер басымдық алады, мұның өзі сол жерлерде ықпалы мол болған үндістандық сипаттың әсері деу керек. Гималай елдерінің географиялық жағдайына байланысты табиғи жай болып табылатын үнділік және шығысазиялық ықпалдың бір-біріне әсері осылайша көрініс беріп отырады.
Мысалға непалдық патша сарайының дәл ортасына орналасқан, мыс пластинкалармен қапталған, бұрыш-бұрыштары мыстан жасалған пішіндік суағарлармен әшекейленген жеті

Слайд 10Құдайшылдық уақыт өткен сайын жергілікті және мағыналы өзгерістерге ұшырай беретінін

ескерсек те, бұл аудандағы иконография Үндістандағы буддалық иконографиямен өзінің негізгі

белгілері жөнінен тығыз байланысты боп келеді. Иконографиялық детальдар ұдайы өзгерістерге ұшырап, түрленіп, күрделілене туседі де, көп ретте түпнұсқалары танымастай болып өзгеріп кетеді. Мүсін мен кескіндемелердегі құдайлар, перілер дүниесі адам сенбестей көбейе, ұлғая түседі. Әлдебір құдайдың төрт немесе алты қолы мың қолға ұласатыны болады. Еркектік формалар әйелдік формалармен толықтырылып, олар біртін-біртін мүлде араласып та кетеді. Құдайлар нөкерлері саналатын қыруар персонаждар Гималай елдері өнерінде өз алдына дербес мәнге ие болып отырады. Жартыкеш құдайлар пен перілер есімі олардың бейнелерімен әрең қиюласып жатады. Непалда (сол сияқты Үндістанға тәуелді, тым шағын елдер Бутан мен Сиккимде) негізінен патшалық құрған индуистік әулеттер
төзімділігі елді көршілес Тибеттегідей дін жолын куушылар билігі озбырлығынан құтқарып қалды. Сыртқы ықпалға қарамастан, Непал өз алдына дербес дамыды; Бұл — елді мекендеген меварларлық-монголоидтардың, көпшілігі Будданың өзі шыққан Шакьялар тұқымына жататындығын мақтан тұтатын буддалықтардың билеушілік роль атқарғандығынан ғана мүмкін болды.
Құдайшылдық уақыт өткен сайын жергілікті және мағыналы өзгерістерге ұшырай беретінін ескерсек те, бұл аудандағы иконография Үндістандағы буддалық

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика