Слайд 1
Дәріс 7. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Слайд 2
Мақсаты: Студенттер Қазақстан Республикасындағы
денсаулық сақтау жүйесін заңдылық реттеудің негізгі ұстанымдарын білуі қажет.
Слайд 3 Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғауды құқықтық
қамтамасыз ету жүйесі келесі негізін қалаушы актілерді қамтиды:
Қазақстан
Республикасының Атазаңы;
Заңдық күші бар ҚР Президентінің нұсқаулары;
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдары;
Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулылары;
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің нормативтің актілері (бұйрықтар, ережелер, нұсқаулар және т.б.).
Слайд 4Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің іс-әрекет етуі заңдылық құжаттармен қамтамасыз
етіледі, олардың негізгісі Қазақстан Республикасының Атазаңы (30 тамыз 1995 ж)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 29 бабында бекітілген:
- Қазақстан Республикасының азаматтарының өз денсаулықтарын қорғауға құқықтары бар.
Слайд 5 - Қазақстан Республикасының азаматтары бекітілген заңға сәйкес медициналық көмектің
кепілді көлемін алуға құқылы.
- Мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінде,
сонымен қатар жеке медициналық практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу бекітілген заң тәртібі негізінде жүргізіледі.
Слайд 6Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматы денсаулығына тікелей қатысы бар басқа
да құқықтарға ие: өмір сүруге құқығы (15 бап), жеке бас
еркіне құқығы (16 бап), адамның абыройына нұқсан келтірмеу құқығы (17 бап), жеке адам өміріне, отбасына, отбасы құпиясына, өз ар-ожданы мен абыройын қорғауға нұқсан келтірмеуге құқығы (18 бап),
Слайд 7
балаларын қорғауға және оларды тәрбиелеуге ата-ананың құқығы (27
бап), білім алуға құқығы (30 бап) және т.б. Атазаңмен бекітілген
құқықтары мен еріктерінен басқа Қазақстан Республикасының азаматы өз кезегінде ҚР Атазаңы мен заңдылықтарын сақтауға, басқа тұлғалардың құқықтарын, еркін, ар-ожданы мен абыройын құрметтеуге міндетті (34 бап).
Слайд 8 еңбек еркіндігі құқығы (24 бап), демалысқа құқығы (24
бап, 4 п.), тұрғын-жайға құқығы (25 бап), жеке-меншікке құқығы (26
бап), өмір сүруге және денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға құқығы (31 бап), жасына, ауыру жағдайына, мүгедектік, асыраушысын жоғалту жағдайына байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы (28 бап), бап).
Слайд 9 «Қазақстан – 2030» «Барлық қазақстандықтардың
көркеюі, қауіпсіздігі және жағдайының жақсаруы» Стратегиясының ұзақ мерзімді 4 басымдықтары
«Азаматтардың денсаулығы, білімі және жағдайын жақсарту». аналар мен балалар денсаулығын жақсарту,
Слайд 10Осы мақсатты іске асыруда Стратегия келесі мәселелерді қарастырады: аурудың алдын-алу
және салауатты өмір салтын қалыптандыру, есірткі және наркобизнеспен күрес, алкоголь
және табак қолдануды қысқарту,
Слайд 11ана мен бала денсаулығын қорғау, тамақ сапасын жақсарту, қоршаған орта
тазалығы және экология, ішер судың тазалығын қамтамасыз ету, гигиена және
санитария ережелерін сақтау.
Слайд 12 Тәулсіз Қазақстан Республикасында денсаулықты қорғау туралы көптеген заңдар
қабылданып, кейін олар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің
(18 қыркүйек 2009 жыл) негізін құрады. Медициналық іс әрекеттерді реттейтін алдында қабылданған 12 заңның негізінде а Кодекс қабылдау мақсаты – денсаулықты қорғауға азаматтар құқығын бекітуге, ұлттық медицина статусын жоғарылатуға, денсаулық сақтау аймағындағы отандық заңдылықтарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге жағдай жасау.
Слайд 13Кодексте денсаулық сақтау аймағындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдары бекітілген:
1) азаматтардың
қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алудағы азаматтардың құқықтарының теңдігін
қамтамасыз ету;
2) жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайтудағы мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың өзара жауапкершілігі;
3) ана мен баланы қорғау;
4) ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ету;
5) денсаулық сақтау жүйесі жұмысындағы профилактикалық бағыттың маңыздылығы;
6) медициналық көмекке қол жеткізу;
7) медициналық көмек сапасын тұрақты түрде жоғарылату;
8) халықтың санитарно-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
Слайд 14 9) медициналық көмек көрсетудегі денсаулық сақтау мекемелерінің
қызметтестігі;
10) оқытудың кейінгі технологияларын қолданып, медициналық және фармацевтикалық білімнің үздіксіздігі
мен өзара қатынасын қамтамасыз ету;
11) отандық медициналық ғылымды мемлекеттік қолдау, денсаулық сақтауға ғылым мен техниканың, дүниежүзілік тәжірибенің жетістіктерін ендіру;
12) ерікті риясыз донорлықты қолдау;
13) отандық өндірісті мемлекеттік қолдау және медициналық және фармацевтикалық өндірістің конкуренткеқабілеттілігін дамыту;
14) азаматтардың денсаулығын қорғаудағы қоғамдық бірлестіктердің қатысуы;
15) халық қажеттілігін қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағытты денсаулық сақтауды дамыту;
16) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға атсалысу;
17) халық денсаулығын, қауіпсіздігін, дәрілік заттардың сапасы мен тиімділігін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу.
Слайд 15Әдебиет:
1.Қазақстан Республикасының Ата заңы.
2.Назарбаев Н.А. «Казақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың
көркеюі, қауіпсіздігі және жағдайын жақсарту» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы.– Алматы,
1999. – 67 б.
3. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі.
4.Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жөнінде: Негізгі заңдылық актілер. – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 182 б.
5.Сагиндыкова А.Н. Конституционно-правовые проблемы охраны здоровья граждан в Республике Казахстан. – Алматы, 1997. – 167 с.
Слайд 16Бақылау сұрақтары:
1. ҚР Конституциясында денсаулықты қорғауды реттеу.
2. «Казахстан – 2030»
Стратегиясындағы денсаулық қорғау басымдықтары.
3. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау
жүйесі туралы» Кодексі.
4. Денсаулық сақтау аймағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдары.