Слайд 1Дәріс № 6
Соғыстан кейінгі Сталиндік кезеңдегі Қазақстан
Слайд 2Соғыстан кейінгі жылдардағы ахуал. Елді бейбіт құрылысқа бейімдеу ерекшеліктері мен
қиындықтары.
Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығындағы өзгерістер мен оның әміршіл-әкімшіл сипаттары.
Қоғамдық өмірдегі
қарама-қайшылықтар. Білім, ғылым және мәдениет саласындағы өзгерістер.
Дәрістің жоспары
Слайд 3Төртінші бесжылдық (1946-1950 жж.) жоспары:
Демобилизация (8 млн.500мың)
Бүлінген шаруашылықты қалпына келтіру;
Халықтың
материалдық қажеттерін қанағаттандыру;
Халық шаруашылығы мен мәдениетін дамыту;
Қаржыны көбейту;
Еңбек мектептерінің санын
арттыру
Слайд 4Соғыстан зардар шеккен аудандарға көмек:
500 трактор;
140 паровоз;
17,5 мың ірі қара;
22
мың жылқы;
350 мың қой;
Азық-түлік керуендері жіберілді
Слайд 5Қазақстандағы ІV бесжылдық құрылыстары
Жеңіл өнеркәсіп:
Қызылорда тігін фабрикасы;
Жамбыл, Павлодар, тері зауыттары.
Теміржол
салу:
Мойынты-Шу;
Жамбыл-Шолақтау
Байланыс ісі:
- 1949 ж. Алматы автоматты телефон стансасы;
Жұмысшылар саны:
1945 ж. 1,044 млн., 1950 ж. 1,400 млн. адамға жетті.
Слайд 6Қазақстандағы ІV бесжылдық құрылыстары
Теміртауда 2 мартен пеші;
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 3-кезегі;
Өскемен
қорғасын-мырыш комбинаты;
Маңғыстау мұнай бұрғылары салынды.
Көмір – 2,5 есе;
Мұнай – 1,5
есе;
Газ – 1,9 есе;
Электр қуаты 4,1 есе артты
Слайд 7Ауыл шаруашылығы
1946 ж. 16 қыркүйек. Ауыл шаруашылығындағы ауыр жағдайды жою
туралы Қаулы.
Машина-трактор стансаларын көбейту:
50683 трактор,
16 мың комбайн;
10 мыңнан астам автомашина
2.
Колхоздарды ірілендіру.
8 мыңдай колхоздан 3670 колхоз қалды.
3. Селоны жаппай электрлендіру:
1948 ж. 752 колхоз;
317 МТС;
164 совхоз;
193 аудан орталығы электрленді.
Слайд 8Нәтижелер:
Егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды;
Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы
артты.
1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетті;
Малдың жалпы
саны өсті:
ірі қара мал 27 %;
қой мен ешкі 70 %;
жылқы 71% -ға көбейді.
Слайд 9Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер:
1947 ж.карточка жүйесінің жойылуы;
1947 ж. Ақша реформасы;
4-бесжылдықта баға үш
рет арзандады;
Слайд 11Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер:
Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді;
Жасы
ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы
тағайындалды;
Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді;
Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді;
Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді;
Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.
Слайд 12Қиындықтар:
Жоспардың артық мөлшерде белгіленуі;
Еңбеккүн мөлшері азайды;
Колхозшыларға төлқұжаттар берілмеді, олар ауылдық
кеңестерде ғана тіркелді;
Техниканың басым бөлігі ескірді;
Еңбекке жарамдылар санының аз болуы;
Жұмысшылар
жалақсысы тек 1,5 есе ғана өсті;
Колхозшы жұмысшыларға қарағанда 4 есе аз жалақы алды;
Мемлекеттік заимдарға күштеп жаздыру;
Тауарлар бар, бірақ ақша жоқ;
“Социализм жауларымен” күрестің артуы
Слайд 13Қоғамдық-саяси өмір
Жеке басқа табынудың өрістеуі;
Коммунистік партияның жеке-дара билігі;
Басты мақсат –
социализмнене коммунизмге өту;
Қуғын-сүргіннің жалғасуы:
Әскери тұтқындар;
Оккупациялық аймақта тұрғандар;
Депортацияланған халықтар;
Дәрігерлер ісі
Слайд 141947 жылы «Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының
жұмысындағы саяси өрескел қателіктер туралы» қаулысы шықты.
«ҚызЖібек», «Ер Тарғын»,
«Қобыланды», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері-Ақтоқты» пьесаларында идеялық кемшіліктер бар, сондықтан қайта өңдеу керек деп шешім қабылданды
Базар, Мұрат, Шортанбай, С. Торайғыров және басқа төңкерістен бұрынғы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармалары буржуазиялық-ұлтшылдық, феодалдық-реакциялық сарында жазылған делінді.
“Едіге батыр” жырын зерттегені үшін Ә.Марғұлан қудаланды;
Оларды қорғағаны және жұмысқа алғаны үшін Төлеген Тәжібаев Қаз МУ Ректорлығынан кетті.
Слайд 15“Ленинград” және “Звезда” журналдарының ісі (1946 ж)
А. Ахматова, М. Зощенко
шығармаларын айыптау Қазақстанда жалғасын тапты.
М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев –”қазіргі тақырыпқа
пьеса жазбайтындар”.
А. Жұбанов – “феодалдық-байшылдық дәуірді асыра дәріптегені үшін деп айыпталды.
Слайд 16Бекмаханов ісі
Ермұхан Бекмаханов (1915 -1966);
1937 ж.Воронеж пединститутының тарих факультетін бітірген;
1943
ж.жарық көрген “Қазақ КСР тарихы” еңбегінің авторларының бірі (А.М.Панкратова, М.Вяткинмен
бірге)
1947 ж. “ХІХ ғ.20-40 жж.Қазақстан” тақырыбында докторлық диссертация қорғап, монография жариялайды;
1947-1952 жж. қудалауға ұшырады;
1952 ж. 25 жылға сотталды;
1954 ж. ақталды;
Онымен бірге Бекежан Сүлейменов те сотталды
Слайд 171951 жылдың 20 сәуір Қазақстан жазушылары одағы жанындағы партия ұйымының
ашық жиналысы
«Правда» газетінің 1950 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған «Қазақстан тарихының
мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақала және ҚК(б)П Орталық Комитетінің осы мақала жөніндегі қаулысы талқыланды.
Басты міндет – Қазақстан компартиясының тарихын жазу;
Тарихтың өткені тек таптық-партиялық әдістеме тұрғысынан жазылуы тиіс еді;