Разделы презентаций


Дәріс тақырыбы : М ал өнiмдерi арқылы адамға жұқпайтын

Содержание

Мал дәрiгерiнiң аса жауапты мiндетi – тағамдық өнiмдер арқылы адамға жұғатын аурулардың алдын-алу. Сонымен қатар, мал ауруларын таратпау, сыртқы ортаны қорғау, ауру малдан алынған өнiмдердi залалсыздандыру.Жұқпалы аурумен ауырған мал ұшасы мен

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Дәріс тақырыбы: Мал өнiмдерi арқылы адамға жұқпайтын антропозооноздар
Қарастырылатын сұрақтар:
1

боғлама
2 ботриомикоз,
3 стахиоботриотоксикоз
4 сiреспе.

Дәріс тақырыбы: Мал өнiмдерi арқылы адамға жұқпайтын антропозооноздар Қарастырылатын сұрақтар:1 боғлама 2 ботриомикоз, 3 стахиоботриотоксикоз 4 сiреспе.

Слайд 2Мал дәрiгерiнiң аса жауапты мiндетi – тағамдық өнiмдер арқылы адамға

жұғатын аурулардың алдын-алу. Сонымен қатар, мал ауруларын таратпау, сыртқы ортаны

қорғау, ауру малдан алынған өнiмдердi залалсыздандыру.
Жұқпалы аурумен ауырған мал ұшасы мен ағзаларын малдәрiгерлiк-санитариялық сараптан өткiзгенде, мал дәрiгерi оның сояр алдындағы және сойғаннан кейiнгi балауының ерекшелiктерiне көңiл аударады, малдәрiгерлiк-санитариялық сарапты үлкен ұқыптылықпен жүргiзiп, алынған өнiмдерге тиiстi баға беруі керек.
Лажсыздан сойылған мал ұшасы мен ағзаларындағы патологиялық-анатомиялық өзгерiстердi тиянақты тексеруi қажет. Сойылған мал ұшасындағы өзгерiстер аурудан өлген мал тәнiндегi өзгерiстермен салыстырғанда әлде қайда көмескi болады, тiптi байқалмауы да мүмкiн. Малдәрiгерлiк-санитариялық сараптау аса жауапты жұмыс, тағамға пайдалануға болмайтын ауру малдың етiн жеп адам ауруға шалдықса, мал дәрiгерi заң алдында жауап бередi. Осы ретте С.С.Евсеенконың 1884ж. «Адам медицинасы адамды қорғаса, ветеринариялық медицина адамзатты сақтайды» деген өлмес сөзiн еске алғанымыз орынды деп ойлаймыз.
Мал дәрiгерiнiң аса жауапты мiндетi – тағамдық өнiмдер арқылы адамға жұғатын аурулардың алдын-алу. Сонымен қатар, мал ауруларын

Слайд 3Малдәрiгерлiк-санитариялық сараптауда малдардың жұқпалы ауруларын адам үшiн қауiптiлiгiне қарай үш

топқа бөлуге болады:
1) Мал өнiмдерi (сүт, ет т.б.) арқылы жұғатын

індетті аурулар. Оған топалаң, туберкулез, бруцеллез, аусыл, құтырық, қатерлi iсiк, қойдың жыбырлағы (брадзот), энтеротоксемиясы (секіртпе), қозының анаэробты дизентериясы, Ауески ауруы, шошқа тұмауы, жылқының iндеттi қан аздығы, Ку-қызбасы, лейкоз, сары ауру, листериоз, мелиоидоз (жалған маңқа), некробактериоз, күл, псевдотуберкулез, шошқа тiлмесi, маңқа, тулеремия, хламидиоз, түйе обасы, эпизоотиялық лимфангит (африка маңқасы, ботриомикоз), фузариотоксикоз, малдың хламидиозды іш тастауы жатады.
2) Мал өнiмдерi арқылы адамға жұқпайтын антропозооноздар (боғлама ботриомикоз, стахиоботриотоксикоз, сiреспе).
3) Адам ауырмайтын зооноздар, күлдiреуiктi ауру, вирустiк диарея, шошқаның күлдiреуiктi экзантемасы, шошқаның дизентериясы, диплококк септицемиясы, қатерлi катаралдық қызба, қой мен ешкiнiң iндеттi агалактиясы, шошқаның атрофиялық ринитi, ешкiнiң кебенегi, iрi қараның iндеттi ринотрахейтi, колибактериоз, сақау, iсiк ауру (колиэнтеротоксемия), парагрипп-3 (көлiк қызбасы), паратуберкулез, пастереллез (геморрагиялық септицемия), iрi қара малдың ала өкпесi (перипневмония), стрептококкоз, iрi қараның обасы, шошқа обасы, қарасан, жылқының ринопневмониясы (вирустiк iш тастау), эпизодтық пневмония, шошқаның эпизодтық энцефаломиелитi (Тешен ауруы), шошқаның жыбырлағы (аэробты дизентерия), жылқының делбесi.
Малдәрiгерлiк-санитариялық сараптауда малдардың жұқпалы ауруларын адам үшiн қауiптiлiгiне қарай үш топқа бөлуге болады:1) Мал өнiмдерi (сүт, ет

Слайд 4Малдың жұқпалы ауруларын осылайша топтау малдәрiгерлiк-санитариялық сарапшылардың аурудың бiрiншi тобына

аса көңiл бөлiп, ол аурулардың таралмауына баса назар аударып, тиiстi

шараларды уақытымен жүргiзуiне мүмкiндiк бередi.
Мал өнiмдерi арқылы адамға жұқпайтын антропозооноздар.
Боғлама - (Actinomycosis, актиномикоз). Көбiнесе iрi қара, сиректеу шошқа, қой және жылқыда кездесiп, әр түрлi ұлпалар мен ағзаларда гранулемотоздық ошақтар түзетiн полимикробты созылмалы ауру. Боғламамен адам да ауырады, бұл ауру малдың етi немесе ағзалары арқылы жұқпайды. Аурудың қоздырушысы - Actinomyces bovis дейтiн сәулелi саңырауқұлақ, ол жiңiшке жiп тәрiздес және микрокок түрiнде өседi. 75С ыстықта қыздырғанда 5 мин, ал қайнатқанда лезде өледi. Кептiру мен суыққа төзiмдi.
Сояр алдындағы диагностика. Актиномиком шоғырланған жерден әр түрлi көлемдегi шар тәрiздi немесе түйiртпек iсiктер табылады. Iрi қара малда зақымдану көбiнесе тiлдiң түбiнде, сиректеу бас терiсi мен мойын терiсiнiң астында, екi жақ сүйектiң арасында, жұтқыншақта, өңеште, кеуде және құрсақ ағзаларында кездеседi. Iрi қара малдың жақ сүйектерi де зақымданады, олардың көлемi ұлғаяды да, бұдырмақтанады және қатаяды да iрiндi жара шығады. Шошқаның желiнi, көмекей безi, жақ сүйектерi, тiлi және кеуденiң жеке сүйектерi зақымданады.
Малдың жұқпалы ауруларын осылайша топтау малдәрiгерлiк-санитариялық сарапшылардың аурудың бiрiншi тобына аса көңiл бөлiп, ол аурулардың таралмауына баса

Слайд 5Қой мен ешкi актиномикозбен сирек ауырады. Негiзiнен тiлi, ерiндерi, төменгi

жақ сүйектерi, өкпесi зақымданады. Жылқының пiшкеннен кейiн ен бауы қабынуы

мүмкiн.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Актиномикомдарды тiлгенде iшi iрiңге толы кеуектi өлiеттi көруге болады. Кесiндiнiң үстiңгi жағы көтерiлiп, қысқан кезде сызылып пышаққа жұқпайтын жағымсыз иiстi. Iрiңнiң iшiнде, сары түстi түйiршiктер - аурудың қоздырушысы көрiнедi. Бауыры, өкпелерi және басқа ағзалары зақымданғанда iшi iрiңге толы, қолмен басса былқылдап тұрған көлемдi ошақтарды кездестiруге болады.
Санитариялық баға. Актиномикозбен бастың ғана лимфа түйiндерi зақымданса, оларды алып тастайды да өзiн шектеусiз шығарады. Ал, бастың сүйектерi мен еттерi зақымданса, басты техникалық өңдеуге жiбередi. Актиномикозбен шамалы залалданған iшкi ағзаларының зақымданған жерiн алып тастағаннан кейiн шығарады: ал iшкi ағзалары мен тiлi көлемдi зақымданса, оларды түгелiмен техникалық өңдеуге жiбередi. Сүйектерi, ағзалары мен еттерi (өте сирек кездеседi) зақымданып, өрiс алған актиномикозда, ұша мен барлық ағзалары техникалық утилизацияға жiберiледi.

Қой мен ешкi актиномикозбен сирек ауырады. Негiзiнен тiлi, ерiндерi, төменгi жақ сүйектерi, өкпесi зақымданады. Жылқының пiшкеннен кейiн

Слайд 6Ботриомикоз - (Botryomycosis) жүзiм шоғырына ұқсап, енген жерiндегi дәнекер ұлпаларын

қабындырып қатайтатын, сирек кездесетiн созылмалы ауру. Жылқы, қой, шошқа ауырады.

Қоздырушысы - Botryomyces ascoformans дейтiн ботриомикоздық саңырауқұлақ. Зақымданған жерге iсiк тәрiздi бiтеу жара шығады. Қоздырушысы қышқылдар мен сiлтiлерге төзiмдi.
Сояр алдындағы диагностика. Алғашқысында қоздырушысы енген жерде қатты, өскелең iсiк байқалады, кейiннен ол жарылып ауызы ашылады да, одан қызыл қоңыр немесе қызғылт сары түстi, iшiнде саңырауқұлақ бар, қою iрiң ағады. Патологиялық өзгерiстерi негiзiнен дененiң жарақаттанған жерлерiнде (шоқтық, төс, аяқтарының буындары, пiшiлген малдың ен бауы, кейде, бауыр жағы, желiнi) кездеседi. Аймақтық лимфа түйiндерi ұлғайған, қатты, бұдырлау.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ботриомикоманы кесiп қарағанда ақ-сары, қызыл немесе солғын қызыл түстi қоймалжың массаны көруге болады. Ескi iсiктерде кiлегейлi iрiңге толы тесiктер байқалады. Аурудың асқынған түрiнде өкпе, бауыр, жүрек т.б. iшкi ағзаларының зақымдануы мүмкiн.
Санитариялық баға. Ботриомиком табылғанда, ұшаның зақымданған жерiн алып тастайды да, қалғанын шектеусiз шығарады. Егер, ауру бүкiл денесiн жайлап кетсе (ошарланған), ұша мен ағзаларын техникалық өңдеуге жiбередi.
Ботриомикоз - (Botryomycosis) жүзiм шоғырына ұқсап, енген жерiндегi дәнекер ұлпаларын қабындырып қатайтатын, сирек кездесетiн созылмалы ауру. Жылқы,

Слайд 7Стахиоботриотоксикоз - (Stachybotryotoxicosis), stachyobotrys саңырауқұлағымен залалданған азықты жегеннен кейiн пайда

болатын малдың өте жiтi ауруы. Бұл ауру тез тарайды және

малдың көпшiлiгi бiрден ауырады. Ауру жылқы, iрi қара мал, қой, шошқада кездеседi. Адамның да ауырып қалуы орын алып жүр. Қоздырушысы - stachyobotrys alternans саңырауқұлақ, табиғатта кең таралған. Қағазда өсiп-өнедi, мақтаны, ағаш түбiрінен жасалған бұйымдарды, сондай ақ джутты (талшықты өсiмдiктердiң бiрi) және кенептi зақымдайды. Саңырауқұлақтың спорасы сабан және шөпте ұзақ сақталады, -35С суыққа төзiмдi. 120С құрғақ ыстық 1 сағ, ыстық су 88С 30 мин өлтiредi. Дезинфекциялық заттарға төзiмсiз. Саңырауқұлақтың шығаратын уытты заты ыстыққа және кептiруге төзiмдi +112С уыт 2 сағ кейiн залалсызданады.
Сояр алдындағы диагностика. Алғашқыда ерiндерi мен аузының кiлегейлi қабықтары зақымданып ерiндерi жарылады, iседi, кейiннен өлiеттенедi (некроз) зақымданған жердiң терiсi түседi, аузынан сасық иiс шығады, сiлекей ағады. Тұмсықтың төменгi жағы iсiнедi. Бастың лимфа түйiндерi үлкейедi, Ұстап көргенде ауырсынады, кейiннен iшек-қарын зақымданады, дене қызуы 40-42С дейiн көтерiледi. Буаз малдың iш тастауы ықтимал.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ауыз, ерiн, қарын мен iшектердiң кiлегей қабықтарында некроз ошақтары байқалады. Ұшаның алдыңғы жақ бөлiгiнiң еттерiнде, плеврасында, диафрагманың сiрi қабығының астында, көк бауырдың қабығының астында және
Стахиоботриотоксикоз - (Stachybotryotoxicosis), stachyobotrys саңырауқұлағымен залалданған азықты жегеннен кейiн пайда болатын малдың өте жiтi ауруы. Бұл ауру

Слайд 8бүйректерi мен қарын және iшектердiң сiрi қабықтарының астында т.б. ноқатты

немесе жолақты қаңталау байқалады. Бас пен мойын лимфа түйiндерi қанталаған,

қошқыл қара түстi. Бауыры сары саз балшық түстес, кейде некроз ошағы кездеседi. Өкпесiне қан құйылған, жүрегi ұлғайған.
Санитариялық баға. Некроз ошағы бар ұша мен ағзаларды утильге жiбередi. Патологиялық-анатомиялық өзгерiстер болмаса, бактериологиялық тексерiсте сальмонеллалар табылмаса, ұшаны бас сирақтарымен тежеусiз пайдалануға шығарады да, ағзаларын утильге жiбередi.
Сiреспе - (Tetanus, столбняк). Дененiң бүкiл еттерi немесе жеке еттерi қоздырушы уытының әсерiнен тырысып қалатын, жарақатты инфекция. Ауру ауыл шаруашылық малдарының барлық түрлерiн және адамды зақымдайды. Табиғи жағдайда көбiнесе жылқы мен қой ауырады. Қоздырушысы - Clostridium tetani - жiңiшке, қозғалатын таяқша, анаэробтық жағдайда өседi, сопақша спора түзедi, ол таяқшаның бiр шетiнде орналасып барабан таяқшасы тәрiздес көрiнедi. Граммен боялады. Қоздырушының вегетативтiк формасы 5 мин қайнатқанда өлсе, спорасы 30-50 мин қайнатқанға шыдайды, ал 115С 5 мин өлтiредi. Топырақта, қида бiрнеше жыл сақталады.
бүйректерi мен қарын және iшектердiң сiрi қабықтарының астында т.б. ноқатты немесе жолақты қаңталау байқалады. Бас пен мойын

Слайд 9Кептiрiлген түрiнде 10 жылдан артық сақталады. Сiреспенiң уыты күштiлiгi жөнiнен

ботулинус уытынан кейiн екiншi орында.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру мал еттерi

ширығып, тыртысып қатып қалады. Жылқы аяқтарын талтайтып, басын созып тұрады орнынан әзер қозғалады, ауызы құрысып,ерiндерi тартылған. Бұлшық еттерi тартылған және қатты. Мал қатты терлейдi, iшi қабысады дене қызуы қалыпты жағдайда, тек өлер алдында 42-43С дейiн көтерiледi.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Сiрiспеге тән өзiндiк патологиялық-анатомиялық өзгерiстер байқалмайды. Етiнiң түсi пiскен етке ұқсайды, талшықтары үзiлген, ойдым-ойдым ұсақ қан құйылу байқалады. Бүйректерi мен бауырында кейде азғынды өзгерiстер байқалады, ал плеврасы мен эпикард үстерiне қан құйылған. Әдетте ауруға диагнозды, сояр алдындағы белгiлерiне қарап қояды, ал керек болған жағдайда зертханалық тексерiстер жүргiзедi.
Санитариялық баға. Ұшасы мен басқа сойыс өнiмдерiн утильге жiбередi немесе жояды.
Кептiрiлген түрiнде 10 жылдан артық сақталады. Сiреспенiң уыты күштiлiгi жөнiнен ботулинус уытынан кейiн екiншi орында.Сояр алдындағы диагностика.

Слайд 10Зооноздар.
Паратуберкулез - (Paratuberculosis) паратуберкулез энтеритi, Йоне ауруы) - күйiстi

малдардың iшiктерi қабынып, тышқақтап, тез арықтатын созылмалы жұқпалы ауруы. Қоздырушысы

- M.Paratuberculosis жiңiшке, полиморфты, қышқыл мен спиртке төзiмдi, аэроб таяқшасы, спора мен капсула түзбейдi, Циль-Нильсен әдiсiмен боялады, туберкулез таяқшасының құс типiне ұқсас. Осыған орай, малдың тiрi кезiнде ауруын анықтау үшiн аллергиялық реакцияда құс туберкулинiн пайдаланады. Несепте қоздырушысы 7 күнге, ал қида 11 айға дейiн сақталады. Күн сәулесiнде микробтар 30 мин, ал 60 0С ысытқанда 2 сағатқа, 85 0С 5 мин шыдайды.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру мал тышқақтайды, қатты күшенедi, осыған орай омыртқалары доғаға ұқсап, бүкшиiп, сұйық нәжiс атылады. Көтеншектiң жапқышы (сфинктр) жансызданып, нәжiс ерiксiз шыға бередi. Нәжiсi сұйық, жасыл-сары немесе қоңыр түстi, газ көпiршiгi, шырыш қанның iзi бар, иiсi өте жағымсыз. Жүрек жұмысының нашарлануына орай жақ сүйектерiнiң аралығы, омырауда, бауыр жағында және желiн үстiнде iсiктер байқалады. Қойдың паратуберкулезi көпшiлiк жағдайда жасырын түрде өтедi. Ауру малдарда iрi қара мал паратуберкулезiндегiдей белгiлер байқалады.
Зооноздар. Паратуберкулез - (Paratuberculosis) паратуберкулез энтеритi, Йоне ауруы) - күйiстi малдардың iшiктерi қабынып, тышқақтап, тез арықтатын созылмалы

Слайд 11Сойғаннан кейiнгi диагностика. Iшектiң кiлегейлi және кiлегей асты қабықтары зақымданады.

Негiзiнен мықын iшек пен аш iшек зақымданады. Зақымданған ішек қабырғалары

5-20 есе қалыңдайды, кiлегейлi қабықтары жиырылған, түсi боз немесе қызыл-сары. Шажырақай лимфа түйiндерi ұлғайған. Қажет жағдайда паратуберкулездiң диагнозын бактериологиялық жолмен аңықтайды. Ол үшiн, нәжістен, зақымданған ішектің кілегей қабығының жұғындысы, зақымданған лимфа түйiндерiнен жұғынды дайындап, оны Циль -Нильсен әдiсiмен бояйды. Кем дегенде 10 жұғындыны тексереді.
Санитариялық баға. Iшектерi, шажырақай лимфа түйiндерi, көмекей, екi жақ сүйектерiнiң арасында патологиялық өзгерiстер табылса, оларды техникалық утильге жiбередi, Ұшасы мен ағзаларын тежеусiз шығарады. Ұша арық, iсiктi және ылғалды болса оны ағзаларымен бiрге утильге жiбередi.Терiсiн тежеусiз шығарады.
Сақау - (Adenitis equorum, мыт). Бұл сыңар тұяқтылардың ауруы, әсiресе құлын мен жабағылар ауруға жиi шалдығады. Денесiнiң қызуы көтерiледi, танауы мен жұтқыншақ кiлегейлi қабықтары қабынады, алқым бездерi iрiндеп, iсiнедi. Қоздырушысы бiрнеше уыттар (гемолозин, лейкоцидин) т.б. шығаратын шар пiшiндi микробтар - Streptococcus equi. Сақаудың стрептококы сыртқы ортаның әсерiне бiршама төзiмдi. 70-75С қызу 1 сағ өлтiредi, қайнатқанда -лезде, күн сәулесi 6-8 сағ кейiн өлтiредi,
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Iшектiң кiлегейлi және кiлегей асты қабықтары зақымданады. Негiзiнен мықын iшек пен аш iшек зақымданады.

Слайд 12кепкен iрiңде 6 ай, қыйда-1-1,5 ай шөп пен мекенде 18-22

тәулік, суда -6-35 тәулік, мұзда 6-80 тәулік зардаптылығын сақтайды. 3

креолин, 5 карбол қышқылы, 2 формалин ертiндiлерi сақау стрептококiн өлтiредi. Лиофилдiк әдiспен кептiрiлген қоздырушысы бiрнеше жылға сақталады. Сояр алдындағы диагностика. Дене қызуы тез көтерiлiп 40-41С жетедi, азық жеуi нашар, жабыраңқы, көздiң дәнекер қабығы қызарады. Жұтқыншақ, көмекей және алқым лимфа түйiндерiнiң кiлегейлi қабықтары iрiндеп қабынады. Қолмен басқанда ауырсынады. Кейiннен iрiндi жара жарылады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Алқым жұтқыншақ лимфа түйiндерi iрiнді лимфаденит. Кейде осындай iрiндi ошақты басқа да лимфа түйіндерінен, кеуде мен құрсақ ағзаларынан, желiнен де табады.
Санитариялық баға. Сақау ауруында малдың басы мен ағзаларын утильге жiбередi, ал ұшасы бактериологиялық тексерiсте сальмонелла мен сақаудың қоздырғышы болмаса тежеусiз шығарады. Ал ұшадан сальмонелла немесе сақау стрептококi табылған жағдайда пiсiру арқылы залалсыздандырылады.


кепкен iрiңде 6 ай, қыйда-1-1,5 ай шөп пен мекенде 18-22 тәулік, суда -6-35 тәулік, мұзда 6-80 тәулік

Слайд 13Қарасан - (Jangraena emphysematosa, эмкар) - iрi қараның жұқпалы ауруы

(негiзiнен 3 жасқа дейiн ауырады), кейде қойда да кездеседi. Дененің

әр түрлі бөлігіндегі бұлшық еттерiнде қолмен басқанда сықырлайтын iсiк пайда болады. Қоздырушысы - Clostridium chauvоei, оттегiсiз ортада өсетiн, түзу немесе аздап иiлген, ұзындығы 2-8 мкм қозғалатын таяқша. Өлексе мен сыртқы ортада спора түзедi. Грам әдiсiмен боялады. Оның споралы түрi сырттағы табиғи құбылыстардың әсерiне өте төзiмдi келедi. Мәселен, кепкен ет iшiндегi спора сол еттi екi сағат қайнатқаннан кейiн өледi, 80С ыстықтықта 2 сағат, 100С-20 мин кейiн өледi. Күн сәулесi оны 24 сағат, формальдегидтiң 4  ерiтiндiсi 15 мин. iшiнде өлтiредi. Кепкен материал iшiнде спора 9-18 жыл тiршiлiгiн сақтайды.
Сояр алдындағы диагностика. Газ көпiршiктерiнiң жиналуына орай сан, иық, мойын немесе жон еттерi күмпиiп iседi, сипап басқан кезде сықырлаған дыбыс шығады.
Тiлi мен көкеті (диафрагма) зақымданған кезде - демалысы қиындап, аузынан шұбырып сiлекей ағады. Қызуы 40-41С дейiн көтерiледi. Зақымданған бұлшық еттердiң тұсындағы терiсiнiң үстiңгi жағы қарайып кетедi.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Зақымданған бұлшық еттердi тiлгенде iшiнен көпiршiген, ашыған май иiстi, газды сұйық шығады. Лимфа түйiндерi ұлғайған, ұлпасына қан құйылған. Тiлi, жұтқыншақ, көмекей iсiңкi келедi.
Қарасан - (Jangraena emphysematosa, эмкар) - iрi қараның жұқпалы ауруы (негiзiнен 3 жасқа дейiн ауырады), кейде қойда

Слайд 14Қан күңгiрт-қызыл түстi, ұйыған. Жүрек бұлшық еттерi божыраған, көк бауыры

мен бауыры, бүйректерi ұлғайған. Кейде ағзалардың зақымданған жерлерi iштерiне газ

жиналып некроз ошақтары пайда болады. Тоқ iшек пен аш iшектiң кiлегейлi қабықтары қабынады. Ауруға ажыратып басқа ауруларға (топалаң мен уытты iсiк) ұқсастығын ескеру керек. Бiрақ, топалаңда мал талағы шектен тыс үлкейiп, ұлпасы күштi былжырайды, газ көпiршiктерi болмайды. Ал, уытты iсiкте аурудың қоздырушысы сыртқы жара арқылы денесiне енiп, терi асты қабаты мен бұлшық ет арасындағы дәнекер ұлпасын қатты iсiредi. Нақты диагноз бактериологиялық тексеру арқылы қойылады.
Санитариялық баға. Ауру малдан алынған барлық сойыс өнімдері өртеледі.
Шошқаның обасы - (Pestis suum, чума свиней). Барлық жастағы шошқаның жұқпалы ауруы. Қоздырушысы - РНК-лы вирус. Ол ауру малдың түрлi ағзалары мен ұлпаларында (ет, қан, iшкi ағзалар, лимфа түйiндерi, етi т.б.) зақымдайды. Салқындатылған шошқа етiнде 7 ай, тұздалғанында 3 айға дейiн сақталады. 78С ыстықтықта бiр сағаттың iшiнде өледi. Кептiрiлген етте 20 тәулiкке дейiн өмiр сүредi. Қыйда, өлекседе 3-5 күннен кейiн өледi. 1-2 күйдіргіш натрий, 5 әк, 5 натрий хлориды 1 сағ өлтіреді.

Қан күңгiрт-қызыл түстi, ұйыған. Жүрек бұлшық еттерi божыраған, көк бауыры мен бауыры, бүйректерi ұлғайған. Кейде ағзалардың зақымданған

Слайд 15Сояр алдындағы диагностика. Аурудың жiтi түрiнде денесiнiң ыстығы 41С дейiн

көтерiледi. Денесiн қызыл-қоңыр дақтар қаптап, қолмен басқанда кете қоймайды. Бiртiндеп

тұмсығы, құлағы, бауыры, сирақ терiсi көгередi. Санының iшкi жағыың терiсi, бауыр жағы, мойыны мен құлақ түбi сары суға толып, күлдiрейдi, кейiннен ол қабыршықтанады, құлақ, сирақ, құйрық терiлерiнiң өлiеттенуi (некроз) ықтимал. Малдың жалпы күйi нашарлап, әбден әлсiрейдi, iшi қатады, кейде нәжiсiне қан араласады, көздiң дәнекер қабығы қабынады (коньюнктивит) осыған орай қабықтары жабысып қалады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Обамен ауырған шошқаның ұшасы нашар қансызданады. Қаңқа еттерi болбыр, арасына қанды-сары инфильтрат сiңген. Терiсiнiң үстiнде iрiлi уақты қызыл дақтары бар. Тыныс жолдарының кiлегей қабықтары қанталаған, iсiңкi, бронхтары қабынған. Кiлегей және сiрi қабықтарында, лимфа түйiндерiнде, iшкi ағзаларында қан құйылғаны байқалады. Жүрек етi болбыр, сұр-қызыл түстi. Көк бауыры өзгермегенмен көпшiлiк жағдайда геморрагиялық инфильтрат кездеседi. Бауыры болбыр. Лимфа түйiндерi ұлғайған, қатты, тiлгенде мәрмәр-қызыл түстi. Бүйректiң қабығының астына қан құйылған, құрсақ қуысының кiлегей қабықтары iсiңкi, қызарған. Бүйен мен тік iшектiң шырышты қабықтары iсiңкi, қызарған және дифтериялық некроз ошақтары (бутондары) бар.
Сояр алдындағы диагностика. Аурудың жiтi түрiнде денесiнiң ыстығы 41С дейiн көтерiледi. Денесiн қызыл-қоңыр дақтар қаптап, қолмен басқанда

Слайд 16Үстiнен кебек тәрiздес немесе фиброзды жұқа қабықпен жабылған. Шошқаның обасын

сальмонеллез, пастереллез сияқты жұқпалы аурулардың бактериялары асқындырады, бұның өзi ағзалар

мен ұлпалардағы патологиялық-анатомиялық өзгерiстердi күшейтедi.
Санитариялық баға. Сезімдік көрсеткiштерi нашар, етiнiң түсi бозғылт-сары, қан құйылған, ет және дәнекер ұлпаларында инфильтрат жиналған және басқа дистрофиялық үрдістердiң белгiсi болса, ұша мен ағзаларды утильге жiбередi. Өзгерiссiз ұша мен ағзаларды бактериологиялық әдiспен сальмонеллаға тексередi. Егер сальмонелла табылмаса, ондай ұшаны пiсiрген және ысталып-пiсiрген шұжық дайындауға немесе қайнатып пiсiруге жiбередi. Ал, ет пен ағзалардан сальмонелла табылған жағдайда ағзаларды утильге жiбередi, етiн пiсiрiп зарарсыздандырады немесе ет нанын және ет консервiлерiн дайындауға жiбередi. Обаға қарсы егiлген шошқаның дене қызуы көтерiлген болса немесе сойғаннан кейiн обаға тән патологиялық-анатомиялық өзгерiстер табылса, оған берiлетiн санитариялық баға обамен ауырған шошқанiкiндей. Ауру шошқаның терiсiн сыпырмай ыстық сумен жидiтедi немесе үйiтедi. Ал, терiсi сыпырыла қалса, тиiстi ережеге сай залалсыздандырады.


Үстiнен кебек тәрiздес немесе фиброзды жұқа қабықпен жабылған. Шошқаның обасын сальмонеллез, пастереллез сияқты жұқпалы аурулардың бактериялары асқындырады,

Слайд 17Шошқаның атрофиялық ринит - (Rhinitis atrofica suis, атрофический ринит свиней),

шошқаның, әсiресе сүт еметiн торайлар мен анасынан жаңа айырған торайлардың

танау қуысын зақымдап, оның кiлегейлi қабығын iрiңдетiп, кеңсiрiктi семдiртiп, бас сүйектiң пiшiнiн өзгертетiн, созылмалы жұқпалы, тыныс жолының ауруы. Аурудың қоздырушысы - Bordetella bronchiseptіca - ұсақ, қозғалмайтын, граммен боялмайтын, таяқша, спора мен капсула түзбейдi.
Сояр алдындағы диагностика. Ауруға шалдыққан торайлар түшкiредi, тұмсығымен айналадағы заттарды түрткiлейдi, танауынан қою маңқа ағады, оған кейiннен iрiң қосылады. Дене қызуы 40,5С дейiн көтерiледi, iшi өтедi, танау терiсi жиырылып, астыңғы ерiнi шығыңқырап, азық жеуiне кедергi жасайды. Бас сүйегiнiң маңдай жағы семедi, тұмсығы қисаяды. Ауру торайлар азады. Ересек торайлардың кеңсiрiгi қатты қышып, мазасы кетедi, айналасындағы заттарға тұмсығын үйкейдi, жиi-жиi пысқырады. Жұқпалы атрофиялық ринит бронхопневмония, пневмнония, менингоэнцефалит және жалпы қағындыға айналып малды өлiмге ұшыратады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Аурудың бастапқы кезеңiнде оған тән патологиялық-анатомиялық өзгерiстердi табу өте қиын. Ұзынан бөлiнген бастан жiтi риниттiң белгiлерiн көруге болады. Ал, ересек торайлардан аурудың жiтiлеу немесе созылмалы түрлерiнiң белгiлерi байқалады. Демек, кеңсiрiк пен торлы сүйек қуысының (лабиринт) семгенiнен, үстiңгi және астыңғы тiстерi қауыспайды. Бастың лимфа түйiндерi ұлғайған. Құлағы зақымданған.
Шошқаның атрофиялық ринит - (Rhinitis atrofica suis, атрофический ринит свиней), шошқаның, әсiресе сүт еметiн торайлар мен анасынан

Слайд 18Санитариялық баға. Аурудың өзiне тән белгiлерi болса басын, өкпесiн утильге

жiбередi. Етi азғындамаған (дегенерация) ұшаны, сондай-ақ зақымданбаған ағзаларын тежеусiз шығарады.

Зақымданған ағзаларды утильге жiбередi. Терiсiн дезинфекциялайды.
Колибактериоз - (Colibacteriosis). Төлдiң барлық түрлерiнiң (бұзау, құлын, қозы мен торай) және құс балапандарының жiтi жұқпалы ауруы. Жылдың барлық мезгiлiнде кездеседi. Бұл аурудың шығуы малдың (құстың) алғашқы уақыттағы күтiмiмен және азықтандырудың нашарлығымен т.б. себептермен байланысты.
Қоздырушысы - Escherihia coli, iшек таяқшаларының ауру туғызатын (зардапты) түрлерi. Спора түзбейдi, граммен боялмайды, қозғалатын және қозғалмайтын түрлерi бар. Нәжiс және шырышта 30 тәулiк, су iшiнде бiрнеше айға дейiн сақталады. 74-76С қыздырғанда 30 секундта өледi, ал құстың саңырағында 7-8 айға дейiн сақталады.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру мал тышқақтайды, уланып денесiнде су балансы бұзылады. Аурудың әлi кетедi, есiнен танады, қағынды тиедi, дене қызуы 41,5-42С дейiн көтерiледi, тамыр соғысы мен демалысы жиiленедi, ауыз, көз, тұмсық кiлегей қабықтары қанталайды, еттерi дiрiлдейдi және семе бастайды. Ауру көпшiлiк жағдайда малдың өлуiмен аяқталады.
Санитариялық баға. Аурудың өзiне тән белгiлерi болса басын, өкпесiн утильге жiбередi. Етi азғындамаған (дегенерация) ұшаны, сондай-ақ зақымданбаған

Слайд 19Торай енесiнен айырардың алдында және айырғаннан соң тышқақтай бастайды, нәжiсi

сұйық, ақ-бозғыл түстi, газ көпiршiктерi бар. Мал әлсiзденедi, енесiнiң айналасына

үймелейдi, азыққа көңiлi шаппайды, қылдары үрпейедi, терiсiн сары қоңыр жұқа қатпар қаптайды. Құлақ қалқаны, бауыр жағы мен шап тұстары көгередi. Бiрiншi екi тәулiк iшiнде мал өледi. Қозыға қағынды тиедi немесе iшi өтiп тышқақтайды.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Негiзгi өзгерiстi ас қорыту ағзаларынан табады. Бұзау мен қозының ұлтабарынан ұйыған уыз немесе сүт табылады, кiлегей қабығы iсiңкi, шырышты. Шажырқай лимфа түйiндерi iсiнген, тiлген жерi шырышты, қанталаған. Бауыры да iсiңкi, сары балшық түстi. Өт қабы өтке толы. Талағы, көпшiлiк жағдайда үлкеймеген, Ұлпасы былжыр, қара-қошқыл түстi. Эпикардтың астымен эндокардтың үстiнде ноқат және дақты қан құйылған. Кейбiр жағдайда өкпесi iседi және кiлегейлi қабығы қабынады. Колиэнтеротоксемияда (iсiк ауру) торайдың қабақтары iседi, ноғала (коньюнктивит) және терi астында iсiк (жоғары жақ сүйегi, маңдай сүйек тұстары, көзiнiң айналасы, құлақ қалқанының түбi, қарынның қабырғасы) байқалады. Шажырқай лимфа түйiндерi iсiңкi, тiлгенде қошқыл-қызыл түстi, мәрмәрға ұқсайды.
Санитариялық баға. Етiнде азғындық болса ұшасы мен ағзаларын утильге жiбередi. Ал бұндай өзгерiс болмаса, ағзаларын утильге жiберiп, ұшасын пiсiрген соң шығарады.

Торай енесiнен айырардың алдында және айырғаннан соң тышқақтай бастайды, нәжiсi сұйық, ақ-бозғыл түстi, газ көпiршiктерi бар. Мал

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика