Слайд 1Дәрістің тақырыбы:
“ПАТОГЕНДІ ЖӘНЕ ШАРТТЫ-ПАТОГЕНДІ КОРИНЕБАКТЕРИЯЛАР. БОРДЕТЕЛЛАЛАР”
м.ғ.к., доцент Ахметова С.Б.
Слайд 2Коринебактериялар
Патогенді және шартты-патогенді коринебактериялар: дифтерия қоздырғышы.
Дифтерия
– бактериялар қоздыратын балалардың жұқпалы ауруы. Ол ену қақпасында фибринозды
қабынуымен, сондай-ақ жүрек-қан тамыр ж/е жүйке жүйесінің токсикалық зақымдалуымен сипатталады.
Алғаш рет 1883 жылы Э.Клебс зерттеген және 1884 жылы Ф.Леффлер таза дақылын бөліп алды.
Слайд 3Морфологиясы ж/е физиологиясы
Дифтерия коринебактериялары – грам оң
таяқшалар, қозғалмайды, спора түзбейді, бір немесе бірнеше валютин дәндері болады.
Бактериялар рим бестігі түрінде бұрыш жасап орналасады. Нейссер әдісі бойынша сіркеқышқылды синькамен бояғанда валютин дәндері анықталады. Валютин дәндері – қара көк түске, цитоплазма – қоңыр түске боялады. Дифтерия таяқшасы микрокапсуламен қоршалған ж/е кірпікшелері (пили) бар.
Слайд 4Дақылдық қасиеті
Corynebacterium diphtheriae - факультативті анаэробтар, қоректік субстраттарға
талғамды. Олар көптеген аминқышқылдарын, көмірсуларды, минералды тұздарды қажет етеді. Калий
теллуриті қосылған қанды агарда екі түрлі колония түзеді:
gravis – сұр қара;
mitis – қара түсті.
Олар бір-бірінен биохимиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді.
Нағыз дифтерия бактериялары дақылдық ж/е морфологиялық қасиеттері б/ша 3 биоварға бөлінеді: gravis, mitis, intermedius.
Слайд 5Гравис (gravis) – қоректік ортада R-формалы колониялар түзеді. Колониялары крахмал
түзеді, гемолиз (-) жоқ, экзотоксин түзеді және аурудың ауыр түрлерін
қоздырады.
Митис (mitis) – колониялары ұсақ S-формалы, крахмал түзбейді, қанды агарда гемолиз түзеді.
Интермедиус (intermedius) – глюкозаны қышқылға дейін ыдыратады. Цистиназа ферментін түзеді. Қоршаған орта факторларына төзімді, сыртқы ортада ұзақ сақталады.
Слайд 6Антигендері
Топтық спецификалық
Түрлік спецификалық
О-Аг
К-Аг
Термостабильді
Термолабильді
Вариантты-спецификалық
Беткейлік термолабильді
C.mitis
(40 варианты)
C.gravis
(14 варианты)
C.Intermedius
(4 варианты)
Түр аралық
Аг
Ортақ антиген
Нокардиялармен
Микобактериямен
Слайд 7Экологиясы мен эпидемиологиясы
C.diphtheriae мекен ету ортасы –
адам ағзасы. Олар адамның ауыз қуысында орналасады. Дифтериямен көбінесе балалар
ауырады. Бірақ соңғы 30 жылда дифтериямен ересектер де ауыратын болды және ол өліммен аяқталуы мүмкін. Қоршаған ортада дифтерия қоздырғышы өз тіршілігін бірнеше күн бойы сақтай алады.
Инфекция көзі – науқас адам және бактерия тасымалдаушы.
Берілу жолы: ауа-тамшылы жолмен, ауа-шаң, контакт және сирек тамақ арқылы жүреді.
Ену қақпасы: мұрын, ауыз қуысы, көз конъюнктиві.
Инкубация кезеңі: 3 күннен 10 күнге дейін.
Слайд 8Патогендік факторлары
Патогендік факторлары: адгезия, агрессия, инвазия ж/е токсигендік
қасиеттері.
Адгезия – тыныс алу жолдарының және жұтқыншақтың
эпитиальді жасушаларына жабысу қабілеті.
Агрессиндер – фагоцитозды тежейді.
Инвазия – патогендік факторлары: гиалуронидаза, нейраминидаза, корд-фактор сияқты агрессия ферменттерін синтездейді.
Токсигендік – олар экзотоксиндер бөледі. Ол гистотоксиннен, дермонекролизиннен, гемолизиннен тұрады. Токсин түзуін toх-гендер бақылайды. Токсигендігін агар гелінде антитоксикалық дифтерияға қарсы сарысудық көмегімен токсинді антитоксинмен бейтараптау реакциясында анықтайды.
Слайд 9Патогенезі
Ену қақпасында (жұтқыншақ ж/е трахея) фибринозды қабыну
байқалады. Тіндер беткейінде дифтериялық қабықша түзіледі. Дифтерия бактериясы түзетін экзотоксин
қанға түседі, токсинемия дамиды. Токсин миокард, бүйрек, бүйрекүсті безі, жүйке жүйесін зақымдайды.
Слайд 10Иммунитет
Дифтериядан кейін тұрақты антитоксикалық иммунитет қалыптасады.
Шик реакциясын – балаларда иммунитеттің дәрежесін анықтауға қолданады.
Слайд 11Зертханалық диагностикасы
Зерттелетін материал
Мұрын, ауыз қуысынан шырыш, мұрын-жұтқыншақ
ж/е миндалиндан қабықша
бөлігі
Бактериоскопиялық
әдіс
Бактериологиялық
әдіс
Ұйытылған сарысу, қанды агар,
Клауберг ортасы
Люминесцентті,
иммунофлюоресц.
микроскопия.
Микроскопия
Колониялар
сипаты
Ұйытылған
сарысу (таза
дақыл)
Идентификация
Биохим. қасиеті б/ша
Токсигенді қасиеті б/ша
Микроскопиялық пішіні,
Грам, Нейссер, Леффлер
б/ша боялатын түсі,
бактериялардың өзара
орналасуы
Слайд 12Ерекше емдеу және сақтандыру
Ерекше емдеу үшін:
Дифтерияға қарсы
антитоксикалық тазартылған жылқы сарысуы – гетерогенді – бөлшектеп Безредко әдісімен
енгізеді. Жасанды пассивті иммунитет қалыптасады.
Ерекше сақтандыру үшін:
АДС анатоксин – адсорбцияланған (алюминий гдроокисі) дифтериялық-сіреспелік анатоксин – жасанды активті иммунитет қалыптасады.
АКДС вакцина – алюминий гдроокисі адсорбцияланған көк жөтелдік вакцина ж/е дифтериялық-сіреспелік анатоксин – жасанды активті иммунитет қалыптасады.
Слайд 13Бордотеллалар: көк жөтел қоздырғышы
Көк жөтел – Bordetella pertussis
қоздыратын, ұстамалы спазматикалық жөтелмен сипатталатын жұқпалы ауру. Көбінесе мектепке дейінгі
жастағы балаларда кездеседі. 1906 жылы Ж.Борде мен О.Жангу көк жөтел қоздырғышын ашты.
Таксономиясы: Көк жөтел қоздырғышы Gracilicutes бөліміне, Bordetella туыстығына жатады.
Слайд 14Морфологиясы мен физиологиясы
Bordetella pertussis – ұсақ, грам теріс,
ұшы домаланған таяқшалар. Спорасы, талшығы жоқ, микрокапсула түзеді.
Дақылдық
қасиеті: Bordetella pertussis – облигатты аэроб, өсу үшін қолайлы температура 37°С, рН 7,2; қоректік орталарға өте талғамды, Борде-Жангу (қан қосылған картоп-глицеринді агар) ортасында өседі, онда олар сынап тамшылары тәрізді колониялар және казеинді-көмір агарда сұр крем түсіне ұқсас колониялар түзеді.
Слайд 15Ферменттік белсенділігі
Bordetella pertussis – биохимиялық инертті немесе
белсенділігі жоқ.
Антигендік құрылымы
Бордетеллалар О-антигенге ие, олар 14 компоненттен
(фактордан) тұрады.
Bordetella pertussis міндетті түрде 1-7 факторларға ие. 1-ші түр ерекшелік антиген. Bordetella pertussis-тің 4 серологиялық варианттарын ажыратады.
B.parapertussis 7-14 факторға ие. 14-ші түр ерекшелік антиген.
B.Bronchoceptica – 7-12 факторға ие. 12-ші түр ерекшелік антиген.
7-ші антиген барлық Bordetella туысына ортақ антиген болып есептелінеді.
Слайд 16Патогендік факторлары
Bordetella pertussis – қызба тудыратын эндотоксин, антифагоцитарлық
белсенділікке ие ж/е лимфоцитозды күшейтетін ақуызды токсин, тамырдың өткізгіштігін жоғарылататын
гистамин-сенсибилизациялық әсерге ие, эпителиальді жасушалардың жойылуын тудыратын агрессиялық ферменттерді бөледі. Бактериялардың адгезиясына гемагглютинин, сыртқы мембрананың ақуызы ж/е пили қатысады.
Резистенттілігі: Көк жөтел қоздырғышы қоршаған ортаға өте төзімсіз, термолабильді.
Жануарлардың сезімталдығы: B.pertussis дақылын ақ тышқандарға мұрын қуысы арқылы енгізгенде пневмония дамиды.
Слайд 17Патогенезі
Инфекцияның ену қақпасы жоғарғы тыныс алу жолдары, онда
катаралдық қабыну дамиды. Тыныс алу жолдарының рецепторларын токсинмен тұрақты түрде
тітіркендіру нәтижесінде жөтел пайда болады ж/е бейспецификалық себептермен де жөтелдің ұстамалары тууы мүмкін. Жөтел ұстамасының пайда болуы Bordetella pertussis токсинінің ағзаға сенсибилизациялау маңыздылығымен байланысты.
Слайд 18Эпидемиологиясы
Көк жөтел – антропонозды ауру, инфекция көзі науқас
адам (әсіресе аурудың алғашқы кезеңінде қауіпті) және тасымалдаушылар. Инкубациялық кезеңі
5-8 күн.
Аурудың 3 кезеңін ажыратады: катаральді, спазматикалық, соңғы кезең.
Инфекцияның жұғу жолы: ауа-тамшылы.
Ауру барлық жерде кездеседі. Бұл аурумен мектепке дейінгі балалар жиі сырқаттанады. Әсіресе, көк жөтелге нәрестелер сезімтал, олар үшін ол өте қауіпті. Аурумен қыста және күзде жиі ауырады.
Слайд 19Клиникалық белгілері
Жасырын кезеңі 2-14 күн. Науқастану дене қызуының
аздап көтерілуімен, аздап жөтел, риниттің бергілерімен (тұмау) көрінеді. Осыдан кейін
спазмалық жөтел пайда болып, қақырық бөлінумен аяқталады. Мұндай ұстамалар тәулігіне 5-тен 50-ге дейін болуы мүмкін. Ауру 2 айға дейін созылады. Көк жөтелдің жеңіл, орташа ж/е ауыр түрлерін ажыратады.
Иммунитеті
Ауырғаннан кейінгі иммунитет тұрақты ж/е өмір бойы сақталады.
Слайд 20Зертханалық диагностикасы
Зерттелетін материал: жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышы.
Негізгі зерттеу әдісі:
бактериологиялық.
Бактериологиялық әдіс – тығыз қоректік орталарға егу: Борде-Жангу ортасы (картоп-глицеринді
қанды агар); сүтті қанды агар; казеинді-көмірлі агар (ККА).
Таза дақылды морфологиялық, дақылдық ж/е антигендік қасиеттері б/ша идентификациялайды. Бактериялардың идентификациясы үшін флюрохроммен таңбаланған B.pertussis пен B.parapertussis-ке қарсы антиденелерді қолдана отырып, ИФР-ын жүргізеді.
Ретроспективтік диагностикаға серологиялық әдіс қолданады: B.pertussis токсині мен гемагглютиніне қарсы IgG және IgA анықтау (АР, КБР, ПГАР).
Слайд 21Емдеу және сақтандыру
Ерекше емдеу: Көк жөтелге қарсы қалыпты
гомологиялық донорлық иммуноглобулин қолданылады. Жасанды пассивті иммунитет қалыптастырады.
Ерекше
сақтандыру: АКДС вакцина –адсорбцияланған көк жөтелдік-дифтериялық-сіреспелік вакцина. Балаларға 3 айдан бастап енгізіледі. Жасанды активті иммунитет қалыптастырады.
Слайд 22НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!