Разделы презентаций


"Ересек тәрбиеленушілерді оқытудағы киындықтарды жеңу үшін ойынның маңызы"

Содержание

Ойын - балалардың оқуға,еңбекке деген белсенділігінарттырудағы басты құрал.Қ.Ыдырысов- Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөзі бар. Ойын балалар өмірінің нәрі. Ойын баламен бірге мәңгілік өмір сүреді. Ойында баланы алдаушы құрал

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1


Слайд 2
Ойын - балалардың оқуға,
еңбекке деген белсенділігін
арттырудағы басты құрал.
Қ.Ыдырысов
- Қазақ халқында

«Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөзі бар. Ойын балалар өмірінің

нәрі. Ойын баламен бірге мәңгілік өмір сүреді. Ойында баланы алдаушы құрал ретінде ғана қолданбай, ойын арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруға, қиялын шыңдауға, баланың арман, тілегін білуге, зейінін, жадының қалыптастыруға, ойлау қабілетінің дамуына әсер етуге болады.

«Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не іс әрекет іспетті.

- «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің, қандай маңызы болса, ойынның маңызы дәл сондай. Бала ойында қандай болса, өскең соң жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады» - деп педагог А.С.Макаренко ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалаған.                                                                                   


Ойын - балалардың оқуға,еңбекке деген белсенділігінарттырудағы басты құрал.Қ.Ыдырысов- Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөзі бар.

Слайд 3
Ойынмен өткен  сабақ қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске

сақтайды, оқуға  деген қызығушылығы, ынтасы арта түседі.
Ойын барысында

кездескен қиындықтарды жеңу арқылы бала өмірге бейімделеді. 

 Көп жағдайда қоғамдық қарым-қатынас пен түрлі іс-әрекетті ойын арқылы үйренеді. Қиялы дамып, ойын қимылдары баланың бұлшық етінің де дұрыс жетілуіне жол ашады. Сондай-ақ, ұжымдық ойын арқылы көпшілікпен араласуға бейімделіп қана қоймай, кісілік келбеті де қалыптасады.

Жобаның мақсаты ересек тәрбиеленушіні оқытуда қиындықтарды жеңу үшін ойынның маңыздылығын анықтау.
Бұл мақсатқа жету үшін алдымызға келесі міндеттерді қойдық:
- Балаларды ойын арқылы тәрбиелеу;
- Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі ретінде қарау;
- Ойын - баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие.

Ойынмен өткен  сабақ қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға  деген қызығушылығы, ынтасы арта түседі.

Слайд 4Күтілетін нәтиже: Ойын арқылы баланың бойында тапқырлық пайда болады, ұйымдастырушылық

қасиеттері қалыптасады, ойлуа қабілеті оянады, шыдамдылық, белсенділік танытады. Ойынмен әсер

етудің мақсаты - баланың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі басқарудан тұрады. Ойын әсерлері баланың қажеттіліктерін физиологиялық белсенділікке қанағаттандырылады, ойын үстінде бала энергия жұмсайды, үлкендер өміріндегі міндеттемелерге дайындалады, қиыншылықтарды жеңуді үйренеді.

Зерттеу объектісі: Ересек тәрбиеленушілер
Күтілетін нәтиже: Ойын арқылы баланың бойында тапқырлық пайда болады, ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады, ойлуа қабілеті оянады, шыдамдылық, белсенділік

Слайд 5
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ойын технологиясының маңызы

Ұлт болашағы болатын ұрпағының қамын жөргекке орап, ақ бесігіне бөлегеннен

бастап қолға алған аталарымыздың әрбір ісі өнеге. Бесік жырымен есін білген елдің қашанда көші түзу, өрісі кең болмақ. Осынау ұлан-ғайыр далаға иелік етіп, жер бетінің жұмағындай жерді мекендеуіміздің бастауы сан ғасырдан жалғасып, бүгінге жеткен ұрпақ тәрбиесінде жатыр.
Баланың ойлау әрекеті, балабақшада өтілетін сабақтарда, ойындарда, танымды әсері мол дидактикалық ойындарда әрбір нәрсенің мазмұнын, мәнін түсініп, ой-өрісі кеңиді. Ойын сабақтарда қиялы дамып, өздеріне таныс заттарын жаңа қырынан біліп тануы, атауларын дұрыс атай білуі,сипаттама бере білуі қалыптаса бастайды.


1. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ойын технологиясының маңызы Ұлт болашағы болатын ұрпағының қамын жөргекке орап, ақ

Слайд 6

Ойынның сюжеті мен мазмұны. Балалар ойындарында айналасындағы шындықтың көп

жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан үлкендердің іс-әрекеті мен олардың еңбектегі

қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын бейнелейді. Көбінесе шындық – рөлді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым сан алуан келеді. Сондықтан кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Ойын сюжетінің әр алуандығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мысалы, 3-4 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 10-15 минут болса, 4-5 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, ересек тәрбиеленушілер ойыны бірнеше сағатқа созылады.

Сюжетті ойындар ересек тәрбиеленушілер өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті рөлді ойында бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Ойын кезінде балалар арасында ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда болады. Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасау тілін, өз іс-әрекетін, басқалардың іс-әрекетімен үйлестіреді, өзара түсінуді өзара көмектесуді үйренеді.

Балалар өміріндегі сюжетті – рөлді ойындардың орны. Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда, бұл қазіргі баланың әдетте, көп уақытын өзіне қызықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында саналық өзгерістер туғызатындығынан болады.
Ойынның сюжеті мен мазмұны. Балалар ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан үлкендердің іс-әрекеті

Слайд 7Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби

шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті

рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс.

Дидактикалық құрылыс ойыны – балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді, алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, темір жолдар т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймай, сонымен өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.

Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр.

Дидактилық ойынның нәтижесі – қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, орманда өткізіледі.

Дидактикалық ойынның орталығы – ойыншықтар мен ойын құралдары.

Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас

Слайд 8Қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұлттық санамақтарды, өлеңдерді, тақпақтарды дер кезінде қолданып,

бірге оқып үйренеді. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі (қолдың білезігі майысқақ,

иілгіш икемді болады), қимылдың әдемілігі (әр түрлі түсті үйренеді, әрбір қимылды қайталайды) саусақ буындары, қол буындары дамып қалыптасады. Ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалары (батылдық, тапқырлық, достық, жолдастық, тәртіптілік) тікелей бағытталып тәрбиеленеді және дүниетанымдарын кеңейтеді.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан ұлтымыздың ой салатын ойлы ойындарының бірі – саусақ ойыны. Бұл ойын баланың төзімін шыңдап, байсалдыққа, ойын ережесін сақтау мәдениетіне тәрбиелеумен қатар, келешекте мектепке барар бүлдіршіннің саусақтарының бұлшық еттерін желтілдіруге септігі тиеді. Мектепке осындай дайындықпен келген бала сурет салғанда, жазғанда, қолы талмай, қаламы мен қарындашын еш қиындықсыз қиналмай бағындыра алады. Қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы көздің көрегендігі мен мергендігін арттырады, жылдамдыққа, ептілікке баулиды.

Қазақтың ұлттық бала тәрбиесінде де саусақ ойынының алар орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. С.Торайғыров кезінде: «Балалықтың қанына ойын азық», - деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын кезінде бүдіршіннің бейімділігі, қызығушылығы және заттардың айырмашылығын ажырата алатыны анық байқалады. Балабақшада не үйде үйренген өлең шумақтарын қайталап айта отырып, есінде саналы түрде сақтайтын болады. Ол, әрине, баланың есте сақтау қабілетін арттырады.



Қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұлттық санамақтарды, өлеңдерді, тақпақтарды дер кезінде қолданып, бірге оқып үйренеді. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі

Слайд 9 Ойынды басқару міндеттері – мектепке дейінгі балалық шақта адамның

жеке тұлғалық қасиеттерінің негізі қалыптасады. Осы кезеңде ойын жетекшісі іс-әрекет

ретінде қалыптасқан жағдайда ғана олардың дамуына кең мүмкіндік береді. А.Н.Леонтьев бұл жайында мынадай пікір білдіреді: «Ойын баланың жетекшісі іс-әрекеті болу үшін, ойынды басқаруды үйрену керек, ол үшін ойынның даму заңдылықтарына бағыну қажет, олай болмаған жағдайда оны басқару емес, ойынды бұзуына әкеліп соғады».

Қазіргі кездегі мектепке дейінгі педагогикада ойынды басқаруда әр түрлі теориялық тәсілдер қалыптасуда. Мектепке дейінгі педагогикада бала ойынын басқарудың әр түрлі жолдары бар. Ойынды кешенді басқаруға оның қалыптасу процесіндегі бір-бірімен жалпы мазмұны бойынша байланысқан төрт құрамы жатады.

Оларды мына сызба арқылы көрсетуге болады: ойынды кешенді басқару – қоршаған ортамен белсенді іс-әрекетте таныстыру – ойындық тәжірибесін байыту – заттық-ойындық ортаны ұйымдастыру – тәрбиешілердің балалармен белсендіретін қарым-қатынасы. Ойынды кешенді басқарудың мазмұны ойын дамуының тәжірибесін байыту ерекшелігіне арналған.

Ойынды басқару міндеттері – мектепке дейінгі балалық шақта адамның жеке тұлғалық қасиеттерінің негізі қалыптасады. Осы кезеңде

Слайд 10 Ойын процесінде тәрбиешінің балаларды белсендіретін қарым-қатынасын ұйымдастыруына қойылатын негізгі

талаптар:

1) Тәрбиеші балалармен ойын ынтымақтастығына енеді, олармен диалог құрастырады.

Тәрбиеші ойын барысында балаларға өзін көрсетуге еркіндік беру қажет.

2) Қарым-қатынас мақсатты, дәлелденген болу үшін тәрбиеші оны алдын-ала ойластыруы қажет, яғни қарым-қатынасты ұйымдастыру алдын-ала жоспарланады.

3) Белсендіретін қарым-қатынасқа уақытында, балалар білмей қиналып тұрғанда немесе бұрынғы ойын дағдыларын қолданатын кезде кірісу қажет. Бұл тәрбиешінің ойнаушылардың қасында болып, бәрін байқап тұруын қажет етеді.

4) Ойын кезінде балалардың ойларын бұзбау үшін және ойынның сюжеттік және психологиялық мазмұнын байыту мақсатында ойнаушыларға дұрыс бағыт беру үшін тәрбиеші ойынға сыпайы, әдепті кірісу қажет.

Ойын процесінде тәрбиешінің балаларды белсендіретін қарым-қатынасын ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптар: 1) Тәрбиеші балалармен ойын ынтымақтастығына енеді,

Слайд 11Сюжеттік-көрсету ойынында балалардың өз бетімен жұмыс істеуді дамыту керек. Шынайы

өмірде біз балалардан: «Өзім істеймін!» - дегенді жиі естиміз, ойында

да олардың өз бетінше ойнауға құқы бар.
Балалардың өз бетімен жұмыс істеуін дамыту мақсатында ойында тәрбиеші басқарудың келесі міндеттерін атқарады:

- әр баланың түрлі ойын міндеттерін қоюдағы өз бетінше жұмыс істеуін дамыту;

балаларды қойылған ойын міндеттерін шешу үшін әр түрлі заттық тәсілдерді өз бетінше таңдауға ынталандыру.

Халқымыздың «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы таным-түйсігі қалыптасады. Өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ойындар сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп, нақты қортынды алуға көмектеседі. Сан алуан ұлттық ойындар баланың тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде күш-жігерін жұмсай білетін төзімділікке тәрбиелеуде ерекше мәні бар.


Сюжеттік-көрсету ойынында балалардың өз бетімен жұмыс істеуді дамыту керек. Шынайы өмірде біз балалардан: «Өзім істеймін!» - дегенді

Слайд 12Ойындар баланың белсенділігін арттырып, тәртібіне де оң әсерін тигізеді, өзіне

де баға бере алады. Әрбір ойын – балалардың адамгершілік жолындағы

бір көтерілер баспалдағы секілді. Өсіп дамып келе жатқан балалардың бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы қасиеттерді бала бойынан дер кезінде байқап, оған оң баға беру, дамып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білу, ол – әр бір тәрбиешінің міндеті.

Осы тұста «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деген сөз ойға оралады.

Мысалы, «Сақина салу», Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерініғң үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды. Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен - «Сақина кімде» - деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.
Ойындар баланың белсенділігін арттырып, тәртібіне де оң әсерін тигізеді, өзіне де баға бере алады. Әрбір ойын –

Слайд 13

«Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын.

Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып

жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі.

Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Ересек тәрбиеленушінің көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.
«Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың

Слайд 152. Ойын - баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие
Ойын дегеніміз - жаттығу,

ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі

бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. Бүгінгі күн талабы - баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсеойындар болса баланың осы айтылған өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды.

Демек, ойын әр түрлі әрекетке қозғалысқа, денешынықтыруға ғана төселдіріп қоймай, өмірдің рухани азығы - үлкеннің барлық қасиетін, яғни баланың жан-жүйесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға қалыптастырады.
2. Ойын - баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбиеОйын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Баланың ақыл-ойының

Слайд 16Қорытынды
Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және

еркін қиялдауымен шығармашылық ойлауы тәрбиеленип, қалыптасып дамиды.

Баланың өмірі,  қоршаған

ортаны  танып білуі, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Сондықтан мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Оқушылардың  белсенділігін саналы ойлана білуін, ой өрісінің дамуын, қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын арқылы оқушыны оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.

Ойын түрлерін қолдану арқылы барлық мәселе шешіле қалды деп айту дұрыс емес. Дегенмен, қиындықтар азайады. Себебі, ойын – баланың негізгі әрекеті. Сонымен қатар, кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы балалардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады, танымдары қалыптасады.

Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!
Қорытынды Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауымен шығармашылық ойлауы тәрбиеленип, қалыптасып дамиды.

Слайд 17 Ойын бала өмірінің ажырамас бөлігі дей келе, мен өз

сөзімді белгілі педагогтың: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және

болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды тапқырлыққа, өжеттікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, байсалдылыққа үйрететін де – осы ойын», - деген даналық сөзімен түйіндегім келеді.

«Балаға білім беру үшін ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соғады»,- деген данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фараби. Данышпанымыз айтқандай, тәрбиелік мәні зор ойындар ойната отырып, бала тәрбиесіне өз үлесімізді қосайық!


Ойын бала өмірінің ажырамас бөлігі дей келе, мен өз сөзімді белгілі педагогтың: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика