Слайд 2Модем
Модем (ағылш. modem, modulator-demodulator) — сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын
электрондық құрылғы.
28.8 kbit/s модем Motorola
Деректерді әр түрлі арқаулар арқылы, мысалы телефон сымы
арқылы немесе радиосигналдар түрінде беруге болады. Телефон сымы арқылы аналогтық сигналдар деп аталатын импульстарды беруге болады. Аналогтық сигналдар шуыл немесе электрлік-магнитті импульстар түріндегі кедергілердің әсеріне ұшырауы мүмкін.
Слайд 4Модем – компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара
мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы – мәліметтерді
жеткізу жылдамдығы (бит/секунд). Недәуір кең тарағандары – стандартты Dial-up модемдер (56кбит/секунд дейін), DSL модемдер (128кбит/секунд дейін) және кабелдік жолдарға арналған модемдер (30 000 кбит/секунд дейін). Модемдер ішкі және сыртқы болады.
Слайд 5Тарихы
AT&T Dataphone Modems компаниясы Америка Құрама Штаттарында SAGE (яғни әеуге
қарыс қорғаныс) бір бөлігі болды. Ол әртүрлі әуе базаларында, радарларда
және бақылау орталықтарындағы терминалдарды АҚШ пен Канада бойынша шашыраған SAGE орталықтарымен байланыстарды. SAGE бөлінген байланыс желілерін пайдаланды, бірақ осы желілердің әр соңында болған құрылғылар қазіргі заманауи модемдер секілді болды. Дербес компьютерлер үшін алғашқы модем Hayes Microcomputer Products компаниясының құрылғысы болды, ол 1979 жылы Apple II дербес компьютері үшін Micromodem II өнімін шығарды. Модем 380 доллар тұрды, және 110/300 б/сек жылдамдықпен істеді. 1981 жылы Hayes фирмасы Smartmodem 300 б/сек модемін шығарды, командалар жүйесі стандарт де-факто болды.
Слайд 6Факс-Модем
Факс-Модем бір компьютердегі графикалық түрдегі құжатты (файлды) қағазға баспай-ақ, басқа жерде орналасқанфаксимилді машинаға жіберетін
(қабылдайтын) электрондық құрылғы. Ол ақпаратты тасымалдау үшін телефон арналарын пайдаланады. Қағазға басылған
құжаттарды жіберу үшін сканер тәрізді құрылғы көмегімен құжаттар электрондық түрге айналдырылады. Мәліметтерді жөнелтудің ең төменгі жылд. 9600 бит/с.