салмағы 0,5-0,6 г алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы аденогипофиз,
ортаңғысы меланогипофиз, артқы бөлігі нейрогипофиз деп аталады. Құрылысы мен қызметі жағынан олар әр түрлі сондықтан олардың әрқайсысын бөлек без деуге де болар еді. Адам және жануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы бар екенін білу мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастайды. Гипофизді алып тастаса өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса жыныстық шабыты төмендейді. Белок, май, көмірсу алмасу бұзылады, қалқанша без, бүйрекүсті бездері кішірейеді, қызметі нашарлайды. Гипофиздің алдыңғы бөлігі –аденогипофиз үш түрлі, атап айтқанда ацидофилдік, базофилдік және хромофиллік жасушалардан тұрады. Соңғылары бас жасушалар осы жасушалардан дамиды. Бастапқы аталған екеуі бүйрек үсті безі үстіндегі бездердің қызметін күшейтіп, құрылымдық сипатын жақсартады.
.