Слайд 1Комплексті қосылыстар (КҚ)
Жоспар:
Комплексті қосылыстардың құрылысы. Вернердің координациялық теориясының негізгі
қағидалары
КҚ химиялық байланыстың табиғаты
КҚ классификациясы (жіктелуі)
КҚ номенклатурасы
КҚ тұрақтылығы
КҚ изомериясы
КҚ медицинада
және фармацияда қолданылуы
Слайд 2КҚ құрылысы
Химиялық қосылыстар барлығы қарапайым немесе атомдық
қосылыстар және комплексті немесе молекулалық қосылыстар деп екіге бөлінеді. Атомдық
қосылыстарға жатады: оксидтер, негіздер, қышқылдар, жәй тұздар(иондық немесе атомдық байланысы бар) Бұларды I-ші реттік қоспалар деп атайды.
II-ші реттік қоспаларға жататын күрделі коспалар (молекулалардан немесе иондардан құралады). Олардың арасында координациялық немесе донорлы-акцепторлы байланысы болады.
Сондықтан: КҚ дегеніміз - бұл кристалды тордың түйіндерінде орналасатын күрделі бөлшектер (комплексті иондар), балқыған немесе еріген жағдайына ауысқан кезде өздерінің қалпын сақтайтын қосылыстар және құрамында бір донорлы-акцепторлы байланысы бар заттар.
Мысалы:
K[ Ag(CN)2] ↔ K⁺ + [Ag(CN)2]⁻
Слайд 3КҚ химиялық байланыстың табиғаты
Қазіргі кезде комплексті қосылыстарда байланыстың табиғатын қарастыратын
үш
теориялық әдісі бар:
Валенттік байланыс әдісі
Кристалдық өріс теориясы
Молекулалық орбитальдар әдісі
Валенттік
байланыс әдісі (ВБӘ) бойынша орталық атом мен лиганд донорлы-акцепторлы
жол мен байланысады. Орталық атом байланыс түзуге бос орбитальдарын, ал лиганд
пайдаланылмаған электрон жұбын жұмсайды. Мысалы: [ Co(NH3)6 ] 3+
Кобальт катонының валенттік қауызында төрт бос орбиталі бар.
Кобальт катионының қоздыру арқылы деңгейшесіндегі жалқы электрондарды өзара
жұптастырып, бос орбитальдар санын алтыға дейін жоғарылатуға болады.
Қозған күйіндегі кобальт катионының алты бос орбиталі екі бір үш орбиталдары бар.
Аталған бос орбитальдар байланыс түзуге қатыспастан бұрын гибридті орбитальдарға
айналады. Кобальт катионының аталған орбиталі молекуласының құрамындағы азот
атомының екі электронды орбиталімен жұптасқанда комплексті катион түзіледі.
Кобальт катионының гибридті орбитальдары октаэдр төбесіне бағытталған, түзілген
комплекстің құрылысы октаэдр болады.
Co
59
27
1s²2s²2p⁶3s²3p⁶3d⁷4s²
3d⁷
4s²
4p°
Слайд 4КҚ химиялық байланыстың табиғаты
Кобальт катионының
қоздыру арқылы деңгейшесіндегі жалқы электрондарды өзара жұптастырып, бос орбитальдар санын
алтыға дейін жоғарылатуға болады.
Қозған күйіндегі кобальт катионының алты бос орбиталі екі бір үш орбиталдары бар.
Аталған бос орбитальдар байланыс түзуге қатыспастан бұрын гибридті орбитальдарға
айналады. Кобальт катионының аталған орбиталі молекуласының құрамындағы азот
атомының екі электронды орбиталімен жұптасқанда комплексті катион түзіледі.
Кобальт катионының гибридті орбитальдары октаэдр төбесіне бағытталған, түзілген
комплекстің құрылысы октаэдр болады.
Слайд 5
Kомплексті қосылыстар туралы ілімнің негізін жасаған швейцария
ғалымы Альфред Вернер (1893ж)
Вернер жұмысы координациялық теория деп аталады.
Координациялық теорияның негізгі қағидалары:
КҚ орталық
орын алып тұрған ион немесе атом комплекс түзуші деп аталады.
Комплекс түзушінің айналасына соның әсері жететіндей жақындықта координацияланған иондарды немесе молекулаларды лигандалар (аддентер) деп атайды.
Комплекс түзуші мен лигандалар бірігіп, комплексті қосылыстың ішкі сферасын құрайды.
Ішкі сфераны квадрат жақшаға алады: [ PtCl6 ]2-
Ішкі сфераға орналаспай қалған иондар комплекс түзушіден алысырақ орналасады, олар комплексті қосылыстың сыртқы сферасын құрайды.
Комплекс түзушінің айналасына координацияланған лигандтардың жалпы саны сол комплекс түзушінің координациялық саны деп аталады.
Жиі кездесетін комплексті қосылыстарда координациялық сан алтыға немесе төртке тең, сиірек екіге, не үшке тең болады.
Слайд 6Комплекс түзуші ион немесе атом бұл ішкі сферасының орталық атомы(ионы).
Көбінесе р-, d-, f- элементтер жатады.(бос орбитальдары бар элементтер –
Cu, Au, Ag, Hg, Zn, Fe, Co, Cr т.б.)
Лигандалар –бұл молекулалар немесе иондар КТ айналасында орналасқан.Көбінесе мыналар жатады
Hal-галоген NO3-нитрат NO2-нитрит SO4-сульфат SO3-сульфит CO3-карбонат CN-циан
H2O–аква NH3-аммин CO-карбонил NO-нитроза OH-гидроксо O-окси SCN-родано
Бұл қосылыстарда пайдаланбаған электрон жұбтары бар Комплексті ион немесе КҚішкі сферасы – бұл КТ және Л тұратын.
Олар донорлы-акцепторлы байланысқан күрделі ион:
[ Аg(CN)2]-
Комплекс ионның заряд саны сыртқы иондар зарядының қосындысына тең, бірақ кері мәнді болады.
Слайд 7Комплексті қосылыстың құрамы белгілі болса, комплекс түзушінің зарядын табу қиын
емес. Ол үшін комплексті қосылыстың формуласына кіретін басқа иондардың барлығының
зарядтарының алгебралық қосындысын шығарып оған теріс мән қояды.
Координациялық көлем - денттатылы лиганданың КТ маңында орналасқан жерінің көлемі.
Лигандтар дентаттылығы бойынша классификацияланады:
бір дентаттылығы (1орын)- H2O, NH3, CO, NO, OH, CN, SCN, Hal
бидентаттылығы (2орын) – CO3, SO4, O, C2O4, H2N-CH2-CH2-NH2
көп дендантты –үш, төрт, бес, алты.
Комплексондар - органикалық Л, өзінің құрамында алкилкарбокси тобы бар (-СН2СООН) - көбінесе амминді азот атомымен байланысқан :
Слайд 8КҚ ЖІКТЕЛУІ
I. Комплекстер ішкі сферасының зарядына қарай катионды, анионды
және
бейтарап болып үш топқа бөлінеді.
Катионды комплекстер орталық ионның айналасына
бейтарап молекулалар (NO, NH3, H2O) координацияланғанда түзіледі.
[Al(H ₂O)₆]Cl₃ [Al(H ₂O)₆] ³⁺ +3Clˉ
Комплексті иондар оң зарядталған.
Анионды комплекстерде комплекс түзушінің ролін оң зарядталған ион, ал лигандтар ролін аниондар атқарады.
Бейтарап комплекстер атомының айналасында молекулалар координацияланғанда немесе оң зарядталған комплекс түзушінің айналасында анион мен молекулалар қатар координацияланғанда түзіледі.
II. Лигандтың табиғаты бойынша КҚ бөледі:
Аммиакаттар - КҚ ішікі сферасында лиганд ретінде NH3 молекуласы бар.
Аквакомплекстер - КҚ лигандттар су молекулалары болады.
Гидроксолиттер - лигандалары ОН тобы:
Ацидокомплекстері - лигандалары қышқыл қалдығы.
Аралас комплекстер - лигандалары аралас.
Слайд 9III.Ішкі сферасының құрылысы бойынша
Комплекс түзуші иондар санына қарай бір
ядролы және көп ядролы комплекстер
Жай және циклі бар комплекс сақиналары
бар комплекс.Егер бір лиганда бір координациялы орын алса, оны жәй комплекстер дейді.
Циклді немесе хелатты комплексті лигандтар полидентантты
Халатты комплекстерге жатады комплексон
IV.Геометриялық пішініне қарай
Координациялық саны 2 комплекстерде орталық атом мен екі лиганда бір түзудің бойында орналасады. Құрылысы түзу сызықты болады
Координациялық саны 3 сирек комплекс кездеседі. Бұл комплекс тең қабырғалы үшбұрыш сияқты
Слайд 10Координациялық саны 4 болғанда комплексті ионның құрылысы тэтраэдр немесе квадратты
болып келеді.
Координациялық саны 5 болып келетін комплекстер онша көп емес.
Мұндай комплексердің құрылысы үшбұрышты бипирамида немесе квадратты пирамида сияқты болады.
Ең жиі кездесетін координациялық саны 6.Мұндай комплексердің құрылысы октаэдр сияқты
Слайд 11КҚ номенклатурасы:
1962 жылы химиктердің Халықаралық Одағы (ІUPAC) ұсынған номенклатурасы
қолданылады.
Теріс
зарядты лигандтардың атауына «0» деген жалғау жалғанады.
Электробейтарап лигандтар былай
аталады:
H2O–аква NH3-аммин CO-карбонил NO-нитрозил OH-гидроксо O-окси т.б.
Комплекс құрамындағы лигандтардың саны грек сан есімдерімен белгіленеді:
ди (екі), три (үш), тетра(төрт), пента (бес), гекса (алты) т.б.
Катионды комплексті атағанда ішкі сферадан басталады:
Орталық атом немесе заряды көрсетіліп КТ ионы.
Саны көрсетіліп теріс зарядталған лигандттар
Саны көрсетіліп бейтарап лигандттар
Сыртқы анионды атайды
Анионды комплекстің аталуы:
Сыртқы сферадағы ионды айтады
Саны көрсетіліп теріс зарядталған лигандтар
Саны көрсетіліп бейтарап лигандтар
Комплекс түзуші атомына - ат деген жалғау жалғанғанады ( латынша )
Бейтарап комплексті атау үшін:
Саны көрсетіліп теріс зарядталған лигандттар
Саны көрсетіліп нейтралды лигандтар аталады
Орталық атом атайды
Слайд 12КҚ изомериясы
Изомерлер- құрамдары бірдей, бірақ құрылысы мен қасиеттері әртүрлі заттар
Изомерия құбылысы комплексті қосылыстарда өте кең таралған:
Гидраттық немесе сольватты изомерия
су молекуласының комплекс құрамында әртүрлі орналасуынан болады..
[Сr(Н2О)6]Сl3, [Сr(Н2O)5Сl]Сl 2*Н2O, [Сr(Н2O)4Сl2]Сl *2Н2O
Күлгін түсті күлгін-жасыл жасыл
Иондық изомерия аниондардың ішкі сфера мен сыртқы сфераға әртүрлі таралуынан болады.
[Pt(NH3)3Br]NO2 және [Pt(NH3)3(NO2)]Вr
Координациялық изомерия – екі түрлі лигандтардың екі комплекс түзуінің айналасына әртүрлі жолмен координациялануынан болады.
[Co(NH3)6][Cr(C2O4)3] и [Cr(NH3)6][Co(C2O4)3]
Слайд 13Геометриялық изомерия – комплекс құрамында кем дегенде екі түрлі лиганд
болғанда байқалады.
Оптикалық айналы изомерлері -бұл изомер екі ұқсас құрылысты ассиметриялық
комплекстердің болуына, айналы антитод болатын оңға поляризация жарығын жазықтың қарама – қарсы бағытта айналдыруға негізделген.
Слайд 14Комплексті қосылыстардың маңызы
Халық шаруашылығында қолданады: оларды Pt металдарын, Au,
Ag, Cu, Ni, Co алуға және тазалауға пайдаланылады.Сирек кездесетін металдарды
бөлуге аналитикалық химияда сапалық, сандық анализдерге қолданады.
Металдарды коррозиядан қорғауға қолданады. Металдарға жабысқақ қасиеті бар тұрақты және ерімейтін комплексті қосылыстар коррозия процесін баяулатады немесе мүлдем тоқтатады.
Слайд 15Комплексті қосылыстар жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік процестерінде үлкен роль атқарады.
Адамдар мен жануарлар қанының құрамындағы гемоглобин тыныс алу процесін қамтамасыз
етеді.
Гемоглобин – комплекс - белок глобинмен байланысқан күрделі протеид. Гемоглобинді қанның тыныс алу пигменті деп атайды. Ол оттегін қайтымды түрде қосып алып, оны өкпеден қан тамырлары арқылы барлық ұлпаларға жеткізеді, ол ұлпадан көмірқышқыл газын тасымалдайды. Темірдің тотығу дәрежесінің оңай өзгеруінің арқасында, гемоглобин оттегімен оңай қосылады да, оны ұлпаға ешқандай қиындықсыз береді.
Слайд 16 Комплекс түзуші элементтерді “тіршілікті ұйымдастырушылар” деп атайды. Соңғы кезде
Pt-ң және Pd-дың комплексті қосылыстарын қатерлі ауруларды емдеуге пайдалануға болады.
Хелатты комплексті қосылыстарды бүйректегі тастарды ерітуге және судың кермектігін жоюға қолданылады. Комплексті қосылыстарды клиникаларда дәрі-дәрмек ретінде қолданып, әр түрлі ауруларды емдеуді хелатты терапия деп атайды.
Трилон Б көптеген металл иондарымен комплексті қосылыстар түзеді. Сондықтан ағзада кальций тұздары бөліне жүретін ауруларды емдеуге пайдаланылады.
Слайд 17Дәрілік заттар
[Pt(NH3 )2Cl2 ]
Na ₃[Au(S2O3)2 ]
Қабынуға қарсы
Ісікке қарсы
Слайд 18ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Березов Т:.Т. Коровкин “Биологическая химия”, Москва, Медицина, 1983
ж.
Мекеев Е.Е. “Бейорганикалық және физикалық химия”, Алматы, 1994 ж.
Николаев Л.А.
“Основы физической химии биологических процессов”, Москва,Просвещение,1976 ж.
Уильямс В., Уильямс Х. “Физическая химия для биологов”, Москва, Мир, 1976 ж.
Тюкавкина Н.А., Бауков Ю.И. “Биоорганическая химия”, Москва, Медицина, 1991 ж.