шет елдерге іс-сапармен шыға қалсаңыз немесе шытырман оқиғаларды іздеу мақсатында
ел кезетін болсаңыз, қонақүйдің көмегінсіз тығырықтан шығу мүмкін емес. Әсіресе, қонақүйлер - туристер қауымының екінші үйіне айналып кетті десек те болады.Celica қонақүйі. Атақты Lonely Planet жолкөрсеткіш кітапшасында Celica қонақүйін әлемнің ең сәнді қонақүйі деп көрсеткен. Польша жерінде орын тепкен бұл ғимаратқа қонақ бола қалсаңыз, тұтқындардың өмірін сезініп көруге мүмкіндігіңіз бар. Қалай дейсіз бе? Өйткені қонақүйдің бөлмелері түрме камерасы секілді (есік-терезелері де түрме торына ұқсас) жасалған.