Слайд 1Мақсат: шылым шегу, алкоголь мен есірткінің адам ұрығының дамуына әсері
салдарын білу
Адам ұрығының дамуы үшін шылым шегу, алкоголь және
әртүрлі дәрілік препараттардың зиянды әсері бар екенін білу.
Тақырыбы: Шылым шегу, алькоголь мен есірткінің адам ұрығының дамуына әсері
Слайд 2Сабақтың түрі:
Ойтолғау, пікір алмасу
және сұрақ жауап
Слайд 3Жүктілік: ұрықтанудан бастап нәресте туылғанға дейінгі кез жүктілік деп аталады.
Ананың 280 тәулікке созылған физиологиялық жағдайы – жүктілік нәрестенің туылуымен
аяқталады. Жүктілік кезінде аналық безден гормондардың бөлінуі артады. Осыған байланысты сүт бездері үлкейіп, жатырдың массасы мен мөлшері ұлғаяды, артериялық қысым жоғарлайды, қан құрамы өзгереді. Ұрықтың қаңқасы мен жүйке жүйесін қалыптастыруға қажет зат алмасу күшейеді, су ішудің қажетсінуі артады.
Ұрықтың қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету ана организміне үлкен салмақ салады және егер ана ауру болса немесе дұрыс тамақтанбаса, оның денсаулығы бұзылуы мүмкін. Бұл – ана үшін өте жауапты кезең. Ол өз денсаулығын күтіп, дұрыс тамақтанып, қажетті гигиеналық талаптарды сақтап, медициналық бақылауда болуы керек.
Жүкті әйелге спирттік ішімдік ішуге, темекі тартуға, мүлде болмайды. Өйткені спирттік 1ішімдік пен никотин ұрық жолдас арқылы өтіп, ұрық қанына түсіп, дене кемістігі мен психикасының бұзылуына әсер ететін өзгерістер туғызады. Жүктілік кезінде дәріні дәрігердің бақылауымен ішу керек. 7 - 8 сағат ұйықтау, таза ауада серуендеу, үйреншікті жеңіл жұмыстарды жасау, кең әрі жылы киім кию, т. б. жүкті әйелге қойылатын талаптарға жатады. Жүктілік кезеңнің басында әйел психикасы өте нәзік: ашушаң болып, ұйқысы бұзылады. Жүктіліктің екінші жартысында әйел салмақты болып, аналық сезімі қалыптаса бастайды.
Слайд 5Темекі тарту қай жылдары басталды?
Темекі тарту ХҮ ғасырда 1496
жылы басталды. Алғаш темекі
дәрі ретінде Испанияда бастады.
Темекінің пайдасы
және зияны?
Слайд 61. Адам темекіге деген ағзасының табиғи жиренішті реакциясын жеңіп, ағзасын
темекі түтініне үйретеді. Нәтижесінде темекінің улы әсері бірте-бірте әлсіреп, оның
орнын қысқа мерзімді эйфория (жағымды әсер) басады. Еуропаға темекіні Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. 1992жылы еуропалықтар осы қайғылы датаның 500жылдығын атап өтті. Ал Африка мен Американың халқы оның дәмін бірнеше ғасыр бұрын татқан болатын. Темекінің Еуропада кеңінен таралуына француз ғалымы Жан Нико да себепкер болды. Ол теңізшілер әкелген темекі өсіріп, өзінің атымен аталған «барлық ауруларға қарсы ем» – никотинді тапты. Алдымен темекі өсімдігінің сабақтарын кептіріп, ұнтақтап, оны иіскеу сәнге айналған еді. Кейіннен оны тұтатып шегу бұл «дәстүрді» ығыстырып шығарды. Бірте-бірте түрлі сигаралар, темекі трубкалары, папиростар мен сигареттер пайда болды. Бұл әдетте адамзат тарихындағы қасіретті қадам еді.
Слайд 7Өйткені темекі шегу кезінде ауа оның жанып жатқан бөлігінен өтіп
300 градусқа дейін қызады. Тамақ ыстықпен құрғақтай өңделіп, оның құрамынан
бөлініп шыққан аммиак, көміртегі тотығы, шайыр, канцерогенді көміртегілер, радиоактивті изотоптар мен түрлі улы заттар түтінге қосылады. Сонымен бірге түтін өкпенің жалпы көлемі 100 шаршы метр болатын альвеолаларын тұтастай толтырады. Өкпе эпителийінің мұндай үлкен көлемімен жанасқан түтіндегі улы заттардың бөлшектері толығымен өкпе ткандеріне, қанға өтеді. Темекі түтінің құрамы бірнеше жүздеген заттардан тұрады. Оның ішінде өте улы, құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі никотин, көміртегі тотығы, аммиак, кукіртсутегі, формальдегид, фенол, түрлі қышқылдар, қорғасын, мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер шайыры сияқты элементтер бар. Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды. Никотин – есірткі болғандықтан алдымен орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Темекіні шегудің алғашқы кезеңінде, бір-екі минуттан кейін ол миға жетіп, оған жағымды әсер етіп, уақытша белсенділігін оятады. Адам эйфорияға беріліп, күш қосылғанын байқайды.
Көміртегі тотығы қандағы гемоглабиннің эритроциттерімен
оңай және тез қосылып, өз орнын ағзаға қажетті оттегіге босатпайды. Одан ағзаның барлық клеткаларында оттегі жетіспеушілік туып, ми нейрондары да зақымдана бастайды. Көгертуші қышқыл да ағзаның оттегі жетіспеушілігін тудырады. Ол оттегінің клетка мембраналары арқылы өтуіне кедергі жасайды.
Слайд 8 Органикалық қышқылдар сілтілер (аммиак) тыныс
жолдары мен өкпенің шырышты қабаттарын тітіркендіріп, қабыну процестеріне себепкер болады.
Өкпе мен тыныс жолдарында жылбысқы сұйықтық көп бөлініп, оған микроорганизмдерден, оның ішінде туберкулезден қорғану механизмдері бұзылады. Жоғарыда аталған ауыр металлдардың тұздары – өте күшті у болып табылады. Кадмий С дәруменімен қосыла отырып қатерлі ісіктің пайда болуына себепкер бола алады. Бензопирен мен полоний, калий, висмут изотоптары – өте активті канцерогендер. Олар қалыпты клеткалардың өзін рак клеткаларына айналдыра алады. Мысалы, полоний-210 изотопының жартылай ыдырау кезеңі 138 күн десек, ол осы уақыт бойы ағзаға радиациялық әсерін тигізіп отырады. Оның радиациясына қарсы тұра алмаған жәй клеткалар рак клеткасына айналады. Шайыр мен түтіннің қатты бөлшектері альвеолалардың қабырғасын тұтып қалады да, оның түсін өзгертеді.
Темекі шегетін жасөспірімдердің жүйке жүйесі нашарлайды, оларда ашушаңдық, тез әсершеңдік пайда болады. Ал олардың есте сақтау қабілеті мен зейінін бағыттау 5-7 пайызға төмендейтіні эксперименталды түрде дәлелденген. Демек, оқу қиындай бастайды. Оның үстіне мұндай оқушыға жақсы спортшы болуға жол жабық.
ХІХ ғасырда темекі шегетін әйел адамды кездестіру қиын болатын. ХХ ғасырдың басында ондайлар аздап та болса көбейе бастады. Ал ХХ ғасырдың соңы мен біздің ғасырымызда кейбір дамыған елдерде әйелдердің 40-50 пайызы шылымқор болды. Қыздардың арасында темекінің кеңінен таралуына мода, сәнқойлық себепкер болып отыр. Темекі шегетін қыздардың 60 пайызы бұл сұраққа «Бұл әдемі», «Темекі шегу сәнді, сексуалды», «басқаларға ұнағым келеді, назарын аударғым келді» деп жауап берген.
Слайд 10Бар-жоғы бірнеше жыл ғана темекі шеккен қызды бет терісінің құрғауы,
бетінің сұрғылт-сары түсі, сары тістер, сарғайған саусақ, демінің сасықтығы мен
қырылдақ дауыс, беттегі әжімдері арқылы бірден танисыз. Мұның бәрі-жасы жетпей қартаю, басқаша айтсақ никотинді косметика. Темекінің бала туу функциясы мен туған балаға кері әсері. Мұндағы басты рөлді радиоактивті полоний-210 атқарады. Әйелдің бойындағы аналық жұмыртқа клеткасы іс жүзінде өзгермейтін құрамымен белгілі. Ол бала кезден ақ улы заттармен улануы мүмкін. Ондай аналық ұрық клеткаларының бірі тұқымдануға мүлдем қабілетсіз болса, екіншілері тұқымданғанымен, бала неше түрлі патологиялық өзгерістермен дүниеге келуіне себепкер. Шылымқор әйелдердің туған балалары әлсіз, бойы қалыптан 2 сантиметр аз, бас сүйегінің көлемі, салмағы кем болып туылады. Бұл балалар 9-10 жасына дейін құрбыларынан физиологиялық және интеллектуалды дамуы жағынан қалып жатады, жиі ауырады.Іштегі баланың ағзасынан улы заттардың бөлініп шығуы өте баяу өтеді. Сондықтан да оның қанындағы улы заттардың концентрациясы анасына қарағанда 1,5-2 есе артық болады. Демек, екіқаабат әйелдің темекі шегуі өзінен гөрі іштегі баласына анағұрлым қатерлі. Сонымен бірге тұрақты түрде улану (хроникалық интоксикация) ерте ме, кеш пе, әйелдің аналық ұрық клеткаларының гендік деңгейдегі хромосомды аппаратының бұзылуына соқтырады. Бұл жағдайда тұқым қуалау қабілеті өзгеріп, іштен туа пайда болатын аурулар түрі көбейеді. Мысалы, шылымқор ананың баласында жүректің патологиясы сау аналарға қарағанда екі есе жиі кездеседі. Сондай-ақ, канцерогенді және радиоактивті заттардың генетикалық зиянды әсері бір екі ұрпақтан кейін де көрініс беруі мүмкін.
Ақуызға ауыр металдардың әсері тәжірибе. Жұмыртқа, AgNO3 , пробирка,
Слайд 11Темекі шегу
Статистикалық мәліметтер бойынша, жүктілік кезінде темекі шегу анасынан гөрі,
іштегі сәбиге екі есе зардап тигізетінін анықтады. Никотин жолдас арқылы
өте оңай және тез енеді. Бұл заттың темекі тартқан әйелдің қан құрамынан гөрі ұрықтың тканьдерінде шоғырлануы жоғары. Темекі шеккен кезде тек никотин ғана емес, сонымен қоса, аса қауіпті – тұншықтырғыш газ, бензопирен және радиоактивті изотоптар (аздаған мөлшерде болса да!) ұрыққа зиянын тигізеді. Ал басқа улы заттар (мысалы, тиоцианат) ағзада темекі түтінінің «өңделуі» нәтижесінде пайда болады. Мұның бәрі де сәбидің дамуына айтарлықтай әсер етеді.
Әйел темекісін шегіп болған соң жолдастың қан тамырларының жиырылуы басталады да, ұрық бірнеше минут жеңіл түрдегі оттектің жетіспеушілігі (кислородное голодание) жағдайында болады. Анасы жүктілік кезінде темекіні үнемі шегетін болса, ұрық созылмалы оттек жетіспеушілігімен ауырады. Сондықтан ұрықтың жатыр ішіндегі дамуы тежеліп қалады. Темекі шегетін аналардың сәбилері туылғанда көбіне салмағы аз, жатырдан тыс өмірге бейімделуі қиын, денсаулығы нашар болып келеді.
Бірақ қауіп тек анасының темекісінде ғана емес. Басқа бір адамның шеккен темекісінің иісімен ауа арқылы дем алған да ана мен болашақ сәбиге зиянды да қауіпті. Сондықтан жүктілік – тек әйелге ғана емес, оның жақындарына да темекі шегуден бас тартуға үлкен себептердің бірі. Сәбидің амандығы үшін болашақ анасы мен әкесінің, басқа да жақындарының міндетті түрде жасай алатын әрекеті – үйде темекі тартуды доғару.
Слайд 12«Темекі шегу-адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық» деген болатын орыстың ұлы
белгілі фармакологы И.М.Догель. Өйткені адам баласында темекіге қажеттілік жоқ. Адамның
шеккен алғашқы сигареті оның басын айналдырып, жөтелдіріп, жүрегін айнытып, басын ауыртып, көптеген жағымсыз әсерлер беретіні белгілі. Темекі мен ішімдіктің зиянын барлық мамандандырылған дәрігерлер айтып әлек. Темекіге әуес әйелдің етеккір циклі өзгеріске ұшырап, жатырдан тыс жүктілік қауіпі күшейеді, жатыр түтікшелері түрлі ауруға шалдығады.
Репродуктивты технологияны көмекші ретінде пайдаланатындар осы темекі тартатын әйелдер. Жүктілік кезінде дүние есігін ашатын балаға темекінің залалды екені мәлім. Бұл дәлелденген де. Темекі тартқан келіншектен салмағы жетпей қалған сәби туылады. Толғақ кезінде ана қатты қиналады. Ал, еркектерді аталық ұрықтары әлсізденіп, оның қызметі төмендейді.
Стенокардия, Эндартерит
Слайд 13Ішімдік пен никотин ұрық жолдас арқылы өтіп, ұрық қанына түсіп,
дене кемістігі мен психикасының бұзылуына әсер ететін өзгерістер туғызады.
Өйткені темекі
шегу кезінде ауа оның жанып жатқан бөлігінен өтіп 300 градусқа дейін қызады.
Тамақ ыстықпен құрғақтай өңделіп, оның құрамынан бөлініп шыққан аммиак, көміртегі тотығы, шайыр, канцерогенді көміртегілер, радиоактивті изотоптар мен түрлі улы заттар түтінге қосылады
Өкпе эпителийінің мұндай үлкен көлемімен жанасқан түтіндегі улы заттардың бөлшектері толығымен өкпе ткандеріне, қанға өтеді.
Никотин – есірткі болғандықтан алдымен орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.
Көміртегі тотығы қандағы гемоглабиннің эритроциттерімен оңай және тез қосылып, өз орнын ағзаға қажетті оттегіге босатпайды.
Одан ағзаның барлық клеткаларында оттегі жетіспеушілік туып, ми нейрондары да зақымдана бастайды. Ол оттегінің клетка мембраналары арқылы өтуіне кедергі жасайды.
Органикалық қышқылдар сілтілер (аммиак) тыныс жолдары мен өкпенің шырышты қабаттарын тітіркендіріп, қабыну процестеріне себепкер болады. Өкпе мен тыныс жолдарында жылбысқы сұйықтық көп бөлініп, оған микроорганизмдерден, оның ішінде туберкулезден қорғану механизмдері бұзылады.
Кадмий С дәруменімен қосыла отырып қатерлі ісіктің пайда болуына себепкер бола алады. Бензопирен мен полоний, калий, висмут изотоптары – өте активті канцерогендер. Олар қалыпты клеткалардың өзін рак клеткаларына айналдыра алады
Слайд 1410. Полоний-210 изотопының жартылай ыдырау кезеңі 138 күн десек, ол
осы уақыт бойы ағзаға радиациялық әсерін
тигізіп отырады. Оның радиациясына
қарсы тұра алмаған жәй клеткалар рак клеткасына айналады.
11. Бар-жоғы бірнеше жыл ғана темекі шеккен қызды бет терісінің құрғауы, бетінің сұрғылт-сары түсі, сары тістер,
сарғайған саусақ, демінің сасықтығы мен қырылдақ дауыс, беттегі әжімдері арқылы бірден танисыз.
Мұның бәрі-жасы жетпей қартаю, басқаша айтсақ никотинді косметика.
12. Әйелдің бойындағы аналық жұмыртқа клеткасы іс жүзінде өзгермейтін құрамымен белгілі.
Ол бала кезден ақ улы заттармен улануы мүмкін. Ондай аналық ұрық клеткаларының бірі тұқымдануға мүлдем
қабілетсіз болса, екіншілері тұқымданғанымен, бала неше түрлі патологиялық өзгерістермен дүниеге келуіне себепкер.
13. Шылымқор әйелдердің туған балалары әлсіз, бойы қалыптан 2 сантиметр аз, бас сүйегінің көлемі, салмағы
кем болып туылады. Бұл балалар 9-10 жасына дейін құрбыларынан физиологиялық және интеллектуалды дамуы
жағынан қалып жатады, жиі ауырады.
14. екіқаабат әйелдің темекі шегуі өзінен гөрі іштегі баласына анағұрлым қатерлі. Сонымен бірге тұрақты түрде
улану (хроникалық интоксикация) ерте ме, кеш пе, әйелдің аналық ұрық клеткаларының
гендік деңгейдегі хромосомды аппаратының бұзылуына соқтырады.
15. шылымқор ананың баласында жүректің патологиясы сау аналарға қарағанда екі есе жиі кездеседі.
Сондай-ақ, канцерогенді және радиоактивті заттардың генетикалық зиянды әсері бір екі ұрпақтан кейін де көрініс
беруі мүмкін.
16. Темекіге әуес әйелдің етеккір циклі өзгеріске ұшырап, жатырдан тыс жүктілік қауіпі күшейеді, жатыр
түтікшелері түрлі ауруға шалдығады. Ал, еркектерді аталық ұрықтары әлсізденіп, оның қызметі төмендейді.
Слайд 15Салауаттылық – өмір өлшемі
«Ана сүтін айырбастап араққа,
Қайран қазақ, қайда кетіп
барасың?..»
Слайд 16Ерте ғасырдағы Рим заңдарында алкоголь ішімдіктерін 30 жасқа толмаған жастарға
ішуге рұқсат берілмегендігі бекер емес, себебі бұл уақытта жастардың дүниеге
ұрпақ әкелу құбылысының қарқынды жүретін уақыты.
Көне Грекияда да 18 жасқа дейінгілерге «ащы су» ішуге тосқауыл қойған.
Ресейдегі ертеден келе жатқан құжаттарда жаңадан отау тіккен жастарға ішімдік ішуге тыйым салынған. Франция елінде арақ ішкіш ата-аналардан туған әлсіз балаларға арналған «жексенбі күнгі балалар» немесе «көңілді кештің баласы» деген кекесінді атау бар.
Слайд 17Спирт — ерігіш болғандықтан ішкен кезде қанға тез сіңіп, ағзаға
күшті әсер етеді. Ішімдіктің әсерінен адамның ықыласы кеміп, байқампаздығы тежеледі,
қимыл үйлесімділігі бұзылып, мінез-құлқында әдепсіздік, желікпелік, дөрекілік пайда болады. Адамды ақылынан ғана ажыратып қоймайтын арақ асқазан жолының кілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында, ұлтабар ұшында уытты жара, гастриттің туындауына әкеліп соғады. Миға сіңген спирт нерв клеткаларын уландырады, одан ойлау қабілеті бұзылып, рухани ауыр халге ұшырайды. Отбасындағы зорлық- зомбылық оқиғаларының үштен екісі және балалардағы қатігездіктің үштен бірі ата-аналардың маскүнемдігіне байланысты болып келеді екен. Бақытсыз жағдайлардың, адам өлтірудің, өзіне қол жұмсаудың 50 пайызы тікелей алкогольге тәуелділіктен туындайтыны да бесенеден белгілі.
Жұмыртқаға спирттің әсерін көрсету.
Слайд 18Арақ – ректификатталған этил спиртінің сумен қосындысынан тұратын күшті масайтқыш
ішімдік. Арақ қара бидайдан, бидайдан, арпадан, т.б. жасалады. Құрамындағы спирт
мөлшері 40, 50, 56%. Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады. Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары) азайып, олардың тұлғасы (формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады. Ішкіліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелденген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Слайд 19Бірақ шын мәнінде ерлерге қарағанда әйел адамдарды емдеу әлдеқайда қиын.
Көп жағдайда әйелдер жан күйзелісіне ұшырайды, өмірдегі сәтсіздіктеріне емді алкогольден
іздейді. Ағзаға түскен алкоголь аз уақыт аралығында бастағы ми жасушаларына тарайды. Мөлшерден тыс қабылдаған жағдайда ми, жүйке жүйесі, бұлшық ет, бауыр ауруларына ұшыратады. Ойлау, есту қабілеті төмендейді. Денедегі күллі ағзалар жұмысы бұзылады. Алкоголь ағзада тұрған кезде тірі клеткалар тез жойылады, ткань жаңармайды. Ішімдік әйел адамның жыныстық қызмет атқару органдарының жұмысын тоқтатады. Осының зардабынан әйел бедеулік ауруына ұшырауы ықтимал.
Ал жүкті болған жағдайда ішімдік қолданатын әйелдердің болашақ сәбилерінің 40-60%-ы ақыл-есі кем болып туылуы мүмкін. Тұрақты тұтынған кезде алкоголь әйелдердің бетін домбықтырып, оның табиғи әсемдігін жояды. Көз қарашығының оты кетеді, бет үнемі қызарып тұрады, шаштың түсуі, керісінше мұрттың шығуы байқалады.
Слайд 20Ағзада пайда болатын аурулар жүрек, қан айналым жүйесінің бұзылуына соқтырады.
Ең қауіптісі – бүйректің жұмысын бұзады. Ішімдікті күнделікті кемінде 800
грамнан ішетін адамда ағзада ақуыздың жетіспеушілігі бірте-бірте байқала бастайды. Бұл ауруды емдемеген жағдайда бүйректің бір бөлігі өледі. Жүйке жүйесі әлсіз болғандықтан емдеу уақыты ұзаққа созылады. Ер адамға қарағанда әйелдер емделіп болған соң да, ішімдікке бой алдыруын тоқтатпайды. Өзін-өзі қорғау инстинкті әйел адамда жоғалып кетеді. Өкінішке орай әйел адам ішімдікке бой үйрете бастаған бастапқы кезеңінде көмекке жүгінбейді. Ауру дендегесін маскүнемдіктен емделу өте қиынға соғады. Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді.
Араққа қатысты әзіл
Күн құрғатпай арақ ішетін екі достың бірі екіншісіне:
— Осылай «алқаш» атанармыз. Бүгін ішпей-ақ қояйықшы,— дейтін көрінеді.
Екіншісі:
—Олай болса, мен мына шөлмекті екі қолымның біріне ұстап, артқа жасырайын. Сен тапсаң ішеміз, таппасаң, ішілмейді,— депті. Қолындағы бөтелкені екі қолына кезек ауыстырып, «қай қолымда» деп тұра қапты.
—Оң қолыңда,— депті досы.
Сөйтсе, әлі де ішуге ықыласы ауып тұрған екіншісі:
— Сәл ойланып көрсең қайтеді,— деген екен.
Слайд 21Алкоголь жолдас арқылы еш кедергісіз еніп, оның ағзасына түседі. Құрамындағы
спирт (этанол) пен оның ыдыраған өнімдері (мысалы, ацетальдигид) ұрыққа қатты
әсер етеді. Спирт жолдастың қан тамырлар жүйесінің және кіндігінің жиырылуына әкеледі, ал бұл ұрықта оттектің жетіспеушілігін тудырады. Ацетальдигид жасушалардағы мырыш (цинк) мөлшерін төмендетіп, дамуын тежейді және де ұрық жасушалары ДНҚ-ның мутациясына әкеледі. Оған қоса, алкоголь дәрумендердің жетіспеушілігін тудырады, зат алмасуды бұзады. Нәтижесінде, болашақ сәбидің көп мүшелері зардап шегеді, әсіресе – орталық жүйке жүйесі. Болашақта бұл баланың ақыл-ойының дамуын баяулатады.
Жүктілік кезінде алкогольді ішімдікті үнемі қолдану (аздаған мөлшерде болса да!) түсік тастауға, уақытына жетпей босанып қалуға, салмағы аз боп туылуына, ал ең қиын жағдайда нәрестенің фетальды алкогольды синдромына әкеледі. Бұл ауру (фетальды алкогольды синдром) сәбидің бетінің ерекше аномалиясымен (ауытқушылығы), физикалық және
фетальды алкогольды синдромына
Синоним: алкогольная эмбриофетопатия.
Слайд 22Жүктiлiктiң қатып қалуы деген қандай дерт?
Жүктіліктің қатып қалуы деген анасының
құрсағында өсіп келе жатқан ұрықтың тіршілігін тоқтатуы, яғни өліп қалуы.
Себептері:1. Алкоголь мен никотиннің әсері. Алкоголь адам ағзасына түскен соң сірке қышқылының альдегидттеріне ыдырайды. Арақтың бауырға зиян екенін ,тіпті арақты көп ішкен адам цирроз болатынын да естіп жүрміз. Перегар деген де осы ыдыраған сірке қышқылы альдегидінің иісі . Бұл ұрық үшін өте улы, жүкті әйел бір мас болып ішкеннің өзінде құрсағындағы баласын сеспей қатыруы мүмкін 2..Жұқпалы аурулар: тұмау, цитомегаловирус,токсоплазмоз,қызылша. Осылардың ішінде ең қауіптісі қызылша. Жұкті әйел өзі ауырмағанмен, іштегі ұрық ауырады.Сондықтан үйде қызылшамен ауырған адам болса, ондай жерден жүкті әйелдің аулақ болғаны дұрыс. 3.Жыныстық қатынас арқылы жұғатын ауруларды (сифилис, хламидиоз.гонорея, трихомониаз,микоплазмоз) жұкті әйелдің жұқтыруы. 4.Эстроген, прогестерон гормондарының дұрыс түзімеуі және ауытқулары. 5. Анасының және ұрықтың қандарының резус факторларының сәйкес келмеуі.6. Плацентаның қан тамырларында тромба пайда болып, қоректік заттардың жетіспеуінен ұрық өсуін ,тіршілігін тоқтатады. 7.Зиянды өндірісте жұмыс істейтін әйелдерде химиялық токсиндекрдің әсерінен ұрық қатып қалуы мүмкін.8.Кейбір дәрі дәрмекті дұрыс қолданбағаннан да ұрық өсуін тоқтадады.9. Қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдерде ұрығы қатып қалуы мүмкін.
Слайд 23Мамандардың айтуынша, еліміздегі маскүнемдердің үштен бірі түрлі психикалық ауыт- қуларға
ұшырағандар. Іштегі балаға зияны Арақ-шарап ішпейтін әйелдерге қараған да оны
аз болса да татып алатын әйелдердің дүниеге әкелетін сәбилерінің 100 пайызының:
1. 89 пайызы әлсіз болып туады.
2. 84 пайызы болашақта психикалық қи-ындықтарға ұшырайды және басы тиісті мөлшерінен кіші болып бітеді.
3. 80 пайызының сөйлеу мүшелерінде кемістік орын алады.
4. 80 пайызының терісі зақымдалған болады.
5. 51 пайызының аяқ- қол саусақтары қисық болып жаратылады.
6. 46 пайызының жыныстық мүшелерінде, 41 пайызының есту мүшелерінде кемістік байқалады.
7. 29 пайызы жүрек ауруына шалдыққан күйде дүниеге келеді
8. 25 пайызында көру қабілеті төмен болады.
9. 10 пайызының бүйрегі толық істемейді.
10. Бір шыны сыраның өзі ана құрсағындағы сәбидің миына әсер етеді
Слайд 24Спирт — ерігіш болғандықтан ішкен кезде қанға тез сіңіп, ағзаға
күшті әсер етеді.
Ішімдіктің әсерінен адамның ықыласы кеміп, байқампаздығы тежеледі, қимыл
үйлесімділігі бұзылып,
мінез-құлқында әдепсіздік, желікпелік, дөрекілік пайда болады.
3. Адамды ақылынан ғана ажыратып қоймайтын арақ асқазан жолының кілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында,
ұлтабар ұшында уытты жара, гастриттің туындауына әкеліп соғады.
4. Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары) азайып, олардың тұлғасы (формасы)
өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда
шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады. маскүнемнің балалары көп жағдайда
кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
5. Мөлшерден тыс қабылдаған жағдайда ми, жүйке жүйесі, бұлшық ет, бауыр ауруларына ұшыратады. Ойлау, есту
қабілеті төмендейді. Денедегі күллі ағзалар жұмысы бұзылады. Алкоголь ағзада тұрған кезде тірі клеткалар тез
жойылады, ткань жаңармайды. Ішімдік әйел адамның жыныстық қызмет атқару органдарының жұмысын тоқтатады.
6. Осының зардабынан әйел бедеулік ауруына ұшырауы ықтимал.
7. Ал жүкті болған жағдайда ішімдік қолданатын әйелдердің болашақ сәбилерінің 40-60%-ы ақыл-есі кем болып туылуы мүмкін.
8. Ағзада пайда болатын аурулар жүрек, қан айналым жүйесінің бұзылуына соқтырады. Ең қауіптісі – бүйректің жұмысын бұзады. Ішімдікті күнделікті кемінде 800 грамнан ішетін адамда ағзада ақуыздың жетіспеушілігі бірте-бірте байқала бастайды. Бұл ауруды емдемеген жағдайда бүйректің бір бөлігі өледі.
9. Ана сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді.
10. Фетальды алкогольды синдромына әкеледі. - Жүктілік кезінде алкогольді ішімдікті үнемі қолдану (аздаған мөлшерде болса да!) түсік тастауға, уақытына жетпей босанып қалуға, салмағы аз боп туылуына, ал ең қиын жағдайда нәрестенің
11. Перегар деген де осы ыдыраған сірке қышқылы альдегидінің иісі .
12. Бұл ұрық үшін өте улы, жүкті әйел бір мас болып ішкеннің өзінде құрсағындағы баласын сеспей қатыруы мүмкін
Слайд 2513.Эстроген, прогестерон гормондарының дұрыс түзімеуі және ауытқулары.
14. Плацентаның қан тамырларында
тромба пайда болып, қоректік заттардың жетіспеуінен ұрық өсуін ,тіршілігін тоқтатады.
15.