Слайд 2Севепова Молдир Нуратдиновна
Математика пәнінің мұғалімі
8 тамыз 1989 жыл
Білімі:
жоғары, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, 2011 жылы, Мамандығы мен біліктілігі: математика пәні мұғалімі.
Еңбек өтілі: 5 жыл
Кәсіптік біліктілігін арттыру: «Білім мазмұнының жаңаруына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде математикалық білім беру» 2013 жыл
Мұғалімнің өзекті мәселесі:
“ Оқытуда жаңа педагогикалық технология әдістерін пайдалана отырып, оқушыларды өз бетімен жұмыстануға тәрбиелеу және үйрету”
Педагогикалық технологияларды қолдану:
Жауынбай Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын және оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясын пайдалану
Слайд 3Бала – басты байлығымыз,
Ал ең асылымыз оның тәрбиесі.
Жүсіп Баласағұн
Слайд 4“БОРАНҚҰЛ ОРТА МЕКТЕБІ” ММ
9 “Б” сыныбында
2015-2016 оқу жылында жүргізілген
тәрбие жұмыстары
Слайд 52015-2016 оқу жылы бойынша Боранқұл орта мектебінің 9«Б» сыныбында
өткізілетін
тәрбие жұмыс жоспары
Слайд 6Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен
ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,
дүниетанымын, өмірге деген көз қарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті парасатты, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар мыналар:
Тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі- адамгершілік, имандылық,ізгілік,елжандылық.
Үздіксіз тәрбиенің негізі –ұлттық тәлім-тәрбие.
Жас ұрпақты іс-әрекетпен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.
Тәрбие-жүйесінің барлық буынында ана тілін пайдалану.
Тәрбие жүйесінің барлық сатыларымен салаларында тәрбиенің сабақтастығымен үздіксіздігін, талап бірлігін қамтамасыз ету.
Слайд 7Сынып бойынша тәрбиенің 8 бағытына арналған іс-шаралар жоспары оқу жылының
басында құрылды. Сонымен бірге сынып жетекші тәрбие жоспарлары тәрбиенің бағыттарына
сәйкес құрылып бекітілді.
Тәрбие саласының бағыттары бойынша
жүргізілген іс-шаралар
Слайд 8«Бейбітшілік
пен
келісім»
алғашқы сабақ
Слайд 9Менің сүйікті жанұям
Үздік селфи
Сыныптағы барлық оқушылар өз отбасымен түскен
фотосуреттерін
әкеліп, ең үздіктері анықталды
Слайд 11Сынып көшбасшысы
Жарыс сабақ
Жеңімпаз
Тасмағанбетова
Зулфина
Слайд 201.Сынып бойынша барлық оқушы саны –20
Ұлдар – 5
Қыздар - 15
3. Оның ішінде: сыныптың жарты жылдық үлгерімі – 100%
сапасы - 30%
а) үздік оқушылар жоқ
ә) екпінді оқушылар – 6/5
Олар: Арыстанбайқызы Жансая
Ботабаев Жасұлан
Мақсотқызы Эльзат
Қауынбаева Айнагүл
Тасмағанбетова Зулфина
Талапова Мөлдір
б)үлгермеуші оқушылар жоқ
Слайд 22«Қазақстан халықтарының тілдерінің XVII фестивалінде» «Елім менің- ұлыстар мекені» бөлімінде
III – дәржелі дипломмен марапатталды.
Тасмағанбетова Зулфина жүлделі бірінші орынды
иеленді.
Слайд 23«Спорт деген – бір сиқыр» ұранымен өткен мектепішілік волейбол жарысында
9 «Б» сыныбы III орынды жеңіп алды.
Сол сияқты «темекіні
таста, жаңа өмірді баста» ұранымен өткен баскетбол жарысында II - орынды «Қыздар командасы» және «Ұлдар командасы» жеңіп алды.
Слайд 24
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық пәндік олимпиадасының
аудандық
кезеңінде «ерекше жетістікке жеткені үшін»
ағылшын тілі пәнінен Тасмағанбетова Зулфина,
III
дәрежелі дипломмен
математика пәнінен
Арыстанбайқызы Жансая III дәрежелі дипломмен
орыс тілі және әдебиеті пәнінен
Жәнібеков Ринат
Слайд 26Тәрбие процесін жақсарту мақатындағы идеялар
Слайд 27“Бала ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі”
Халық даналығы
Егер бала мінеп сынауды көріп өссе, адам сынау мен кінә тағуды үйренеді.
Егер бала басылып кемсітілсе, қысылып ұялуды үйренеді.
Егер бала дүрдараздық ортасында өссе, бұзақылық шығаруды үйренеді.
Егер бала үнемі ұялтылған болса, үнемі өзін-өзі кінәлі сезінеді.
Слайд 28I. Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы
Тәрбие жұмысының жоспары іс-әрекетке басшылық бола
алады, бұл үшін, ол мектеп оқушыларына тәрбие берудегі нысаналықты, оны
мектептің ортақ мақсатына бағындыруды қамтамасыз ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы керек. Барлық жекелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын шешуге оқушыларды жан-жақты дамытуға, оларды өмірге дайындауға жәрдемдесетін болуы керек. Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыз ету керек.
Слайд 29ІІ. Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы.
Тәжірибелі сынып жетекшілері тәрбие жұмысының әртүрлі формалары мен әдістерін қолданады.
Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы және қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар оқушылардың қызығулары мен білімділіктерін ескере отырып, топтық және жеке-даралық жұмыстарды қарастыру керек. Соңғы жылдары оқулар түрлі лекторийлар, саяси хабарламашылардың семинары сияқты тәрбие формалары кең өріс алуда
Слайд 30ІІІ. Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету. Бұл
талапта әрбір келесі шаралар өзінен бұрынғылардың жалғасы болып табылады және
тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді. Егер қол жеткен нәтижеге сүйенбесе, істелген жұмыстың нәтижелерін баянды етуі мүмкін емес. Бірінші, екінші, үшінші тоқсанның жоспарларында күзгі, қысқы және көктемгі каникул кездерінде жүргізілетін, ал төртінші тоқсанның жартысында еңбек пен демалыс мәселелерін ұйымдастыру кезіндегі жұмыстар көрсетілуі тиіс. Оқу жұмысынан айырмашылығы – оқушыларды тәрбиелеуде үзіліс болмауы керек
Слайд 31IV. Жоспардың нақтылы болуы. Жоспар жасағанда орындалмайтын міндетті қоймаған жөн.
Белгіленген жұмыстардың көлемі оқушылар мүмкіндігіне сай болуы қажет. Барлық жұмыстарды
қамтимын деп сынып жетекшісі көп шараларды белгілемегені жөн. Бірнеше ғана нақтылы міндеттерді белгілеп, мұғалімдердің көмегімен оқушылар ұжымы арасында және
ата-аналармен әртүрлі жұмыстарды жүргізген жөн.
Слайд 32 Сынып жетекшісінің қызметін жоспарлаудың формалары.
Сынып жетекшісінің жоспары тек
мақсат емес, бұл тәрбие жұмысының сапасын арттырудың құралы. Сондықтан жоспардың
формасы ыңғайлы, икемді, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудың нақтылы жағдайларын ескерген болуы керек. Жоспарға өмір талап ететін және ойдағыдай орындалатын шаралар болуы керек. Себебі, әр сыныптың жұмыс жағдайлары бірдей емес, жаңа бастаған сынып жетекшісі жоспарды кең, көлемді етіп жасаса, тәжірибелі педагог қысқаша тұжырымдауы мүмкін. Қандай жағдайда болмасын сынып жетекшілерінің жоспары, тәрбие жұмысының негізгі мазмұны мен бағытын, сынып коллективінің даму болашағын бейнелейтін болуы керек.
Сонымен қатар сынып жетекші мен сынып оқушыларының арасы үнемі тығыз байланыста болғандықтан түрліше бағытта тақырыптар қозғалып талқыланып отырады. Сондықтан аптасына емес айына бір рет сынып сағаты қойылсада аздық етпейді деп ойлаймын.
Слайд 33
- Сынып жетекшісінің оқушыларына жасайтын тәрбиелік ықпалының күші оның моральдық
беделіне байланысты. Тәрбиешінің өз тәрбиелі болуы керек. Шәкірттерді бойына дарытқысы
келген моральдық қасиеттерге өзі де ие болуы қажет.
- Педагогикалық шеберлік.
- Педагогикалық әдептілік (оқушының жеке өзін сыйлау, әкімшілікке жол бермеу, оқушыға сергек және көңіл қойып қарау).
- Балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет.
- Ұйымдастырушылық қабілет.
- Сынып жетекшісінің мамандығын арттыру (өз бетімен білімін көтеру).
- Тәрбие жұмысында шығармашылық көзқарас.
Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар мектеп мұғаліміне қойылатын жалпы педагогикалық талаптардан туындайды.
Слайд 34Уақытыңыз тығыз – бірақ уақыттың аздығына қарамастан көңіл бөлуге тырысыңыз.
Слайд 35Қызметіңіз шаршатады. Сонда да үй ішінің тыныштығы мен жанұя бірлігін
ұмытпаңыз.