Разделы презентаций


№ 3 практикалық жұмыс

Крассворд1.Заң шығарушы орган.2.Мемлекет басшысы.3. ҚР-ның конституциясы қай айда қабылданды?4.Адамның мемлекет пен өзара құқықтарының, мемлекеттің міндеттерінің және жауапкершіліктерінің жиынтығынан көрінетін саяси құқықтық байланыс.5.Мемлекет құрамына қарай Қазақстан қандай мемлекет?6. ҚР-ның ең қымбат қазыналарының

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1№ 3 практикалық жұмыс

Тәңірбергенова Рабиға Көлекбайқызы

rabiga.tanirbergenova@mail.ru

«Қоғамдық пәндер» кафедрасы
«Құқық негіздері»

пәні

Тақырыбы: Конституцялық–құқықтық нормалар ұғымы, олардың түрлері мен ерекшеліктері.
1 академиялық

сағат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

№ 3 практикалық жұмысТәңірбергенова Рабиға Көлекбайқызы rabiga.tanirbergenova@mail.ru «Қоғамдық пәндер» кафедрасы «Құқық негіздері» пәні Тақырыбы: Конституцялық–құқықтық нормалар ұғымы,

Слайд 2Крассворд
1.Заң шығарушы орган.
2.Мемлекет басшысы.
3. ҚР-ның конституциясы қай айда қабылданды?
4.Адамның мемлекет

пен өзара құқықтарының, мемлекеттің міндеттерінің және жауапкершіліктерінің жиынтығынан көрінетін саяси

құқықтық байланыс.
5.Мемлекет құрамына қарай Қазақстан қандай мемлекет?
6. ҚР-ның ең қымбат қазыналарының бірі.

Крассворд1.Заң шығарушы орган.2.Мемлекет басшысы.3. ҚР-ның конституциясы қай айда қабылданды?4.Адамның мемлекет пен өзара құқықтарының, мемлекеттің міндеттерінің және жауапкершіліктерінің

Слайд 3Есеп 1

Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде

мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз. Бұл сөзер ҚР Конституцияның қай бөлімінде айтылған және егемендік дегеніміз не? 
Есеп 2
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. ҚР қызметінің ұстанатын негізгі қағидалары қандай?
Есеп 3
Мақсаты немесе iс-әрекетi Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бiрлестiктер құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрiлген құрамалар құруға ҚР Үкіметі рұқсат береді. ҚР Үкіметінің қабылдаған шешімі дұрыс па және ҚР Конституциясының қай бабымен қаралады?
 
Есеп 1         Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы,

Слайд 4Есеп 4
Мемлекетте көп ұлт

болғандықтан федеративтік мемлекет ретінде атауын мәжіліс депутаттары бір ауыздан қолдады.

ҚР басқару нысанына қарай қандай мемлекет және ол ҚР Конституциясының қай бабында айтылған? 
Есеп 5
Қырғыз азаматы Б. Қазақстанға келіп, бес жылға жұмысқа тұрды. Жұмыс орны одан ҚР азаматтығын алуын талап етті. Ал қырғыз азаматы Б-да қос азаматтық бар екен. ҚР қос азаматтық бар ма және ол ҚР Конституциясының қай бабында қаралған?
Есеп 6
Азамат Д. өзінің жақсы көретін қызымен бірге болуына қыздың анасы қарсы болады. Азамат Д. оған шыдай алмай қыздың анасын өлтіреді. Сот бұл іске байланысты, өлім жазасына кесілсін деп үкім шығарады. Өлім жазасы ҚР бар ма және ол ҚР Конституциясының қай бабында қаралған, қандай адамдарға қолданылады?

Есеп 4      Мемлекетте көп ұлт болғандықтан федеративтік мемлекет ретінде атауын мәжіліс депутаттары

Слайд 5Есеп 7
ҚР жоғарғы

оқу орнына түсуге бір топ ұйғыр балалары құжаттарын тапсырды. Оқуға

қабылдау бөлімі олардың тегiне, әлеуметтiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына байланыты құжаттарын қабылдамай қойды. Оқуға қабылдау бөлімінің шешімі дұрыс па? Азаматтардың Коституциялық құқықтары мен бостандықтары бұзылған ба және Конституцияның қай бабының тармақшасы арқылы қаралады?
Есеп 8
ҚР кәсіпкерлікпен айналысатын әкім үш жыл бойы мемлекетке салық төлемеген. Мемлекеттік салықты төлемегенін әкім, біріншіден өзінің әкім екендігін, екіншіден, кәсіпорыннан пайда түспейтіндігімен түсіндіреді. Бұл ҚР Конституцияның қандай баптарына қайшы келеді.
Есеп 9
Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентiнiң өкiлеттiгiнің қалған мерзiмі ғылым және білім Министіріне берілді. Бұндай жағдайда өкілеттік бірінші кімге беріледі? Ол Конституцияның қай бабының тармақшасы арқылы қаралады?

Есеп 7       ҚР жоғарғы оқу орнына түсуге бір топ ұйғыр балалары

Слайд 6Есеп 10
Республиканың Президентi өзiнiң мiндеттерiн атқару кезiндегi

iс-әрекетi мемлекетке опасыздық жасаған деп, Мәжiлiс депутаттарының екіден бiрiнiң бастамасы

бойынша депутаттардың жалпы санының көпшiлiгiмен қабылданды. Тағылған айыпты тексерудi Сенат ұйымдастырды және оның нәтижелерi Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен Парламент Палаталары бiрлескен отырысының қарауына берiлдi. Бұл мәселе бойынша түпкiлiктi шешiм айып тағудың негiздiлiгi туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестiң қорытындысы болғаннан кейін әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде екіден бірiнiң көпшiлiк даусымен Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында қабылданады. Президент өз қызметінен кетеді ме?
Есеп 11
Жасы жиырма беске толған, жоғары білімі және кемінде төрт жыл жұмыс стажы бар, республикалық маңызы бар қаланың аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутатына кандидатурасын ұсынды. Сайлау органы бұл адамның кандидатурасын тіркемей қойды. Конституцияның қай бабына сәйкес жүзеге асырылады?

Есеп 10   Республиканың Президентi өзiнiң мiндеттерiн атқару кезiндегi iс-әрекетi мемлекетке опасыздық жасаған деп, Мәжiлiс депутаттарының

Слайд 7Есеп 12
Үкiметтiң жүргiзiп отырған саясатымен

келiспейтiнін және оны жүргiзбейтiнін айтып, Үкiмет мүшесi орнынан түсуге өтiнiш

бердi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өтінішті қабылдамай қойды. Конституцияның бабына қайшы келе ме немесе келмей ме?
 Есеп 13
Қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдайының құлдырауына байланысты халық наразылығын білдірді. Парламент Мәжілісі бұл жағдайға себеп Үкімет қызметтін дұрыс атқара алмауы деп, Үкіметке сенімсіздік білдіріп, Үкіметтің таратылатыны туралы мәлімдеді. Парламент Мәжілісі Үкіментті тарата алады ма? Қай заңмен қарастырылады және бабын атаңыз?
Есеп 14
Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы Досжан мәслихат депутаты болу үшін өз өтінішін жазды. Оның өтінішін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы тіркемей тастады. Тіркемеудің себебін оның жас болғандығы және халықты басқара алмайтындығын айтып түсіндіреді. Республиканың Орталық сайлау комиссиясының әрекеті дұрыс па және сіз қандай шешім қабылдайтын едіңіз?


Есеп 12     Үкiметтiң жүргiзiп отырған саясатымен келiспейтiнін және оны жүргiзбейтiнін айтып, Үкiмет мүшесi

Слайд 8Есеп 15
Конституциялық Кеңестің үш мүшесін

- Республика Президенті, екі мүшесін
Парламент, екі мүшесі Үкімет тағайындады. Конституциялық

Кеңестің құрамы
дұрыс құрылған ба? Конституцияның қай бабында көрсетілгенін табыңыз?
Есеп 16
Республиканың отыз жасқа толған, жоғары заң бiлiмi бар, алты ай жұмыс
стажы бар Дәурен судья болу үшін бiлiктiлiк емтиханын тапсыруға өтініш жазды.
Дәуреннің өтініші қабылданбады. Өйткені Дәурен жиырма бестен асып кеткен
және оның жұмыс стажы аз. Дәурен судья бола ала ма, судья болу үшін қандай
талаптар қойылған соны анықтаңыз?
Есеп 17
Қалалық соттың судьясы Шыңғыс Республиканың Бас Прокурорын өз
өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде жол ережесін бұзуға қатысы бар деген күдікпен тұтқынға
алып, күштеп әкеліп, оған сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жазалау шараларын қолданды.
Бас Прокурор өкiлеттiгiнiң мерзiмi қанша жыл және судья Шыңғыстың әрекеті
заңға сәйкес па?

Есеп 15     Конституциялық Кеңестің үш мүшесін - Республика Президенті, екі мүшесінПарламент, екі мүшесі

Слайд 9 Есеп 18
Алматы

қаласының тергеу изоляторларының бірінде отырған азамат Ж. осы мекеменің әкімшілігіне

Президент сайлауына қатысқысы келетіндігін айтып өтініш жазады. Ол өзінің өтінішінде сайлауға қатысуға құқығы жоқ екендігін және өзінің аса ауыр қылмысқа қатысы бар екендігін жазады. Тергеу изоляторы басшысы сайлауға қатысуына рұқсат береді. Тергеу изоляторы басшыларының жауабы заңға сәйкес берілді ме және аталған жауаптан адам құқығын бұзудың қандай түрлері кездеседі?
Есеп 19
Алматы облысының тұрғыны азамат К. өзінің көптен бері жоғалтып жүрген малын көршісінің ұрлауы мүмкін деп күдіктенеді. Сөйтіп көршісінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, түн ішінде мал қорасының, содан соң оның үйінің есігін бұзып кірген. Азамат К-нің әрекетінде Конституцияда бекітілген адам құқығына қол сұғу әрекеті бар ма және сендер бұл істі қалай шешкен болар едіңдер?
 Есеп 20
2011ж. қарашада облыстық соттардың бірінде ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот талқылауы болды. Аталған топ бірнеше рет ауыр қылмыс жасаған, Т. деген кәсіпкер азаматтың отбасын түгел өлтіріп, үйін тонау барысында қолға түседі. Сотта істі жеке дара қараған Ж. деген судья қылмыстық топтың үш мүшесін өлім жазасына кесу туралы үкім шығарған. Судьяның үкімінде заңсыздық бар ма және өлім жазасына кесілгендердің қандай құқықтары бар?

Есеп 18       Алматы қаласының тергеу изоляторларының бірінде отырған азамат Ж.

Слайд 10Тақырып бойынша тест сұрақтары:
1. Конституция ұғымының қазіргі түсінігі:
А) саяси құрылыс
Б)

мемлекеттің жай-күйі
В) нұсқаулар мен жарлықтар
Д) еркіндік туралы құжаттар
Е) негізгі заң
2.

Соңғы Конституция қай жылы қабылданды?
А) 1991 жылы
Б) 1998 жылы
В) 1994 жылы
Д) 1996 жылы
Е) 1995 жылы




Тақырып бойынша тест сұрақтары:1. Конституция ұғымының қазіргі түсінігі:А) саяси құрылысБ) мемлекеттің жай-күйіВ) нұсқаулар мен жарлықтарД) еркіндік туралы

Слайд 11








Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар:
Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының жетекші құқық

саласы ретінде.
Конституцияның қазіргі уақыттағы конституциялық құқықтығы анықтамасы, конституцияның мәні.


Конституциялық дамудың негізгі кезеңдері. 1995 және 2011 жылғы конституциялардың негізгі белгілері.
Конституцияның мазмұны. Конституцияның қасиеттері, конституцияның үстемдігі, конституцияның тұрақтылығы, конституцияның ережелерінің бағдарламалық сипаты.
Конституцияның нысаны мен құрылымы.
Формальды және материялдық конституция, кодификацияланған (жүйелендірілген) және кодификацияланбаған (жүйелендірілмеген) конституциялар.
Кодификацияланған конституция құрылымы. Конституцияны қабылдау және өзгерту тәртібі.










ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар:Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы ретінде. Конституцияның қазіргі уақыттағы конституциялық құқықтығы

Слайд 12 Өзіндік дайындыққа арналған
сұрақтар:

Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызын сипаттаңыз.
Конституциялық-құқықтық қатынастарды

реттеу үшін қандай әдістер қолданылады?
Конституциядағы құқықтар мен бостандықтардың жалпыламалық

мәнін сипаттаңыз.
Белсенді сайлау мен бәсең сайлау дегеніміз не?

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

Өзіндік дайындыққа арналғансұрақтар:Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызын сипаттаңыз.Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін қандай әдістер қолданылады? Конституциядағы құқықтар

Слайд 13

Әдебиеттер және интернет қорларына сілтемелер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08. 1995ж.

(өзгертулер мен толықтырулар 2 ақпан 2011ж. енгізілді)
2. Құқық негіздері: Оқу

құралы / Б.Ө. Алтынбасовтың редакциялығымен. – Астана, «Мастер По» ЖШС, 2012. – 336 бет.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Оқыулық 2 кітаптан тұрады. / Құрастырған Е.Баянов. 1- ші кітап. – Алматы, 2009. – 384 бет .
4. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы: оқулық 2- басылым, өңдеген , толықтырған – Астана: Фолиант,2011. – 360 бет.
5. Булгакова Д. А. « Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. –Алматы: «NURPRESS» баспасы, 2013. – 130 бет.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

Әдебиеттер және интернет қорларына сілтемелер: 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08. 1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 2 ақпан 2011ж.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика