Разделы презентаций


№ 5 Дәріс. Орографияның негізгі көрінісі және жер бедерінің құрылымы. Пайдалы

Содержание

Сабақтың мақсатыЖер бедерінің орографиясының табиғатқа әсерін, Қазақстанның жер бедерінің алуан түрлілігі оның ұзаққа созылған геологиялық тарихымен байланысты екенін көрсету. Сабақтың жоспарыЖер бедері мен орография ұғымына түсінік беру.Қазақстан жер бедеріне сипаттама.Пайдалы қазбалар.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1№ 5 Дәріс. Орографияның негізгі көрінісі және жер бедерінің құрылымы. Пайдалы

қазбалар

№ 5 Дәріс. Орографияның негізгі көрінісі және жер бедерінің құрылымы. Пайдалы қазбалар

Слайд 2Сабақтың мақсаты
Жер бедерінің орографиясының табиғатқа әсерін, Қазақстанның жер бедерінің алуан түрлілігі

оның ұзаққа созылған геологиялық тарихымен байланысты екенін көрсету. 
Сабақтың жоспары
Жер бедері

мен орография ұғымына түсінік беру.
Қазақстан жер бедеріне сипаттама.
Пайдалы қазбалар.

Сабақтың мақсатыЖер бедерінің орографиясының табиғатқа әсерін, Қазақстанның жер бедерінің алуан түрлілігі оның ұзаққа созылған геологиялық тарихымен байланысты екенін

Слайд 3Негізгі түсініктер
Геоморфология – (гректің geo-жер, morfo-пішін, logos-тану) кез-келген жер бедерінің

құрылысын, жаралуын, даму тарихын зерттейтін ғылым. Жер бедері негізінен екі

күштің эндогендік жəне экзогендік əрекеттестігінен пайда болатын нысана. Геоморфология бірнешеге бөлінеді: жалпы геоморфология жəне аймақтық геоморфология. Аймақтық геоморфология құрлық, мұхит, теңіз немесе т.б. нысандардан тұрады. Геоморфологияның тағы бір саласы қолданбалы геоморфология. Ол жер бедерінің өндіріс жəне шаруашылық жүйесінде қолдануымен шұғылданады.
Орография (гр. oros – тау, grapho – жазу) – жоталардың, қыраттардың, өзен аңғарларының, қазаншұңкырлар мен бедердің басқа түрлеріңің сырт бейнелерін және өзара орналасуын зерттейтін геоморфология ғылымының бір саласы.
Жер бедері , рельеф (фр. relіef, лат. relero — көтеремін деген сөзінен шыққан) — жер бетіндегі құрлықтардың, мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы.



Негізгі түсініктерГеоморфология – (гректің geo-жер, morfo-пішін, logos-тану) кез-келген жер бедерінің құрылысын, жаралуын, даму тарихын зерттейтін ғылым. Жер

Слайд 4Жер бедерінің қалыптасуына
ететін факторлар

Жер бедерінің қалыптасуына ететін факторлар

Слайд 5Материктер
Теңіз
шұңғымалары
Таулар
жазықтар
Жоталар
Шұңқырлар
Ойпаттар
Үстірттер
Қыраттар

Шатқалдар
Жыралар
Төбелер
Өзен
аңғарлары

МатериктерТеңіз шұңғымаларыТауларжазықтарЖоталарШұңқырларОйпаттарҮстірттерҚыраттарШатқалдарЖыраларТөбелерӨзен аңғарлары

Слайд 7Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктері

– таулар деп аталады.

Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктері – таулар деп аталады.

Слайд 9Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктері:
1. Жер бедеріндегі жазықтар мен

аласа таулар Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында орналасқан.
2. Биік таулы

аймактар, республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды.
3. Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай бірте-бірте еңіс тартады.
4. Биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлармен және жазықтармен алмасып отырады.
Жер бедерінің мұндай ерекшеліктері климат пен табиғат кешендерінің қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Қазақстанның жазык, аласа таулы бөлігінде табиғат зоналары ендік бағытта орналасқан, ал биік таулы өңірлерде мұндай зоналылық биіктік деңгейлеріне сәйкес таралатынын байқауға болады.
Жер бедері ерекшеліктерінің адамдардың шаруашылық әрекеттеріндегі маңызы зор. Жазыктар мен тауаралық аңғарлар егін шаруашылығымен айналысуға қолайлы келеді. Көк шалғын жамылған тау беткейлері тамаша жайылым ретінде пайдаланылады.

Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктері: 1. Жер бедеріндегі жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында

Слайд 10Кең-байтақ Қазақстанның жер бедері өте күрделі және алуан түрлі. Жер

бедерінің басты ерекшеліктерін физикалық картадан көруге болады. Картадан республика жерінде

жазықтан бастап биік тауларға дейінгі барлық жер бедерінің биіктік сатыларын байқаймыз. Оның аумағының үштен бір бөлігін ұлан-байтак, ойпаттар (Солтүстік Қазақстан жазығының оңтүстік бөлігі, Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты) алып жатыр. Қазақстан аумағының жартысынан астамы биіктігі 400-500 м болатын көтеріңкі жазықтар, үстірттер мен ұсақ шоқылар (Торғай, Үстірт, Сарыарқа және т.б.) үлесіне тиеді. Ал биіктіктері 4000-5000 м-ден астам, бастарын мүздықтар мен кар басқан биік таулар республика жерінің 10%-ынан тұрады. Олар еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында орналасқан таулар: Алтай, Сауыр, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік сілемдері.
Кең-байтақ Қазақстанның жер бедері өте күрделі және алуан түрлі. Жер бедерінің басты ерекшеліктерін физикалық картадан көруге болады.

Слайд 11Оңт.-батыс, солт. және орт. аймақтарға негізінен теңіз деңгейінен 200 –

300 м ғана биік келген жазық жер бедері тән. Оңт.-шығысы

биікт. 5000 – 6000 м-лік таулы өңір болып келген. Яғни, республиканың топогр. жер бедері оңт.-шығыстан солт.-батысқа және шығыстан батысқа қарай аласарады. Сонымен бірге, Қазақстан жерінде Каспий т., Арал т., Балқаш к. сынды тұйық сулы алаптар, терең ойыстар мен құрғақ арналар баршылық. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол республиканың оңт.-шығыс бөлігін қамтитын Тянь-Шань тау жүйесінде. Каспий т-нің шығыс жағалауында құрлықтық бөлігінің ең ойыс жері, теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан Қарақия (Қаракие) ойысы орналасқан.
Оңт.-батыс, солт. және орт. аймақтарға негізінен теңіз деңгейінен 200 – 300 м ғана биік келген жазық жер

Слайд 12Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін,

теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан

және тектоник. қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орт. бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғ. палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай қолаты мен республиканың солт.-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары, ал оңт.-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатты. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңт.-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды.
Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың

Слайд 13 Ойпаттар

Ойпаттар

Слайд 14Жазықтар

Жазықтар

Слайд 15Үстірттер
Торғай үстірті шығыстағы Сарыарқа, батыстағы Мұғалжар жəне Оңтүстік Оралдың аралығында

жатыр. Солтүстігі Батыс Сібір жазығына, оңтүстігі Шалқар теңіз ойысына жалғасады,

орташа биіктігі 200-300 м.
Орал алды (Жем) үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында жатыр.
Бетпақдала үстірті – шығысында Балқаш көлі, батысында Сарысу жəне оңтүстігінде Шу өзені, солтүстігінде Сарыарқа аралығында жатқан аймақ.

ҮстірттерТорғай үстірті шығыстағы Сарыарқа, батыстағы Мұғалжар жəне Оңтүстік Оралдың аралығында жатыр. Солтүстігі Батыс Сібір жазығына, оңтүстігі Шалқар

Слайд 16Қыраттар
Үстірт қыраты солтүстік жəне солтүстік-батысында Каспий маңы ойпаты мен батысында

Маңғыстау жазығымен шектеседі. Қазақстанға оның солтүстік-батыс бөлігі ғана қарайды.
Жалпы Сырт

– Орал тауы мен Еділ өзені аралығындағы үлкен қырат. Қазақстанға оның қиыр оңтүстік шағын бөлігі ғана кіреді.
Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы Орталық Қазақстанның көп жерін алып жатыр. Ол батысында Торғай үстірті мен Тұран ойпатына дейін жетіп, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйелерімен, оңтүстігінде Балқаш көлі жəне Бетпақдаламен, солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен шектесетін ұлан-ғайыр аумақты құрайды.
ҚыраттарҮстірт қыраты солтүстік жəне солтүстік-батысында Каспий маңы ойпаты мен батысында Маңғыстау жазығымен шектеседі. Қазақстанға оның солтүстік-батыс бөлігі

Слайд 17Таулар
Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілемі.

Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м).

Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырым. Тау өз бастауын Шиелі және Терісбұтақ өзендерінен алады. Тас тізбегінен оңтүстікке қарай Үлкен борсық құмды шөлі жалғасады. Ол Арал теңізі мен Мұғалжарды бөліп жатыр.
Маңғыстау таулары – Каспий теңізіндегі Маңғыстаулық жартылай аралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70 шақырым. Бәрі де жыралар, сайлар, аңғарлар, жартастармен бөлшектелген. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі – Қаратау-Бесшоқы (556 м). Таулардың оңтүстік бөлігінде Батыр аталатын ойпат бар. Бұл – Қазақстанның ең төмен нүктесі. Аталған ойпат әлем бойынша Израильдегі Өлі Теңізден (- 395 м), Қытайдағы Тұрфан шұңқырынан (-154 м), Африкадағы Ассаль өзенінен (-150 м), Египеттегі Каттара ойпатынан (-133) кейін бесінші орында тұр. 
ТауларМұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілемі. Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай

Слайд 18Алтай – Алтай-Саян аталып кеткен алып тау жүйесінің бір бөлігі. Шекарасы

Зайсан көлі мен Байқал көліне дейін созылған. Қазақстанға оның тек

оңтүстік-батыс аймағы ғана енеді. Оңтүстік шекарасы – Қара Ертіс өзенінің бассейні және Зайсан көлі, батысы – Қалба жотасы. Жер бедеріне байланысты қазақстандық Алтай үш аумаққа бөлінеді: Оңтүстік Алтай, Кенді Алтай және Қалба жотасы.
Түрген шатқалы ыстық бастауларымен, сарқырамаларымен, қалың ормандарымен, өзендерімен, шипалық өсімдіктерімен, жеміс-жидектерімен танымал. Ең басты байлығы – сарқырмалар. Олардың саны жетіге жуық. Аюлы Сарқырамасы 30 метр биіктікте құлайды және айналысындағы шыршалары көрген көзді ынтықтырады. Жартастарда мұз дәуіріне дейінгі өсімдіктердің іздері қалған. 
Алтай – Алтай-Саян аталып кеткен алып тау жүйесінің бір бөлігі. Шекарасы Зайсан көлі мен Байқал көліне дейін созылған.

Слайд 19Тянь-шань және Хан-Тәңірі. Тянь-шань таулы аймағы Қазақстанның оңтүстік-шығысын алып жатыр. Республикамызға

Орталық, Батыс Тянь-Шань және Солтүстік Тянь-Шань (Күнгей Алатау, Шу-Іле Алатау,

Желтау, Айтау, Қырғыз Алатауы енеді) тауының барлық бөлігі кіреді. Ал Орталық Тянь-Шань Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларында басталады. Осы жерде Қазақстанның ең биік нүктесі – Хан-Тәңірі (6995 м) бар.
Жоңғар Алатауы Қазақстанның шығысында, Қытай мен Қазақстанның шекарасы, Іле мен Алакөл өзендерінің аралығында орналасқан және батыстан оңтүстік-батысқа, солтүстік-шығысқа созылып жатыр. Жоңғар Алатауының жалпы ұзындығы – 400 шақырым. Орташа биіктігі – 3580 м. Мұнда әлі күнге дейін таутекелер, арқарлар, қарақұйрықтар мекен етеді. Барсакелмес аралынан құландар әкелінген. Аймақ көненің көзі саналатын ескерткіштерге бай: тасқа салынған суреттер, қорғандар әлі де зерттеліп келеді. 
Тянь-шань және Хан-Тәңірі. Тянь-шань таулы аймағы Қазақстанның оңтүстік-шығысын алып жатыр. Республикамызға Орталық, Батыс Тянь-Шань және Солтүстік Тянь-Шань (Күнгей

Слайд 21Пайдалы қазбалар
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының

геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың

енуі және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.
Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.
Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады.
1919—1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геолиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Пайдалы қазбалар Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау

Слайд 24Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Қазақстан территориясының жер бетінің әртүрлілігін немен түсіндіруге болады? 
Қазақстандағы

ең төмен жер орналасқан территория? 
Қазақстан территоиясына түгел дерлік кіретін Тянь-Шань

тауының бөлігі? 
Сарыарқаның ең биік шыңы? 
Пайдалы қазбалардың қайсысының барланған қоры мен жылдық өнім мөлшерінен Қазақстан дүние жүзінде 1-орында? 
Қазақстан қандай пайдалы қазбаның қоры жөнінен ТМД елдері жөнінен Ресейден кейін 2-орын алады? 
Шөгінді жыныстарда көбіне қандай пайдалы қазбалар кездеседі? 


Өзін-өзі тексеру сұрақтарыҚазақстан территориясының жер бетінің әртүрлілігін немен түсіндіруге болады? Қазақстандағы ең төмен жер орналасқан территория? Қазақстан территоиясына түгел

Слайд 25Пайдаланылған әдебиеттер
1. Физическая география Республики Казахстан. Алматы: «Қазақ университеті», 1998.- 266с.

Под ред. Джаналиевой Г.М.
2. Абдиманапов Б.Ш. География Казахстана втаблицах и рисунках.

Алматы: «Таймас», 2006. - 88с.
3. Чигаркин А.В. Геоэкология и охрана природы Казахстана: Учебное пособие. -Алматы: «Қазак университеті», 2003. - 338с.
4. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Алматы, 2001. - 216с.
5. Бейсенова А.С. Исторические основы географических исследований Казахстана: КазгосИНТИ, 2001. - 280с.

Пайдаланылған әдебиеттер1.	Физическая география Республики Казахстан. Алматы: «Қазақ университеті», 1998.- 266с. Под ред. Джаналиевой Г.М.2.	Абдиманапов Б.Ш. География Казахстана

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика