Разделы презентаций


О?ушыны? шы?армашылы? ж?мысы

Содержание

АндатпаЗерттеудің мақсаты: Жас ұрпаққа ұлттық қолөнерді үлгі ету.Өзектілігі: «Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай сақтап жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін,адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс» деп Н.Ә. Назарбаев айтқан.Бұл

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1 «Зырян қаласының № 6 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Орындаған:
11 А – сынып оқушысы
Сайлюбаева Азиза

Тақырыбы:

«Қазақтың ұлттық қолөнері – сырмақ»

Бағыты:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақтағы туристік бағыттары



Жоба жетекшісі:
Етикпаева Н А







2015 жыл
«Зырян қаласының № 6 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Слайд 2Андатпа
Зерттеудің мақсаты:
Жас ұрпаққа ұлттық қолөнерді үлгі ету.
Өзектілігі: «Жастарымыз салт-дәстүрімізді

көздің қарашығындай сақтап жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін,адамзаттың

озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс» деп Н.Ә. Назарбаев айтқан.Бұл әрбір адамзат баласы ата-баба мұра етіп қалдырған қолөнер түрлерін ұмытпай ұрпаққа жеткізу деген сөз.
Зерттеудің міндеті: Қазақ халқының ұлттық қолөнері сырмақтың ұмытылып қалмай,қазіргі заман талабына сай ары қарай жандандыру үшін.
Зерттеу жұмысының дерек көздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер. Сауалнама,түсіндірме,әдеби кітаптар, ғылыми еңбектер алынды.
Зерттеудің болжамы: сырмақтың қазіргі заман талабына сай қолданылуы.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: зерттеудің барысында жинақтау, салыстыру, сауалнамалар,талдау және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің жаңалығы: Қолөнердің соның ішінде сырмақтың тарихын анықтау
АндатпаЗерттеудің мақсаты: Жас ұрпаққа ұлттық қолөнерді үлгі ету.Өзектілігі: «Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай сақтап жүретін, көптің көкейіне үміт

Слайд 3Мазмұны
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
Сырмақтың анықтамасы, түрлері;
Мектептер арасындағы сауалнамалар, ұлты қазақ балалары арасында

жүргізілген сауалнамалардың талдаулары;
3.Сырмақтың жасалуы
4.Қорытынды
5.Ұсыныстар
6.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Мазмұны1.Кіріспе2.Негізгі бөлімСырмақтың анықтамасы, түрлері;Мектептер арасындағы сауалнамалар, ұлты қазақ балалары арасында жүргізілген сауалнамалардың талдаулары;3.Сырмақтың жасалуы4.Қорытынды5.Ұсыныстар6.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Слайд 4Кіріспе
Менің қазіргі зерттеп жүрген ғылыми жұмысымның негізі – сонау ежелгі

ата –бабаларымыздың ұлттық өнерін, күнделікті тұрмыста қолданған бұйымдарын қайта жаңғыртып

дамыту,соның ішінде қазақтың ою –өрнектері, соның ішінде халқымыздың дәстүрлі қолөнері сырмақшылық жөнінде жақынырақ таныту болып табылады.
Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар.Ол тарих сонау көне замандардан басталған.Оған Қазақстан жерінде бұрын –соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады.Күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келген сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерінің бірі- киіз басу.Киіз басу өнері адамзат өмірінде сонау көне заманнан белгілі.Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Алтай жеріндегі Пазырық қорғанынан табылған киізден жасалған бұйымдар осының айқын дәлелі.Сол киізден күнделікті тұрмысқа қажетті заттар жасаған.Соның бірі – сырмақ.
Сырмақты мал шаруашылығымен шұғылданатын аудандардағы күллі қазақ шаңырағы дәстүрлі жиһаз ретінде күні бүгінге дейін жасап, пайдаланып отыр.


КіріспеМенің қазіргі зерттеп жүрген ғылыми жұмысымның негізі – сонау ежелгі ата –бабаларымыздың ұлттық өнерін, күнделікті тұрмыста қолданған

Слайд 5Сырмақтың анықтамасы, шығу тарихы
Сырмақ сөзінің төркіні (этимологиясы) белгісіз. Десе де

киізді қабаттап сыру, тігу, немесе төсеніш ретінде жерге сыра салу,

сырғыта салу, сырып салу, сусыта салу, сүйретпе салу сияқты мазмұннан туындайды ма деген жорамалдар көп.
Қазақта “сыру” деген сөз арасын жиі етіп тігетін тігістің түрі,жиі етіп бастырып тігу дегенді білдіреді.
Арнайы басылған киізге басқа түсті киізден қиып дайындалған ою- өрнекті сырып тігу арқылы жасалған сәнді бұйым - сырмақ деп аталады
Сырмақтар тозбайтын мықтылығымен ерекшеленіледі.Жақсы сырылған сырмақтар 50 жылдан астам уақытқа дейін шыдайды.Сонымен қатар сырмаққа аз мөлшерде жүн жұмсалады.
Сырмақ жасаудағы негізгі шикі зат ол киіз. Киіз ақ немесе қара қой жүнінен басылады.Киіз жасаудың өзіндік технологиясы бар.Мен өз зерттеуімнің барысында көрген білгенімді, оқығанымды пайдалана отырып киізді басуды кесте арқылы көрсетемін.




Сырмақтың анықтамасы, шығу тарихыСырмақ сөзінің төркіні (этимологиясы) белгісіз. Десе де киізді қабаттап сыру, тігу, немесе төсеніш ретінде

Слайд 6Сырмақтар

Сырмақтар

Слайд 7Киіз басу технологиясы
Киіз басуға керекті заттар:
Түтілген қой жүні (ақ немесе

қара қой жүні)
Ши
Қайнап тұрған су
Шиді буатын жіп немесе арқан
Шидің үстіне

түтілген жүнді қабаттап салады, егер үлкен ши болса 3-4 әйел адам шиді орап, арқанмен тартып буады.Шидің үстіне қайнап тұрған суды құйып, ары –бері аунатып білекпен басады.Бұл білекпен басудың өзінің бір адам денсаулығына пайдалы жаттығу екеніне көзім жетті.Осылайша 5-6 рет ыстық суға салған соң шала киіз пайда болады.Ол кепкеннен кейін оны қайтадан басындағыдай шиге орап қайтадан ыстық суға пісіріп,осылайша дайын киіз алады.

Киіз басу технологиясыКиіз басуға керекті заттар:Түтілген қой жүні (ақ немесе қара қой жүні)ШиҚайнап тұрған суШиді буатын жіп

Слайд 9Сырмақ жасау
Сырмақ жасау үшін екі түсті киіз керек. Дайын киізді

әр түрлі түске бояйды.Біреуіне ою ойылады. Оюды да әр түрлі

мақсатпен салып ойған.Мысалы оюлардың өзінің тәрбиелік мәні, мағынасы болады.
Ойылған киізді екінші киізге салып көктейді.Оған қой жүнінен иіріліп боялған жиекті басады.
Сырмақ жасауСырмақ жасау үшін екі түсті киіз керек. Дайын киізді әр түрлі түске бояйды.Біреуіне ою ойылады. Оюды

Слайд 10Сауалнамалар
Өз зерттеу жұмысымда мектептер арасында және өз мектебімдегі қазақ балалары

арасында сауалнама сұрақтарын алдым.Сұрақтар мазмұны мынандай болды.
1.Сенің үйіңде сырмақ бар

ма?
2.Әжең немесе анаң сырмақ жасайды ма?
3.Келешекте ұлттық қолөнердің өз үйіңде болғанын, ұмытылып қалмауын қалайсың ба?
Сауалнама қорытындысы төмендегідей болды:
№ 6 орта мектеп оқушылары арасында жүргізілген сұрақтарға көбінде “ жоқ” деген жауабын алдым.Өйткені бұл оқушылардың көбінің ата- анасы осы қаланың жергілікті тұрғындары болғандықтан.
Ал № 9 қазақ орта мектебінде барлық сұрақтарға «иә “ жауаптарын берді. Бірақта бұл сұрақтарға басқа аудандардан мысалы, Катон-Қарағай ауданынан қоныс аударған отбасының балалары жауап берді.

СауалнамаларӨз зерттеу жұмысымда мектептер арасында және өз мектебімдегі қазақ балалары арасында сауалнама сұрақтарын алдым.Сұрақтар мазмұны мынандай болды.1.Сенің

Слайд 11





№ 9 орта қазақ мектебі бойынша

№ 9 орта қазақ мектебі бойынша

Слайд 12Әлемдегі ең ұзын сырмақ
Қытайдан келген қандастарымыз елбасымызбен Астанамыздың туған күніне

арнап сырмақ жасаған.Жетпіс үш жас, жетпіс үш метр сырмақты Н.Ә.Назарбаевқа

табыс етті.Сырмақты жасауға бір жыл уақыт жіберіпті.
Қазір бұл сырмақ Астанада Президент мұражайына төселген.
Сырмақты жасаған шеберлер Гиннестер кітабына енгізуге қамданып отыр.
Әлемдегі ең ұзын сырмақҚытайдан келген қандастарымыз елбасымызбен Астанамыздың туған күніне арнап сырмақ жасаған.Жетпіс үш жас, жетпіс үш

Слайд 13Қорытынды
Бүгінгі таңда қайта көркейген, жаңа мазмұнға ие болған, өмірімізге өзіне

лайықты орын алған бұл өнер саласына өткеннің ескерткіші ғана емес,

күнделікті тұрмыс тіршілігіміздің ажарын ашатын рухани құндылық ретінде қарауымыз керек.Ол сонау ғасырлар қойнауынан жеткен жай таңба – белгі емес, бұл халқымыздың оюмен жазылған шежіре тарихы.Ұлттық қолөнер –халқымыздың қол таңбасы, ол өшуге, жоғалуға жатпайды.Әрине,дүние жүзіндегі әр халыққа ата –баба мұрасын халық қолөнерін сақтап қалу парыз.Атадан балаға мирас болған ұлттық қолөнерді жалғастырушы шеберлердің қатары бірте –бірте азая түсуде.
Сондықтан мектептерде қолөнер түрлері пән ретінде өтсе,жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюуіне ықпал жасары анық.
ҚорытындыБүгінгі таңда қайта көркейген, жаңа мазмұнға ие болған, өмірімізге өзіне лайықты орын алған бұл өнер саласына өткеннің

Слайд 14Ұсыныстар
1.Зырян қаласындағы “Атамұра” мәдени орталығының жетекшісі Тауданбекова Фарида ұлттық қолөнермен

айналысамын деушілерге көмек беріп,үйретуге дайын.
2.Осы зерттеу жұмысымды ары қарай жалғастыру

барысында шағын сырмақ жасауға қол жеткізу.
3.Сырмақ жасау технологиясын бірнеше кезеңге бөліп, көрнекілік ретінде көрсету.
Ұсыныстар1.Зырян қаласындағы “Атамұра” мәдени орталығының жетекшісі Тауданбекова Фарида ұлттық қолөнермен айналысамын деушілерге көмек беріп,үйретуге дайын.2.Осы зерттеу жұмысымды

Слайд 15Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Энциклопедиялар;
Н.Ә.Назарбаевтың нақыл сөздер жинағынан;
Ғаламтордан алынған материалдар;
«Сырмақ өнері» кітабы

А.Ысқақова

Пайдаланылған әдебиеттер тізіміЭнциклопедиялар;Н.Ә.Назарбаевтың нақыл сөздер жинағынан;Ғаламтордан алынған материалдар;«Сырмақ өнері» кітабы А.Ысқақова

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика