Разделы презентаций


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ HOCA AHMET YESEVİ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ULUSLARARASI ҚАЗАҚ –

Содержание

ЖоспарІ. КіріспеІІ. Негізгі бөлім1. Бактериялардан препарат жасау кезеңдері2. Бояу әдістері3. Грам əдісі бойынша бояу4. Михин əдісі бойынша капсуланы бояу 5. Меллер əдісі бойынша спораны бояу6. Циль-Нильсен бойынша қышқылға төзімді бактерияларды бояу

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ

HOCA AHMET YESEVİ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ULUSLARARASI ҚАЗАҚ – ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ TÜRK – KAZAK ÜNİVERSİTESİ

Факультет: Медицина
Тақырыбы: Микробтарды бояу әдістері
Қабылдаған: Асанова Ғ.
Орындаған: ЖМ-201(F)



Түркістан-2015


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ

Слайд 2Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Бактериялардан препарат жасау кезеңдері
2. Бояу әдістері
3.

Грам əдісі бойынша бояу
4. Михин əдісі бойынша капсуланы бояу
5.

Меллер əдісі бойынша спораны бояу
6. Циль-Нильсен бойынша қышқылға төзімді бактерияларды бояу әдісі
ІІІ. Қорытынды
ЖоспарІ. КіріспеІІ. Негізгі бөлім1. Бактериялардан препарат жасау кезеңдері2. Бояу әдістері3. Грам əдісі бойынша бояу4. Михин əдісі бойынша

Слайд 3Микроорганизмдерді микроскопиялық зерттеу үшін олардан тірі жəне өлтірілген күйінде, боялған

жəне боялмаған əр түрлі препараттар даярлайды. Тірі күйінде препарат жасау

олардың формасы мен қозғалысын анықтауға мүмкіншілік береді. Тірі микробтардан препарат жасау үшін « жаншылған тамшы » жəне « ілінген тамшы » əдістерін қолданады. «Жаншылған тамшы » препаратын даярлау үшін заттық əйнектің ортасына ілмешекпепен сұйық ортада өсірілген өсіндінің бір тамшысын тамызып, оны жапқыш шынымен жаншып, самырсын майының бір тамшысын жабынды əйнектің үстіне тамызады, аздап күңгірттенген көз аясында микроскоптайды.
Микроорганизмдерді микроскопиялық зерттеу үшін олардан тірі жəне өлтірілген күйінде, боялған жəне боялмаған əр түрлі препараттар даярлайды. Тірі

Слайд 4Микробтарды тірі күйінде зерттегенде құрғақ жүйені де қолданады. Өлтірілген микробтардан

жасалынған препараттарды бояу арқылы олардың морофлогиясын жəне орналасуын зерттейді. Жай

бояу əдісімен тек қана микробтың морфологиясын көре алсақ, күрделі бояу арқылы микроб клеткасының кейбір структуралық элементтерін (капсула, спора, денешіктер) көру мүмкіншілігі туады.
Микробтарды тірі күйінде зерттегенде құрғақ жүйені де қолданады. Өлтірілген микробтардан жасалынған препараттарды бояу арқылы олардың морофлогиясын жəне

Слайд 5Бактериялардан препарат жасау негзгі 4 этаптан тұрады:

Жағынды дайындау
Кептіру
Бекіту

Бояу
Бактериялардан препарат жасау негзгі 4 этаптан тұрады:    Жағынды дайындау    Кептіру

Слайд 61.Жағынды даярлау
Алдын ала майдан тазартылған заттық əйнекке ілмекпен бір тамшы

физиологиялық ерітіндіні тамызып, содан соң оған пробиркадағы қатты қоректік ортада

өсірілген бактерия өсіндісінен осы ілмешекпен алып салады. Материалды ерітіндіде жақсылап езіп, оны заттық əйнек ауданының 1 – 2 шаршы сантиметр бетіне жұқалап жаяды. Сонда жағынды даярланғаннан кейін азғана уақытта кебеді . Егер де препарат сұйық қоректік ортада даярланатын болса, онда ілмешекпен өсіндіден бір тамшы алады да, құрғақ таза заттық əйнек ортасына тамызып, бірқалыпты етіп жұқалап жағады. Препаратты даярлап болған соң ілмешекті спиртовка жалынында күйдіреді.
1.Жағынды даярлауАлдын ала майдан тазартылған заттық əйнекке ілмекпен бір тамшы физиологиялық ерітіндіні тамызып, содан соң оған пробиркадағы

Слайд 72. Кептіру
Жағындыны бөлме температурасында ауалы жерде кептіреді.
3. Бекіту
Даяр

болған препаратты 1. Бактерияларды əйнекке жабыстыру 2. Зарарсыздандыру жəне 3.

Бояуды қабылдағыштығын арттыру үшін спиртовка жалынында кем дегенде 3 – 6 рет шарпып алады . Олардың арасы кем дегенде 5 – 6 секунд болу керек , микроб клеткасында тұрпайы өзгеріс болмауы үшін жағындыңы қатты қыздырып жіберуге болмайды.
2. КептіруЖағындыны бөлме температурасында ауалы жерде кептіреді. 3. Бекіту Даяр болған препаратты 1. Бактерияларды əйнекке жабыстыру 2.

Слайд 84. Бояу
жай
күрделі
дифференциалды

4. Бояу жайкүрделі дифференциалды

Слайд 9Бояудың жай əдісі бактериялардың жалпы морфологиясымен тез жəне біршама жақсы

танысуға мүмкіндік береді. Жай əдіспен боялғанда тек бір ғана бояу

– көбінесе қызыл – фуксин немесе көгашметилен көгі қолданылады.

Жағындыны Пфейфер фуксинімен 1 – 2 минуттай мерзімде ғана, ал Леффлер көгімен 3 – 5 минут аралығында бояйды.

Бояу мерзімі өткеннен соң оны препараттан төгіп, сумен шаяды, ауалы жерде кептіреді, судың қалдығын сүзгіш қағазбен абйлап сорғытып алады. Боялған жағынды əбден құрғаған болуы керек. Олай бомаса жағындығы тамызылған самырсын майымен ол қосылып эмульсия түзеді де, микроскоптау процесінде кеселін тигізеді.

Даяр болған препаратқа самырсын майын тамызып, оны 90 х объективпен микроскоптайды.
Бояудың жай əдісі бактериялардың жалпы морфологиясымен тез жəне біршама жақсы танысуға мүмкіндік береді. Жай əдіспен боялғанда тек

Слайд 10 Микробтарды күрделі бояу кезінде жағындыны екі бояумен бояйды, оның

біреуі негізгі, ал екіншісі қосымша болып табылады. Күрделі бояу кезінде

бояғыш заттардан басқа əртүрлі түссіздендіретін заттар ( спирт, қышқылдар , т.б) қолданады.
Микробтарды күрделі бояу кезінде жағындыны екі бояумен бояйды, оның біреуі негізгі, ал екіншісі қосымша болып табылады.

Слайд 11Грам əдісі бойынша бояу
Бактериялардың грам оң жəне грамтеріс əр түрлі

боялуы, олардың клетка қабықшасының құрылысына байланысты, яғни грамтеріс бактерияларымен салыстырғанда

грамоң бактериялардың клетка қабықшасы қалың, пептидогликан полимері көп орналасқан, генцианвиолетпен жақсы боялады, 30 – 40 секунд ішінде спирт əсерінен түссізденбейді. Ал грамтеріс бактерияларда клетка қабықшасы жұқа, пептидогликан аз мөлшерде орналасқан, бояуды əлсіз қабылдайды, сондықтан спирттің əсерінен шапшаң түссізденеді.
Бекітілген жағындыға бір тілім сүзгіш қағазды салады да, үстіне генцианвиолет ерітіндісін құйып 3 минут ұстайды.
2. Содан соң бояуды қағазбен бірге төгіп тастайды да ( сумен шаймау керек ), препарат бетіне иодталған спиртті тамызып, 30 секундтай ұстайды.
3. Сумен шаяды, аздап кептіреді.
4. Екі минуттай уақыт Пфейрфер фуксинімен қосымша бояйды.
5. Бояуды төгіп, препаратты сумен шаяды, сүзгіш қағазбен кептіріп микроскоптайды. Микроскоптық бейне : грамоң бактериялар – күңгірт – күлгін түсті , грамтеріс бактериялар – қызыл түсті .
Грам əдісі бойынша бояуБактериялардың грам оң жəне грамтеріс əр түрлі боялуы, олардың клетка қабықшасының құрылысына байланысты, яғни

Слайд 12Бактерия капсуласын бояу
Кейбір бактериялар шырышты қабықпен қапталған болады. Шырыш цитоплазма

тіршілігінің өнімі және ол торша қабырғасы арқылы сыртқа шығып, клетка

қабығын айнала қоршап тұрады. Егерде шырыш қабат қалың, берік, белгілі бір пішіні болып, бактериялар торшаларының айналасына жинал- ған болса, оны капсула деп атайды. Бірқатар микробтарда капсула муцин және әр түрлі полисахаридтерден тұрса, кейбіреулерінде олар полипептидтерден түзіледі. Ауру қоздырғыш зардапты бакте- рияларда капсула түзілуі – олардың қолайсыз ортаға қайтарған қорғаныш реакциясы, яғни микроб организмге енгеннен кейін, оларға алғашында макрофагтар (фагоциттер), кейіннен соларға қарсы түзілген антиденелер қарсы тұрады. Капсуламен қоршалған торшаларға фагоцитоз қызметін атқаратын торшалардың (макро- фагтардың) әсері бәсеңдеу болады, ал антиденелерге олар төзімді келеді. Әдетте, капсуланы зардапты микробтар организмде түзеді. Капсула түзуші бактерияларды зерттеу үшін қажетті материалдардан (ағзалардың бөлшектері, қаны, т.б.) жағынды-сілем жасалады. Капсуланы бояу әдістері бірнешеу (Михин, Романовский-Гимза әдістері, сафранинмен бояу және басқалары).
Бактерия капсуласын бояуКейбір бактериялар шырышты қабықпен қапталған болады. Шырыш цитоплазма тіршілігінің өнімі және ол торша қабырғасы арқылы

Слайд 13Михин бойынша капсуланы бояу әдісі
Бекітілген препаратты 5 минут уақытқа Леффлер

көгімен бояйды (жеңіл бу шыққанша қыздырса да болады).
2. Сумен

тез шайып, сүзгіш қағазбен суын сорғытып, құрғат- қаннан кейін микроскоппен қарайды.
Микроскоптық көрініс нәтижесінде: бактерия торшасы көк, ал оның айналасындағы капсула қызғылт түсті.
Михин бойынша капсуланы бояу әдісіБекітілген препаратты 5 минут уақытқа Леффлер көгімен бояйды (жеңіл бу шыққанша қыздырса да

Слайд 14Бактерия спорасын бояу
Кейбір микроорганизмдер түрлері тіршілікке қолайсыз жағдай туғанда спора

түзеді. Бұл кезде бакте- риялар торшасында су азайып, цитоплазма қоюланып

қатаяды. Споралар бактериялар торшаларының ішінде, оның орта жерінде немесе шетінде (субтерминалды немесе терминалды орналасу) түзіледі. Спора қабығында смола тәрізді өткізгіштігі өте нашар заттар сіңгеннен болады. Бір микроб торшасында бір ғана спора түзіледі, ал ол бір спорадан тек бір ғана бактерия торшасы /вегатативтік/ өніп-өседі. Жалпы спора түзілу бактериялар үшін көбею тәсілі емес, ол микробтың тіршілік үшін күресінің бір көрінісі. Микроб споралары сыртқы орта факторларының әсеріне аса төзімді болады. Ол сегіз қабаттан тұрады. Спораның төзімділігі мен мықтылығы оның құрамында пептидогликанның мол болуына байланысты. Спораларды бояу үшін өте күшті әсер ететін арнаулы бояғыш заттар ерітінділері немесе хром қышқылы немесе басқа да сол сияқты спора қабығын жұмсартып, бұзатын заттармен алдын-ала өңдейді. Спораны бояудың әр түрлі әдістері белгілі. Солардың ішінде жиі қолданылатыны Меллер әдісі.
Бактерия спорасын бояуКейбір микроорганизмдер түрлері тіршілікке қолайсыз жағдай туғанда спора түзеді. Бұл кезде бакте- риялар торшасында су

Слайд 15Меллер әдісі бойынша спораларды бояу әдісі
Жағындыны даярлап кептіреді, бекітеді.
2.

Жағындыға 5 % хром қышқылының ерітіндісін құйып, бір минуттай

ұстайды.
3. Дистилденген сумен шаяды.
4. Препарат бетіне сүзгі қағаз қиындысын салып, оған Циль фуксинін құяды да, спирттік шам жалынында бу шыққанша қызды- рады, сол күйінде бояуды 3-5 минутқа қалдырады.
Қағазды алып, 5 % күкірт қышқылының ерітіндісімен 10 секундтай уақыт түссіздендіреді.
Дистилденген сумен шаяды.
Қосымша Леффлер көгімен 3 минуттай уақыт бояйды.
Дистилденген сумен шайып, кептіреді.
Микроскоптық көрініс нәтижесінде: споралар қызыл, вегетативтік клеткалар көк түске боялады.
Меллер әдісі бойынша спораларды бояу әдісіЖағындыны даярлап кептіреді, бекітеді. 2.  Жағындыға 5 % хром қышқылының ерітіндісін

Слайд 16Қышқылға төзімді бактерияларды бояу
Кейбір бактериялар, мәселен, мүйізді ірі қара малдарда

туберкулез және паратуберкулез ауруларының қоздырғыштарын және майда, сүтте, ішек-қарында кездесетін

кейбір қышқылға төзімді сапрофиттерді әдеттегі әдіспен бояу оңайға түспейді. Бұның себебі бұл бактериялардың клетка қабығында және цитоплазмасында бояғыш ерітінділерді өткізбей- тін май, балауыз тәрізді заттар басқа микробтарға қарағанда анағұрлым көп кездесетіндігінде. Осыған байланысты бұл бактериялар химиялық (бояуларға да), физикалық әсерлерге, төзімді болып келеді. Қышқыл-спиртке төзімді бактерияларды зерттеліне- тін материалда анықтап, басқа микробтардан ажырату үшін арнаулы бояу әдістерін қолданады, неғұрлым кең тарағаны Циль- Нильсен әдісі бойынша бояу.
Қышқылға төзімді бактерияларды бояуКейбір бактериялар, мәселен, мүйізді ірі қара малдарда туберкулез және паратуберкулез ауруларының қоздырғыштарын және майда,

Слайд 17Циль-Нильсен бойынша қышқылға төзімді бактерияларды бояу әдісі:
Дайын жағындыны ауада

кептіріп, от жалынында бекітіп, оның үстіне Циль фуксині сіңірілген сүзгіш

қағазын қояды. Қағаз үстіне 3-5 тамшы су тамызады. Препаратты жалын үстінде бу пайда болғанша қыздырады. Жағындыны суытады, керек болған жағдайда су (2-3 тамшы) құюға болады. Қайтадан қыздырады (2-3 рет), суытады, қағазын алып тастап, сумен тағы да жуады. Препаратты түссіздендіру үшін ыдысқа құйылған күкірт қышқылының 5% ерітіндісіне 2-3 рет салады немесе оған тамызады да 3-5 секунд өткен соң дистилденген сумен жуады. Одан соң препаратқа су мен спирттегі метилен көгінің ерітіндісін тамызып, 3-5 минут аралығында ұстайды. Сумен жуып, кептірген соң микроскоппен қарайды. Микроскоптық көрініс нәтижесінде: қышқылға төзімді бак- териялар рубинді қызыл түске, ал басқа – түрлері көкке боялады.
Циль-Нильсен бойынша қышқылға төзімді бактерияларды бояу әдісі: Дайын жағындыны ауада кептіріп, от жалынында бекітіп, оның үстіне Циль

Слайд 18Микробтардан жасалынған препараттарды бояу арқылы олардың морфологиясын жəне орналасуын зерттей

аламыз.
Қорытынды

Микробтардан жасалынған препараттарды бояу арқылы олардың морфологиясын жəне орналасуын зерттей аламыз.Қорытынды

Слайд 19

Төлемісова Ж.К., Мұзапбаров Б., Қасенова Г.Т., Қожахметова З.Ә. Т31Тағамдық микробиология.

//Оқу құралы.-Алматы, ҚазҰАУ, 2013. - 160 бет.

Толысбаев Б. және

басқалар. Мал дәрігерлік микробиология.- Алматы, 1999.
М.Х. Шығаева, Ә.Т. Канаев. Микробиология және вирусо- логия. -Алматы, 2008. – 376 б.
Сайдулдин Т.С. Ветеринариялық індеттану. Алматы, 1999. 4 Мырзабекова Ш.Б. Ветеринариялық вирусология.- Алма- ты,.2004.
Емцев В.Т., Мишустин Е.Н. Микробиология. М.: ДРОФА. – 2006. – 445 с.
Мишустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. -М.: Агроп- ромиздат, 1987, 347 с.
Егоров Н.С. Промышленная микробиология. -М. Высш.шк., 1989, 688 с.
Теппер Е.З., Шильникова В.К., Переверзева Г.И. Практикум по микробиологии. -М., Агропромиздат, 1987.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Төлемісова Ж.К., Мұзапбаров Б., Қасенова Г.Т., Қожахметова З.Ә. Т31Тағамдық микробиология. //Оқу құралы.-Алматы, ҚазҰАУ, 2013. - 160 бет.

Слайд 20Назарларыңызға рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика