Слайд 1ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Орындаған: Үсенова Бибігүл
Тобы:09-17Жм Б
Қабылдаған: Ибрагим Айгерім
Тақырыбы: Зәр шығарудың рефлекторлы
реттелуі. Бүйрек қызметін зерттеудің клинико-физиологиялық әдістері.
Слайд 2Кіріспе
Негізгі бөлім
Зәр шығару жүйесі
Бүйрек қызметінің реттелуі
Бүйрек қызметтерін зерттеу әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зат алмасуы нәтижесінде тамақпен организмге келген күрделі органикалық және минерал қосындылар ыдырайды. Олардың тіршілікке қажетті заттары ішек-қарын мен бауырдан қанға өтіп, бойға сіңеді, ал зат алмасуынан пайда болган қажетсіз қалдық заттары клеткадан, ұлпалардан, денеден шығарылады. Көмірсуының қос тотығы мен су буы өкпе арқылы тыныс алу мүшелерінің жолдарымен сыртқа шығады. Органикалық, минералдық күрделі қосындылардың ыдырауының соңғы бөлшектері, аралық өнімдері, қорытылмай, бойға сіңбей қалған керексіз заттар, мысалы, крахмал, мочевина, фосфор қышқылы, кейбір тұздар, зиянды микроорганизмдердің токсиндері (улы заттары) ішек пен бүйрек арқылы шығарылады. Су мен онда еріген тұздар, сүт қышқылы, хлорлы қосындылар терлегенде термен шығарылады. Демек зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек, бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып, организмнің ішкі ортасының қалыпты тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы өте зор.
Слайд 4ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ
Зәр түзуші мүше
Зәр шығарушы мүше
Бүйрек
Зәрағар
Қуық
Зәр шығару өзегі
Бүйректің құрылысы мен қызметі
Зәр түзуші мүше –
бүйрек
Үрме
бұршақ пішінді
жұп мүше
Бүйректің жоғарысында эндокрин безедері –қыртыс және ми қабатынан тұратын бүйрік үсті бездері орналасқан
Бүйректің салмағы 150 г, сырты қоңырқай түсті қабаттан ішкі бозғұлт түсті ми затынан түрады.
Бүйректің қызметі.
Бүйрек зат алмасуға
қатысады.Бүйрек шумақтарында нәруыздар түзіледі. Ағзаларда амин қышқылдарының қорын калпына келтіруге мүмкіндік жасайды.
Қорғанышты қызметі (зат алмасу процесінде бөлінетін улы заттарды шығарады);
Ағзаның ішкі ортасының қалыптасуына қатысады.
Слайд 8Нефрон- бүйректің негізгі қызметін атқаратын бірлігі болып табылады.
Бүйректе 1млн дай
нефрон болады. Нефрон капсуладан капилляр түйнегінен және иілген өзекшеден (түтікте)
тұрады.
Нефронда қаннан зиянды заттар,артық су, тұздар,дәрумендер шығарылатын процестер жүреді.
Капсулаға капиллярлардан
тұздар, глюкоза, амин
қышқылдары мен басқа
заттар еріген су түзеді.
Нефронның құрылысы мен атқаратын қызметі
Слайд 9 Нефромның негізгі қызметі зәр түзу:
Зәрдің пайда
болуы 2 құбылыстан тұрады.
1)Алғашқы зәр түзілу
фильтрация(сүзілу)
2) Соңғы зәр түзілу реабсорбция (кері сіңіру)
Алғашқы зәр бүйрек шумақтарында фильтрация қылтамырлар арқылы өтеді.Алғашқы зәрдін құрамында қан плазмасының нәруыздары жоқ.
Бір тәуліктің ішінде 150 – 170л алғашқы зәр пайда болады.
Соңғы зәр ( реабсорбция)түзілу құбылысы бүйрек
түтікшелерінде өтеді. Глюкоза,амин қышқылдары,
витаминдер, су, тұздар кері қанға өтеді. Осыдан 150 л алғашқы зәрден 1,5 л соңғы зәр пайда болады.
Слайд 10 Несептің түзілуі және
құрамы
Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде
алгашқы несеп, ал екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы тамырлар шумағында қан қысымы жоғары, сондықтан қанның Сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде а л ғ а ш қ ы несеп пайда болады. Алғашқы несептің құрамы қан плазмасымен бірдей, бірақ оның құрамында белок пен қан клеткалары болмайды. Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий иондары т. б. организмге қажетті заттар қайтадан қанға кері сіңеді, ал мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты зиянды және тіршілікке қажетсіз заттар Генле иінінен кейінгі екінші деңгейлі иірім каналдарда қалып, нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң ұзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады.
Слайд 12Бүйрек қызметінің реттелуі
Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік жүйке импульстері мен
ондағы қан құрамындағы өзгерістер орталық жүйке жүйесіне, гипоталамус және ми
қыртысы орталықтарына беріледі. Ал эфференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормонын қанға шығарады. Бұл гормон қан айналыс жолымен бүйрек үсті безіне барып, альдостерон гормонының өнімін арттырады. Альдостерон адреналинмен бірге бүйректегі реабсорбцияны (кері сіңу) реттейді. Вазопрессин гиалуронидаза ферментінің белсенділігін жоғарылатып, несеп жинағыш түтікшелердің клеткааралық заты гиалурон қышқылын ыдыратады. Мұның нәтижесінде жинағыш түтікшелердің қабырғасы суды жақсы өткізеді.
Слайд 13Адреналин артерия қан тамырларын тарылтып, нефрондарда сүзілу қысымын өсіріп, несептің
түзілуін жеделдетеді және тұздардың шығуын тездетеді. Жыныс гормондары бүйрек ішіндегі
сүзу, кері сіңу құбылыс тарына әсер ету арқылы судың және натрий тұзын ың мөлшерден тыс сыртқа шығып кетпеуін қадағалайды. Бүйректің қызметін реттеуге соматотропин, тироксин, инсулин, серотонин, гистамин сияқты гормондардың қатысы бар деген болжамдар да баршылық, бірақ олардың әсер ету тетіктері әлі толық зерттелмеген.
Слайд 14Бүйрек функциясын зерттейтін әртүрлі әдістер, оның жұмысын,сапасын толық қарастырады.
Нефрология-
адамның бүйрек қызметін толық және жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.
Клиренс-қан
плазмасына енгізілген түрлі сүзілетін заттардан тазалану коэффициентін анықтайтын әдіс. Бұл әдіспен бүйректің сүзілу дәрежесін анықтайды. Қанға инулинмен және маннитол деген полисахаридтерді енгізеді. Т.б
Слайд 15Қорытынды
Ыдырау өнімдерін шығарудың маңызы. Ағза енді қайта пайдаланбайтын зат алмасудың
соңғы өнімдерін ыдырау өнімдері дейміз. Ағзаға сырттан келген бөгде заттар
да (улы заттар және т.б.) ыдырау өнімдері болып саналады. Осы заттардың барлығы ыдырау өнімдерін шығару мүшелерінің көмегімен ағзадан сыртқа шығарылады. Ыдырау өнімдерін шығару - ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қалдық (қажетсіз) заттардың дер кезінде ағзадан шығарылмауы адам үшін өте қауіпті. Ыдырау өнімдерін шығаруға қатысатын мүшелерге - бүйрек, өкпе, тері, тер бездері, ішек жатады. Зәршығару жуйесіне: 2 бүйрек, 2 несепағар, бір куық және бір зәршығару өзегі жатады.
Слайд 16Пайдаланылған әдебиеттер
Х.Қ. Сәтбаева,
А.А.Өтепбергенов,
Ж.Б.Нілдібаева. “Адам
физиологиясы.” Алматы 2005.
Б.Т.Түсіпқалиев “Балалар
ауруларының пропедевтикасы.”
Алматы 2009.
Рақышев А.
Адам анатомиясы.
Алматы 2003.