Разделы презентаций


Презентация. "Мейірім" интернатішілік ?нпара?ы. ?араша

2ТұлғаЫбырай Алтынсарин Ыбырай –жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, “бұратана” елдер үшін тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтыңең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты

Слайды и текст этой презентации

Слайд 11
“ Мейірімді жүрек” интернаттық өзін-өзі басқару ұйымының үнпарағы.
№2
Қараша, 2015

ж.
Мейірім
Бүгінгі санда:
“ Инфоурок” қашықтық олимпиадасына қатысқан балалардың

жетістіктері.
Тұлға: Ыбырай Алтынсариннің туғанына 174 жыл.
“Бұрымды ару” байқауы.
Ағылшындырдың қорқыныш күніне арналған “Хэллуин” мерекесі.
“Мейірім” психологиялық тренингі.
“Қыз қызғалдақ” кішкентай бүлдіршіндер сайысы.

Интернат тәрбиеленушілері қазан айында “Инфоурок“ қашықтық олимпиадасына қатысып , өз білімдерін сынады. Интернат аға тәрбиешісі Гүлмира Жарменқызы орыс тілінен Елемес Махаббатты , ал орыс әдебиетінен
Әлмұхамбетов Әлішерді дайындап қатыстыр-ды. Оқушылар 2 және 3 орын иеленді.
Интернат тәрбиешісі Айслу Еркінқызы
ағылшын тілінен Мұрат Ақниетті (қатысқаны
жөнінде сертификат) , Ажигулова Қымбатты
(2 орын) қашықтық олимпиадасына қатыс-тырды. Және де «Балалардың интернет желісіндегі қауіпсіздігіне» Есіл Камшат
қатыстырылды.

Қашықтық олимпиадасына қатысқан оқушыларымызды алған марапат-тарымен құттықтаймыз.

1“ Мейірімді жүрек” интернаттық өзін-өзі басқару ұйымының үнпарағы.№2 Қараша, 2015 ж.МейірімБүгінгі санда: “ Инфоурок” қашықтық олимпиадасына қатысқан

Слайд 22
Тұлға
Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай –жаңа үлгідегі ақын, әрі сол

кездегі Ресейде батыл жаңалық
жасап, “бұратана” елдер үшін тың үлгідегі

мектеп ашушы. Қазақтың
ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты аса шебер, өнерлі түрде қабыстырушы.
Мұхтар Әуезов
Алтынсарин Ыбырай (Ибраһим) екінші қарашада 1841 жылы қазіргі Қостанай облысында дүниеге келді. Ыбырай –ағартушы, педагог, жазушы,
этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырайдың өз әкесі (Алтынсары)
ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өскен.
Балғожа би немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашқан жеті жылдық мектебіне оқуға береді. Мектепті бітіргеннен кейін, 1857-1859 жылдар аралығындаатасы Балғожа бидің хатшысы болды. Кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштық қызметіне ауысады. 1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгіледі. Осыдан былай Алтынсариннің ағартушылық педагогиялық қызметі басталды. Шалғай түпкірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан, ағартушылық идеяларымен қанаттанған Алтынсарин көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ауыл- ауылды аралап, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Алтынсариннің талабы мен қадамын халық қуаттады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Мектеп 1864 жылы 8 қаңтарда ашылды. Осыған байланысты үлкен той болып, сол күні мектепке 14 бала жазылды. Мектеп жанынан интернат ашылды. Алтынсарин дүниежүзі педагогика классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды
қазақ даласында оқу- ағарту практикасына енгізген тұңғыш педагог болды.
Ұлы педагог 1889 жылы дүниеден озды.
6 “б” сынып оқушысы Ажигулова Қымбат
2ТұлғаЫбырай Алтынсарин   Ыбырай –жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, “бұратана” елдер

Слайд 33
Бұрымды ару
Қазан айының 21-ші жұлдызында интернатымыздың

“Бұрымды аруы”
анықталды. Оған 6 сынып оқушылары Ажигулова Қымбат, Елемес

Махаббат
және де 7 сынып оқушысы Исатаева Жанаргүл қатысты. Байқаудың шарттарына сәйкес сайыскерлер өз-өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетіп, салт- дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп әділ-қазы алқаларын тәнті етті. Байқауды интернатымыздың тәрбиешісі Айслу Еркінқызы ұйымдастырды. Байқау барысында “Бұрымды ару” атағына ие болған Ажигулова Қымбат, “Өнерлі ару” атағын Исатаева Жанаргүл, “Шебер ару” атағын Елемес Махаббат иемденді.
Аруларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз.

Ағылшындықтардың Хэллуин мерекесі.

Қараша айыны ң он үшінде интернатымызда Хэллуин, яғни ағылшындық-
тардың қорқыныш күні аталып өтті. Қорқыныш күні өте қызықты, көңілді
болды. Қорқыныш кешін өткізген Жұлдыз Серікқызы оқушылардың бетін
бояумен бояп, түрлі ойындар өткізіп барлық балалардың көңілін көтеріп,
қызықты етіп өткізді.
Негізі, Хэллуин ағылшындықтардың Рождествосының алдында тойла-
натын мереке. Хэллуинді қорқыныштырақ ету үшін асқабақтың ішін аршып,
оған бейне салады. Кейбір адамдар оны басына киіп алып, ал кейбірі
Асқабақтың ішіне шам жағады.Балалар әр үйдің есігін қағып, тәттілер сұрай-
ды.

7 “б” сынып оқушысы Исатаева Жанаргүл.

3Бұрымды ару    Қазан айының 21-ші жұлдызында интернатымыздың “Бұрымды аруы” анықталды. Оған 6 сынып оқушылары

Слайд 44
«Мейірім» психологиялық тренингі
Қараша айының 18- жұлдызында интернатымыздың
психологі Лаура Аманжолқызы

мен мектеп психолгі
Сая Инербаевна 8-10 сыныптар аралығында “Мейірім”


атты психологиялық тренинг өткізді. Мақсаты: Мейірімділік сезіміне баулу,бір-біріне жақсылық жасауға, көмек беруге үйрету.Мейірімділік сезімін жақсы тілекпен, жақсы сөзбен жеткізуді үйрету, дағдыландыру. Тренингте түрлі ойындар ойналды, және де балалар өздерінің мейірімді істері жайында айтты. Балалар тренингтен жақсы әсер алып шықты.

«Қыз қызғалдақ»

“Мейірімді жүрек” интернаттық өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдасты-
руымен 24 қараша күні “Қыз қызғалдақ” атты бүлдіршіндер арасында
сайыс өткізілді. 1-3 сынып аралығындағы кішкентай бүлдіршіндеріміз
қатысты. Олар: 1 сынып оқушылары Есіл Камшат және Жолдығали Әсем,
3 сынып оқушылары Ерсейт Жанбота және 2 сынып оқушысы Қуаныш
Сабина. Олар өздерінің өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты. Сайысқа
түскен бүлдіршіндеріміз төменднгідей байқауларда өз мүмкіндіктерін
сынап көрді: Таныстыру,
Өз- өнерін көрсету,
Апликация,
Сән үлгісін көрсету,
Білім сайысы. Бүлдіршіндеріміз мадақтау қағаздарымен
марапатталды. Бас жүлдені “Қыз қызғалдақ” атағын Ерсейт Жанбота жеңіп
алды. “Сәнді қызғалдақ” атағын Жолдығали Әсем және “Өнерлі қызғалдақ”
Атағына Есіл Камшат ие болды. Ал, “Сүйкімді қызғалдағымыз” болып
Қуаныш Сабина танылды. Бүлдіршіндерімізді қолдау үшін ата-аналар
көрермен ретінде қатысты.

4«Мейірім» психологиялық тренингі Қараша айының 18- жұлдызында интернатымыздыңпсихологі Лаура Аманжолқызы мен мектеп психолгі  Сая Инербаевна 8-10

Слайд 55
Ғибратты әңгіме оқы, көңіліңе тоқы!

Жамандыққа жақсылық.


Қызылбас патшасының Абдулла деген уәзірі бар еді.
Соның заманында жұрт бұзылып, бір күн уәзір патшаға
келе жатқанда халық қамап: “ Дегенімізді істе, істемесең
өлтіреміз” деп, ішінде бір батырырағы уәзірді сақалынан
алып жұлықты. Уәзір ашу етпеді, бұлардан шыққан соң
патшаға барып, жұрттың тілегін беріңіз деп өтініп, тілеге-
нін патшадан алып берді және өзінің көрген кемшілігі үшін ешкімге жаза бермеңіз деп оны да тілеп алды. Ертеңіне уәзірге бір саудагер келіпті:
- Тақсыр, кеше сізді ренжітіп сақалыңыздан жұлыққан кісіні айтайын деп келдім, ол Нағым деген менің көршім еді, алдырып жаза беріңіз,”- деді.
Бұл сөзді есіткен соң уәзір саудагерді қайтарып, Нағымды шақыртып алды. Нағым: “Менің кешегі ісімді біреу айтып танытқан екен” деп, қорық-
қанынан үрейі кетіп, келе-ақ уәзірдің аяғына жығылады. Уәзір Нағымды жерден көтеріп айтты дейді:
- Мен сені жазаландыру үшін шақырмадым, бірақ көршің саудагер жақсы кісі емес екен, сенің білместігіңді маған келіп айтты, екінші рет ол көршіңнен сақтанып жүргендей екенсің. Соны айтайын деп шақырып едім,
енді аман бол! –деп ішкерге үйіне кіріп кетті дейді.

Ы.Алтынсарин
5Ғибратты әңгіме оқы, көңіліңе тоқы!

Слайд 66
Психолог айдары
Тест: Сіз қандай жансыз?
Мына сұрақтарға “иә” немесе “жоқ” деп

жауап бересіз.

Сіздің қалтаңызға ақша түсті делік соның бәрін дос-

тарыңызға сыйлық алуға жұмсар ма едіңіз?
Жолдасыңыз өзінің басына түскен ауыртпалықты айтады, сіз сонда
оған ол ауыртпалыққа жаныңыз аши ма?
Егер ойындағы қарсыласыңыз шахматта немесе басқада нашар ойнаса,
оның көңілін көтеру үшін жорта ұтылар ма едіңіз?
Сіз адамдардың көңіл –күйін көтеру мақсатында олар үшін жиі-жиі
жақсы нәрсе айта білесіз бе?
Өткір әзілдесуді ұнатасыз ба?
Ашу –кекті ұнатпайтын мінезіңіз бар ма?
Сіз өзіңізді қызықтырмайтын әңгімені тыңдай аласыз ба?
Сіз өзіңіздің қабілетіңізді іс-жүзінде қолдана аласыз ба?
Ұтылып бара жатсаңыз ойынды қоясыз ба?
Егер сіз өзіңізге –өзіңіз сенімді болсаңыз айтысуыңыздың дәлелін
тыңдаудан бас тартасыз ба?
Біреудің өтінішін ықыласпен орындайсыз ба?
Қасында отырған адамдарды көңілдендіру үшін біреуді түрткілейсіз бе?

Нәтижесі: 1-3-4-7-11 –”иә” жауап берсеңіз 1 ұпай
2-5-6-8-9-10-12 –”жоқ” жауап берсеңіз әрқайсысына 1 ұпай.

8 –ден артық болса сүйкімдісіз. Айналаңыздағы адамдарға ұнайсыз. Адамдармен
тіл табыса аласыз. Сізде достар көп болуы мүмкін. Бірақ бір нәрсені есте ұстаңыз. Ешуақытта жұрттың бәріне жағамын деп ойлама, ол тіптен де пайда бермейді.
4-8 – Сіздің жайсаңдығыңыз жәй нәрсе. Сіз кез-келген адамдарға жайсаң болып
көрінбейсіз. Ұнамайтын адамдарды жаудай көресіз. Бұны мүлдем жанашырлық
деуге болмас. Сонда да біреудің ренжімеуі үшін бәрімен де бірқалыпты болуға тырысу қажет.
4- тен аз адамдармен қатынастарды жақсарту керек. Дос болғыңыз келсе ниетіңіз дұрыс болуы керек.

Интернат психологі: Лаура Аманжолқызы

6Психолог айдарыТест: Сіз қандай жансыз?Мына сұрақтарға “иә” немесе “жоқ” деп жауап бересіз. Сіздің қалтаңызға ақша түсті делік

Слайд 77
Суреттегі 10 айырмашылықты тап.
Интернат тәрбиеленушілерінің шығармашылығы

Алтын күз.

Жалпы, күз мезгілі маған өте ұнайды. Күз мезгілі келгенін
жаңа оқу жылының басталуымен де білуге болады. Күзде
адамдар жылы киініп, қысқа отын жинайды. Жаз бойына еңбектеніп,
суарып өсірген жеміс- жидектерін күзде теріп алады. Ағаштағы жапырақ-
тар сарғайып, жерге түседі. Құдды жерге сары кілем төсеп қойғандай. Күз
мезгілі табиғатты ғажайып ертегідегідей өзгертіп жібереді.

Альфия Амангелдиева

Қош келдің, алтын күз.

Әне-міне дегенше күз де келді. Күн суытты. Айналаға сары кілем
төсеп қойғандай сап-сары. Жауын жиі жауатын болды. Күн қысқара



7Суреттегі  10 айырмашылықты тап.Интернат тәрбиеленушілерінің шығармашылығы

Слайд 88
Құттықтау
Интернат тәрбиеленушілерін Туған
күндерімен құттықтаймыз.

Қуаныш Ақерке

-02.11.2002
Кенжебаев Мұрат -22.11.2000
Бас редактор : Әлмұхамбетова Ақсамал Талғатқызы.
Тарату бөлімі:

“Мейірімді жүрек” ұйымы.
Телефон: 22- 6- 45
Мекен-жайы: Ембі қаласы,
Жанындағы интернатпен №7 орта мектеп,

бастады. Күзде қырман басы тазарып, бау –бақша жиналып, құстар жылы
жаққа ұшатын мезгіл. Күз табиғаты тамаша болады. Күз мезгілінің кереметі
туралы көптеген ақын –жазушыларымыз жырлап өткен. Мысалы, Абай
атамыз өз өлеңінде былай деп жазған:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тоңғаны ма, тойғаны ма
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Әлішер Әлмұхамбетов

Айтеке би №21.

8Құттықтау  Интернат тәрбиеленушілерін Туған күндерімен құттықтаймыз.  Қуаныш Ақерке -02.11.2002Кенжебаев Мұрат -22.11.2000Бас редактор :  Әлмұхамбетова

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика