Разделы презентаций


ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА

Содержание

Жүрек қан-тамыр жүйесі патологиялары жер шарында өлімшілдіктің негізгі себебі б.т. Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда 2011 жылы жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларынан 51,3 мың адам қайтыс болған, бұл көрсеткіш жалпы өлімшілдіктің 35,5% құрады.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

ФАРМАКОЛОГИЯ МОДУЛІ

Тақырыбы: Жүрек қан-тамыр жүйесі патологияларында қолданылатын дәрілік заттардың жіктелуі,

жалпы сипаттамасы және қолданылуы (3 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін)


Құрастырған: м.ғ.к. Айтжанова Г.Б.

Алматы, 2014
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ  ФАРМАКОЛОГИЯ МОДУЛІТақырыбы: Жүрек қан-тамыр жүйесі

Слайд 2Жүрек қан-тамыр жүйесі патологиялары жер шарында өлімшілдіктің негізгі себебі б.т.



Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда 2011 жылы жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларынан

51,3 мың адам қайтыс болған, бұл көрсеткіш жалпы өлімшілдіктің 35,5% құрады.

Жүрек қан-тамыр жүйесі патологиялары жер шарында өлімшілдіктің негізгі себебі б.т. Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда 2011 жылы жүрек

Слайд 3Жүрек қан-тамыр жүйесі патологияларында қолданылатын дәрілік заттар

1. Жүректің ишемиялық ауруында

(стенокардия, миокард инфаркты) қолданылатын дәрілік заттар

2. Жүрек ритмінің бұзылыстарында

(аритмиялар, блокадалар) қолданылатын заттар

3. Артериялық қысымның өзгеруімен жүретін патологияларда (гипертензия, гипотензия) қолданылатын заттар

Жүрек қан-тамыр жүйесі патологияларында қолданылатын дәрілік заттар1. Жүректің ишемиялық ауруында (стенокардия, миокард инфаркты) қолданылатын дәрілік заттар 2.

Слайд 44. Жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын заттар

5.Жүректің қабыну ауруларында (эндокардит, миокардит, перикардит)

қолданылатын заттар

6.Жүрек қақпақшаларының ақауларында қолданылатын заттар

4. Жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын заттар5.Жүректің қабыну ауруларында (эндокардит, миокардит, перикардит) қолданылатын заттар 6.Жүрек қақпақшаларының ақауларында қолданылатын заттар

Слайд 5

Жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын заттар

Жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын заттар

Слайд 6 Жүрек жетіспеушілігінің себептері:
-қанның көлемінің немесе артериялық қысымның жоғарылауына байланысты жүрекке

жүктеме түсу (жүректің ақауларында, гипертониялық ауруда, өкпе ісінуінде),
-миокардтың жиырылғыштық қасиетінің

төмендеуі (миокард инфарктында, инфаркттан кейінгі кардиосклерозда, жүрек аневризмасында),
-миокардтың дегенеративтік өзгерістерінде
(кардиодистрофияларда)

Жүрек жетіспеушілігінің себептері:	-қанның көлемінің немесе артериялық қысымның жоғарылауына байланысты жүрекке жүктеме түсу (жүректің ақауларында, гипертониялық ауруда, өкпе

Слайд 7
Жүрек жетіспеушілігінің түрлері
даму ерекшелігі бойынша
- жедел жүрек жетіспеушілігі
-

созылмалы жүрек жетіспеушілігі

орналасуы бойынша
- солжақ қарыншалық ЖЖ
- оңжақ қарыншалық

ЖЖ





Жүрек жетіспеушілігінің түрлері даму ерекшелігі бойынша - жедел жүрек жетіспеушілігі- созылмалы жүрек жетіспеушілігіорналасуы бойынша - солжақ қарыншалық

Слайд 8Клиникалық көріністері бойынша
-I сатысы – физикалық жүктемеде дамитын ентікпемен,

тахикардиямен, шаршағыштықпен көрінеді,
-II сатысы – ағзаларда және тіндерде қайтымды функционалды

бұзылыстар байқалады,
-III сатысы – ұзақ уақыт гипоксияға байланысты ағзада морфологиялық өзгерістердің дамуы.

Клиникалық көріністері бойынша 	-I сатысы – физикалық жүктемеде дамитын ентікпемен, тахикардиямен, шаршағыштықпен көрінеді,	-II сатысы – ағзаларда және

Слайд 9Жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік заттар
1. Кардиотоникалық заттар
2. Ангиотензин-айналдырушы ферменттің

ингибиторлары
3. Зәр айдайтын заттар
4. Бета адреноблокаторлар
5. Перифериялық вазодилататорлар
6. Калий

препараттары

Жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік заттар1. Кардиотоникалық заттар 2. Ангиотензин-айналдырушы ферменттің ингибиторлары3. Зәр айдайтын заттар 4. Бета адреноблокаторлар5.

Слайд 10Кардиотоникалық заттар – миокардтың жиырылғыштығын жоғарылататын заттар
Кардиотоникалық заттар 2 топқа

бөлінеді:
1. Жүрек гликозидтері

2. Гликозидтік емес кардиотоникалық заттар

Кардиотоникалық заттар –  миокардтың жиырылғыштығын жоғарылататын заттарКардиотоникалық заттар 2 топқа бөлінеді:1. Жүрек гликозидтері2. Гликозидтік емес кардиотоникалық

Слайд 11Жүрек гликозидтері - кардиотоникалық әсер көрсететін, негізінен өсімдік тектес препараттар.



Клиникалық практикада жүрек гликозидтерін алғаш рет ағылшын дәрігері Уайтеринг XVIII

ғ. соңында қолдана бастаған.


Жүрек гликозидтері - кардиотоникалық әсер көрсететін, негізінен өсімдік тектес препараттар. Клиникалық практикада жүрек гликозидтерін алғаш рет ағылшын

Слайд 12Жүрек гликозидтерінің жіктелуі
Жүрек гликозидтері алу көзі бойынша келесі топқа

бөлінеді:
1. Алқызыл оймақгүл препараты
Дигитоксин 
2. Түкті оймақгүл препараты  
Дигоксин Целанид Лантозид 
3.

Тотық түсті оймақ гүл препараты
Дигален-нео 
4. Жанаргүл препараты
Жанаргүл шөбінің тұндырмасы
Адонизид 


Жүрек гликозидтерінің жіктелуі Жүрек гликозидтері алу көзі бойынша келесі топқа бөлінеді:1. Алқызыл оймақгүл препараты Дигитоксин  2. Түкті

Слайд 135. Строфанте Комбе препараттары
Строфантин К 

6. Меруертгүл препараттары
Меруертгүл тұнбасы

Коргликон 

7. Желтушник препараттары
Кардиовален 

5. Строфанте Комбе препараттары	Строфантин К 6. Меруертгүл препараттары 	Меруертгүл тұнбасы   Коргликон 7. Желтушник препараттары 		Кардиовален 

Слайд 14Жүрек гликозидтерінің негізгі фармакологиялық әсерлері
Оң инотропты әсер – систоланың күшеюі

және қысқаруы

Теріс хронотропты әсер – брадикардия, диастоланың ұзаруы

Теріс дромотропты

әсер – өткізгіштіктің тежелуі

Оң батмотропты әсер – қозғыштығының күшеюі (жоғары мөлшерде)
Жүрек гликозидтерінің негізгі фармакологиялық әсерлеріОң инотропты әсер – систоланың күшеюі және қысқаруыТеріс хронотропты әсер – брадикардия, диастоланың

Слайд 15Жүрек гликозидтерінің әсер механизмі
ЖГ кардиомиоциттер мембранасының транспорттық Na-К-АТФазасын тежейді, нәтижесінде

жасушаішілік Na+ деңгейі жоғарылайды.
Na+
Са2+
Na+, K+-АТФаза
30-35%

Жүрек гликозидтерінің әсер механизміЖГ кардиомиоциттер мембранасының транспорттық Na-К-АТФазасын тежейді, нәтижесінде жасушаішілік Na+ деңгейі жоғарылайды. Na+Са2+ Na+, K+-АТФаза30-35%

Слайд 16
Na+\Са2+алмасуы бұзылады

Са2+ жасушадан шығуы төмендейді
Сырттан Са2+ енуі жоғарылайды

Жасушаішілік

Са2+ деңгейі жоғарылайды

Са2+ әсерінен АТФ түзілуі күшейеді



Na+\Са2+алмасуы бұзылады ↓Са2+ жасушадан шығуы төмендейдіСырттан Са2+ енуі жоғарылайды ↓Жасушаішілік Са2+ деңгейі жоғарылайды ↓Са2+ әсерінен АТФ түзілуі

Слайд 17
АТД = АДФ + энергия

Энергия тропониндік кешенді тежейді

Актин мен

миозин әрекеттесіп, актомиозин түзіледі

Актомиозин систоланы күшейтеді
(+ инотропты әсер дамиды)



АТД = АДФ + энергия↓Энергия тропониндік кешенді тежейді ↓Актин мен миозин әрекеттесіп, актомиозин түзіледі↓Актомиозин систоланы күшейтеді (+

Слайд 18 Теріс хронотропты және теріс дромотропты әсерінің механизмі
Жүрек гликозидтерінің оң инотропты

әсерінің нәтижесінде қан тамырларында қысым жоғарылайды, механорецепторлары ынталанады, рефлекторлы түрде

кезбе жүйкенің қозуы байқалады, нәтижесінде теріс хронотропты және дромотропты әсерлер дамиды

Теріс хронотропты және теріс дромотропты әсерінің механизмі 	Жүрек гликозидтерінің оң инотропты әсерінің нәтижесінде қан тамырларында

Слайд 19ЖГ фармакокинетикасының ерекшелігі
Жүрек гликозидтері ФК ерекшелігі бойынша 3 топқа

бөлінеді
1. Полярлы жүрек гликозидтері
Строфантин Коргликон
Полярлы жүрек гликозидтерінің

ерекшеліктері
Суда жақсы ериді, негізінен парентералды енгізіледі (к\т)
Қан сарысуы белогымен байланыспайды (өте әлсіз, 5-7%), сондықтан әсер ету ұзақтығы қысқа
Әсері 7—10 мин кейін басталады, максималды әсері
1–1,5 с кейін дамиды, 12 с дейін созылады
Бүйректен оңай, жылдам шығады, ағзада жиналмайды

ЖГ фармакокинетикасының ерекшелігі Жүрек гликозидтері ФК ерекшелігі бойынша 3 топқа бөлінеді 1. Полярлы жүрек гликозидтері Строфантин

Слайд 20ЖГ фармакокинетикасының ерекшелігі
2. Салыстырмалы полярлы жүрек гликозидтері
Дигоксин Целанид Адонизид 
Жанаргүл шөбінің

тұндырмасы
Салыстырмалы полярлы жүрек гликозидтерінің ерекшелігі
Суда және майда жақсы ериді,
Парентералды

және энтералды тағайындалады,
Қан сарысуы белогымен біршама байланысады (50-60%),
Максималды әсері 5–6 с басталады және 2–5 күнге дейін созылады (к\т енгізгенде әсері 15–30 мин басталады),
Кумулятивті қасиеті орташа.
ЖГ фармакокинетикасының ерекшелігі 2. Салыстырмалы полярлы жүрек гликозидтері Дигоксин	Целанид	Адонизид Жанаргүл шөбінің тұндырмасы Салыстырмалы полярлы жүрек гликозидтерінің ерекшелігіСуда және

Слайд 21ЖГ фармакокинетикасының ерекшелігі
3. Полярлы емес жүрек гликозидтері
Дигитоксин
Полярлы емес

жүрек гликозидтерінің ерекшелігі
суда нашар ериді, майда жақсы ериді,
АІЖ толық сіңеді,

тек энтералды тағайындалады
қан сарысуы белогымен жоғары деңгейде байланысады (90%),
әсері өте ұзақ (2-3 апта)
негізінен өтпен бөлінеді және кері сорылады
жоғары деңгейдегі кумуляция тән

ЖГ фармакокинетикасының ерекшелігі 3. Полярлы емес жүрек гликозидтері ДигитоксинПолярлы емес жүрек гликозидтерінің ерекшелігісуда нашар ериді, майда жақсы

Слайд 22Жүрек гликозидтерінің қолданылуы
1. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі

2. Жедел жүрек жетіспеушілігі



3. Жүрек ритмінің бұзылыстары (жыпылықтау аритмиясы, пароксизмалды тахиаритмия)

Жүрек гликозидтерінің қолданылуы1. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі 2. Жедел жүрек жетіспеушілігі 3. Жүрек ритмінің бұзылыстары (жыпылықтау аритмиясы, пароксизмалды

Слайд 23Гликозидтік емес кардиотоникалық заттар
Гликозидтік емес кардиотоникалық заттардың
жіктелуі
1. Фосфодиэстераза ингибиторлары


Амринон Милринон
2. Бета-адреномиметиктер
Добутамин

Изадрин
3. Катехоламиндер және оның ізашарлары
Норадреналин Дофамин
4. Глюкагон

Гликозидтік емес кардиотоникалық заттарГликозидтік емес кардиотоникалық заттардың жіктелуі1. Фосфодиэстераза ингибиторлары Амринон     Милринон2. Бета-адреномиметиктер

Слайд 24Амринон – фосфодиэстераза ингибиторы
Әсер механизмі:
1) фосфодиэстеразаны тежейді, цАМФ жиналуына ықпал

етеді және кардиомиоциттерде Са 2+ жоғарылатады
Фармакологиялық әсері
-оң инотропты әсер

Қолданылуы:

жедел іркілістік жүрек жетіспеушілігінде,
Жанама әсерлері: гипотензия, тахикардия, аритмия, бүйрек қызметінің бұзылыстары, тромбоцитопения

Амринон – фосфодиэстераза ингибиторыӘсер механизмі:	1) фосфодиэстеразаны тежейді, цАМФ жиналуына ықпал етеді және кардиомиоциттерде Са 2+ жоғарылатады	Фармакологиялық әсері-оң

Слайд 25Милринон –фосфодиэстераза ингибиторы
Милринонның құрылымы мен әсер механизмі амринонға ұқсас,
Препараттың белсенділігі

жоғары, науқастар амринонға қарағанда жақсы көтереді,

Қолданылады: тек жедел іркілістік

жүрек жеткіліксіздігінде қысқа уақытты терапия үшін,

Жанама әсерлері: гипотензия, аритмия, гипокалиемия
Милринон –фосфодиэстераза ингибиторыМилринонның құрылымы мен әсер механизмі амринонға ұқсас,Препараттың белсенділігі жоғары, науқастар амринонға қарағанда жақсы көтереді, Қолданылады:

Слайд 26Дофамин – биогенді амин, норадреналиннің ізашары
ӘМ: дофаминдік рецепторларды, ал үлкен

мөлшерде - альфа-1 және бета-1-адренорецепторларды ынталандырады,
- тікелей емес адреномиметик (нораденалиннің

ізашары)
Жүректік лақтырымды жоғарылатады,
Ауыр жүрек жетіспеушілігінде жүрек гликозидтері тиімсіз болғанда тағайындалады,

Жанама әсерлері: тахикардия, кеудеде ауыру сезімі, САҚ жоғарылауы, жүрек айну, құсу, тремор, аритмия, тітіркендіргіш әсер
Дофамин – биогенді амин, норадреналиннің ізашарыӘМ: дофаминдік рецепторларды, ал үлкен мөлшерде - альфа-1 және бета-1-адренорецепторларды ынталандырады,- тікелей

Слайд 27Добутамин – бета 1 адреномиметик
ӘМ: тікелей және таңдамалы бета1-адренорецепторларды қоздырады,
Ф.Ә:

жүректің жиырылу күшін, жиілігін жоғарылатады,
Қолданылады: миокард инфарктынан, жүрекке операция

жасалған соң дамыған жедел жүрек жетіспеушілігінде

ЖӘ: тахикардия, жүрек ритмінің бұзылуы
Добутамин – бета 1 адреномиметикӘМ: тікелей және таңдамалы бета1-адренорецепторларды қоздырады,Ф.Ә: жүректің жиырылу күшін, жиілігін жоғарылатады, Қолданылады: миокард

Слайд 28Глюкагон
Глюкагон жүректің жиырылу жиілігі мен күшін жоғарылатады

Гипергликемиялық әсер

Бета-адреноблокатормен уланғанда дамитын

жедел жүрек жетіспеушілігінде тиімді

ГлюкагонГлюкагон жүректің жиырылу жиілігі мен күшін жоғарылатадыГипергликемиялық әсерБета-адреноблокатормен уланғанда дамитын жедел жүрек жетіспеушілігінде тиімді

Слайд 29 Ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторлары- Каптоприл Эналаприл
Шеткі венозды және артериялық

қан тамырларды кеңейтеді
Гемодинамиканы жақсартады
Жүректен кейінгі жүктемені азайтады
Жүректік лақтырылымды жоғарылатады
Созылмалы

жүрек жетіспеушілігін емдеу үшін қолданылады
Жанама әсерлері: гипотония, тахикардия, құрғақ жөтел
Ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторлары- Каптоприл  Эналаприл  Шеткі венозды және артериялық қан тамырларды кеңейтедіГемодинамиканы

Слайд 30 Бета адреноблокаторлар Метопролол Бисопролол
Жүрек жетіспеушілігінде

компенсаторлы реакция ретінде адреналин мен норадреналиннің бөлінуі жоғарылайды, нәтижесінде тахикардия

және гипертензия байқалады.
Бета адреноблокаторлардың қолдануға көрсетілулері:
-миокардты катехоламиндердің токсикалық әсерінен қорғайды,
-антиангиналды әсеріне байланысты,
-антиаритмиялық қасиеті бар, қарынша фибрилляциясының алдын алады,
-ренин-ангиотензин альдесторондық жүйені тежейді,
-кенеттен өлімнің алдын алады

Бета адреноблокаторлар  Метопролол      Бисопролол Жүрек жетіспеушілігінде компенсаторлы реакция ретінде адреналин

Слайд 31Әдебиеттер:
1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы Алматы, 2004 ж.

604 б.
2.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп.

и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 с.
3.Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. – М.: Новая волна, 2007 – 1206 б.
4. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.
5. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.
Основы фармакотерапии детей и взрослых: руководство для врачей / И.Б. Михайлов. –М.: АСТ; СПб.: Сова, 2005. – 798 б.
Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 б.
Клиническая фармакология и фармакотерапия. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 б.
Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 б.
Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б.

Әдебиеттер:1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы Алматы, 2004 ж. 604 б.2.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика