Слайд 1Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену
Слайд 2«Саяси мәдениет“ деген ұғымды бірінші қолдап ,ғылыми әдебиетке енгізуші деп
18 ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы, фәлсафашы Иоганн Гердерді санайды.
Слайд 3Саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән
саяси сана мен іс- әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.
Слайд 4Саяси мәдениеттің міндеті мен қызметтері:
Слайд 5Танымдық қызметі- қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принцептерді
танып-білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды
басқарудың әдіс- тәсілдерімен қаруландыру.
Реттеушілік қызметі- саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік- таптық, ұлттық қатынастарды реттеу.
Тәрбиелік қызметі-әркімді қоғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшіліке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу.
Слайд 6Біріктірушілік қызметі- қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы
әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға
жұмылдыру.
Қорғау қызметі- қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.
Сабақтастық қызметі- саяси тәжербиені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық.
Слайд 7Саяси мәдениеттің құрамдас бөліктеріне жатады:
Слайд 8Біріншісі- кейбір адамдар, топтар,тіпті тұтас ұлттар теңдікті қастерлеп, соған тұрақты
бет бұрады.
Екіншісі- еркіндікті, бостандықты аңсайды, ең бастысы байлық деп санайды.
Үшіншісі-
әлеуметтік қорғанышты бәрінен артық көреді.
Төртіншісі-автаномияны қалайды.
Слайд 9Саяси мәдениеттің ерекшеліктері:
Адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы.
Саяси бағдар
ұстау.
Әдет-ғұрып, жүріс-тұрыс.
Саяси жүйенің және оның институттарының қызмет етуі кіреді.
Слайд 10Саяси мәдениетті қалыптастыратын негізгі күштер:
Мемлекет
Қоғамдық ұйымдар мен партиялар
Діни ұйымдар
Ақпарат құралдары
Слайд 11Саяси мәдениеттің жіктелуі:
Патриархтық азаматтық
қоғамшыл
Слайд 13Саяси әлеуметтену деп- адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп,
оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси
санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады.
Слайд 14“Әлеуметтену“ деген ұғымды 19 ғасырдың аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф.Гидденс және
француз әлеуметтанушысы және психологі Г. Тар ғылыми айналымға енгізді.
Слайд 15Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:
Қоғамның жаңа
Қоғам мүшелеріне
Саяси мәде-
мүшелеріне саяси қажетті саяси тәжербие ниеттің эле-
мәдениеттің негізгі алуға,саяси іс-әрекет етуге менттерін өз-
элементтерін жеткізу қолайлы жағдай жасау герту
Слайд 16Саяси әлеуметтенудің кезеңдері мен институттары
Слайд 17Саяси әлеуметтенудің институттарына мыналар жатады:
Отбасы:
Білім жүйесі:
Ақпарат құралдары:
Мемлекет:
Партия:
Діни ұйымдар:
Саяси оқиғалар:
Слайд 18Америка ғалымдары Д.Итсон мен Дж. Деннис 12 мың Америка балаларын
сұрақ- жауап арқылы зертеп, саяси әлеуметтенудің 4 кезеңнен тұратынын көрсетті:
Саясаттану,яғни
балдырғанның ата-ана билігінен де жоғарғы саяси билік барын ұғыну;
Жекелеу,мұнда бала саяси билікті президент, полицейский деп ұғыну;
Дәріптеу,яғни саяси қайраикерлерге тек жақсы қасиеттерді таныту;
Институционалдандыру, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, иесіз институттар арқылы қабылдау;
Слайд 19Саяси әлеуметтенудің типтері:
Гегемонистік-саяси
Плюристік-адам басқа
әлеуметтену бір таптық,
азаматтардың, олардың
діннің немесе идеологияның құқығы мен еркіндігін
негізінде қалыптасады. тегін мойындайды