Слайд 1С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: Травматология,ортопедия және ӘДХ
СӨЖ
Презентация
Тақырыбы: Уақытша қан тоқтату,жгут салу,таңғыш салу ережелері және техникасы
Орындаған:Кенжебаева П.К.
Топ:32-2
Факультет:Жалпы медицина
Қабылдаған:Бердаулетов Б.А.
Слайд 2 Жоспар
Жалпы қан кетуге түсініктеме
Жіктелуі
Клиникасы
Қан
тоқтату тәсілдері
Жгут салу техникасы
Таңғыш салу техникасы
Алғашқы медициналық көмек
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер
Слайд 3Түсініктеме
Қан кету- қантамырларынан белгілі бір себептерден қан ағуды айтамыз.
Қан кетеді аға қуысына,сыртқа, және табиғи тесік жерлерден (қынаптан,мұрын,ауыз,тік ішектен,терінің
жарақатынан т.б.)және жасырын болып та ағады(плевра,перикардит,мидың қарыншаларына),ол бірақ ауыр өтеді.
Слайд 4Классификация
Тамырлардан қанның кетуіне байланысты оларды:
Артериялық
Веналық
Капилярлық
Паренхиматозды болып бөлемиз.
Пайда болу
себептеріне қарай:
Жарақаттық
Потологиялық
Ауырлық дәрежесіне қарай:
Жеңіл (10-15% қанайналым көлемінің,500 мл дейін, гемотокрит
30%)
Орташа (16-20 % қанайналым көлемінің,500-1000 мл,гемотокрит 25%)
Ауыр (21-30% қанайналым көлемінің, 1000-1500 мл,гемотокрит 25%)
Массивті (›31% қанайналым көлемінің,›1500 мл)
Өлімдік (50-60% қанайналым көлемінің,2500-3000 мл)т.б.
Слайд 5 Артериялық қан кету жүректен ағза мен ұлпаларға қан баратын
ең ірі тамырлардан аққан қанды айтамыз, ірі күре тамырлардан аққан
қан жараланған жерден атқылап немесе фонтанша ағады, түсі ашық қызыл, өздігінен тоқтамайды, зақымданған адамның өміріне елеулі қауіп төнеді. Сонын себебінен тамырлардың спазм болып, науқас талып қалуы мүмкін.Әсіресе қан ұйқы ,сан,қолтық артериядан кеткенде адам 2-3 минутта өліп кетеді.
Веналық қан кету аққан қан жараланған жерден баяу ағады,түсі қара қоңыр,қысымы төмен болады.
Слайд 6Қан тоқтату түрі
Қан тоқтату уақытша және тұрақты болып бөлінеді.
Уақытша тоқтатуды алғашқы көмек ретінде стационарға жеткізгенше қолданамыз.
Ал тұрақтыны
стационарда немесе опреативті ем қолданатын жағдайда.
Слайд 8Уақытша қан тоқтату кезінде:
Жгут;
Саусақпен басу ;
Аяқ – қолды максимальді бүгу;
Мұз
қоямыз;
Тампон;
Тұрақты қан тоқтату кезінде:
Тамырды тігу;
Тампонада
Эмболизация тамырға
Гемокоагуляция
Слайд 9 Клиникасы
Артериядан кетуіне байланысты науқастың жағдайы қанды жоғалту мөлшеріне
байланысты. Бұл кезде тері жабыдылары , шырышты қабаты бірден бозғылтанады.
Беті, көзі ұйқыға кетіп бара жатқан тәріздес, қан қысымы төмендеген,пульсі ,тынысы бәсеңдейді, бас айналу, жалпы әлсіздік, көздің бұлыңғырлануы,құсу, лоқсу болады. Өлім тыныс жүйесіне, жүректе оттегі жетіспеуінен болады. Егер науқаста ашығу,жүйке- психикалық жарақат, шок кезінде болса ол бірден өлімге алып келеді. Жас нәрестелер сонын ішінде 1 жасқа толмағандар, кәрілер көтере алмайды.
Слайд 11 Уақытша қолда бар құралдармен қан ағуын тоқтату.
Қан ағуын
тоқтату тәсілдері:
1) Аяғың жоғары көтеру, бұл жағдайда қан миды
көріктендіреді;
2) Қанды артериядан жоғарырақ саусақпен қысып тоқтату қажет. Мұны бірнеше әдіспен атқаруға болады. Егер білек жараланса - онда қанды тоқтату үшін артерияны иық сүйегіне, қолтық жағынан қатты қысып басады. Артериялық қан сирақтан ақса - тізе шұнқырындағы күре тамырды қысады. Самай күре тамырын бас бармақпен, құлақтың алдынан, самай сүйегіне басады. Ұйқы күре тамырын зақымданған жерден мойын омыртқасына қысады. Одан кейін жараға тазартылған танғышты қаттырақ байлайды, оның үстіне бинттің, мақтаның қалың нығыз кесіндісін салып орайды. Бұғана асты тамырды - бұғананың астындағы шұнқырда, бірінші қабырғаға қысады. Кәрі жіліктің күре тамырын - бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке басады. Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын түйілген жұдырықпен сан сүйегіне қысады (5-сур.);
3) Қан тамырын саусақпен басу едәуір күш жігерді қажет етеді және саусақ тез талады, сондықтан мүмкін болатын болса бұрау немесе ширатпа жылдам қою дұрыс болады. Қан тоқтататын ширатпа жалпақ иілмелі резина кесіндісі, оның бір шетінде ілгек екінщі шетінде ілмегі бар жүзікше бекітілген (6-сур.).
Алғашқы медициналық көмек
Слайд 13Жгут салу әдістері:
- Киымын төсейді немесе бинтті бірнеше қабаттап
орайды.
-Жгутты салар алдында созады да тартуды әлсіретпей аяқ қолға
салады, бұл жағдайда ширақ қабатының әрбір орамын алдын ала салады. Қысудың жеткіліктілігін бақылау: күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғуының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. Әлсіз қойылған ширатпа қан ағуын күшейтуі мүмкін ал, қатты тартылған жгут жүйкені зақымдауы мұмкін.
- Жгут жазда екі сағаттан артық, ал қыста бір сағаттан артық қойылмайды, бұл аяқ-қолдың жансыздануына әкеп соқтырады. Сондықтан оны салу уақыты қағаз парағына жазылып, жгуттың астына қойылады. Қысты күні жгут қойылған аяқ-қолды мақта жылытқымен қымтайды. Жгут қойылған жаралыны төтенше жағдай аймағынан бірінші кезекте әкетуге тиіс. Жгуттың үстіне орамал таңғыш қоюға болмайды, ол көрініп түру керек.
- Жгут ретінде шалбар белбеуін пайдалануға болады.
4) Келесі қан тоқтату әдіс – аяқ-қолды қатты бүгіп таңып тастау, бұл әдіс көктамырдан да аққан қанды тоқтатады.
5) Көктамырдан және капиллярдан аққан қанды залалсыздандырылған таңғышпен қатты таңып тастау.
Слайд 14 Ірі қантамырлардан қан кеткенде тез жарақаттық жерден жоғары
артерияны саусақпен тоқтатамыз.Бұл әдіспен қысып тұратын таңғышты дайындағанша уақытша
ұстап тұрамыз. Бірақ бұл әдіс сан артериядан қан кеткенде кейбір кезде нәтиже бермеуі мүмкін. Ондай кезде петля, жгут қоямыз. Ол жоқ кезде бет орамалмен, галустук, тартып тұратын зат қолданамыз. Жгуттын дұрыс қойылғанын биз қан тоқтауынан байқаймыз,егер оны ұзақ уақыт қоятын болсақ, қан толып қолда гангрена болуы мүмкін, сол себепті науқасты 2 сағатын ішінде ауруханаға жекізуіміз керек. Жгут қыста 30 минут, ал жазда 1 сағат ұстау керек, Жгут салған жерге параққа салған уақытты,аты-жөнін,жгутты салған адамды жазамыз. Жгутты салар уақытта астына дәке немесе науқастын киімінің устіне жасаймыз. Егер қан қолдан кетсе оны бинтпен,немесе қолды бүгу қалпына ұстаймыз.
Ұйқы артериядан қан кету кезінде жарақатты саусақпен үстінен басамыз немесе жұдырықпен. Осыдан кейін үстінен үлкен марлімен ораймыз,оны тампондау деп атайды.
Слайд 15Қорытынды
Жаралудың барлық түрінде де қан тамырларына зақым түседі. Соның салдарынан
көбіне денеден қан шығатының байқаймыз. Жарақат кезіндегі зақымданған тамырлардаң қанның
ағуы қан кету деп аталады. Оның болымсыз және күшті өмірге қатерлі болуы мұмкін. Қан денеден орташа кеткенде ағзаның ішкі бірнеше толықтырушы қасиеттері: жүрек қызметінің, тыныс алудың күшеюі, шеткі қан тамырларының жиырлуы іске қосылып өзі тоқтата алады. Ал денеден қан көп кеткенде жүрек қан тамырларының қызметі мүлде нашарлап, адамның өліп кетуі де ықтимал.
Слайд 16Б. Қалимурзина “Ішкі аурулар” І том Асем – систем 2005
ж
Қ Тұрланов “Жедел жәрдем”
Google.kz.www.Medline.kz
Google.kz.thenews.kz/2012y.
Medline.kz.www.hoshital.kz.
Пайдаланылған әдебиеттер