Разделы презентаций


Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Эндокриндік жүйе

Содержание

Эндокриндік жүйеЭндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Эндокриндік жүйе құрылысының иерархиялық  жүйесі.Гипоталамус ,гипофиз,эпифиз-

бездер әрекетін реттейтін орталық буын


Орындаған:Тұмабекова Меруерт
ОМК 84

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті  Эндокриндік жүйе құрылысының иерархиялық  жүйесі.Гипоталамус ,гипофиз,эпифиз- бездер әрекетін реттейтін орталық буынОрындаған:Тұмабекова

Слайд 2Эндокриндік жүйе

Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл

жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның

ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.

Эндокриндік жүйеЭндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің

Слайд 3Гормон дегеніміз не?   (гр. hormao — қоздырамын, қозғаймын) — эндокринді бездер немесе эндокриндік

қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар.

Гормон дегеніміз не?   (гр. hormao — қоздырамын, қозғаймын) — эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді

Слайд 4Гормондар дистантты түрде әсер етеді;
Арнайы әсер;
Био-физиологиялық белсенділік;
Әр түрге арнайшылық;
Тек тірі

жасушаларға әсер ету.

Гормондардың қасиеті:

Гормондар дистантты түрде әсер етеді;Арнайы әсер;Био-физиологиялық белсенділік;Әр түрге арнайшылық;Тек тірі жасушаларға әсер ету.   Гормондардың қасиеті:

Слайд 5Организмде бездерді үш топқа бөледі:


Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және

ішек бездері);
Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері,

тимус, бүйрек үсті бездері);
Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).

Организмде бездерді үш топқа бөледі: Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша

Слайд 8Эндокриндік жүйенің қызметі

Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен

жүйелердің қызметін бақылайды.
Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.
Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:
өсуді;
ағзаның дамуын;
жыныстық жетілуін

және репродуктивті қызметін;
энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:
эмоционалды реакциялардың;
адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.

Эндокриндік жүйенің қызметіАғзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды.Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла

Слайд 9Ішкі секреция бездері

Эндокринді бездер (эндокринные железы); (glandula endocrinae, лат. glandula без,

грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына

(қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді.
 Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге:
 гипоталамус,
гипофиз және 
эпифиз, ал шеткі эндокринді бездерге:
қалқанша, 
қалқанша маңы, 
бүйрекүсті бездері жатады. 

Басты ішкі секреция бездері (сол жақта — еркек, оң жақта — әйел): 1. Эпифиз 2. Гипофиз 3. Қалқанша без 4. Тимус 5. Бүйрек үсті безі 6. Ұйқы безі 7. Аналық без 8. Аталық без

Ішкі секреция бездеріЭндокринді бездер (эндокринные железы); (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу)

Слайд 10Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: 
жынысбездері,
 ұйқы безі, 
плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары
 организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.

Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.

Слайд 11Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері
[3]

Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері[3]

Слайд 12Гипоталамус-гипофиздік жүйе

Гипоталамус — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін

орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы».

Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.


Гипоталамус-гипофиздік жүйеГипоталамус — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі

Слайд 14Гипофиз және эпифиз
Гипофиз — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең

негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің

«дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы


Эпифиз (шишковидная железа); (epiphysis, грек, ері — үстінде, рһуо — өскін, бүр) — аралық ми эпиталамусы құрамына кіретін ішкі секреция бездерінің орталық мүшесі. Эпифиз сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Одан без ішіне қарай дәнекер ұлпалық перделіктер таралып, оның паренхимасын бөлікшелерге бөледі.
Гипофиз және эпифизГипофиз — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон

Слайд 16Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның

бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер

ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.
Ергежейлілік (гр. «nanos» — тым аласа бойлылық) — гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі — дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы)
Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады.
Аяқ-кол сүйектері ұзарып,
маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып,
тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» — аяк-қол сүйектері, «mega» — үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.

Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден

Слайд 18Акромегалия

Акромегалия

Слайд 19Ахондроплазия

Ахондроплазия

Слайд 21 Қалқанша без

Қалқанша без — мойынның алдыңғы жағына

орналасқан. Оның салмағы-15-30 г. Ол өзара байланысты екі бөліктен тұрады.

Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп, жинақтайды. Йод бұл без гормондарының құрамына енеді. Қалқанша бездің тироксин (тетрайодтиронин, Т4) деп аталады. Сонымен қатар кальцитонин және трийодтиронин (Т3). Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу (нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер етеді.
Қалқанша безҚалқанша без — мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Оның салмағы-15-30 г. Ол өзара

Слайд 23 Қалқанша маңы бездері

Қалқанша маңы бездері — қалқанша бездің жоғарғы және төменгі

жағына жанаса орналасқан. Без паратгормон бөледі. Паратгормон - күрделі құрылысты зат. Ол

денедегі кальций мен фосфаттардың алмасуын, тағамның ішектен қанға тез сіңірілуін, зәрмен бірге шығарылуын реттейді. Кальция алмасудың реттелуі паратгормонның және D дәруменінің қатысуымен болады. D дәрумені жетіспегенде сүйектің құрамында кальций азайып, оның қаттылық, мықтылық қасиеті төмендейді.
Қалқанша маңы бездеріҚалқанша маңы бездері — қалқанша бездің жоғарғы және төменгі жағына жанаса орналасқан. Без паратгормон бөледі. Паратгормон -

Слайд 24

— қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің

құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше.
Бауыр — адам ағзасының химиялық зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қорек болар өнімдерді бөліп алады. Оларды сүзгілеп, қажетті жеріне жеткізіп отырады.
Алкогольді ішімдіктер, вирустар мен майлы (жирный) тағамдар бауырдың қас жауы. Сондықтан ондай заттардан сақ болуымыз қажет.
Бауырдың атқаратын қызметтері:
1. Ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру);
2. Ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау;
3. Ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу;
4. Холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу;
5. Он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу;
6. Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу;
7. Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады.

Сыртқы секреция бездері

Бауыр

— қанды тазартуға және удан

Слайд 25 Ұйқы безі
Ұйқы безі - ішкі және сыртқы бездердің ең

ірісі. Бұл бас, дене және құйрық бөлімдерден тұрады. Басы ұлтабармен

жанасады. Без екі типті клеткалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Оның құрамына маңызды ас қорыту ферменттері, оның ішінде трипсин, липаза, амилаза және т.б. трипсин белоктар мен пептидтерді аминқышқылдарға дейін ыдыратады, липаза майларды глицеринге және май қышқылына, ал амилаза қалған полисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады.
Ұйқы безіҰйқы безі - ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Бұл бас, дене және құйрық бөлімдерден

Слайд 27 Сілекей безі

Сілекей безі (слюнная железа) (glandula salivalis, лат. glandula — без, saliva —

сілекей) — ауыз қуысына сілекей бөледі.
Слюнные железы: 1. Құлақаймағы сілекей безі 2. Жақасты сілекей

безі 3. Тіласты сілекей безі
Орналасу орнына сәйкес сілекей безі — қабырғалық және қабырғадан тыс жатқан бездер болып екіге бөлінеді. Қабырғалық сілекей безі ауыз қуысы мүшелерінің кілегейлі қабығында (ерін, ұрт, таңдай, тіл бездері) орналасады. Қабырғадан тыс жатқан сілекей безі ауыз қуысымен өздерінің өзектері арқылы жалғасады. Бұларға шықшыт, тіласты (бұғақ) және төменгіжақ (ал- қым) бездері жатады. Сілекей безінің сөлі ауыз қуысына түскен азықты дымқылдандырып жібітеді. Сілекейдің құрамында көмірсуларды ыдыратуға қатысатын ферменттер болады

Сілекей безіСілекей безі (слюнная железа) (glandula salivalis, лат. glandula — без, saliva — сілекей) — ауыз қуысына сілекей бөледі.Слюнные

Слайд 31
Бауыр

ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкені. Құрылысы жағынан паренхиматозды қомақты мүше. Ол

организмде көптеген қызмет атқарады, ас қорыту безі ретінде он екі елі

ішекке өт бөледі. Өт ұйқы безі мен ішек сөлдеріндегі ас қорыту ферменттерінің белсенділігін аттырады, майды тым ұсақ талшықтарға ыдыратады.
Ішек-қарыннан қанға сорылған улы заттарды залалсыздандырады, қанды микробтардан арылтады.
Бауыр диафрагманың артқы бетінде орналасады. Оның алдыңғы дөңес диафрагмалық артқы ойыс ішектік беттер болады. Бауырдың дорзальдік жиегі доғал, ал оң, сол және вентральдік жиектері жұқа қырлы келеді. Төменгі қырлы жиектегі ойықтар бауырды бірнеше бөліктерге бөледі. Бауырдың ортаңғы ойығы оны екіге: оң және сол бөліктерге бөледі. Бауырдың іштік бетінде жылқы, түйе, бұғыдан басқа жануарларда өттік қап пен одан шығатын өтқаптық өзек көрінеді.
Артқы висцеральдік беттің ортаңғы тұсындағы бауырға қақпалық вена енетін бауыр қақпасы болады.
Бауырдың оң бөлігінің бауыр қақпасынан жоғары жатқан бөлігін құйрықтық бөлік дейді.
Микроскоппен препараттан жылқының бауырын қарау керек. Көлденең кесінді ортасында жақсы көрінетін орталық вена саңылауы бар бір бөлігін тауып алу керек те, үлкен ұлғайтқышпен зертеу керек. Еске алатын жағдай, ол бауырдың барлық бөлімдерінің құрылысы бірдей деп түсіну. Бөлімнің паренхимасын бауыр жасушалары құрайды. Олар көп бұрышты және тартпа (тяж) ретінде орналасады.

Бауырас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкені. Құрылысы жағынан паренхиматозды қомақты мүше. Ол организмде көптеген қызмет атқарады, ас қорыту безі ретінде

Слайд 32Тер бездері
Тері бездері (glandulae cutis) - жануарлар терісінің эпидермисі түзейтін

бір және көп жасушалы бездері.
Олар тері сыртына әртүрлі заттар

бөліп шығарады.
Бездердің сөлдері теріні майлайды,
организмның жылу реттеу қызметіне және хемокоммуникация процестеріне қатнасады,
зат алмасу қалдықтарын шығарады,
қорғану және шабуылдауда үлкен қызмет атқарады.
Тер бездеріТері бездері (glandulae cutis) - жануарлар терісінің эпидермисі түзейтін бір және көп жасушалы бездері. Олар тері

Слайд 37Аралас бездер
Гуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелу
Аралас бездер сөл де, гормон да

бөледі. Сөлді арнайы өзектері арқылы басқа жерде орналасқан мүшелерге, ал

гормондарды тікелей қанға бөледі. Сондықтан бұл бездер әрі сыртқы, әрі ішкі секреция бездеріне жатады. Аралас бездерге ұйқыбез бен жыныс бездері жатады.
Аралас бездерГуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелуАралас бездер сөл де, гормон да бөледі. Сөлді арнайы өзектері арқылы басқа жерде

Слайд 40Ұйқыбездің құрылысы: ұйқыбез бозғылдау қызғылт түсті, ұзындығы 15-22 см, құрсақ

қуысының сол жағында асқазанның астына таман орналасады.

Ұйқыбездің сыртқы секрециялық

(экзокриндік) қызметі:
өзінен бөлінетін ұйқыбез сөлі (панкреатин) өзекшесі арқылы тікелей ұлтабарға құйылады.
Ішкі секрециялық (эндокриндік) қызметі: ұйқыбездің әр жерінде топтанып орналасқан ерекше жасушалар жиынтығына байланысты.
Сәби және жас кезде ағзаның өсуіне әсер ететін инсулин гормоны, ал қартайғанда глюкагон гормоны көбірек бөлінеді.
Ұйқыбездің экзокриндік қызметі асқорыту ферментін бөлу болса, эндокриндік қызметі инсулин, глюкагон гормондарын бөлумен байланысты.
Ұйқыбездің құрылысы: ұйқыбез бозғылдау қызғылт түсті, ұзындығы 15-22 см, құрсақ қуысының сол жағында асқазанның астына таман орналасады.

Слайд 41Қызметі: инсулин ( латынша аралша, топ) - қарапайым нәруыз, қандағы

глюкозаны реттейтін гормон. Инсулин гормонын Канада ғалымдары 1921 жылы жасанды

жолмен бөліп алған. Инсулин жасушалардың жарғақшасы арқылы глюкозанын өтуін жылдамдатады және оның біраз бөлігін гликогенге айналдырады.
Гликоген - глюкозаның жүздеген молекуласынан құралған полисахаридтер. Ол суда ерімейді, сондықтан қанда болмайды. Тағамнан алынған артық мөлшердегі көмірсулар гликоген түрінде бауырда, бұлшықеттерде кор ретінде жиналады.

Дені сау адамның қанында глюкозаның мөлшері 4,6-6,7 миллимоль/ л. Глюкоза - ағза үшін энергетикалық және пластикалық материал. Май мен нәруыз алмасуына да әсер етеді. Нәруыз түзілу кезінде жасуша жарғақшасынан аминқышқылдардың тасымалдануын күшейтеді. Инсулин зат алмасудың көптеген реакциясына қатысады.

Қызметі: инсулин ( латынша аралша, топ) - қарапайым нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон. Инсулин гормонын Канада ғалымдары

Слайд 42Аурудың белгісі:
адам шөлдей береді;
тамақты да жиі қабылдайды;
тез

арықтайды.
Бұл ауруды суды көп қажет ететіндіктен, «сусамыр» дейді. Үйқыбезден

бөлінетін екінші гормон - глюкагон. Бұл гормонның қызметі инсулин гормонына керісінше. Егер қанда глюкоза жетіспесе, глюкагон гликогеннің глюкозаға айналуына әсер етеді. Қанда глюкозаның мөлшері көбейеді.
Аурудың белгісі: адам шөлдей береді; тамақты да жиі қабылдайды; тез арықтайды. Бұл ауруды суды көп қажет ететіндіктен,

Слайд 43Қант диабеті ауруын емдеу үшін құрамында көмірсулары бар тағамдарды өте

аз пайдалану;
диета сақтау;
денеге инсулин гор-монын жіберу;
«толбутамид», «надизан»

және т.б. дөрілерді ішу қажет.
Қант диабеті ауруын емдеу үшін құрамында көмірсулары бар тағамдарды өте аз пайдалану; диета сақтау; денеге инсулин гор-монын

Слайд 44Жыныс бездері
Қызметі:
ер адамдардың жыныс гормоны еркектерге тән белгілердің дамуына

әсер етеді
(дауыстың жуандауы, сақал-мұрттың шығуы, бұлшықеттерінің даму ерекшеліктері және

т. б.). Андрогендер - бауыр, бүйрек, бұлшықеттегі нәруыздың түзілуін күшейтеді.
Жыныс бездеріҚызметі: ер адамдардың жыныс гормоны еркектерге тән белгілердің дамуына әсер етеді (дауыстың жуандауы, сақал-мұрттың шығуы, бұлшықеттерінің

Слайд 45сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушалары -

сперматозоидтар, әйелдер-де жұмыртқа жасушасы түзіледі.
ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде

түзілген жыныс гормондары бірден қанға бөлінеді. Ер адамдардан бөлінетін жыныс гормондары - андрогендер (грекше - еркек), оның негізгісі - тестостерон. Әйелдердің жыныс гормондары экстрогендер деп аталады.
сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушалары - сперматозоидтар, әйелдер-де жұмыртқа жасушасы түзіледі. ішкі секрециялық

Слайд 46Андрогендер (андрогены); (androgenae; көне грекше: ανδρεία — еркек; көне грекше:

γένος — шығу, шығу тегі) — аталық жыныс гормондары.. Бұлардың

негізгі өкілі — тестостерон гормоны.
Эстрогендер (лат. estrus - ағын ) — аналық безінің фолликуласында, ұрық жолдасында түзіледі.
Шағын мөлшерде бүйрек үсті безінің қабығында жəне ұрық безінде синтезделінеді. Эстрогеннің үш түрі белгілі. Олар: эстрадиол, эстрон жəне эстриол. Эстрогендер көбінесе белокпен байланысқан түрінде қан арқылы таралады. Əйелдің нағыз жыныс гормоны болып табылатын эстрадиол, одан басқа екі эстроген негізінде эстрадиол метаболизмі кезінде түзіледі.
Андрогендер (андрогены); (androgenae; көне грекше: ανδρεία — еркек; көне грекше: γένος — шығу, шығу тегі) — аталық

Слайд 48Ер адам ағзасында үнемі аз мөлшерде әйел гормондары, ал әйелдерде

- еркек гормондары өндіріледі. Егер олардың арақатынасы бұзылса, еркек әйел

пішінді бола бастайды, ал әйелге мұрт және сақал өсуі мүмкін.

Ішкі секреция бездерінің біріне-бірінің әсері. Гуморальдық және жүйкелік- гуморальдық реттелу. Ішкі секреция бездері жұмысының бірімен-бірі өзара күрделі байланысы негізінен мына факторлармен анықталады:

әрбір мүшенің жұмысына әр түрлі бездерден бөлінетін бірнеше гормондар бір мезгілде әсер етеді;
бір бездің гормоны басқа бездің жұмысына әсерін тигізеді. Мысалы, гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормоны бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының дамуына әсер етеді.
Ер адам ағзасында үнемі аз мөлшерде әйел гормондары, ал әйелдерде - еркек гормондары өндіріледі. Егер олардың арақатынасы

Слайд 49 Қорытынды
Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады.

Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және

минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
ҚорытындыЭндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның

Слайд 50 «Назар аударғаныңызға рахмет!!»

«Назар аударғаныңызға рахмет!!»

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика