Слайд 2Нұржамал Оралбайқызының
«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» еңбегі бойынша
Слайд 3Өмірбаяны
Нұржамал Оралбайқызы Оралбаева 15. 5. 1928 жылы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында
дүниеге келген. Қазақ тіл білімі маманы, филология ғылымдарының докторы (1971), профессор
(1973), ҚазКСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін бітірген. (1949).
Слайд 4 Еңбек жолы
1949-1952 ж. ҚазКСР ҒАТіл білімі институтында аспирант.
1952-
1962 ж. ҚазПИ-де оқытушы.
1962—1973 ж. доцент,
1973—1975 ж. осы институттың профессоры.
1975-1989
ж. ҰҒА А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі интститутында аға ғылыми қызметкер.
1989-1997 ж. ҚазПИ-де қазіргі қазақ тілі кафедрасы-1 ның меңгерушісі.
1990—1991 ж. осы институтта проректор.
1997 жылдан осы кафедраның профессоры.
1956 ж. "Октябрьден кейінгі кезеңдегі қазақ жазуының тарихы" деген тақырыпта кандидат (профессор С.Аманжоловтың жетекшілігімен), "Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақ тілінің грамматикасы, жалпы тіл білімі мәселелеріне арнап жазылған 100-ден аса ғылыми мақала авторы.
Слайд 5Шығармашылығы
Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1961 (авторлардың бірі);
Қазақ тілі. A.,
1964 (авторлардың бірі);
Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. А., 1968;
Қазіргі қазақ
тілінің жаттығулар жинағы. А., 1972 (авторлардың бірі);
Қазіргі қазақ тілінің морфема жүйесі. А:, 1986(авторлардың бірі);
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А., 1988;
Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесі. А., 1989;
Қазақ тілін үйренеміз. А., 1989 (авторлардың бірі, редакциясын басқарған);
Қазақ тілі. Практикалық курс. А., 1993;
Практикалық қазақ тілі. А., 1993 (авторлардың бірі).
Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 1996 (авторлардың бірі).
Қазіргі қазақ тілінің жаттығулар жи- нағы. А., 1997
Слайд 6Ғылыми жетістіктері
1960 жылы Қазақ ССР-нің Жоғары Советінің Грамотасы,
1968 жылы
Қазақ ССР-нің оқу-ағарту ісінің үздігі атағы,
1987 жылы «Еңбек ардагері»
медалі берілді,
1989 жылы «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері»,
2003 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қайраткері»,
2005 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі атағы берілді.
Слайд 7 Нұржамал Оралбайқызы
қазақ тіл білімінің әр саласына қалам тартқан.
Соның ішінде морфология саласын терең зерттеген.
Слайд 12С.Исаев «Қазіргі қазақ тілі» еңбегі бойынша
Слайд 14Атау септік тұлғалы сөзбен тіркесетін шылаулар: арқылы,туралы,турасында,үшін,сайын,сияқты,секілді,сықылды,
шақты,шамалы,жөнінде,бойы,бойымен,ғұрлы,ғұрлым,қаралы.
Слайд 15Қайталау,даралау мағынаны білдіретін шылау сайын: күн сайын,жыл сайын, көрген сайын,
үй сайын, көше сайын,келген сайын т.б. Мысалы: Күн сайын опырыла
түсіп,сағат сайын қауіп төндірді. Келген сайын сені іздедім.
Ұқсату мағынасын білдіретін септеулік шылаулар: сияқты,секілді,сықылды: сен сияқты,өзің тәрізді,білген сықылды,әсем секілді,түсінген сияқты. Мысалы: Мал емес,адам сияқты,еңкеңдеп келе жатыр. Осылай сақ отырған сияқты едім. Бұрын көрген дос,таныс тәрізді жанымды билеп әкетеді.
Себеп мағынасын үшін шылауы білдіреді: сен үшін,отырмау үшін, оқу үшін,білімің үшін т.б. Мысалы: Ол өзінің сезіп білгендерін,сол үшін қатты ұялғандығын,жұмысшы табының алдында Сейіт үшін енді ұяла алмайтындығын ескертті.
Слайд 16 Мезгіл мағыналы шылаулар бойы,бойымен: күні бойы,жыл бойы,жаз бойы,өмір бойы,келген
бойымен т.б. Мысалы: Өмір бойы мал бағу міндетті ме? Келген
бойында іске кірісті.
Заттың жөнін білдіретін шылаулар: туралы,турасында,жайында,жайынан,жөнінде,жөнінен: ол туралы,сен жайында,Әсет турасында. Мысалы:Әңгімелері ауыл жайында еді. Сіз қатпа деген адам туралы ештеме естімедіңіз бе?
Болжал мәнді шылаулар мыналар: шақты,шамалы,қаралы: жүз шақты,он шамалы,мың қаралы.Мысалы: Ауыл сыртындағы дөңеске шыға бергенде,он шақты машинаға тиеліп дұшпан солдаттары келіп қалды.Жүз қаралы малы бар,жерге қарап отырған жоқ.
Шендестіру мәнді шылаулар мыналар: ғұрлы,ғұрлым:сен ғұрлы,Әкем ғұрлы. Мысалы: Жас бала ғұрлы ақылың болмады ма? Әжем ғұрлы күшің жоқ.
Слайд 19Көмектес септік жалғаулы сөзбен тіркесетін септеулік шылаулар мыналар: қатар,бірге. Бұл
септеулік шылаулар қимылдың бірнеше субъектіге қатысты екенін білдіреді: сенімен бірге,бізбен
бірге,осымен қатар,жұмыспен қатар,оқумен қатар. Мысалы:
Өз жұмысыммен бірге қоғамдық жұмыс та қосылды.
Әнмен қатар би де үйрендім.
Септеулік шылаулардың түрлі мағыналары олар тіркесетін септік жалғаулардың мағыналарымен тікелей байланысты!!!
Слайд 27Демеулік шылаулар - тіркесетін сөздеріне әр түрлі грамматикалық мағына қосатын
шылаудың түрі.
Олар: ма,ме,ба,бе,ау,ай,ақ,да,де,та,те,қой,ғой,ды,ді,қана,ғана,мыс,міс,түгіл,тұрсын,тұрмақ,екеш,құрлым.
Слайд 31Пайдаланған әдебиеттер:
Шақаман Ы. Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың мағыналық
құрамы. Канд.дисс.авторефераты. А., 1997
Кенжебаева Ф. Послелоги и частицы в
современном казахском языке.Автореф.канд.дисс. 1964
Қазақ тілінің грамматикасы. А., 1967. 220-240-б.
А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А., 1974. 338-402-б.
Р.Әміров. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. А., 1959.
Ф.Кенжебаева. Шылау сөздер. // Қазақстан мектебі. 1062. 3.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998. 461-б.
Слайд 32Орындағандар: Абылқасымова Арайлым
Қамза Жібек
Тексерген: Жолшаева Майра
Сатыпалдықызы