Слайд 1СТОМАТОЛОГТАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕССІ
Тақырыбы: «Ауыз қуысының одонтогенді ісіктері диагностикасының морфологиялық аспектілері»
Ұйымдастырушы топ: СТ14-001-01
Модератор: Арызбек Арайлым
Топ жетекшісі: Нартаева Ақжарқын Елібайқызы
Паталогиялық
анатомия кафедрасы
Алматы, 2016 жыл
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Слайд 2Басталуы
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
09.00
09.00-09.30 Конгресске
қатысушыларының тіркелуі
09.30-09.40 Конференцияның ашылуы – Арызбек
Арайлым (модератор)
«Тіс жақ сүйегінің ісіктері »
НЕГІЗГІ БӨЛІМ (а)
Тақырыпқа байланысты докладтар:
09.40-09.45
Әбихан Жансәуле «Остеобластокластома»
09.45-09.50 Жұмағалиева Әйгерім
«Цементома»
09.50-09.55 Оспан Айдана
«Миксома»
10.00-10.30ҮЗІЛІС (кофе-брэйк)
НЕГІЗГІ БӨЛІМ (б)
10.35-10.40 Таджикулов Султан
«Амелобластома»
10.40-10.45 Төребеков Нұрлан
«Одонтома»
10.45-10.50 Туропова Ақмарал
«Сілекей бездерінің ісіктері»
10.50-11.10 СҰРАҚ-ЖАУАП БӨЛІМІ
Конгресс қатысушыларының көрермендермен
кері байланысы
11.10-11.15 Конгресстің жабылуы –
11.15-11.25 Конгресс қатысушыларына сертификаттар тапсыру – Нартаева Ақжарқын Елібайқызы
11.25-11.30. Конгресс қатысушыларын шығарып салу
Ұйымдастырушы: СТ-14-001
Модератор: Арызбек Арайлым
Слайд 3КІРІСПЕ
Қазіргі таңдағы стоматология бөлімдерінің барлығы да жақ- бет аймағындағы
аурулар мен аномалияларды емдеу мен алдын алудың барлық мүмкіншілігін жасап
жатыр. Олардың ішінде терапиялық, ортопедиялық, ортодонтиялық стоматологияда жоғары жиілікте кездесетін дәстүрлі ауруларды емдеу және алдын алу жолдары белгілі болса, көп жағдайда қиындық туғызатын жақ-бет хирургиясында кездесетін жақ-бет аймағындағы қабыну дерттері, іштен туа пайда болған және жүре пайда болған аурулар, оның ішінде ең қауіптісі ісіктер мен ісік тәрізді дерттерді айтуға болады.
Слайд 4МАҚСАТЫМЫЗ
Ауыз қуысында кездесетін одонтогенді ісіктерді инструментальды зерттеу арқылы және
олардың морфологиялық диагностикасын дұрыс жүргізе білу арқылы ісіктердің пайда болуын
алдын ала білуге, оларды дұрыс емдеуге, мальгинацияға өткізбеуге жол бермей, Қазақстанда дені сау ұрпақ пен салауатты халық өмірін қамтамасыз ету.
Слайд 5МІНДЕТІМІЗ
Ісіктердің қандай түріне (қатерлі, қатерсіз) жататынын, оның ішкі ағзаларға
метастаз бермеуін, ауыз қуысындағы тістердің дұрыс өсуін және сол тіндердің
патологияға ұшырауын болдырмау міндеттерін қарастыру.
Слайд 6ОДОНТОГЕНДІ ІСІКТЕР
Одонтогенді ісіктер - ауыз қуысындағы тіс өсіп шығатын немесе
жақтағы бар тістер тіндердің даму ақауына байланысты пайда болатын ісіктер.
Олар тістің әрбір тінінен – эмальдан, дентиннен, цементтен немесе үшеуінен бірдей өседі.
Слайд 9Одонтогенді ісіктер.
Остеобластокластома
Дайындаған: Әбихан Жансәуле
Слайд 10Остеобластокластома
Остеобластокластома (гр. osteoblastoclastoma, гр. osteon - сүйек + гр. blastos
- өсінді + гр. clast + гр. oma - ісік).
Зор клеткалы ісік. Жақ сүйектерінде кездесетін қатерсіз ісіктердің жартысынан көбін құрайды. Орталық остеобластокластома жақ сүйек ішінде өссе, шетінде пайда болатын ісік азу тістердің тусында қызыл иек үстінде көрінеді. Ісік маңындағы тістер босап, қозғалғыш келеді.
Слайд 12 Тұңғыш рет бұл ісікті сипаттап осы атты беріп кеткен
А.В.Русаков еді. Остеобластокластома жақ сүйектерінің ішінде көбінесе жалғыз ошақ түрінде
өсіп жан жағындағы айқын шектеліп тұрады. Өскен сайын ісік сүйектерді деформацияға ұшыратады. Маңайдағы тіндерге жайылып өсіп кетуі де мүмкін. Жай көзбен қарағанда, ол қызыл немесе қоңыр қызыл түсті, арасында ақ ошақтары мен қуыстары бар түйін түрінде көрінеді.
Остеобластокластома
Слайд 14Кездесу жиілігі
Остеобластокластома сүйек ісіктерінің жалпы 4%-да кездеседі. Салыстырмалы түрде 20
жастан 55 жас аралығындағы адамдардың 75%-да осы ауру кездеседі. Остеобластокластома
30-40 жастардағы әйел адамдарда жиі кездеседі. Көпшілік ғалымдардың зерттеу қорытындысы бойынша остеобластокластома 15 жасқа дейінгі балаларда кездеспейді.
Слайд 15Макроскопиялық түрде ісіктің түрі — ала. Кесіп қараған кезде қызыл
сұр бөліктер гемосидероздың қою ошақтарымен, некроздың сарғыш бөліктерімен, фиброздың ақшыл
аймағымен серозды немесе қан сияқты сұйықтықтардан тұратын кристозды қуыстармен алмасып тұрады. Көптеген жұмсақ массалармен қатар фиброз бен оссификацияның тығыз бөліктері кездеседі. Сүйек аралықтары ісік қалыңдығында кездеспейді.
Слайд 16Остеобластокластома. Макрокөріністері
Слайд 17Микрокөріністе екі түрлі жасушадан: алып көп ядролы остеокластардан және бір
ядролы остеобластардан тұрады. Жасуша аралықтарында қан құйылу ошақтары, жаңа шыққан
эритроциттермен бір қатарда гемосидерин пигментінің көптеп жиналып қалғандығы көрінеді.
Слайд 18Остеобластокластоманың
орталық формасы
Слайд 19Остеобласто-
кластоманың ірі жасушалы формасы
Слайд 20Остеобластокластоманың
шеткі формасы
Слайд 21Кейде жұқарған қыртысты зат зақымданады. Соның әсерінен ісік зақымдалған сүйектің
жанындағы жұмсақ тіндерге таралады. Сирек жағдайда ісік жақын жатқан буынға
немесе сүйекке таралады. Остеобластокластома аймағында сүйектің паталогиялық сынығы пайда болады. Соның әсерінен оның макроскопиялық картинасы қан кетудің, некроздың репаративті процесстердің және басқалардың әсерінен оданда ала түске енеді
Слайд 22Ісік метастаз берген науқас
Мұндай науқастарға хирургиялық операция жасалады. Егерде ісік
науқас операция жасатқанға дейін метастаз берген жағдайда бұл науқаста ісік
қайта пайда болуы мүмкін. Ал егерде метастаз беріп үлгермеген жағдайда ол науқас толық сауығады.
Слайд 23Дайындаған: Жұмағалиева Әйгерім
Цементоманың морфологиялық диагностикасы
Слайд 24Цементома – одонтогендік қатерсіз ісік, морфологиялық құрамы бойынша цементке ұқсас
көп қуыстардан, талшықты дәнекер тіндерден, қабат-қабат топталған цементиклдерден және цементобластардан
тұрады. Көбінесе үлкен және кіші азу тістердің орнында өседі.
Слайд 25Көп жағдайда 10-20 жас аралығындағы жастардың премоляр және төменгі күрек
тістер аймағында кездеседі. Өскін рецидивтері жиі кездеседі. 1 жасқа дейінгі
балаларға бұл ісіктің болжамы жағымсыз, ісік бас сүйегінің негізінің өмірлік маңызы бар құрылымдарында тез өсіп бастайды.
Цементома
Слайд 27Цементоманы рентгенограмманың көмегімен анықтайды. Суретте ол тығыз қараланған көрініс сияқты
болып тұрады. Сопақ немесе дөңгелек пішінді болады. Оқшауланған орны –
патологиямен бүтіндей болып кеткен тіс түбірінің маңы. Пішіні тегіс, ал шекаралары нақты көрсетілген. Микроскопиялық зерттеуде ұсақ кальцинаттары бар тығыз тін немесе әлсіз минералданған сүйек тіні табылады.
Диагностикасы
Слайд 28Рентгенограммада зақымдалған аймақта сүйектің тығыздығына байланысты айқын көлеңкесі анықталады. Кейде
ісіктің кейбір бөліктері тығыздығына қарай тіс тіндеріне сәйкес келеді.
Слайд 30Цементоманың макроскопиялық көрінісі
Слайд 31Цементоманың микроскопиялық көрінісі
Слайд 32Миксоманың морфологиялық диагностикасы
Дайындаған: Оспан Айдана
Слайд 33 Миксома - қатерсіз ісік, дұрыс емес формада кездеседі, консистенциясы желе
тәрізді, онша үлкен болмаған капсуласы бар, өте баяу өседі бірақ
метастаз бермейтін ісік қатарына жатады. 30-60 жас аралығындағы әйелдер мен еркісілерде кездеседі, 7%-ы тұқым қуалау жолымен беріледі.
Слайд 34Жоғары температура
Салмақтың түсуі
Жүрек айнуы
Анемия
Тері бөртпелері
Бұлшық ет және буындардағы ауырсынулары
Қан
құсу
Диагностикасы-КТ немесе МРТ әдістерімен анықтаймыз
Симптомдары және диагностикасы
Слайд 35
Ұрттың ішкі жағы қызарған, шырышты,
болбыр өсіндіні көреміз.
Слайд 36Таңдайда-қызарған, ісінген науқас жұтынганда,
тамақтанғанда жоғары қатты таңдайына бөтен зат тиетініне
және ауру сезімі байқалатынына шағымданады.
Слайд 37
Ерін-ісінген, формасы бұзылған, кедір-бұдыр некроз қан құйылу ошағын көреміз
Слайд 38
Операция кезінде алынған биопсиялық материалды алып, морфологиялық диагностикалау мақсатында зерттеуге
жібереміз.
Слайд 45Амелобластоманың морфологиялық диагностикасы
Дайындаған: Таджикулов Султан
Слайд 46Амелобластома-тіс эмалінің жетілмеген эпителиінен өсіп шығатын қатерсіз ісік. Одонтогенді ісіктер
тобына жатады.
Слайд 47Көбінесе 20 - 50 жас аралығында жиі кездеседі, оның 80%
төменгі жақ сүйегінде болады. Бұл ауруға көбіне ер адамдар жиі
ұшырайды. Сирек жағдайда сәбилерде ( 2,5% - 3,5% ) және қарт адамдарда кездеседі. Қазақстанда бұл аурудың кездесу жиілігі 12% -15%.
Слайд 48 Рентген көрінісінде зақымданған сүйектер араның жеке немесе көп қуысты
ұясы сияқты болып көрінеді.Ісіктің өзі жұмсақ пышақпен оп оңай кесіледі.
Амелобластоманың 4-6 пайызы малигнизацияға ұшырайды, ол одонтогендік карциносаркома деп аталады.
Операция жолымен алып тастағаннан кейін амелобластомалар кейде қайта өсіп шығады.
Микроскоптың көрінісі бойынша амелобластомалардың бес түрін ажыратады:
1) фолликулярлы;
2) племорфты(тармақтанған);
3) акантоматозды;
4) негізді(базальды –жасушалы);
5) түйіршікті жасушалы(гранулярлы –жасушалы).
Слайд 51Амелобластоманың жіктелуі (макроскопиялық көрінісі бойынша)
Қаттылау
Кистозды
Слайд 52Амелобласманың солидты түрі қаттылау немесе жұмсақтау, ақшыл-сұр немесе қоңыр-қызыл түсті
түйін болып көрінеді. Кесіндісін қарағанда бұл ісік маңайдағы тіндердің капсуламен
шекараланған. Микроскоппен қарағанда сопақ немесе домалақ эпителийлі ошақтар арасында дәнекер тіннің талшықтарымен қан тамырлары көрінеді. Эпителийлі кешендердің шет жағы бір қабат цилиндр тәрізді эпителиймен жиектеледі, бұл жасушалардың ядросы үлкен, хроматині мол, ал эпителийлі кешендердің ортасында жұлдыз тәрізді тармақтанған жасушалар көрінеді.
Слайд 53 Кисталы адамантинома көбінесе көп қуысты болып көрінеді. Кисталардың
қуысында ашық немесе қоңыр түсті сұйық, коллоидты зат болуы мүмкін.
Кисталардың ішкі қабырғасы цилиндр тәрізді эпителиймен астарланған. Эпителилі кешендер кистааралық талшықты дәнекер тіндерде байқалады.
Слайд 57Болжам
Хирургиялық жолмен емделген науқастардың 70% жуығы сауығады. Бұл науқас үшін
қолайлы жағдай болып саналады. Ал дұрыс уақытында емделмеген жағдайда ауру
қатерлі ісікке айналады. Қатерлі ісікке айналған амелобластома басқа мүшелерге метастаз беріп, басқа ағзаларды зақымдайды. Бұл аурудың қолайсыз жағы.
Слайд 58Одонтоманың морфологиялық диагностикасы
Дайындаған: Төребеков Нұрлан
Слайд 59Одонтома - тіс тіндерінің пішінделуі мен дамуының ақауларымен байланысты болатын
органоспецификалық қатерсіз ісік. Одонтома әр түрлі жастағы адамдарда, әсіресе тұрақты
тістер пайда болатын кезеңдегі балалар мен жастарда байқалады
Слайд 60Көп жағдайда жоғарғы және төменгі жақ зақымданады. Симптомсыз немесе аз
симптомды түрде өтеді.
Асықпай және жай өседі. Белгілі бір өлшемге
жеткенде ісіктің өсуі тоқтайды. Алайда үлкен өлшемге жеткен ісік тез арада сүйекті деформацияға немесе оның толық сынуына дейін ұшыратуы мүмкін.
Одонтомаға диагноз қоятын негізгі әдіс – рентгенологиялық әдіс
Слайд 62Одонтоманың рентгенологиялық картинасының спецификалығы сонша, дифференциальды диагностиканы да қажет етпейді
Слайд 63Ісіктің екі түрі кездеседі:
Жұмсақ одонтома
Қатты одонтома
Одонтома өсуге потенциясы бар тіс
фолликуласының өзгеруіне байланысты үлкейіп бастайды. Барлық ісіктерге тән өршіген митоз
бұл ісік түрінде байқалмайды.
Слайд 64Қатты одонтома бір немесе одан да көп тіс өскіндерінен дамиды.
Тұрақты тістер шыға бастайтын кезде пайда болады. Ісік төменгі жақтың
күрек тістер, сүйір тістер жіне премолярлар аймағында локализацияланады.
Слайд 65Жұмсақ одонтома балаларда өте сирек кездесетін түзіліс. Жұмсақ одонтома қатты
одонтоманың түзілуінің ерте сатысы деген де болжамдар бар.
Слайд 66Сәбидің төменгі жағының жарты бөлігіндегі одонтоманың ортопантограммасы. Дұрыс емес формалы
тіс секілді конгломераттар кездеседі. Рентгенограммада жұмсақ одонтома бір кезде кистаға
ұқсағанмен, шекаралары анық емес, ал кейбір кезде поликистомаға ұқсас келеді.
Слайд 70Сілекей бездері ісіктері
Дайындаған: Туропова Ақмарал
Слайд 71Сілекей бездерінің ісіктері жеке ағзаға тән эпителий жасушаларынан өсетін ісіктер
қатарына жатады.
Ісіктің екі түрі кездеседі:
Қатерлі
Қатерсіз
Слайд 72Қатерсіз түрі
Аденомалар гистологиялық көрінімі бойынша мономорфты және полиморфты болып бөлінеді.
Слайд 73Қатерлі түрі
Мукоэпидермоидты, ацинозды – жасушалы, және карциомалар кіреді.
Слайд 77Ж.Ахметов “Патологиялық анатомия” ІІ том, 2009 жыл
www.pathologyoutlines.com
http://en.wikipedia.org/wiki/
http://www.google.ru/imgres?imgurl=http://dental-help.ru/images/zabolevani9-rotovoy-polosti/glossit/kandidozniy-glossit-1.jpg&imgrefurl
http://dommedika.com/stomatologia/77.html
Пайдаланылған әдебиеттер: