Слайд 1
«Сулейман Демирел атындағы Университет»
«Экономика» факультеті
12 тақырып: “Болжау мен жоспарлау
мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері ретінде”
Слайд 2
Дәріс мақсаты: Болжаудың мәнін және түрлерін, әдістерін түсіндіру, жоспарлаудың мәнін
және негізгі мақсаттарын, жоспарлаудың түрлерін, экономикалық бағдарлама жасау, мемлекеттік бағдарламаның
мақсаттарын, мерзімін, сипатын және жүзеге асыру тәсілдерін ашып қарастыру.
Дәріс жоспары:
Болжаудың мәні және түрлері.
Болжау әдістері.
Жоспарлаудың мәні және негізгі мақсаттары.
Жоспарлаудың түрлері: директивті және индикативті.
Экономикалық бағдарлама жасау. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, мерзімі, сипаты және жүзеге асыру тәсілдері.
Слайд 3Экономикалық болжаудың мәні және түрлері
Экономикалық болжамдар негізінде қоғамның даму мақсатын,
сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін – ұзақ, орта,
қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттырының негізгі бағыттарын анықтау үшін қажет.
Қоғам дамуын болжаудың негізгі бір бағытты болып экономикалық болжау танылады.
Экономикалық болжау дегеніміз экономикалық прогностикалық барлық әдіс – тәсілдерін, құралдарын қолдануға және экономикалық құбылыстарды зеpттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық болжамдар жасау процесі.
Слайд 4Экономикалық болжаулар төмендегі классификацияға сәйкес төрт топқа жіктеледі.
Болжау кеңестігіне байланысты:
макроэкономикалық, құрылымдылық,
экономикалық кешендер
салалық және аймақтық болжамдар.
Болжау мерзіміне байланысты:
оперативті,
қысқа мерзімдік,
орта мерзімдік,
ұзақ мерзімдік,
алыс мерзімдік болжамдар.
Зерттеу объектісіне байланысты:
өндірістік қатынастардың даму болжамы,
ғылыми – техникалық прогрестің даму болжамы, халық шаруашылығының дамуының динамикасы;
еңбек ресурстарының даму болжамы;
табиғи ресурстарды пайдалану болжамы.
Функционалдық белгісі бойынша:
барлау болжамдары,
нормативтік болжамдар.
Слайд 5Болжаудың әдістері және негізгі көрсеткіштері
Слайд 6Экономикалық және әлеуметтік дамудың барлық жақтары, жоспар мен болжау мақсаты
мен талаптары, қоғамдық өндірістің салалары мен құрылымдарының дамуындағы сандық және
сапалы өзгерістер бірімен – бірі тығыз байланысқан көрсеткіштер арқылы беріледі.
Көрсеткіштер жүйесі мынадай талаптарға сай болуы керек:
Экономикалық және әлеуметтік даму процесінің заңдылықтары мен мұқтаждығын ескеруі керек.
Болжам мен жоспардың мақсаты мен міндетін жеткілікті дәрежеде көрсетуі шарт.
Адрестік негізде, яғни жоспарлардағы көрсеткішті орындаушыны анық, нақты көрсетуі керек.
Кешенді негізде, яғни (жоспарлардағы) ұдайы өндіріс пен әлеуметтік дамудың барлық жақтарын қамтуы шарт.
Аймақтар мен салалардың ерекшеліктерін ескеріп, көрсетуі керек.
Қоғамдық өндірістің жоғары тиімділігіне және істің сапасына қол жеткізуді ынталандыруы шарт.
Ақпарат мен жоспарды, салалар мен аймақтардың дамуын салыстыра зерттеу үшін, көрсеткіштер біріңғай, яғни әр көрсеткіш бір ғана мағынада қолданылуы шарт.
Слайд 73.Жоспарлау мәні, мақсаты және міндеттері
Болжаудың негізгі мақсаты экономикалық дамудың балама
бағыттарын және олардың әлеуметтік – экономикалық сандарын анықтау болғандықтан, ол
экономиканы жоспарлаудың алғашқы сатысы болып табылады.
Жоспарлау – экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу, әлеуметтік – экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негізде дайындау мен олардың орындалуын ұйымдастыру процесі.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты – экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу.
Слайд 8Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
Қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басыңқы
бағыттарын анықтау.
Жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу.
Материалдық еңбек
және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы ғылыми – техникалық әлеуметтік және экономикалық мәселерді шешудің тиімді жолдарын таңдау.
Жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны анықтау.
Слайд 9
4. Жоспарлау түрлері: директивті және индикативті
Жоспарлау жасалу нысаны
бойынша директивті, индикативті болады.
Индикативті жоспарлау - бұл нарық экономикасының қызметіне
ықпал етудің негізгі әдістері, мемлекеттің әлеуметтік–экономикалық саясатын жүргізу құралы.
Ол мемлекет шараларының ықпалынсыз қиын тиетін, тек нарықтық әдістермен жүзеге асырылуға тиісті, экономикалық өмірдің көптеген мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.
Индикативті жоспарлау параметрлердің жүйесін қалыптастыру үдерісін көрсетеді. Бұл серпін, құрылым, экономиканың тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналымы, тауарлар нарығы және бағалы қағаздар, баға қозғалысы, жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейі және т.б. тәрізді көрсеткіштер болуы мүмкін.
Слайд 105.Экономикалық бағдарлама жасау. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, мерзімі, сипаты және жүзеге
асыру тәсілдері.
Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау – елдің әлеуметтік –экономикалық дамуын мемлекеттік
реттеудің ең жоғары нысаны. Мемлекеттік бағдарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.
Бағдарламалау –жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Жоспарлау, болжау, бағдарламалау – ЭМР –дің құралдары. Мемлекеттік бағдарламалау – стратегиялық жоспарлаудың маңызды құралы.
Бағдарлама –директивтіктің белгілі бір дәрежесіне тән нақты құжат.
Бағдарламада анықталатындар;
реттеу мақсаты;
мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, экономикалық саясаттың нұсқалары;
жобаларды, олардың бюджетін, басқару жүйесін және бағдарламаны жүзеге асыруды бақылауды ресурстық жабу;
экономикалық саясаттың оңтайлы нұсқасын таңдау критерийі.
Слайд 11ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2012 – 2016 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ
БОЛЖАМЫ
Қазақстан Республикасының
2012 – 2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ҚР Үкіметінің
2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін стратегиялық даму жоспарының, Мемлекет басшысының жолдауларының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 699 қаулысымен мақұлданған 2011 – 2015 жылдары экономиканың жеті пайыздық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының негiзiнде әзірленген.
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы макроэкономикалық көрсеткіштерді, әлеуметтік параметрлердің болжамын, елдің әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын, бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасының 3 жылға арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдарын қамтиды.
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы орталық мемлекеттік органдардың бес жылдық кезеңге арналған Стратегиялық жоспарларын, үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетті әзірлеуге негіз болып табылады.
Слайд 12ДАМУДЫҢ СЦЕНАРИЙЛІК НҰСҚАЛАРЫ
Әлемдік экономиканың даму үдерісінің, әлемдік экономика серпінінің, мұнайға
әлемдік баға деңгейінің өзгеруіне және әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдайға байланысты
дамудың үш ықтимал сценарийі қаралды.
1-нұсқада (пессимистік сценарий) орта мерзімді перспективада әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы жағдайдың нашарлауына қатысты барынша пессимистік болжамдар көзделуде.
Осы сценарий бойынша мұнайдың әлемдік бағасының (Brent) 2012 – 2016 жылдары бір барреліне 40 АҚШ долларына дейін төмендеуі, сондай-ақ 2012 жылы металдар бағасының 2009 жылдың ең аз деңгейіне дейін төмендеуі, 2013 жылдан бастап одан әрі шағын өсуі болжанады.
Әлемдік қаржы нарықтары сыртқы қарыз алу үшін жабық болады.
2-нұсқа (базалық) әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы жағдайдың тұрақтануын болжайды.
2012 жылы мұнайдың әлемдік бағасы бір барреліне орташа 80 АҚШ доллары деңгейінде болады, 2013 – 2016 жылдары бір барреліне орташа баға 70 АҚШ доллары деңгейінде болады.
Орта мерзімді кезеңде металдардың әлемдік бағасы сәл төмендеу мүмкіндігімен қол жеткен деңгейінде сақталады.
3-нұсқа бойынша (оптимистік сценарий) мұнайдың әлемдік бағасы 2012 – 2016 жылдары бір барреліне орташа 100 АҚШ доллары деңгейінде болады. Металл бағалары сәл өсу үрдісін көрсететін болады.
Жыл басыннан бастап елдің экономикасының даму үрдістерін және әлемдік экономикадағы ахуалды есепке ала отырып, 2-шi базалық нұсқа болжам құрастыру кезінде негiзге алынды, оның бастапқы параметрлері ағымдағы күтуден сәл ауытқи отырып барынша ықтимал болып табылады.
Слайд 132012 – 2016 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ
Елдің 2012 –
2016 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуы
2020 жылға қарай Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында айқындалған әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы индикаторларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Стратегиялық жоспарды сәтті іске асыру Қазақстан экономикасының тұрақты өсуіне және әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының кіріс деңгейі жоғары елдер қатарына кіруін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан азаматтарының әл-ауқат деңгейін көтеру және жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні 2015 жылға дейін 15 мың АҚШ долларына дейін арттыру қажет. Бұл үшін ЖІӨ-нің нақты жылдық өсу қарқынын 7%-дан кем емес деңгейде қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте экономиканың қосымша өсімі шикізаттық емес саланың қарқынды дамуы есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.
Сондықтан ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 2015 жылға қарай 12,5%-дан кем емес деңгейде қамтамасыз ету бойынша стратегиялық мақсатты орындау қажет. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 2015 жылға қарай – кем дегенде 1,5 есе, агроөнеркәсіп саласында – кем дегенде 2,0 есе ұлғайту қажет.
Ұзақ мерзімді кезеңде инфляциялық үдерістерді тұрақтандыруға 2012 – 2016 жылдары жылдық инфляция деңгейін 6,0-8,0% дәлізінде ұстап қалуға ықпал ететін болады.
Слайд 15Үкімет жалпы алғанда ЖІӨ компонентері өсуінің мынадай параметрлерін қамтамасыз етеді
Слайд 172012 – 2016 жылдары құрылыс жұмыстары көлемінің орташа жылдық өсімі
1,5 % деңгейде күтіледі.
Слайд 18Тұрақты экономикалық өсудің негізін құру
Индустриялық-инновациалық даму
Экономиканың орнықты және теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге бағыталған мемлекеттік саясат
2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Слайд 19Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Ұлттық қордың және Қазақстан Республикасының шоғырландырылған
бюджетінің болжамдары
Экономиканың базалық сценарий бойынша дамуының болжанатын сыртқы шарттары мен
экономика салаларын дамытудың болжанып отырған қарқынын ескере отырып, 2012 – 2014 жылдары мемлекеттік бюджет кірістерінің (трансферттерді есепке алмай) 2012 жылғы 4 309,2 млрд. теңгеден 2014 жылы 5 220,9 млрд. теңгеге дейін өсуі болжанады.
Бюджет кірістерінің өсуі негізінен салық түсімдерінің болжанатын ұлғаюымен қамтамасыз етілетін болады, ол мемлекеттік бюджеттің кірістеріне шамамен 97-98 %-ын қамтиды.
Салықтық түсімдердің ұлғаюына экономиканың болжанатын өсуі, тауарлар импортының өсуі, салаларда өндірістің, оның ішінде Индустриалдандыру картасының инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберінде жаңа өндірістердің енгізілуін ескере отырып, ұлғаюы, сондай-ақ 2011 жылдан бастап мұнайға салынатын экспорттық кедендік баждың тоннасына 40 долларға артуы ықпал ететін болады.
Ұлттық қордан 1 200,0 млрд. теңге мөлшерінде кепілдендірілген трансферттердің тартылуын ескере отырып, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің жалпы көлемі 2012 жылы 5 514,1 млрд. теңгеден өсе отырып, 2014 жылы 6 425,8 млрд. теңгеге дейін өсуі болжамдалады.
Слайд 22Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың бір қалыпты дамуын,
оның құрымдылық өзгерістерін дағдарысты жағдайлардың алдын алу және олардың ықпалын
жұмсарту, елдің экономикалық және саяси тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
Индикативті жоспарлау төмендегі талаптарға сай болуы шарт.
Республика экономикасын мемлекеттік реттеуде қолданылатын құралдардың тиімді болуына қол жеткізу;
Нарық механизмдерінің әрекеті негізінде экономиканың өзін - өзі реттеу деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзіндік экономикалық белсенділігін пайдалануына кеңінен (қолданылып) жағдай жасау;
Әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген және тиімділігі дәлелденген экономикалық талдау, болжау мен реттеу әдістерін пайдалану;
Аймақтық экономикалық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету.
Слайд 23ҚР Президентінің Жолдаулары
ҚР Президентінің Жолдауы 2001 жыл
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН 2002
ЖЫЛҒА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ
ҚР Президентінің Жолдауы
2000 жыл
ТӘУЕЛСІЗ, ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМҒА
ҚР Президентінің Жолдауы 1999 жыл
ЖАҢА ЖҮЗЖЫЛДЫҚТА МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІГІ
ҚР Президентінің Жолдауы 1998 жыл
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ: ЖАҢА ЖҮЗЖЫЛДЫҚТА ҚОҒАМНЫҢ ДЕМОКРАТИЗАЦИЯЛАНУ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ РЕФОРМА
ҚР Президентінің Жолдауы 1997 жыл
БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ АУҚАТЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫ, ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӨРКЕНДЕУІ
Слайд 24ҚР Президентінің Жолдауы 2006 жыл
Қазақстанды әлемнің бәсекелеске қабілеттілігі бар 50
елдердің қатарына ену стратегиясы
ҚР Президентінің Жолдауы 2005 жыл
ҚАЗАҚСТАН ТЕЗДЕТІЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ,
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ МОДЕРНИЗАЦИЯ ЖОЛЫНДА
ҚР Президентінің Жолдауы 2004 жыл
БӘСЕКЕЛЕС ҚАЗАҚСТАНҒА, БЕСЕКЕЛЕС ЭКОНОМИКАҒА, БӘСЕКЕЛЕС ҰЛТҚА
ҚР Президентінің Жолдауы 2003 жыл
2004 ЖЫЛҒА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
ҚР Президентінің Жолдауы 2002 жыл
2004 ЖЫЛҒА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ
Слайд 25ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2012
жылғы 14 желтоқсан.«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
ҚР Президентінің
Жолдауы 2012 жылӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
ҚР Президентінің Жолдауы 2011 жылБОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылдың 29 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған ЖолдауыЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
ҚР Президентінің Жолдауы 2009 жылДАҒДАРЫСТАН ДАМУ МЕН ЖАҢАРТУҒА
ҚР Президентінің Жолдауы 2008 жылҚазақстан азаматтарының ауқатының өсу – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты
ҚР Президентінің Жолдауы 2007 жылЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ӘЛЕМДЕ
Слайд 26«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы
Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың,
азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы
1. Қуатты да табысты мемлекет
2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі
3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы
4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз
5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат
6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел
7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз
8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар
Слайд 27ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері
1. Бірінші сын-қатер – тарихи
уақыттың жеделдеуі
2. Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік
3. Үшінші сын-қатер
– жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер
4. Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы
5. Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік
6.Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы
7. Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция
8. Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық
9. Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы
10. Оныншы сын-қатер – жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі
Слайд 28
ІІІ. “Қазақстан-2050″ Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның
жаңа саяси бағыты
1. Міндеттердің жаңа парадигмасы
2. Қайда бет алдық? Жаңа
саяси бағыттың мақсаттары
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм
2. Жаңа кадр саясаты
3. Макроэкономикалық саясатты жаңғырту
3.1. Бюджет саясаты
3.2. Салық саясаты
3.3. Ақша-кредит саясаты
3.4. Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты
4. Инфрақұрылымды дамыту
5. Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту
6. Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі
7. Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары
8. Ауыл шаруашылығын жаңғырту
8.1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен шағын және орта бизнесті дамыту
9. Су ресурстарына қатысты саясат
Слайд 292. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау
1. Шағын
және орта бизнесті дамыту
2. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі – «Қуатты
бизнес – Қуатты мемлекет»
3. Жекешелендірудің жаңа кезеңі – мемлекет рөлінің өзгер
Слайд 303. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке
жауапкершілік
1. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері
1.1. Ең төменгі әлеуметтік стандарт
1.2. Атаулы
әлеуметтік қолдау
1.3. Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу
1.4. Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту
2. Ананы қорғау. Әйелдерге қамқорлық
3. Баланы қорғау
4. Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі
4.1. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар
4.2. Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері
4.3. Медициналық білім беру жүйесін жақсарту
4.4. Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы
4.5. Дене шынықтыру мен спортты дамыту
Слайд 314. Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды
даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары
1. Білім беру саласындағы
жұмыстың басымдықтары
1.1. «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту
1.2. Инженерлік білім беру жүйесін дамыту
1.3. Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту
1.4. Білім беру әдістемелерін жаңғырту
2. Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты
2.1. Технологиялар трансферті
2.2. Ғылым мен бизнестің кооперациясы
2.3. Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы
3.Жастарға үндеу
Слайд 325. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
1. Мемлекетті
басқарудың жаңа типі
1.1. Мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін жетілдіру
2. Басқаруды
орталықсыздандыру
2.1. Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара-жігін ажырату
2.2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы
2.3. Ауыл әкімдерін сайлау
3. Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру
З.1. Әкімшілік реформаның екінші кезеңі
4. Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі
5.Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу
6. Жемқорлыққа қарсы күрес
7. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау
Слайд 336. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету
мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
1. Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары
2.
Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту
3.Өңірлік қауіпсіздікті нығайту
4.Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу
5. Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту
Слайд 348. “Қазақстан-2030″ Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
1. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. Біздің алдымызда Қазақстанның
тұтастығын сақтай отырып дамыту міндеті тұрды. Біз жоспарлағаннан да асыра
орындадық.
Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді.
Қазақстан Каспий теңізінің айдынындағы ахуалды сенімді бақылауда ұстайды.
Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға көршілермен даулы аумақтар қалдырған жоқпыз.
Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық.
2) Біз 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын елде ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ сақтап, нығайттық. Біздің саясатымыз табысты болды.
Біз демократиялық даму үлгісі негізінде азаматтық қоғам институттарын дәйекті түрде қалыптастырдық. Адам құқықтары жөніндегі Омбудсмен институты құрылды.
Слайд 353) ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН ІШКІ САЛЫМДАРДЫҢ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ АШЫҚ НАРЫҚТЫҚ
ЭКОНОМИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
«Қазақстан-2030» Стратегиясында басты назар экономикалық өсуге аударылды.
Нәтижесінде,
15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті.
Елдің ІЖӨ 16 еседен астам өсті. 1999 жылдан бастап Қазақстанның ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсуі 7,6%-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды.
Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті.
Қазақстан әуел бастан жан басына шаққанда тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі жағынан ТМД-да көшбасшы болды. Бүгін бұл 9200 АҚШ долларына жетті.
Біз сыртқы сауданың – 12 есе өсуіне, ал өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 20 есе өсуіне қол жеткіздік.
Осы жылдар ішінде мұнай өндіру – 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе ұлғайды. Біз шикізат ресурстарынан түскен кірісті Ұлттық қорға жібердік.
Бұл – ықтимал экономикалық және қаржылық сілкіністерден қорғайтын сенімді қалқанымыз. Бұл – бүгінгі және болашақ ұрпақ қауіпсіздігінің кепілі.
Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап жалпы құны 1 797 млрд. теңге болатын 397 инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырылған екі жыл ішінде жалпы көлемі 101,2 млрд. теңге сомасындағы кредит болатын 225 жоба мақұлданды.
Біз – бүгін халқының табысы орташа деңгейдегі және серпінді дамитын экономикасы бар елміз.
Слайд 364) ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ.
Атқарылған жұмыстың нәтижесі көзге
бірден түседі.
Орташа айлық жалақы 9,3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа
мөлшері 10 есе ұлғайды.
Халықтың нақтылы ақшалай кірістері 16 есе өсті.
Егер 1999 жылы қаржыландыру 46 млрд. теңгені құраса, 2011 жылы 631 млрд. теңге болды.
Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі – Балаларды оңалту орталығы, Ана мен бала орталығы, Нейрохирургия, Шұғыл медициналық көмек және Кардиология орталықтары кіретін медициналық кластер құрылды.
Елдің барлық өңірлерінде сапалы медициналық қызметтер алу үшін қажетті жағдай жасалды.
Еліміздің ең шалғай аудандарын медициналық қызметтермен қамтитын көлік медицинасы жедел қарқынмен дамуда.
Ұлттық скрининг жүйесі ауруларды бастапқы сатысында анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету енгізілді.
Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн-нан 17 млн. адамға дейін өсті.
Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.
Біз қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті жүргізудеміз.
«Балапан» бағдарламасын іске асыру балаларды мектепке дейінгі білім берумен 65,4%-ға дейін қамтуға мүмкіндік берді.
Міндетті мектепалды даярлық енгізілді, ол мектеп жасына дейінгі балалардың 94,7%-ын қамтыды.
1997 жылдан бері республика бойынша 942 мектеп, сонымен қатар, 758 аурухана және өзге де денсаулық сақтау нысандары салынды.
Біз әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер желісін дамытудамыз.
Соңғы 12 жылда жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға ұлғайды.
1993 жылы біз «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылдадық, соның арқасында 8 мың талантты жас әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алды.
Астанада халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи ғылыми-зерттеу университеті құрылды.
Слайд 375) ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР
. Қазақстанның мұнай-газ кешені күллі экономиканың локомотиві болып
табылады және басқа салалардың дамуына ықпалын тигізеді.
Біз экономиканың заманауи, тиімді
мұнай-газ және тау-кен өндіру саласын құруға тиіс едік. Біз бұл міндеттің үдесінен шықтық. Біз бүгін шикізат секторының табысын болашақ экономиканы құру үшін пайдаланудамыз.
Елдің ІЖӨ-де мұнай-газ саласы үлесінің тұрақты өсу қарқыны байқалады, ол 1997 жылғы 3,7%-дан 2006 жылы 14,7%-ға және 2011 жылы 25,8%-ға өсті.
Слайд 386) ИНФРАҚҰРЫЛЫМ КӨЛІК ПЕН БАЙЛАНЫС
. Біз инфрақұрылымды дамыту міндетін
алға қойдық. Біз мұны да еңсердік. Өткен жылдар ішінде өнеркәсіп,
көлік инфрақұрылымы мен тыныс-тіршілік инфрақұрылымының ірі стратегиялық объектілері іске қосылды. Бұл - автомобиль және темір жол магистральдары, құбыр жолдары, логистикалық орталықтар, терминалдар, әуежайлар, вокзалдар, порттар және т.б.
Осының барлығы көптеген қазақстандықтарға жұмыс тауып берді, біз өңірлік және жаһандық шаруашылық байланыстар жүйесіне кіріктік.
Жыл сайын телекоммуникация тұтынушыларының саны өсе түсуде. Бұл стационарлық телефондарға да, ұтқыр байланысқа да, Интернетке де қатысты.
Электронды үкімет азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын едәуір жеңілдетті.
Соңғы 11 жылда автомобиль жолдары саласын дамытуға 1 263,1 млрд. теңге жұмсалды. Осы жылдар ішінде ортақ пайдаланудағы 48 мың шақырымнан астам жол, сондай-ақ 1100 шақырым темір жол салынды және реконструкцияланды.
Қазіргі уақытта біз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистральдық көлік дәлізін салып, Жаңа Жібек жолын жаңғыртудамыз.
Біз «Өзен – Түркіменстан шекарасы» темір жол желісін салып, Парсы шығанағы мен Үлкен Шығыс елдеріне жол аштық. «Қорғас-Жетіген» жолын төсеп, Қытайдың және күллі Азия құрлығының нарықтарына еніп, Шығыс қақпасын айқара аштық. Біз «Жезқазған-Бейнеу» теміржолын салуды бастадық.
Слайд 397. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз
табысының негізі
1. Жаңа қазақстандық патриотизм
2. Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы
3.
Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы
4. Мәдениет, дәстүрлер және даралық
5. Ұлттық интеллигенциясының рөлі
6. ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін
7. Болашақтағы Қазақстанды қалай елестетемін?
8. Ұлтқа үндеу