Слайд 1Сүйек сыну
Буын шығу
Соғып алу
Сіңір созылу
Слайд 2Сүйек сыну
Сүйектің сынуы. Адам қатты құлағанда немесе басқаша оқыс
жағдайда сүйектің сынуы мүмкін. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сыну, шытынап сыну.
Әсіресе ересек адамдардың сүйектері морт сынғыш болады.
Слайд 3Сыну түрлері
Морт сынғанды - ашық сыну деп атайды. Морт сынған
кезде сүйектердің ұштары қантамырларына, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақаттанған жергемикробтар түсуі
мүмкін. Сынған жері қатты ауырып шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады.
Шытынап сыну (жабық сыну) - бұл сынудың жай түрі . Мұндай сүйектің сынған жерінде шытынаған сызат пайда болады. Морт сынудағыдай (күрделі сыну) сүйек бөлініп, үгіліп теріні тесіп жарақаттамайды. Шытынап сыну да ауыртады, сынған жері домбығып іседі.
Слайд 5Алғашқы медициналық көмек:
Қолтыққа мақтадан жасаған жастықша қойып, ал қолдан шынтақтан тік бұрыш жасай
отыра бүгіп, Дезо таңғышын кеудеге бекітеді немесе орамалмен асып қояды.
Иық басы өсігінің, мойыны
мен буын ойығы сынып жылжып кетуін жақтау салып, фронтальды жазықтыққа қарағанда 10 градус артқақарай тартып бекітеді. Жақтауды бір айға салады. Алғашқы күннен бастап емдік физкультура жүргізіледі. Иық буынын 15-20 күннен кейін қозғалта бастайды. Жауырын сынығының басқа түрлері кезінде Дезо таңғышын немесе орамалды 5-7 күн бойы пайданалады, сонан соң емдік гимнастика жасайды.
Слайд 6Буын шығуы
Буын шығуы — буын сүйектерінің өз орнынан қозғалуы. Буын толық
және жартылай шығуы мүмкін. Әдетте екі сүйек буын қалтасында бір-бірімен
түйісіп, беттесіп тұрады. Кейде баланың буыны іштен шығып тууы, күнделікті өмірде жарақаттанудан және түрлі ауру салдарынан шығуы мүмкін. Буынның іштен шығып тууы, көбінесе, жамбас, иық, шынтақ буынында жиі кездеседі.
Слайд 7Көбіне иық буынындағы буын шығулары жиі кездеседі. Бұл буын шығуы
әдетте созылған қолмен құлағанда туындайды.
Буын шығуын буынның сыртқы түрінің өзгерісінен
және қисаюынан жеңіл анықтауға болады. Зардап шегуші буын шыққан қолдарын-аяқтарын аздап қозғалта алады, бірақ үлкен күшпен.
Слайд 8Алғашқы көмек
Буын шыққан қол-аяқты абайлап ұстау керек. Оны жарақат алған
кездегі сол кейіпінде бекітеді (иммобилизация жасайды). Шыққан буынға Буров сұйығымен
компресс қояды.
Буын шығуын түзетуге өз бетінше әрекет жасауға болмайды. Сондықтан көп күтпей, дәрігер көмегіне жүгінген жөн.
Слайд 9Соғып алу
Анатомиялық бүтіндігі айтарлықтай көрінерлік бұзылысқа жұмсақ тіндер мен механикалық зақымдануы
Слайд 10Белгілері: ауру сезімі, ісуі, қанталау, қол-аяқтың козғалысының аздап шектелуі, тек
кейбір жағдайларда (ішті, жұмыртқаны соғып алу) шок кұбылысы немесе дене
кызуының аздап көтерілуінің байкалуы мүмкін.
Слайд 12Алғашқы көмек
Кідіріс – зақымдалған жерді босату керек.
Мұз – суықтың әсерінен
тамырлар тарылады да, тіндерге сұйықтықтың құйылуы азаяды. Абай болыңыз: мұзды
тікелей теріге қоюға болмайды және үзіліс жасап отыру керек, себебі, жергілікті үсуге алып соғады.
Қысу (компрессия) – сыртынан әлсін басу зақымдалған тіннің ауыруын жеңілдетіп, ісікті қайтарады.
Орналасуы (жоғары) – осылай зақымдалған жерден қанның қайтуы жақсарады да, ісік пайда болу қаупі азаяды.
Слайд 13Сіңірдің созылуы
Тарамыстың, сіңірдің созылуы механикалық фактордан болады. Созылу белгілері –
буынның сырқырауы, терінің үлбіруі, қозғалудың қиындығы.
Слайд 14Шытынап сынған жер мен буынның созылуына бірдей ем қолданылады. Созылу ауыр
зақым, буындардың ауруымен қатар, тері іседі.
Көп жағдайда тізе буын сіңірі
созылады. Бірақ иықты да, қолды да созылып алуға болады. Бар жағдайда зақымның ауруы сынғандай аурады, әсіресе, сіңір жыртылғанда. Сондықтан соңғы диагнозды рентгенографиядан кейін ғана қоюға болады.
Слайд 17Алғашқы медициналық көмек: басында суық компресс басу буынды қозғалмайтын қатты
таңғыш тану, кеійіннен жылы компресс басу қажет.