Слайд 2Бастапқы әскери дайындық пәні бойынша
Сабақ жоспары 10 сынып
Сабақ мақсаты:
Білімділік:
ҚР ҚК мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы олардың
қару – жарақтары мен
ұрыс техникалары туралы меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштік рухта, ата – бабаларымыздың отан қорғау, ерлік дәстүрлері мен отан қорғау жолында қиындықтарға мойымауға тәрбиелеу, әскери қызметтің қыр – сырын әнгімелеу, отан қорғаушы аты қиында, қызықты мамандықты насихаттау.
Дамытушылық: Өз ойларын еркін жеткізе білуге, меңгерген әдістерін тәжірибеде
қолдана білуге машықтану, қару – жарақтарды оқып үйренуге, әскери техникаға қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, тест сұрақтары.
Сабақ көрнекілігі: ЖҰМ, БТР, туралы бейне фильм, мотоатқыш бөлімшесінің қару – жарақтары бейнеленген слайдтар
Кіріспе бөлім – 3 минут
Взвод құрамын взвод командирі екі қатарлы сапқа тұрғызып мәлімет береді, салемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығына және оқу формасына шолу жасау
Үй тапсырмасын және өткен сабақтарды сұрау .
Слайд 3
Қазақстан Республикасы Конституциясы
36-бап
1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбiр азаматының қасиеттi
парызы және мiндетi
2. Республика азаматтары заңда белгiленген тәртiп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады
Слайд 4 Үй тапсырмасын сұрау
Өтілген сабақтардан қосымша сұрақтар
Слайд 5 ҚР ҚК әскери жарғылары ?
Өтілген сабақтан қосымша сұрақ :
Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштері қашан құрылды ?
Слайд 6 ҚР ҚК Горнизондық және қарауылдық қызмет жарғысы ?
Өтілген сабақтан
қосымша сұрақ :
ҚР ҚК жауынгерлік туында қандай белгілер бар ?
Слайд 7Рота бойынша кезекшілер тағайындаулары ?
Өтілген сабақтан қосымша сұрақ :
ҚР
ҚК әскери нышандары ?
Слайд 8Рота бойынша кезекшінің міндеті ?
Өтілген сабақтан қосымша сұрақ :
ҚР ҚК
тәртіптік жарғысы ?
Слайд 9Рота бойынша кезекшінің құрал жабдықтары ?
Өтілген сабақтан қосымша сұрақ :
Көтермелеулер
мен тәртіптік
жазалар ?
Слайд 10
Сақшы міндеттері?
Өтілген сабақтан қосымша сұрақ :
ҚР ҚК әскер түрлері
?
Слайд 22БӘД ПӘНІ БОЙЫНША
СҰРАҚ – ЖАУАП
Ойынды бастау
Слайд 23САБАҚ ЖОСПАРЫ
Қазіргі заманғы ұрыс сипаты
Бөлімшені ұйымдастыру
Штаттық қару – жарақ пен ұрыс техникасы
Бөлімшенің
ұрыстық мүмкіндіктері
Слайд 24Қазіргі заманғы ұрыс сипаты
Жаңа сабақтың тақырыбы
Бөлімшені ұйымдастыру, штаттық
қарулануы және ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері
Слайд 25Тактика дегеніміз ?
Бұл әскери өнердің құрамдас бөлігі. Ол адамдарға және
қарулануға тығыз байланысты. Сондықтан соғыс жүргізу құралдарының өзгеруіне байланысты тактика
да өзгеріп отырады. Командирлер мен штабтардың ұрысқа дайындық жүргізуі, қарсыласты талқандауы, оны атыспен жоюды, ұрыс тәртібін құрудың, бөлімшелер мен бөлімдерге ұрыс міндеттерін айқындауын және т. б. ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін іздестіру талап етіледі.
Слайд 26Ұрыс дегеніміз ?
Соғысушы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің, әскерлерінің ұйымдасқан
қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден – бір құралы және
қарсыласты жою немесе тұтқынға алу мақсатында, сонымен бірге маңызды аудандарды ұстап тұру мақсатында жүргізіледі. Қазіргі заманғы ұрыс жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері, аэроұтқыр әскерлері, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен бірге теңіз жағалау бағыттары қимылдарында – шекара қызметіндегі теңіз дивизия кемелері және әскери - теңіз күштері қатысады.
Слайд 27Шабуыл дегеніміз ?
Шабуылдаушы әскер барлық қолда бар атыс құралдарын, сондай-ақ
ядролық қаруды пайдаланып, қарсыласты талқандап және қол жеткізген нәтижелерді пайдалана
отырып, қарсылас орналасқан тереңдікке шапшаң ену, оның тірі күшін, қару – жарағын, ұрыс техникасын жою, қарсылас орналасқан аймақты басып алу. Шабуыл алдында, әдетте, атыс дайындығын жүргізеді. Ол қарсыластың маңызды объектілерін талқандау мақсатында оның қорғанысына артиллерия мен авиацияның алдын ала жоспарланған және дайындаған соққысын жіберуден тұрады. Осы уақытта ядролық соққылар да жіберілуі мүмкін.
Слайд 28
Қорғаныс дегеніміз ?
Қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару,
оны едәуір шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі ұстап тұру және кейін
шешуші шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі. Қорғаныс қарсыласқа бекінген орыннан барлық қару атысымен зақым келтіру, бекіністер мен тірек пункттерін ұстап тұру үшін табанды күрес жүргізу.
Слайд 29Бұл ұрыстың бір бөлігі. Ядролық, жай қару және әскерлермен жаудың
әскерлерін немесе объектілерін бір мезгілде жою үшін қатты соққы беріледі.
Соққы қолдану қаруына байланысты ядролық, ракеталық, ракеталық – артиллериялық, авиациялық және әскерлермен соққы беру болып бөлінеді. Қатысушы құралдар мен жоятын объектілердің санына байланысты соққы жалпы, дәлденген және жекелеген болып бөлінеді.
Соққы дегеніміз ?
Слайд 30 Бетпе – бет ұрыс дегеніміз ?
Шабуылдық ұрыстың бір
түрі. Ол екі жақ қойылған мақсатты шабуылмен орындауға ұмтылған кезде
жүргізіледі. Ол ұрыс барысында: шабуылда – қарсыластың қарсы шабуылын тойтару кезінде, қорғаныста – шабуылдаушы қарсыласқа қарсы шабуыл жасау кезінде тууы мүмкін.
Бетпе – бет ұрыс кезіндегі әскерлердің қимылы негізіне - қолда бар барлық атыс құралдарымен қарсыласқа зақым келтіру, тиімді шептерді басып алу мен ұрыстық ретке жазылуда қарсыластың алдын алу; тыл мен қапталдардан соққы беру, қарсыласты бөлшектеп талқандау жатады.
Слайд 32 Бөлімшені ұйымдастыру, штаттық қарулануы
Жаңа сабақтың тақырыбы
Бөлімшені ұйымдастыру, штаттық қарулануы және ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері
Слайд 33ТАКТИКА
Тактика – ұрыс туралы ілім. Ол Қарулы Күштердегі
барлық әскер түрлерінің бөлімшелері мен бөлімдерін ұрысқа дайындау мен ұйымдастыру
және жүргізудің теориясымен тактикасын қамтиды.
Тактиканы дұрыс таңдап алудағы мақсат – ұрыста жеңіске жету. Тактика өнері жетілген сайын және жауынгерлер, бөлімдер мен бөлімшелер тактикалық тәсілдер мен әрекеттерді неғұрлым көп игерген сайын, жеңу мүмкіндігі де соғұрлым мол.
Слайд 34ҚР ҚК ЖҰМ, БТР МОТОАТҚЫШ БӨЛІМШЕСІ, ОНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ, ҚАРУ –
ЖАРАҒЫ
ЖҰМ немесе БТР, мотоатқыш бөлімшесінің міндетін ұйымдастырушы, оның қару
жарағы штаттық ұрыс техникасы болып саналады.
Бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қарлардан жақсы өтеді.
Слайд 35Мотоатқыш бөлімшесі
ЖҰМ (ЖҰМ) – дағы мотоатқыш бөлімшесі
БТР – дағы мотоатқыш
бөлімшесі
Құрамы
Құрамы
Командир (К)
Көздеуші – оператор (КО)
Механик – жүргізуші (МЖ)
Пулеметші (П)
Гранататқыш
(ГА)
Гранататқыштың – көмекшісі (ГК)
Аға – атқыш (АА)
Атқыш (А)
Командир (К)
Көздеуші оператор (КО)
Механик – жүргізуші (МЖ)
Пулеметші (П)
Гранататқыш (ГА)
Гранататқыштың – көмекшісі (ГК)
Аға атқыш (АА)
Атқыш (А)
Мерген (М)
Слайд 37Бөлімшенің қаруларында:
жаяу әскердің ұрыс машинасы (ЖҰМ),
калашников қол пулеметі (РПК),
танкіге қарсы қол гранататқышы (РПГ-7),
калашников автоматтары (АК),
жарықшақты қол гранаттары (РГ) және
танкіге қарсы кумулятивті гранаттар
(РКГ – 3) болады
Слайд 38Бөлімшенің қарулануында:
БТР,
калашников қол пулеметі (РПК),
танкіге қарсы қол гранататқышы (РПГ-7), калашников
автоматтары (АК),
драгунов мергендік винтовкасы (ДМВ), жарықшақты қол гранаттары (РГ) және
танкіге
қарсы кумулятивті гранаттар
(РКГ – 3) болады
Слайд 39ШТАТТЫҚ ҚАРУ – ЖАРАҚ ПЕН ҰРЫС ТЕХНИКАСЫ
Мотоатқыш
взводының құрамында взвод командирі,взвод сержанты және үш мотоатқыш бөлімшесі болады.
Сондай – ақ взводта жаяу әскер ұрыс машинасы – ЖҰМ немесе БТР, Макаров тапаншалары, Калашников қол пулеметі мен автоматтары, танкіге қарсы қол гранатаатқыштары, танкіге қарсы және жарықшақты қол гранаталары болады. Мотоатқыш ротасы үш мотоатқыш взводынан құралады. Ротада атқыш – зенитшілер болуы мүмкін.
Мотоатқыш бөлімшелері қазіргі заманғы қуатты қару – жарақ пен ұрыс техникасына ие бола отырып, қарсыластың ұрыс техникасын және атыс құралдарын,адам күшін бірден жоюға қабілетті. Олар жоғарғы қарқынмен шабуылдап және ауа райы, жыл мезгілі мен тәуліктің кез келген уақытына қарамастан қорғаныс ұрысын қажырлы түрде жүргізе алады.
Слайд 40МОТОАТҚЫШ БӨЛІМШЕСІНІҢ
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕРІ
А
АА
БК
ГА
П
ГК
КО
МЖ
Слайд 41ЖАЯУ ӘСКЕР ШАРТЫ БЕЛГІЛІРІМЕН ШТАТТЫҚ
ҚАРУ – ЖАРАҒЫ
Взвод командирінің штаттық қаруы Макаров тапаншасы Шартты белгісі
Аға атқыш. штаттық қаруы АК-74, Шартты белгісі
БК
АА
Слайд 45Мерген штаттық қарауы ДМВ
Шартты белгісі
ЖАЯУ ӘСКЕР ШАРТЫ БЕЛГІЛІРІМЕН
Слайд 49Пулеметші штаттық қарауы РПК – 74
Шартты белгісі
ЖАЯУ ӘСКЕР ШАРТЫ
БЕЛГІЛІРІМЕН ШТАТТЫҚ
ҚАРУ – ЖАРАҒЫ
П
Слайд 51Граната – атқыш штаттық қаруы РГД – 7
Шартты белгісі
және көмекшісі
ЖАЯУ ӘСКЕР ШАРТЫ БЕЛГІЛІРІМЕН ШТАТТЫҚ ҚАРУ – ЖАРАҒЫ
ГА
ГК
Слайд 57 ЖҰМ және БТР техникаларының арналуы, тактикалық техникалық сипаттамалары,
қару
- жарақтары
Жаңа сабақтың тақырыбы
Бөлімшені ұйымдастыру, штаттық қарулануы және
ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері
Слайд 58
ЖҰМ – мотоатқыш бөлімшесінің жеке құрамын алдыңғы шепке тасымалдауға ұрыс
кезінде танктер мен біріккен әрекет жасауға арналған жаяу әскердің шынжыр
табанды ұрыс машинасы.
ЖҰМ – батпақты жерде, күртік қарларда тоқтаусыз жүре алады және суда жүзе алады ,түнде көру құрылғысымен, жаппай қырып жою қаруының зақымдаушы факторларынан қорғаныш бола алады.
Салмағы – 18,7 тн, брон қалыңдығы – 19 мм, мұнара маңдайы – 23 мм,
жылдамдығы – 72 км сағ, суда жүзу жылдамдығы – 10 км.
Қару – жарағы: 30 мм автоматты зеңбірек – тірі күштерді, жеңіл бронды техникаларды және төмен ұшатын әуе нысандарын жоюға арналған атыс құралы.
7,62 мм Калашниковтың танктік пулеметі. ПТУР – 9 М – 117
( танкке қарсы басқармалы ракеталық кешен )
ЖҰМ тактикалық техникалық сипаттамасы,
қару – жарағы
Слайд 59
Жеке құрамы ( экипаж + десант ), адам: 3 +
7
Ұзындығы, м: 6,710
Ені, м: 3,090
Биіктігі, м: 2,060
Негізгі қаруы: автоматты зеңбірек 2А42 30 мм
Көмекші қаруы: пулемет 7,62 мм
Қосалқы қаруы: танкіге қарсы басқарылатын реактивті снаряд 9П135М
Оқ-дәрі қоры: зеңбірек: 500
Пулемет: 2000 ТҚБРС, шт: 4
Жүру жылдамдығы, км/с: 65
Жанар май қоры, км: 500
Двигатель: дизель УТД-2001
Двигатель қуаты, килоВат: 210 – 221
Слайд 67БТР тактикалық техникалық сипаттамасы,
қару – жарағы
БТР (бронды транспартер) мотоатқыштар
бөлімшесінің жеке құрамын ұрыс даласына ,берілген жауынгерлік тапсырманы орындау орнына
жеткізуге арналған доңғалақты брондалған ұрыс машинасы салмағы 13,6 тн, жылдамдығы сағатына 90 км,суда жүзу жылдамдығы 9,5 км сағат, брон қалыңдығы 7 – 9 мм қару - жарағы 30 мм Владимировтың автоматты зеңбірегі 7,62 мм Калашниковтың танктық пулеметі 3 дана АГС -17 гранататқышы , ПТРК (КОНКРУС), түнде көру құрылғысы, жаппай қырып жою қаруының зақымдаушы факторларынан қорғаныш бола алады.
Слайд 68Жеке құрамы - ( Экипаж + десант )
Адам:
3+8
Ұзындығы, 7,56 м
Ені, 2,83
Биіктігі: 2,31
Двигатель: екі алты цилиндрлі
Мотор күш қуаты – 180 ат күші
Жүру жылдамдығы:
Құрғақта - 80 км сағ
Суда - 8 – 10 км
Жанармай қоры - 500 км
Негізгі қаруы:14,5 – мм пулемет КПВТ және қосалқы пулемет ПКТ- 7,62 мм
Слайд 75 Бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері
Жаңа
сабақтың тақырыбы
Бөлімшені ұйымдастыру, штаттық қарулануы және ұрыстық техника, бөлімшенің
ұрыстық мүмкіндіктері
Слайд 82
Қорытынды
Тактика, ұрыс, шабуыл, қорғаныс дегеніміз не ?
Слайд 83
Мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы ?
Қорытынды бөлімі
Слайд 84
Штаттық қарулануы, ұрыстық техникалары, қару жарағы ?
Қорытынды
Слайд 87Үйге тапсырма беру
Тактикалық дайындық
Бөлімшені ұйымдастыру,
штаттық қарулануы және ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері