Разделы презентаций


Тақырыбы :

Мақсаты: Студенттердің өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету;Өмірден өз орындарын таба білу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.Міндеттері: Өмір

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тақырыбы :
Адам өмірінің мәні.

Тақырыбы :Адам өмірінің мәні.

Слайд 2Мақсаты:
Студенттердің өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру,

олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету;
Өмірден өз

орындарын таба білу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:
Өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;
өмірге құштарлықтарын арттыру;
өмірдің мәніне түсіне қарауға бағыт-бағдар беру;
өмірден өз орнын табуды мақсат етуге үйрету.

Мақсаты:  Студенттердің өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа,  достыққа, сыйластыққа

Слайд 3Кіріспе:
«Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа

кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын,

мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», – деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.


Кіріспе: «Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні

Слайд 4Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол"

деп өсиет калдырғаны белгілі. Әрине, бұл жерде өз атына лайық,

ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық . Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе — ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндайда дайын рецепт беруден онды нәтиже шыға кояр ма екен? Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша өмірлік ұстаным бар. Ал талқының, пікір алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтыны анық. Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, адамның болмысының абстрактілі және өзгермейтінін негізге ала отырып, адамның өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып келгені мәлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мәнін жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші үғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мәнін белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа:

Слайд 5Өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін

теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мәні

әр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мәні туралы сонша пікір бар.   Ал өмірдің мәні туралы философтар пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ, әлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. Адам өмірінің мәні оның өлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам — белсеңді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы — сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.
Өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай

Слайд 6 "Бақыт" түсінігі. Өмірдің мөні

туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол

— бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек. Бақыт дегеніміз — өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы. Бақыт мұраттың сезімдік-эмоциялык формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты объективті жағдайды немесе адамның субъективті күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің қалай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті-бағалық сипат алады. Бақыттың мазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне байланысты. Бақыт сондай-ақ тарихи жене ұлттық шарттылық сипатта көрініс береді. Моральдық сана тарихында бақыт адамның тумысынан иелік ететін құқығы деп есептелген мезеттер болса да, іс жүзінде қоғамда езілген елдердің бақытты өмір сүруге тырысу әрекеттері аяусыз жанышталып тасталатын жағдайлар, жеке адамның бақытына тосқауыл болатын тарихи оқиғалар да аз болмайды. Қазір бүкіл прогресшіл адамзат қауымы қабылдаған демократиялық қағидалар біздің өмірімізге де мықтап ене бастады. Тұлғаның мүддесі қоғам мүддесінің астында тапталып қалмайтын болды. Бірақ бұл жағдай жекенің мүддесі үшін қоғам зардап шеге берсін дегенге апарып саймаса керек. Ол екеуінің арасындағы байланыстар табиғи, бірін-бірі толықтырып отыратын болуы керек. Қоғам бақытты болса ғана адам бақытты. Ал қоғамның бақыты оның әр мүшесінің бақытынан құралады.

Слайд 7Өмір жөне оның мәні туралы ой қозғаған ұлылардың бәрі бақытты

еңбекпен байланыстырады.  Осы ұстанымды қуаттайтын ойшылдарды, ғұламаларды, көркем-өнер кайраткерлерін көптеп

кездестіруге болады. Көпке танымал болмаса да, қатардағы салауатты адамдар да осыны мақұлдайды. "Бакыт тек еңбекпен келеді" деген тұжырым әлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде әлі күшін жойған жоқ. Адамның өзі таңдаған кәсіппен айналысуы, ұзақ және қызықты еңбек жолынан өтіп, мол тәжірибе жинап, кәсіпқойлықтың шыңына шығуы, шабытпен еңбек етіп, оның нәтижесін көруі — міне, адамды бақытқа бастап апарар баспалдақтар осы болса керек. Еңбек еткеннен кейін, оның зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың арасында өзі қалаған мамандьны бойынша еңбек етіп, көпшілік алып жүрген жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында, достары мен туыстарының арасында, тату-тәтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар толып жатыр.
Өмір жөне оның мәні туралы ой қозғаған ұлылардың бәрі бақытты еңбекпен байланыстырады.  Осы ұстанымды қуаттайтын ойшылдарды, ғұламаларды,

Слайд 8Адасу. Еңбектен, махаббаттан, табиғаттың сұлулығынан немесе достар арасындағы толық түсіністікті

сыр шертісулерден тыс қалған адам бақытты өзге жақтан іздейді. Адасу

осыдан басталады. Алдымен шылым шегуден, спирттік ішімдіктен жанға сая табу кейін есірткі қабылдауға ұласуы әбден мүмкін. Уландырғыш заттар бастағы бар ауыртпалықгы белгілі бір мезетке ысырып тастағандай әсер етіп, көнілдің хошын келтіретіні рас. Есірткі қабылдаған адамда іштей қанағаттанғандық сезім пайда болып, қайғы мен мұң ұмытыльш, көңілі көтеріліп, айналасы қызылды-жасылды түске енеді. Бірақ жасанды бақыт ұзаққа бармайды. Есірткі денеге жайылып, оның уыты тарқағаннан кейін адам қайтадан бейжай күйге түседі. Ол бұрынғыдан да қатты қиналады: іштей құлазу, жалғыздық сезімі пайда болады. Бұдан құтылудың жолы біреу-ақ — қайтадан қажетті мөлшерін қабылдаса, бәрі сонымен шешілетіндей көрінеді. Адам қайтадан есірткі іздейді. Осылай жалғаса береді. Адамның өзін-өзі іштей ірітіп-шірітуі осылай басталады.
Адасу. Еңбектен, махаббаттан, табиғаттың сұлулығынан немесе достар арасындағы толық түсіністікті сыр шертісулерден тыс қалған адам бақытты өзге

Слайд 9Адамның төзімділігінде шек жоқ. Адам ақылдың, ойдың, сезімнің ғана емес,

сонымен қоса ол төзімнің де кеніші. Адамның бойында керемет тәни

күш пен қуат та бар. Адам рухани қиындықпен қатар, тәни ауыртпалықтың қандайына да төтеп бере алады. Адамның бірегейлігінің өзі осыдан көрініс тапса керек. Өмірге құштарлығымен бірнеше ұрпақтың назарын аудара білген орыс жазушысы Николай Островский: "Төзуге мүмкін болмайтын жағдайда да өмір сүре білу керек" деп жазған еді. Басқаны былай қойғанда, адамның ауасы таза, суы мөлдір, аспаны ашық, айы мен күні орнында, гүлінің хош иісі бұрқыраған жер бетінде аяқ басып жүруінің өзі бақыт. Әрине, адам тек табиғат берген сыймен шектеліп қала алмайды. Адамға еркіндік, демократия, материалдық және рухани байлық керек. Бірақ оларды жасау әркімнің өз қолында. 
Адамның төзімділігінде шек жоқ. Адам ақылдың, ойдың, сезімнің ғана емес, сонымен қоса ол төзімнің де кеніші. Адамның

Слайд 10Шарты: Әр қатысушы өзінің ойларын ортаға салады. Ойлануға 5 минут

уақыт беріледі. Қатысушыларының айтылған қасиеттер бойынша, жаттығу соңында, қорытынды жүргізіледі.
Талдау

сұрақтары: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер? Қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?

2. Жаттығу. «Түймедейді түйедей ету».

Шарты:  	Әр қатысушы өзінің ойларын ортаға салады. Ойлануға 5 минут уақыт беріледі. Қатысушыларының айтылған қасиеттер бойынша,

Слайд 11Қатысушыларға нұсқау беріледі: «Ассоциация-бұл естіген немесе көрген зат жайында соған

қатысты ойлардың басына келуі. Ең бірінші бізге қатысушының айтқан сөзіне

байланысты ассоциация ойлау керек. Көп ойланбауға тырысыңыз,ойыңызға тез түскен нәрсені атауыңызға болады. Ал мен бастаймын: “Өмірдің мәні дегеніміз не? ...........”

3.“Ассоциация» жаттығуы”

Қатысушыларға нұсқау беріледі: «Ассоциация-бұл естіген немесе көрген зат жайында соған қатысты ойлардың басына келуі. Ең бірінші бізге

Слайд 12“Екі бақа” туралы аңыз оқылады.

Шарты:
Оқушылар шеңбер (өмір) болып

тұрады, ортада науқасы бар ауру адам, ол өмір сүру үшін

күресіп шеңберден шығуы керек. Қатысушылар оны шығармауға тырысады.
Әркім өзі қиындықтан қалай шығатынын ортаға салады.
Талдау сұрақтары:
1. Өмір күрестен тұрады – дегенді қалай түсінесің?
2. Мақсатқа қалай қол жеткізу керек?

4. Жаттығу. «Мен жалғыз емеспін».

“Екі бақа” туралы аңыз оқылады. Шарты: 	Оқушылар шеңбер (өмір) болып тұрады, ортада науқасы бар ауру адам, ол

Слайд 135. Ойланайық, пікірлесейік. Төмендегі таблицада Робинзон Крузо пікірін қарап шағып,

әр оқушы өз ойын ортаға салып, ой бөлісу.
Талдау сұрақтары:
1.

Сен жақын жолдасыңмен қатты ренжісіп қалдың. Робинзон Крузо пікірі сияқты ренжудің жақсы, жаман жағын ажыратып айтып беріңдер.
5. Ойланайық, пікірлесейік.  Төмендегі таблицада Робинзон Крузо пікірін қарап шағып, әр оқушы өз ойын ортаға салып,

Слайд 14Есте сақтаңдар:
Еш уақытта қайтып келмейтін үш нәрсе бар, ол

:
уақыт, сөз, мүмкіндік.
Адамды айқындайтын үш нәрсе бар: еңбек,

адалдық, жетістік.
3. Адам ақылға салса, өзін айқындауға қол жеткізіп, қайтып келмейтін нәрсеге өкінбес болар.
Өмір – бұл мүмкіндік. Сол мүмкіндікті қолдана біл.
Өмір – бұл әдемілік. Әдемілікке қызыға біл.
Өмір – бұл арман. Арманыңды орындата біл.
Өмір – бұл ойын. Ойыншы бола біл.
Өмір – бұл байлық. Байлықты шаша берме.
Өмір – бұл қуаныш. Қуана біл.
Өмір – бұл махаббат. Махаббатқа рахаттана біл.
Өмір – бұл құпия. Құпияны сақтай біл.
Өмір – бұл көз жасы. Көз жасын жеңе біл.
Өмір – бұл өлең. Аяғына дейін айта біл.
Өмір – бұл терең құз. Құздан қорықпай шыға біл.
Өмір – бұл бақыт. Бақытқа лайықты өткізе біл.
Өмір – бұл жүлде. Жарыста жеңе біл.
Өмір – бұл баға жетпес асыл зат. Ешнәрсемен салыстырма.
Өмір – бұл өзен. Ағысқа карсы тұра біл.
Өмір – бұл қатал. Шыдай біл.
Өмір – бұл тәңірдің сыйы. Оны мәнді де сәнді өткіз.
Өмір - бұл театр. Әртісі бола біл.
Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі.
БҰЛ СЕНІҢ ӨМІРІҢ. ОНЫ БАСҚАРА БІЛ!

Есте сақтаңдар: Еш уақытта қайтып келмейтін үш нәрсе бар, ол : уақыт, сөз, мүмкіндік. Адамды айқындайтын үш

Слайд 157 . Жүректен жүрекке.
Оқушылар болашақ жайында жүрекшелер ұсынып жақсы тілектерін,

лебіздерін білдіреді.

Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан. Өмір деген тұрады: ақ

- қарадан, Ақ - Қара,екі арасын ашып өтіп, Арымен өз бақытын тапқан Адам!- дей отырып, өмір сүріп жатқан әр секунд, минутымызды бағалап, өмірдің қиындықтарын жеңе білейік.

7 . Жүректен жүрекке.Оқушылар болашақ жайында жүрекшелер ұсынып жақсы тілектерін, лебіздерін білдіреді.Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан.

Слайд 16Қатысқандарыңызға көп рахмет!

Қатысқандарыңызға көп рахмет!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика