Слайд 1Тақырыбы: Шеміршек. Жасқа байланысты гистологиясы. Регенерациясы. Сүйек. Эктопикалық дамуы.
Физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регенерациясы. Сүйек құрылысының жаңалануы және сүйекке
әсер ететін факторлардан сүйек құрылысының өзгеруі. Сүйек байламдары
Дайындаған:Қыдырбек Гауһар
Тобы: ЖМ13-20-01
Қабылдаған: Жаңбырбаева А.Қ
Слайд 2Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Шеміршек, шеміршектің құрылыс-қызметінінің ерекшелігіне және құрамындағы
талшықтарының қатынасына қарай жіктелуі
2. Шеміршек тіндерінің дамуы
3. Шеміршектің жасқа байланысты
өзгеруі,
4. Сүйек тіні, жіктелуі
5. Қабыршақты сүйек тіні
6. Сүйек диафизінің құрылысы, сүйектің регенерациясы, жасқа байланысты ерекшелігі
III. Қорытынды
Кіріспе
Қаңқа тіні – сүйек пен шеміршек анық байқалатын
басым тірек-механикалық қызмет атқаратын, дәнекер ұлпалардың түрлері болып табылады. Сонымен қатар олар су-тұз алмасуға қатынасады, гомеостазды (тұрақтылық) қамтамасыз етеді, қорғаныштық және трофикалық қызмет атқарады.
Слайд 4Шеміршек тіндері
Шеміршек тіні тыныс алу жүйесінің мүшелерінде, буындарда, омыртқа аралық
дискілерде т.б.кездеседі. Бұл тіндердің негізін хондроциттер мен хондробласттар және серпімділігімен
ерекшеленетін жасуша аралық заттар құрайды.
Слайд 5 Шеміршектің жіктелуі
Гиалинді
Эластинді
Талшықты
Слайд 6Гиалинді шеміршек
Гиалинді шеміршек тіні әйнек тәрізді , мөлдір ағзада ең
көп тараған шеміршек түріне жатады.Ересек адамдарда қабырғаның төс сүйегінен байланысқан
Ұштарында, көмекейде, тыныс алу жолдарында ,жілік сүйектерінің буын беттерінде кездеседі.
Слайд 7Эластинді шеміршек
Бұл шеміршек пішіні тнгіс емес,бүктеліп немесе майысқан бөліктері бар
мүшелерде: құлақ жарғағы, көмейдің, мүйіз және сына тәрізді шеміршегі түрінде
кездеседі.
Слайд 8Талшықты шеміршек
Талшықты шеміршек тіні – омыртқа аралық дискіде, қозғалысы аз
байламдарда,талшықты дәнекер тінінің гиалинді шеміршекке айналатын жерінде кездеседі.
Слайд 10Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі
Организмнің қартаюына байланысты шеміршек тініндегі протеогликандардың концентрациясы
азаяды және соған байланысты гидрофильділігі төмендейді. Хондробласттар мен жас хондроциттердің
бөліну құбылыстары нашарлайды.
Жасуша аралық заттар мен жасушалардың дистрофиялық өзгерістерінің резорбциясына хондрокласттар қатысады. Хондроциттердің өлімінен кейін лакуналар аморфты заттар мен коллаген жіпшелеріне толады.
Слайд 11Сүйек тіні
Сүйек тіні – дәнекер тінінің жоғары маманданған, жасуша аралық
заты минералданған түрі. Жасуша аралық затының 70%-ы бейорганикалық қосылыстардан, негізінен
кальций фосфатынан тұрады.
Слайд 14Ретикулофиброзды сүйек тіні
Ретикулофиброзды тіннің негізгі затында сопақша пішінді лакуналар орналасады.
Лакуналар остеоциттер орналасқан анастомоз құратын каналдардан тұрады. Өрескел талшықты тіннің
сырты сүйек қабымен қапталған.
Коллаген талшықтары
Остеоциттер.
Слайд 15Қабыршақты сүйек тіні
Бұл тін – ересек адам организмінде кең таралған.
Ол сүйек пластинкаларынан тұрады. Пластинкалар фибриллардан тұрады. Орталық бөлігінде фибриллалар
бойлай, ал периферия бойында көлденең орналасады.
Сүйек пластинкалары;
Остеоциттер;
Остеоцит аралшаларының жанасуы;
Коллаген талшықтары
Слайд 17Сүйекке жасқа байланысты өзгеруі
Бұл сүйектің құрамындағы химиялық заттардың өзгеруіне байланысты
жүреді. Мұндай жағдайларда коллаген талшықтарының түрлері мен гликозамингликандардың қатынасы өзгеріп,
сүйектің құрамында сульфаттанған қосылыстар пайда болады.
Слайд 19Сүйек тінінің дамуы
Эмбрионның сүйек тінінің дамуы 2 тәсілмен жүзеге асады.
1)тура остеогенез-мезенхимадан тікелей даму; 2) тура емес даму – мезенхимадан
дамыған шеміршектен даму. Сүйек тінінің дамуы барысында сүйек диффероны пайда болады: бағаналы жасушалар, жартылай бағаналы жасушалар, остеобласттар, остеоциттер
Слайд 20Қорытынды
Қорыта айтқанда, эмбриогенезде қаңқа ұлпалары эктодермаға индукцияның әсері кезінде мезенхимадан
дамиды. Басында мезенхиманың аймақтары қаңқа генді бастамаға жіктеледі, одан кешірек
хондроидты, ал содан кейін сүйек тіні түзіледі.
Слайд 21ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
«Цитология, эмбриология және гистология», Аяпова Ж.О.
«Гистология», Афанасьев Ю.И.
«Адам физиологиясы»,
Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б.
АТЛАС «Гистология, цитология және эмбриология»
Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.И.Юй.
Слайд 22НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!