Слайд 1Тақырып 8. Өндіріс, фирманың шығындары және табысы
Негізгі ұғымдар:
шығындардың қисық сызықтары, тұрақты, ауыспалы, валдық, ашық шығын, балама шығын,
жай өндірістік есеп, бухгалтерлік шығындар, анық емес шығындар, изокоста.
1.Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс
2.Кемімелі қайтарымдылық заңы. Шекті өнім
3.Фирма шығындарының жіктелуі және құрылымы
4.Өндіріс шығындары және пайда
5.Фирманың қаржылық жағдайы және табысы
1.Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс
Смит абсолютті шығындар тұжырымдамасын, Рикардо салыстырмалы шы-ғындар тұжырымдамасын енгізген. Олар өндіріс шығындарын өнімнің жеке бір-лігін жасауға кеткен қоғамдық қажетті еңбектің орташа шамасымен байланысты-рады.
Марксизм теориясы өндіріс шығындарын кеңінен зерттеді. Бұл теорияның бас-ты өкілі К. Маркс өзінің «Капитал» атты еңбегінде өндіріс шығындарын жан-жақты талдады. Ол тауардың жасалуын және оған жұмсалған шығындарды өндіріс құрал-жабдықтарымен және жұмыс күшімен байланыстырды.
Тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын нақты шығындар деп атайды.
Слайд 2 Маржинализм теориясы өндіріс шығындарын тауардың ерекше қасиеті болып
табылатын пайдалылық ұғымы тұрғысынан зерттейді. Пайдалылық, соның ішінде, тауардың жалпы
пайдалылығы және шекті пайдалылығы психологиялық құбылыс ретінде өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соңғы соманың шамасы болып табылады. Маржиналистер экономикалық ғылымға шекті шығындар тұжырым-дамасын енгізген.
Институционализм бағытының өкілдері өндіріс шығындарынан басқа жеке шығындардың, қоғамдық шығындардың, абсолюттік шығындардың, қаржылық шығындардың, сонымен қатар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шығындар-дың бар екендігін бөліп көрсетті.
Неоклассикалық теория өндіріс факторларына жұмсалатын шығындарды өнім көлеміне тәуелді өзгермелі шығындар және өнім көлеміне тәуелді емес тұрақты шығындар деп ажыратады.
Неоклассикалық теория өндіріс факторларына жұмсалатын шығындарды өнім көлеміне тәуелді өзгермелі шығындар және өнім көлеміне тәуелді емес тұрақты шығындар деп ажыратады.
Тұрақты шығындар (FC) графигі түзу түрінде көрсетіледі, өйткені олардың шамасы өзгермейді, өзгермелі шығындар (VC) графигі - ұлғаймалы қисық сызық (олар өндіріс көлемінен тура тәуелділікте болады), жиынтық (жалпы) шығындар (TC) сызбасы - ол тұрақты шығындардың шамасына өскен (көбейген) ауыспалы шығындардың қисық сызығы.
Слайд 31 сызба - Тұрақты, ауыспалы және валдық шығындар
Слайд 4 Орташа тұрақты шығындар графигі төмен түсетін қисық сызық болып
көрінеді, бұндай пішіннің себебі - тұрақты шығындар шамасы шығару көлемінің
өсуінен өзгермейді. Орташа ауыспалы шығындар динамикасы кемушілік қайтарым заңының әрекетіне байланысты, графикте олар ұлғаймалы қисық сызығының түрінде көрсетіледі. Орташа валдық (жалпы) шығындардың пішіні тұрақты және өзгермелі шығындардың нақты мағыналарынан тәуелді: егер FC>VC, АТС қисық сызығы төмен түседі; егер FC
2 сызба - Орташа тұрақты ауыспалы және валдық (жалпы) шығындар.
Слайд 5 2.Кемімелі қайтарымдылық заңы. Шекті өнім
Кемімелі қайтарымдылық
заңы (өндіріс факторлары шекті өнімділігінің төмендеу заңы) - бұл басқа
ресурстың саны тұрақты болып, ал белгілі бір ре-сурсты пайдаланудың санын көбейткенде бұл жағдай белгілі бір кезеңнен бастап айнымалы фактордың шекті өнімінің азаюына әкеледі.
Ұзақ мерзімді кезеңде фирманың қызметінде пайдаланылатын факторлардың барлығы өзгермелі болып табылады.
Масштаб тиімділігі (өндіріс ауқымының өсуі) дегеніміз - бұл өндіріс фактор-лары шығындарын арттыру мен өндіріс көлемінің өзгеруі арасындағы арақаты-настың сипатын көрсететін өндірістік үрдістің маңызды қасиеті.
Жиынтық өнім (Q) өндірісте өзгермелі факторды пайдалану (F1) өсуіне қарай өседі, бірақ бұл өсу берілген технология шеңберінде белгілі шекте болады 3-ші сызба.
Өндірістің бірінші кезеңінде (0А) еңбек шығынының өсуі капиталды толығырақ пайдалануға көмектеседі: жалпы және шекті еңбек өнімділігі өседі. Бұны шекті және орташа өнім өсуінен көруге болады, бұл кезде MP > AP (3ә-сызба). А нүктесінде шекті өнім өз максимумына жетеді. Екінші кезеңде (АБ) шекті өнім шамасы азаяды және Б нүктесіне орташа өнімге тең болады (MP=AP). Егер бірінші кезеңде (0A) жиынтық өнім өзгермелі фактор-дың пайдаланылған санына қарағанда баяуырақ өссе, онда екінші кезеңде (АБ) жиынтық өнім өзгермелі фактордың пайдаланылған санына қарағанда тезірек өседі (3а-сызба).
Слайд 63 сызба - Орташа жиынтық шекті өнім.
Өндірістің үшінші кезеңде (БВ)
MP>AP, нәтижесінде жиынтық өнім өзгермелі фактор шығындарынан баяуырақ өседі де,
соңында, МР<0 болатын төртінші кезең (В нүктесінен кейін) басталады.Нәтижесінде F1 өзгермелі фактордың өсуі жиынтық өнімді шығарудың азаю-ына әкеледі.
Шекті өнімділіктің кему заңы абсолюттік емес, салыс-тырмалы сипатта болады. Бі-ріншіден, ол өндіріс фактор-ларының біреуі ғана тұрақты болған жағдайда қысқа мерзімде ғана қолданылады.
Екіншіден, техникалық прогресс оның шекарасын жылжытып отырды.
Слайд 7 3.Фирма шығындарының жіктелуі және құрылымы
Өндірістің классикалық
факторы болып есептелетіндер еңбек, жер (табиғи ресурс) және капитал. Фирманың
барлық ашық шығыны өнімді өндіруге қолдан-ған өндірістік фактордың орнын толтырады. Ашық шығынның барлық жиынты-ғы өнімнің өзіндік құны болып есептеледі.
Ашық (анық) шығынды және балама шығынды есептеу арқылы фирманың пайдасын толық анықтауға болады. Жиынтық табыспен және барлық шығындар арасындағы айырмашылық пен экономикалық пайданы анықтайды.
Жіктеу әдістері немесе бағыттары басшының алдында тұрған нақты мәселе-лерге тәуелді болып келеді.
Бірінші бағыт - жай өндірістік есеп, оның негізгі міндеті: өнімді сатудан күтілетін та-быс (қызметтерден, тасымалдаудан, сатудан) және өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын анықтау үшін жұмсалған шығындар (тікелей және жанама) туралы есептік мәліметтерді алу;
Екінші бағыт - өзіндік құн туралы есеп берулер мен нақты шығындар туралы алынған ақпараттарды жүйелеп, өндірістік шығындар деңгейімен айналысатын (цехтардың, өндірістердің, шектеулі серіктестіктердің) басшыларды керекті ақпараттармен қамтамасыз ету;
Үшінші бағыт - шығу орындары бойынша шығындарды бақылау мен реттеу мақсатын-да шығындар және жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру.
Слайд 84.Өндіріс шығындары және пайда
Өндіріс үдерісі - бұл факторлардың
өзара іс-қимыл нәтижесінде өнімге айналуы.
Тауарды өндіргенде өндіріс факторларын
сатып алуға жұмсалған шығынды немесе өндіріс шығынын талдау қажет.
Бухгалтерлік шығындар - сатып алудың нақты бағасымен өлшеніп, шығынға жұмсалатын ресурстардың құны.
Экономикалық шығындар - бұл уыстан шығып кеткен мүмкіндіктер шығы-ны. Олар шығындалған ресурстардың (анық шығын + анық емес шығын) бар-лық балама тәсілдерінің ең пайдалысын қолданғанда алған табыс сомасына тең.
Анық емес шығындар - бұл экономикалық және бухгалтерлік шығындардың айырмашылығы.
Шығын шамасының өнім көлеміне тәуелділігіне қарай, тұрақты және өзгермелі шығындар деп бөлінеді.
Өнімнің ең көп шығарылу мөлшерін анықтау үшін шекті шығындарды есептейді. Шекті шығындарды өлшеу қажеттілігі кемімелі қайтарым заңының әрекетінен туындайды, оның мәні мынада: өзгермелі фактордың әр қосымша бірлігі біршама кезеңнен бастап алдыңғы өнімге қарағанда, өнімнің жалпы шығарылу көлемін азайтады.
Слайд 9 Қысқа мырзімді кезең- бұл өндіріс факторлары бекітілген күйінде
қалатын мерзім.
Ұзақ мерзімді кезең - барлық факторларға өзгерту
енгізуге жеткілікті уақыттың бір бөлігі (барлық факторлар өзгереді).
4 сызба - Еңбектің өзгермелі факторы.
Тұрақты шығындар (FC) - фирманың өнім шығару көлеміне тәуелсіз шығындары.
Өзгермелі шығындар (VC) - өнім шығару көлеміне сәйкес өзгеретін шығындар.
Слайд 10 Жиынтық (жалпы) шығындар TC=FC+VC – тұрақты және өзгермелі
шығындардың сомасы.
Орташа тұрақты шығындар (AFC) – Өнімнің шығарылатын
көлеміне тұрақты шығындардың қатынасы:
AFC=FC/Q
Орташа өзгермелі шығындар (AVC) – Өнімнің шығарылатын көлеміне өзгермелі шығындардың қатынасы:
AVC=VC/Q
Орташа жалпы шығындар (ATC) – Өнімнің шығарылатын көлеміне жалпы шығындардың қатынасы:
ATC=TC/Q=AFC+AVC
Шектеулі шығындар (өсімді) (MC) - өнімнің тағы бір бірлігінің өндірілуіне байланысты шығындардың өсуі:
MC=∆TC/∆Q=∆VC/∆Q
Слайд 11 5.Фирманың қаржылық жағдайы және табысы
Фирманың қаржылық
тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен
несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы фирманың дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.
Қаржылық тұрақтылықтың мәні – бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі.
Фирманың қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:
1) пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және бойынша.
Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрлымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс тандалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Слайд 12 Фирманың қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі фактор-ларды
атап көрсетуге болады:
- фирманың салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс,
қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрлымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарынның жағдайы;
- фирмаларды басқару тиімділігі.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- aғымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
Слайд 13- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік
және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- фирманың табыстылығын бағалау;
- фирма табысының салыстырмалы
көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- фирманың іскерлік белсенділігін анықтау;
- фирманың қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффиценттер әдісі.
Көлденең (уақыттық) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңі-мен салыстыру. Ол өткен кезеңдігімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Слайд 14 Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау.
Трендік талдау барлық көрсеткіштер 100% алынатын базистік жыл деңгейі-нен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Коэффиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады,оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетіледі. Қаржылық коэффиценттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирмалар-дың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.
Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің де терминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдерді көмегімен талдау.