Слайд 1Тақырып: ″Организмнің шартты-рефлекстік іс-әрекеттері және олардың нейрофизиологиялық механизмдері″
Павловтың шартты және
шартсыз рефлекстер туралы ілімі.
Шартты және шартсыз рефлекстер сипаттамасы.
Шартты рефлекстің шартсыздан
айырмашылығы.
Шартты рефлексті қалыптастыру әдістері.
Шартты рефлекстің түрлері, динамикалық стереотип.
Шарты рефлекс негізі-уақытша байланыс, оның түзілу механизмі.
Ми қыртысының талдау іс-әрекеті.
Слайд 2 Алғаш рет психикалық қызметтің негізі ретінде рефлекстік
қағиданы
И.М.Сеченов (1863 ж) дәлелдеді.
XX ғасырдың басында И.П. Павлов ми қыртысын зертеуде көптеген өзгерістер енгізді. Адамның мінез-құлқы негізінде, ЖЖІӘ-нің маңызды орын атқаратынын атап көрсетті. Сілекей бөліну үрдісін зерттей келе И.П. Павлов шартты рефлексті ашты. Ол шарты рефлекстің жоғарғы деңгейі тітіркендіргіш емес, оған ілесіп жүретін сигнал (ишара) екенін көрсетті.
Слайд 3 Шартсыз рефлекстер – гомеостаз тұрақтылығын сақтау үшін тұқым
қуалайтын (филогенезде қалыптасқан) рефлекторлы механизмдер.
Шартты рефлекстер – организмнің қоршаған ортаға
бейімделу реакциясы.
Слайд 4
Шартты рефлекстер - ойлау қабілетінің, мінез-құлықтың және қоршаған ортаға бейімделуінің
негізі.
Слайд 5Шартты мен шартсыз рефлекстің айырмашылығы.
Слайд 6Шартты сілекей бөлу рефлекстің қалыптастыруы
- жануарға сілекей безіне фистула
қояды
- тәжірибені сауыққанан кейін жасайды;
жануарларды жеке камерада ұстайды.
Жануарға
тағам шартты рефлексін қалыптастыру үшін алдымен индифферентті (шартты) тітіркендіргішті (қоңырау, шам) қолданып, 4-5 секундтан кейін тағаммен (шартсыз тітіркендіргіш) нықтау керек.
Егер біраз қайталанғаннан кейін жарыққа, сілекей бөлінсе, онда рефлекс қалыптасқан болып табылады.
Қорғаныштық шартты рефлексті қалыптастыруда шартсыз тітіркендіргіш ретінде электрлік ток қолданылады.
Слайд 8Шартты рефлекс түрлері
І. Рецептордың орналасуына сәйкес
1. Экстероцептивті
2. Проприоцептивті
3. Интероцептивті
ІІ. Шартты тітіркендіргіштің табиғатына сәйкес
1. Табиғи
2. Жасанды
III. Биологиялық маңызына байланысты
1. Ас қорыту
2. Қорғаныш
3. Жыныстық
4. Бағдарлау
IV. Жауап беру реакциясына байланысты
1. Тамыр қозғалтқыш
2. Сөл бөліну
3. Қимыл-әрекеттік
4. Экскреторлы және т.б.
V. Рефлекстің ерекше түрі - уақытқа байланысты рефлекс
VI. Үрдістің өту ағымына байланысты
1. Қозғыш
2. Тежегіш
Слайд 9VIІ. Қалыптастыру тәсіліне байланысты:
1. Нақты
а) Сәйкес келетін
б) Қысқа мерзімді
в) Ұзақ мерзімді
г) Кешіктірілетін
2. Бір ізді
3. Бірінші, екінші немесе одан да жоғары реттік
4. Жинақы
5. Ажыратылған және жайылмалы (жалпылама)
6. Комплексті (бір мезгілді, кеңістікті).
7. Динамикалық стереотип.
8. Ұқсас немесе сәйкес.
Слайд 10Шартты рефлекстің негізі- уақытша байланыс.
Бұл шартты және шартсыз тітіркендіргіштерге болатын
реакцияны қаматамасыз ететін екі немесе бірнеше қыртыс асты құрылым және
қыртыс орталықтарының функционалдық бірлесуі.
Бұл байланыс организмнің жағдайына байланысты нықталады немесе жоғалады
Слайд 11Уақытша байланыстың түзілу механизмі
Қыртыстық теория (Павлов И.П.).
а) Қозу иррадиациясы.
б) Қозу орталығының үстемділігі.
в) Із салуы.
Слайд 122. Қыртыс – қыртыс асты – қыртыс (Асратян Э.А.).
3. Конвергенттік
теория (Анохин П.К.).
Слайд 13
4. Синапстағы морфологиялық өзгерістер.
5. Синапстағы биохимиялық өзгерістер.
6. Нейроглияның қатысуы.
Слайд 14Уақытша байланыстың түзілу механизмі
Слайд 15ЖЖІӘ - мидың үлкен жарты шарының қыртыспен құрылымдық байланысымы, жаңа
ақпаратты құру және оның қабылдауын қайта өңдеу құбылыстар комплексінің негізгі
кезеңдері.
Адам миының интегративтік қызметінің күрделі формасы- сыртқы қоршаған ортаның элементтерінің үздіксіз талдауы және жалпылай тәрбиелеу түріндегі синтездеу болып табылады.
Слайд 16Талдау және түйсіну қызметінің негізінде белгілі бір дағдының өңделуі, ақпараттың
бірінен екіншісіне берілуі мен білімді қайта өңдеуге қабілеттілігі және бейімделу
тәртібі жатады.
Шартты рефлекстік реакцияны келешектегі жағдайды болжайтын адамның жеке тәжірибесінің базасы ретінде қарастыруға болады.
Слайд 17Тақырып: «Қыртыстық тежелу»
Жоспар:
Ми қыртысындағы қозу мен тежелу.
Сыртқы(шартсыз) қыртыстық тежелу.
Ішкі (шартты)
қыртыстық тежелу.
Қыртыстық үрдістердің динамикасы.
Қозудан тежелуге өту кезеңдері.
Слайд 18Шартты рефлекстерді зерттей келе
И.П. Павлов мидың іс-әрекеті 2 үрдістен
құралатынын анықтады:
қозу
тежелу
Қозудың таралуы бірнеше ағзалар мен жұйкелерді қамтып, жайылмалы реакциялар
түрінде, ал үрдістің жинақталуы рефлекстік реакция мен оның мақсатының тарылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Тежелу жинақталған және жайылмалы күйінде болады.
Қыртысты тежелудің орындалуы барысында, шартты рефлексті өшіретін бірнеше түрі бар.
Слайд 19Сыртқы (шартсыз) тежелудің
пайда болуы
1. Басқа тітіркендіргіш әсерінен
2. Өте
күшті тітіркендіргіш әсерінен
(шектен тыс)
Слайд 20Сыртқы тежелудің бірінші түрі бөгде тітіркендіргіштің әсерінен бірден пайда болады,
яғни қалыптастыруды қажет етпейді.
Кейбір жағдайда сыртқы тежелу бағдарлау реакциясын тудырады.
“Бұл не?” - деген рефлекс пайда болады.
Бұл кезде бұрын қалыптасқан рефлекстік іс-әрекет тоқтайды.
Слайд 21
Шартсыз тежелудің екінші түрі - “ШЕКТЕН ТЫС ТЕЖЕЛУ”.
Ол тітіркендіргіш
ұзақтығын және күшін шектен тыс көбейткен кезде байқалады. Бұл кезде
тітіркендіргіш күші қыртысты жасушалардың жұмыс істеу қабілетінен жоғары болады. Бұл тежелудің қорғаныштық маңызы бар
Слайд 22Ішкі тежелу
Ішкі (шартты) тежелу арнайы қалыптастыруды қажет етеді. Ішкі тежелудің
бірден-бір маңызы, сыртқы ортаның жаңа жағдайлары шартты рефлекстік қызметтің өзгеруін
қажет етеді.
Слайд 23Ішкі (шартты) тежелу 4 түрге бөлінеді:
Өшетін
Ажыратылатын
Кешіктірілетін
Шартты тежегіш
Слайд 24
Егер қалыптасқан рефлекс шартсыз тітіркендіргішпен нықталмаса өшетін тежелу пайда болады.
Бұл кезде шартты тітіркендіргіштің маңызы жоғалады, бірақ шартсыз тітіркендіргішпен қайта
нықталса, қалыптасқан шартты рефлекс қайтадан қалпына келеді.
Слайд 25 Ажыратылатын тежелу - ажыратылатын шартты рефлексті қалыптастыруда пайда болады.
Егер табиғаты жағынан ұқсас тітіркендіргіштің біреуі нықталмаса, оған рефлекс қалыптаспайды,
ал екіншісі нықталса оған шартты рефлекс қалыптасады.
Слайд 26Егер шартты тітіркендіргішпен шартсыз тітіркендіргіштің уақыт аралығы (2-3 минут) кешіктірілетін
болса, онда кешіктірілетін тежелу пайда болады.
Слайд 27Егер шартты тітіркендіргішке қатысты рефлекс қалыптасып, оған қосымша жаңа тітіркендіргішпен
әсер етіп және ол комплекс нығайтылмаса, онда рефлекс тежеледі. Себебі
жаңа тітіркендіргіш шартты тежегіш болып табылады.
Слайд 28Қыртысты үрдістердің (қозу және тежелу) негізгі динамикасы
Иррадиация – қозудың орталық
ошақтан қоршаған аймаққа таралуы.
Концентрация - қарама-қарсы үрдіс, яғни қозу ошағы
бір аймаққа шоғырлануы.
Слайд 29Индукция – бір үрдістің келесі қарама-қарсы үрдісті тудыруы (қозу мен
тежелу):
Бір мезгілді
Бір ізді
Оң
Теріс
Слайд 30Қозудың тежелу үрдісіне өту кезеңдері
І. Теңестірілген. Әр түрлі күшті
шартты тітіркендіргіштерге беретін жауабы бірдей.
ІІ. Парадоксальді. Шартты рефлекстің көрсеткіші күшті
тітіркендіргішке әлсіз де, ал әлсіз тітіркендіргішке күшті.
ІІІ. Ультрапарадоксальді. Бұл кезде оң шартты тітіркендіргіш тежелу жауабын тудырса, ал теріс тітіркендіргіш қозу жауабын тудырады.
ІV. Тежелу. Кез келген шартты тітіркендіргіштерге жауап болмайды.