Слайд 1Туберкулездің жіктелуі. Туберкулез емінің әдістері
Дайындаған: Әлімқұл А.Т.
Тексерген:Жандаркулов А.А.
Нұр-Сұлтан 2019
«Астана Медициналық Университеті»КЕАҚ
“Фтизиатрия” кафедрасы
Слайд 2Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Классификациясы
Емінің әдістері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Слайд 3кіріспе
Біріншілік туберкулез ағзаның қорғаныс серпілісі әлсіреген адамдарда вирулентті ТМБ массивті
жұғуында дамиды.Эпидемиялық жағдайдың шарттарына қарай біріншілік ТМБ жұқтырушылық көбінесе балалық
шақта жүреді,сондықтан туберкулездің біріншілік формасын балалар мен жасөспірімдерде анықтайды.
Слайд 5Емі
Туберкулез науқасын емдеудің басты мақсаты - науқасты туберкулезден жазып
шығару, яғни аурудың клиникалық белгілерін толық жойып, бактерия бөлуді тұрақты
тоқтатып және зақымдалған ағзада туберкулез өзгерістерін тұрақты орнына келтіріп, науқас организмінің бұзылған қызметін барынша орнына келтіру; туберкулезден болатын өлімді және басқа жағымсыз болжамның алдын алу; рецидивті болдырмау және инфекцияның бір адамнан екіншісіне жұғуын азайту мүмкін болса тоқтату болып табылады.
Слайд 6 Туберкулез ауруының емі ұзақ уақыт жүргізілуі тиісті,
себебі осы күнге дейін туберкулезді қысқа мерзімде жазып шығатын әдіс
табылмаған. Туберкулезге қарсы жүргізілетін емнің мерзімі оның анықталу кезеңімен тікелей байланысты. Туберкулезбен ауыратын науқасты емдеудің нәтижелігі емнің ұзақтығына байланысты. Емді ерте, мезгілінен бұрын тоқтату туберкулездің өршуіне, ауру процесінің қайталануына әкеліп соғады. Емдеу уақытының қолайлы ұзақтығы туберкулездің түріне, емнің нәтижелігіне байланысты, ол 6-18 айға (орташа 1 жыл) созылады.
Слайд 7 Туберкулез ауруының емі кешеңді болу керек және туберкулезге
қарсы қолданылатын дәрілер, патогенетикалық, және симптоматикалық дәрілер, керек жағдайларда коллапсотерапия
мен хирургиялық емдеу әдістері репаративті процесстерді жылдамдатуға науқас ағзасының бұзылған қызметтерін қалпына келтіруге бағытталған болуы қажет.
Слайд 8Туберкулез ауруының ұзақ мерзімді емі стационарда басталып, санаторий емімен жалғасып,
амбулаториялық емханада аяқталуы тиіс. Ем осы көрсетілген кезеңдерде бір жоспармен
жүргізіліп, алдыңғы кезеңде басталған ем соңғы кезеңдерде жалғасады.
Слайд 9Қазіргі кезде туберкулезге қарсы дәрілерді негізгі және резервті топтарға бөледі.
Негізгі топ дәрілері: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, Стрептомицин.
Резервті топтағы
дәрілер: Этионамид, Протионамид, Циклосерин, Канамицин, ПАСҚ, Амикацин, Капреомицин, Фторхинолондар.
Әсеріне қарай туберкулезге қарсы дәрілер - бактерицидті, тазалаушы (стерилизациялаушы), дәріге төзімділікті болдырмаушы болып бөлінеді.
Бактерицидті әсер жасайтын дәрілер: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Стрептомицин.
Тазалаушы әсер жасайтын дәрі: Рифампицин.
Дәріге төзімділікті болдырмаушы дәрілер: Изониазид, Рифампицин, Этамбутол, Стрептомицин.
Слайд 10Химиотерапияны жекелеген және стандартты режимдерде жүргізеді. Қазақстанда химиотерапия DОТS стратегиясына
сәйкес стандартты қысқа мерзімді режимде жүргізіледі. Стандартты ем дегеніміз -
дәрілердің ең нәтижелі комбинациясын таңдау, емнің қарқынды және жалғастыру кезеңдерінде ғылыми дәлелді түрде ең нәтижелі дәрілерді таңдау, дәрілердің оптимальды мөлшерін таңдау, жағымсыз әсерлердің аз кездесуі.
Слайд 11DOTS стратегиясы бойынша туберкулездің кез келген түрімен
ауыратын науқастарды емдеудің негізгі
әдісі үш принципке
негізделген.
химиотерапиялық ем қатаң бақылаумен жүргізілуі керек. Ауруханада,
санаторийларда науқастар туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді медицина қызметкерлерінің бақылауымен қабылдауы тиіс, ал емханалық жағдайда дәрі қабылдауды медицина қызметкерлері, химизаторлар, супервайзерлер немесе науқастың туыстары бақылайды.
Науқастардың ем категориясына сәйкес, барлық дәрілерді және толық мөлшерде қабылдауды қатаң сақтау.
Ем схемасының ұзақтығын сақтау.
Слайд 12Туберкулезбен ауыратын науқастарға химиотерапия жүргізу барысында бактерия популяцияларының әркелкі жағдайларда
болуына байланысты туберкулезге қарсы дәрілермен емдеуді DOTS стратегиясы бойынша екі
кезеңге бөледі.
Екінші кезең - жалғастыру, қарқындылығы аз химиотерапия. Екінші кезең - қалған микобактерияларға, көбінесе баяу көбейетін және персистелген бактериялық популяцияларды жойып, репликация процессінің қайта пайда болуын және олардың көбеюін жаңадан болдырмау.
Екінші кезең амбулаториялық жағдайда жүргізіліп, 4-7 айға созылады, бұл кезде емнің қарқындылығы аз болады да 2-3 дәрі қолданылады.
Бірінші кезең - қарқынды кезең. Микобактериялардың көбеюін басып, санын азайту мақсатында стационарда қарқынды толық химиотерапия жүргізу. Емханалық ем жасауға да болады, жеке қаралады. Бірінші кезең 2-5 айға созылып 4 немесе 5 дәрімен қарқынды ем қолданылады. Бацилла бөлетін науқастардың көпшілігінде қарқынды кезең барысында микобактерия бөлу тоқтайды.
Слайд 13Хирургиялық ем
1. Хирургиялық әрекеттердің өмірлік көрсеткіштері:
өкпеден қан кету немесе ауыр
қан түкіруді, басқа емдеу әдістерімен тоқтату мүмкін болмаған жағдайда,
тензионды спонтанды
пневмотракс
2. Хирургиялық әрекеттердің абсолютті көрсеткіштері:
өршімелі казеозды пневмония;
туберкулома (> 2см);
этиологиясы белгісіз дөңгелек құрылымдар (өкпе туберкулезі немесе рагы);
каверналы туберкулез;
шектелген фиброзды-каверналы туберкулез;
туберкулезді цирроз (бұзылған өкпе);
созылмалы туберкулезді плевра эмпиемасы.
3. Хирургиялық әрекеттердің салыстырмалы көрсеткіштері:
ірі қалдықты посттуберкулезді каверналар;
Хирургиялық әрекеттердің басқа көрсеткіштері:
кеуде ішілік лимфа бездерінің казеомасы;
алдыңғы хирургиялық әрекеттің асқынуын жою.
Слайд 14Тыныс мүшелерінің туберкулезімен ауыратын науқастарды хирургқа кеңес жіберу мерзімдері.
Өкпе туберкуломасы
бар кісілер ауру анықтала салысымен хирургқа консультацияға жіберіледі, егер айқын
перифокалды қабынуы болса 2-4 ай қарқынды емнен кейін қайта косультацияға жіберіледі.
Каверналы туберкулез - 3 ай қарқынды емнен кейін бактерия бөлу сақталып, рентгенологиялық динамика болмаған жағдайда хирургқа консультацияға жіберіледі.
Фиброзды-каверналы туберкулез - хирургиялық ем 5-6 ай қарқынды емнен кейін инфильтратты өзгерістер мен шашыранды ошақтар таралып жазылғаннан кейін жасалады.
Ошақты, иинфильтратты туберкулез ыдырау кезеңінде - 3-4 ай қарқынды емнен кейін рентгенологиялық динамика болмай, ыдырау қуысы сақталған жағдайда хирургқа консультацияға жіберіледі.
Казеозды пневмония - соңғы уақыттырдағы көзқарастарға сәйкес терапия казеозды пневмония терапиялық аурудан гөрі, хирургиялық ауру болып саналғандықтан, науқас ауруханаға түскеннен кейін тезірек хирургқа консультацияға жіберу қажет. Егер процесс емнің нәтижесінде ары қарай өрши түссе онда өмірлік көрсеткішпен опреация жасалуы керек.
Асқынған созылмалы біріншілік туберкулез перифокалды инфильтрациясы тарағаннан кейін хирургқа консультацияға жіберіледі.
Созылмалы плеврит және плевра эмпиемасы - 5-6 ай ем нәтижесіз болған жағдайда хирургқа консультацияға жіберіледі.
Өкпе туберкулезінің асқынған түрлері (өкпеден қан кету, спонтанды пневмоторакс және т.б.) жедел хирургқа консультацияға жіберіледі.
Өкпедегі айқын метатуберкулезді өзгерістер қайта-қайта өршуге бейім болған жағдайда хирургқа консультацияға жіберіледі.
Слайд 15қорытынды
Біріншілік туберкулез ағзаның қорғаныс серпілісі әлсіреген адамдарда вирулентті ТМБ массивті
жұғуында дамиды.Эпидемиялық жағдайдың шарттарына қарай біріншілік ТМБ жұқтырушылық көбінесе балалық
шақта жүреді,сондықтан туберкулездің біріншілік формасын балалар мен жасөспірімдерде анықтайды.Алғаш анықталған туберкулезбен ауыратын науқастардың 0,8-1% біріншілік туберкулез құрайды.
Слайд 16Қолданылған әдебиеттер
①«Жұқпалы аурулардың стандартты анықтамалары және іс-шаралар алгоритмдері» С. Әміреев,
Т.Ә. Момынов, Б.Л. Черкасский, К.С. Оспанов6 Алматы 2009
②Программа ВОЗ по
туберкулезу. Структура для эффективной борьбы с туберкулезом.-ВОЗ, Женева.-1994.-15 с.
③Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1890
④ http://sc0005.shortandy.akmoedu.kz/documents/view/7DE6F0E192E2647E.html
⑤https://www.google.com/search