Слайд 1XVIII ғасырлардағы қазақ әдеби тілі
Жоспар
XVIII ғасырдағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай
Осы кезеңдегі әдеби
тілдің жай-күйін танытатын тілдік нұсқалар
Ақындар мектебінің пайда болуы
Әдеби тілдің лексикалық
сипаты
Әдеби тілдің грамматикалық сипаты
Поэзия тіліндегі әдеби-көркемдеуіш тәсілдер
Слайд 2Дәрістің мақсаты:
XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тіліне жалпы сипаттама беру;
Дәрістің міндеті:
Осы кезеңнің әдеби тілін танытатын тілдік деректерге талдау
жасау; Жыраулық, ақындық дәстүрдегі сөз саптау тәсілдерін ажырата көрсету; Ресми қағаздар стилін танытатын материалдар тілімен таныстыру.
Слайд 3Осы дәуірдегі әдеби тілді танытатын нұсқалар
1) жыраулар шығармашылығы (Шал, Көтеш,
Досқожа, Ақтамберді, Тәтіғара, Үмбетей, Бұхар т.б.);
2) осы кезде жырланған
ауыз әдебиетінің нұсқалары;
3) ресми іс қағаздар,
4) орыс саяхатшылары мен зерттеушілерінің еңбектерінде кездесетін қазақ сөздері;
5) қазақ тілін үйретуге арналған сөздік тәжірибелер.
Слайд 4Бұқар жырау поэтикасындағы дәстүрлілік:
1) көпшілікке үлгі өсиет айту үшін
баршаға бірдей танымал табиғат суреттерін, құбылыстарын адам бойында болатын мінез-құлық,
іс-әрекеттермен шендестіре беру, ол үшін параллелизмдерді қолдану;
2) ауыз әдебиетіне тән кәнігі теңеулерді қолдану (әбжыландай, ерттеп қойған құр ат, ағып жатқан бұлақ т.б.);
3) дәстүрлі жіктік жалғаулары арқылы (Мен өгіз терісі талыспын), бір нәрсені екінші затқа балау арқылы (Тоқсан бес деген тор екен) жасалынған теңеулер;
Слайд 54) тұрақты есім сөздер мен –ған жұрнақты есімшелерден тұратын эпитеттер
(үшкілсіз көйлек, бес уақытылы намаз, толғамалы қамшы, сегіз қиыр шартарап,
желкілдеген ту, жер қайысқан қол);
5) –ар жұрнақты эпитеттер (құландар ойнар қу тақыр, тоқымы кеппес ұры);
6) толғаулары дәстүрлі жыр-толғауға тән 7-8 буынды, ұйқас суреті қатаң сақталмайды,
Слайд 67) толғаудың өн бойында белгілі бір сөздердің, тіркестердің қайталанып отыруы;
8) өсиет толғаулаларында констатацияны (нақты іс әрекеттен гөрі болуы, үнемі
қайталанып тұруы заңды әрекетті, құбылысты білдіру, баяндау, көбіне мақал-мәтелдерге тән) білдіретін – ар тұлғасының қолданылуы. Оның орнына емей немене? -мас па? сұраулық формасы да пайдаланылады.
Слайд 7Бұқар жырау өзіне дейінгі жыраулық үрдісті жалғастырушы ғана емес, оны
ілгері дамытып, жыраулар мектебін тіл жағынан да жинақтап, түйіндеуші
Оның көтерген
тақырыптары да әлдеқайда кең, жан-жақты. Тақырыптың осындай кеңдігі Бұқар поэтикасына көптеген жаңалықтар (жаңа образ, жаңа лексикалық топтар) әкелген.
тұрымтайдай ұл, өкпеңменен жарылма, бұзау терісі шөншіксің, бұтақты мүйіз бұғысы, саласында жайылған, қара судың бетінде сығылып аққан сең едің, арпалап атты қунатқан, алғын-шығын арқалау
Слайд 8Бұқар тілінің жаңалығы
азаткер, құл, күң, бай, саудагер, дау, жиын, ақсүйек,
бек, қожа, пір, батыр, ханзада, қарашы т.б. сөздері тура мағынасында
қолданылады.
Мұсылманша сауатты болған Бұхардың тілінде араб-парсы сөздері көп ұшырасады: кітап, енжіл, кәләм, ақ (хақ), хат, меһман, баһар, иман, лауқы, дәуіт, қалам т.б.
Слайд 9Ақындар мектебінің негізгі сипаты
Нақтылық:
1. Тұрмыстық лексиканы, табиғат құбылыстарына байланысты лексиканы
тура мағынасында қолдану
2. Нақты адам аттарын, жер-су атауларын қолдану
3. Адамның
сезім күйлерін, іс-әрекетін, тұрмысын сипаттайтын сөздерді қолдану
Күрделілік
Өлең құрылымының күрделенуі
Өлең тармақтарында сөздердің көбеюі
Еркіндік, жекелік
Стандарттылық азаяды
Еркін тақырыптағы сөздер
Авторлық индивидуалды метафора, эпитет, фразеологизмдер
Слайд 12Грамматикалық сипаты
Қазіргі тілдік нормамен бірдей
Алдыңғы кезеңдердегі ноғайлық бізім, менім, жаталар,
тосатып тәрізді варианттар, шығыс септіктің –дын, өткен шақтың –ғай нұсқалары
жоқ
Варианттылық ұшырасады: -арға және –уға, -дай және –дайын, -ғын/ғыл және –ңыз (бармағын/бармағыл/бармаңыз)
Дерексіз есім тудырушы –лық жұрнағы активтенеді және сындық мағына тудыра бастайды
Есім тудырушы –у жұрнағы активтенеді
-дүр мен қатар –ды формасы активтенеді (Айтар сөзім осы-дүр. Найза келсе қалаң-ды, Суық келсе панаң-ды)
Слайд 13Әдеби–көркемдеуіш тәсілдер
Психологиялық параллельдер кемиді, нақты мағынадағы сөздер алынады;
Метафораның мазмұны өзгереді;
Синкреттлік
тәсілдің алғашқы үлгілері пайда бола бастайды;
Дерексіз заттарға қарата айту үрдіске
ене бастады;
Слайд 14Ресми іс қағаздар тілі
Стильдік белгілері: а) ғизатлу, хурматлу, мархабатлу, сағадатлу,
бийук мархабатлу, ғинайатлу, кудратлу, шафағатлу тәрізді тұрақты эпитеттер қолданылады;
ә) ортаазиялық
түркі әдеби тілі, татар, көне ұйғыр тілінің элементтері бар: хайран олдым, кіріфтар олынмыш, йазған ердім, ошбу, кібік т.б.
Лексикалық сипаты: а) терминделген сөздер – харакат (поведение, поступки), саудагер (купец), мал (товар), шабуыл (набеги), сахара халқы (степной народ), махкама (учреждение), тұтқын, аманат, астрахат (спокойство);
ә) амал-әрекетті білдіретін сын е., үстеу – ат”ақ (единодушно), айан дүр (извесно), бәңе асыл болынды (мною получены), махзун қылдыңыз (огорчили меня), ғадауліқ қылмақ (действовать враждебно)
Орыс сөздері: жанарал, кауалер, гүбірнатір, палкауник, грап, пристап т.б.
Слайд 15Пайдаланылатын әдебиеттер
Р.Сыздықова. Қазақ әдебиет тілінің тарихы, А, Ана тілі, 1993.
Қ.Өмірәлиев,
ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі, А,Ғылым, 1976.
М.Мағауин. Қобыз сарыны.
Қ.Жұмалиев, Қазақ
әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі, Қаз.мем.көр.әд.баспасы, А,1960.
Б.І.Нұрдәулетова, ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы Маңғыстау ақын-жырауларының тілдік ерекшелігі, А:Үшқиян, 2003
Слайд 16Өз білімін бағалауға арналған сұрақтар
ХҮІІІ ғасырдағы қазақ жеріндегі әлеуметтік
жағдай қандай болды?
2. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің көрінісін сипаттайтын
әдеби мұралар қандай?
3. Бұқар жырау тілінің қандай грамматикалық ерекшелігін білесіз?
4. Жыраулық дәстүр мен ақындық мектептің қандай айырмашылығы бар?
5. Ақындар мектебінің күшеюінің қазақ әдеби тіліне қаншалықты әсері болды?
6. ХҮІІІ ғ. жыраулар тілінде жауынгерлікке байланысты қандай лексика бар?
7. ХҮІІІ ғ. жыраулар поэзиясына тән қандай көркемдегіш тәсілдер бар?
Слайд 17СОӨЖ
Бұхар жырау шығармаларының текстологиясы
XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың 1
жартысындағы ресми қағаздардың тілі
Слайд 18СӨЖ
Қазақ әдеби тілінің тарихы хрестоматиясы бойынша ХҮІІІ ғ. жыраулар тіліндегі
қайталауларды теріп жазып, талдау жасау. Кітап: Қазақ әдеби тілінің тарихы.
Хрестоматия. А., 2000. – 93-107 бб;
Жыраулар тіліндегі араб-парсы сөздерін теріп жазып, қолданылу уәжіне түсінік беру;
Бұхар жырау өлеңдерінің текстологиясы туралы Р.Сыздық, Қ.Өмірәлиев, С.Исаев еңбектерін пайдаланып реферат жазу.