Sports Federation (FISU)) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс.
Универсиаданың бір мақсаты – спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету.Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар екі жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналады.
Студенттік спорт тарихы 1905 жылдан басталады. Осы жылы АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық жарысы өтті. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды.