Слайд 1ШОБ субъектілерін тіркеу мен лицензияландыру
Лицензиялау мәселелері
Лицензиялар түрлері
Слайд 2Лицензия — «тиісті лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген
түрімен айналысуға беретін рұқсаты».
Слайд 3Лицензиар — лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, ал лицензиясы бар
жеке немесе заңды тұлға «лицензиат» деп аталады.
Слайд 4Лицензиялау — лицензияларды беруге және қайта ресімдеуге, лицензиаттардың тиісті талаптарды
сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және
қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты іс-шаралар кешені;
Слайд 5Лицензиялаудың негізгі принциптері
Слайд 61. Қызметтің жекелеген түрлері бойынша лицензиялық тәртіп енгізу ұлттық қауіпсіздік,
құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен
денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді.
Слайд 72. Қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау ҚР-ның заңдарында көзделген өнімге қойылатын
талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті түрде растау жөніндегі
талаптар мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз болған жағдайларда белгіленеді.
Слайд 83. Қызмет түрлері үшін белгіленген талаптарға жауап беретін барлық тұлғалар
үшін лицензия беру тең негізде жүргізіледі;
Слайд 94. «Лицензиялау туралы» заңда қызмет түрлерінің және қызметтің кіші түрлерінің
егжей-тегжейлі тізбесі белгіленеді.
Слайд 105. Біліктілік талаптарын, қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және экспорты мен
импорты лицензиялануға тиіс жекелеген тауарлар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер
осы актілер ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күндік мерзім өткенге дейін қолданысқа енгізіле алмайды.
Слайд 116. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе
заңды тұлғаға бере алмайды.
Слайд 127. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан
Республикасының барлық аумағында қолданылады
Слайд 138. Бірыңғай технологиялық процеске кіретін және қызмет түрін жүзеге асырудың
қажетті элементі болып табылатын қызмет түрлері лицензиялануға тиіс емес.
Слайд 14
ҚР Үкіметінің 2007 жылдың 13 маусымындағы «Өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып
алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға тиіс улардың тізбесін
бекіту туралы» № 493 қаулысын қараған дұрыс, яғни бұл улар және удың 103 түрі лицензияланады!!!
Слайд 15ҚР Үкiметiнiң 2007 жылғы 10 тамыздағы №686 қаулысымен бекiтiлген «Құрылыс-
монтаж жұмыстарын орындау кезiндегi қызметтi қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау,
ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi» қызметтi лицен- зиялауды жүзеге асыратын орган ҚРIІМ лицензиялар беру жөнiндегi уәкiлеттi орталық атқарушы орган болып табылады.
Слайд 16Біліктілік талаптары — өтініш берушінің жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және
лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын сандық және
сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы.
Слайд 17Бiлiктiлiк талаптар заңды тұлғалар үшiн
Слайд 18- ұйым басшысының жұмыстың осы бейiнiне сәйкес келетiн жоғары бiлiмi
-
радиожелiлiк спектрi бар күзет дабылы жүйелерiн монтаждау және пайдалану кезiнде
санитарлық және экологиялық қадағалау органдары қорытындысы
- күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды орындаушының жоғары кернеулi жұмыстарға рұқсаты
- санитарлық және экологиялық нормаларға жауап беретiн үй-жайдың, күзет дабылы құралдарын ретке келтiрудi, оларға техникалық қызмет көрсетудi және монтаждалатын жабдықтың техникалық жай-күйiн тексерудi жүзеге асыруға арналған жабдықтың болуы
Слайд 19Бiлiктiлiк талаптары жеке тұлғалар үшiн
Слайд 201) жұмыстың осы бейiнiне сәйкес келетiн жоғары немесе орта арнайы
бiлiмi;
2) өтiнiш берушiнiң жоғары кернеулi жұмыстарға рұқсаты;
3) радиожелiлiк спектрi
бар күзет дабылы жүйелерiн монтаждау және пайдалану кезiнде санитарлық және экологиялық қадағалау органдары қорытындысы;
4) санитарлық және экологиялық нормаларға жауап беретiн үй-жайдың, күзет дабылы құралдарын ретке келтiру, техникалық жай- күйiн тексерудi жүзеге асыруға арналған жабдықтың болуы.
Слайд 26Экспорт пен импорт саласындағы лицензия түрлері
Слайд 27Бас лицензия — кеден одағына мүше мемлекеттің шешімі негізінде сыртқы
сауда қызметіне қатысушыға берілетін және лицензияда айқындалған санымен жекелеген тауар
түрінің экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия
Егер Кеден одағы комиссиясының шешімінде өзгеше жазылмаса, бас лицензияның қолданыс мерзімі ол қолданыла бастаған күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс, ал сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады
Слайд 28Ерекше лицензия — сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрінің
экспортына және импортына ерекше құқық беретін лицензия
Ерекше лицензияның қолданыс мерзімі
әрбір нақты жағдайда Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді
Бас және ерекше лицензиялардың иелері лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесіне дейін уәкілеті органға есеп беруге міндетті.
Слайд 29Біржолғы лицензия — сыртқы сауда шарты (келісімшарты) негізінде сыртқы сауда
қызметіне қатысушыға берілетін және белгілі бір санымен лицензияла- натын тауардың
экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия
Біржолғы лицензияның қолданыс кезеңі оның қолданыла бастаған күнінен бастап бір жылдан аспауға тиіс. Біржолғы лицензияның қолданыс мерзімі сыртқы сауда шартының (келісім- шартының) қолданыс мерзімімен немесе лицен- зия беруге негіз болып табы- латын құжаттың қолданыс мерзімімен шектелуі мүмкін. Сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданыс кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады
Лицензиар жүзеге асырады
Біржолғы лицензиялардың иелері лицензияның қолда- ныс мерзімі өтісімен күнтіз- белік он бес күн ішінде уәкілетті органға лицензияның орындалуы туралы анықтама беруге міндетті
Слайд 30Қызметтің кіші түрі бойынша қажетті құжаттар:
Жарғының және өтініш берушінің заңды
тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырған көшірмелері:
жеке тұлға
үшін — жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі:
жеке кәсіпкер үшін — өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Слайд 31Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алуға қажетті құжаттар
1) өтініш;
2) лицензияның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда
нотариат куәландырған) көшірмесі;
3) қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар (қызмет түріне қарай).
Слайд 32Лицензияны (лицензияға қосымшаны) беруден бас тартылуы мүмкін.
Слайд 331) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген
түрімен айналысуға тыйым салынған;
Слайд 342) Заңға сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған.
Слайд 353) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген
түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген
Слайд 364) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген
Слайд 375) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым
салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған
Слайд 386) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға
тыйым салған жағдайларда
Слайд 39Лицензияға қосымшаларды берген кезде лицензиялық алым алынбайды.
Слайд 402001 жылғы 30 қаңтардағы №155-II Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан
Республикасының кодексі және 1997 жылғы 16 шілдедегі №167-I Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексі
Слайд 41Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес: «190-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк.