Сыбырлақ аққу (лат. Cygnus olor) –қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның жазық аймақтарындағы су айдындарында кездеседі. Саны сұңқылдақ аққуға қарағанда көп. Денесінің ұзындығы 180 см, қанатын жайғанда ұзындығы 260, қанатының ұзындығы 70, құйрығының ұзындығы 18 см, салмағы 8 – 13 кг. Қоразы мекиенінен ірі. Қауырсыны аппақ, балапанында сұр түсті болады. Мойны жіңішке, қызыл түсті тұмсығында қара бұдыр анық көрінеді. Аяғы көбінесе қара түсті. Суда жүзгенде мойны иіліп,латын әліпбиіндегі S әрпіне
ұқсайды. Ұшқан кезде дыбыс шығармайды, мазасызданған кезде кейде сыбырлағандай болады, құстың аты осы қасиетіне қарай қойылған. Жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, ұясына 5 – 7 жұмыртқа салып, оны мекиені бір айдай басады. Қазан айының соңында жылы жаққа қайтады. Негізінен су астындағы өсімдіктермен, ішінара томыртқасыздармен де қоректенеді. Өте сымбатты және кәсіптік маңызы бар құс.
Сыбырлақ аққу
Сұңқылдақ аққу
2-4 жаста жұп құрайды, көбеюге 4-6 жылда кіріседі. 2-5 жұмыртқа болатын ұяны суқоймаларының жағалауларындағы биіктеу жерлері мен қопаларға салады; ұя салуға материал ретінде мүк, қоңырбастың және басқа өсімдіктердің құрғақ сабақтары. 29-30 күн шайқайды. Балапандарының орташа саны 2,1-3,6. Су және құрлық өсімдіктерімен қоректенеді. Қазақстанда жекеленген құстар мен аздаған топтары көктемде (сәуір) және күзде (қазан) сирек кездеседі.
Кіші аққу
Ақындар жырға қосады…
Қазақтар аққуды киелі құс деген:
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть