келген бөлме өсімдігін (жапырақтары қалың, жылтыр болса тәжірибе шықпайды) әбден
суарып, екі тәулік қараңғы жерге қояды. Жапырақта бұрыннан түзілген крахмалдар тамырға кетіп, жапырақтар крахмалсызданады. Екі тәуліктен соң өсімдікті қараңғы жерден алады. Екі-үш жапырағының біраз бөлігін жарық өтпестей етіп қара қағазбен екі жағынан жабады (жапырақ тақтасы қара қағазбен тұтас жабылмай, біраз бөлігі ашық қалуы керек). Бір тәулік жарық жерге қояды. Бір тәулік өткен соң жапырақты кесіп алады. Қара қағаздан босатып, алдымен ыстық суға бір минуттай салу (қайнату) керек (крахмал дәндері ісінеді). Судан алып жапырақ түссізденгенше спиртте қайнатылады (спирт құйылған ыдысты суы бар ыдысқа орналастыру қажет, (су ваннасы) ыдыстағы су қайнаған кезде спирт те қайнайды). Түссізденген жапырақты алып, суық сумен шайып, жайпақ ыдысқа салады. Бүктелген жерлерін сапты инемен түзетіп үстіне йодтың әлсіз ерітіндісін тамызады. Бір-екі минуттан кейін жапырақтың жарық түскен жері (жабылмай қалған) көгереді. Қараңғыланып жабылған жері өзгеріссіз қалады. Демек, қант жапырақта тек жарық түскенде ғана түзіледі.
1. Пеларгония герань (қазтамақ) бөлме өсімдігі.
2. Жапырақ жұмсағының көлденең кесіндісіндегі хлорофилл дәндері.
3. Хлорофилл дәндерінің бірнеше мың есе үлкейтілгендегі жеке көрінісі.
4. Жарық түскендегі жасыл түсті жапырақ.
5. Тәжірибе үшін жапырақтың біраз жерін ғана қара қағазбен жабу.
6. Жапырақты түгелдей (ашық жерін қалдырмай) қара қағазбен жапқандағы көрінісі.
7. Қара қағазбен түгел жабылмаған жапырақты кесіп алып қайнаған ыстық суға 1 минутқа салу.
8. Ыстық судан алып спиртте қайнату (қауіпсіздікті сақтау үшін спирт бар ыдысты су ваннасына орналастыру).
9. Спирттегі түссізденген жапырақты сумен шайып йодтың әлсіз ертіндісін тамызу. Крахмал бар жер көк түске боялады.