Слайд 1
26.11.2015 жыл.
Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжі
Сабақ тақырыбы:
«Жасушаның құрылысы және
негізгі органоидтары»
Слайд 2Сөйлем құрастыр:
Жасуша құрылымдық Шлейден Шванн тіршіліктің 2 типі қалыптастырды
болады жасуша теориясын қызметтік эукариоттар негізі жасушалардың прокариоттар
Слайд 3Жауабы:
Жасуша теориясын Шванн-Шлейден қалыптастырды.
Жасушалардың 2 типі болады: прокариоттар, эукариоттар.
Жасуша тіршіліктің
құрылымдық, қызметтік бірлігі.
Слайд 41 топ: Жасуша теориясының қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар, олардың еңбектері.
2
топ: Жасуша теориясының негізгі шарттары.
3 топ: Жасушаның типтері. Оларға қандай
ағзалар жатады?
Слайд 6Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук жасаған. Роберт
Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып, олардың ұлпаларынан ара ұясы
тәрізденген құрылысты тапқан. Ол осы ұяларды грек сөзімен «целлюла» - «жасуша» деп атады. Бұл жерде Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді. «Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген.
Роберт Гук
Микроскоп
Срез пробкового дерева
Слайд 7Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі,
құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі
жүйе. Клетка өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп клеткалы жануарлар,өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі клеткасыз формада өтеді.
Слайд 8Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылымды цитология (гр. kytos -
жасуша, гр. logos - ғылым) дейді. Жасушалар құрылысы, қызметі, пішіні,
мөлшері жағынан әр түрлі болады. Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттеріне жататындар: зат алмасу, тітіркенгіштігі, көбею, өсу мен даму және т. б.
Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.
Слайд 9 Адам денесі жасушаларының пішіні - домалақ, ұзынша, жалпақ, төртқырлы, көпқырлы,
призма төрізді және т. б. Жасуша мөлшері мен пішінінің әр
түрлі болып келуі аткаратын қызметіне байланысты. Мысалы, канның эритроцит жасушалары сұйық ортада болғандықтан домалақ; тері жасушалары көпқырлы; бұлшықет жасушалары ұзын; жүйке жасушалары көп өсінділі (жұлдыз тәрізді) және т. б. Жасушалардың мөлшері де түрліше: адам ағзасындағы ең ірі жасушалар - жұмыртқажасушасы мен жүйке жасушасы. Қан мен лимфада болатын ең кішкене жасушалар - лимфоциттер.
Слайд 10Жасуша плазмалық жарғақша (мембрана), цитоплазма, ядро және органоидтардан (эндоплазмалық тор,
рибосома, митохондрия,лизосома, Гольджи жиынтығы, жасуша орталығынан, пластид, вакуоль) тұрады.
Слайд 131. Плазмалық жарғақша (лат. membrano - жарғақ, қабық) жасушаның сыртын
қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген. Өсімдіктердің плазмалық жарғақшасының сыртында
цитоплазмадан бөлінген өлі заттан түзілетін жасунықты (целлюлозалы) қалың қабықшасы болады. Мұндай қабықша жануарлар мен адамның жасушаларында болмайды. Олардың жасушалары тек плазмалық жарғақшамен ғана қапталады. Жарғақшаның қызметі: А) Жасушаның ішіндегі барлық қоректік заттар мен кажетсіз өнімдер жарғақша арқылы өтеді. Плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жерінде жұқалтырлы ұсақ тесікшелер - шұрықтар болады. Заттардың барлығы осы шұрықтар арқылы өтеді. Б) Плазмалық жарғақша жасушаның ішіне қажетті заттарды оңай өткізіп, зиянды заттарды өткізбейді; С). Жарғақша арқылы жасуша қоршаған ортамен қатынас жасайды. Әр түрлі заттар тек жасушаның ішіне ғана өтпей, көршілес жасушаларға да өтеді. Қатар жатқан екі жасушаның цитоплазмалары саңылау арқылы бір-біріне өтеді.
Слайд 152. Цитоплазма - жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сүйықтық. Жасуша
мен сыртқы орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін жасушаның
қажетті бөлімі. Цитоплазма жасушаның ішінде үздіксіз қозғалыста болады. Егер қоршаған ортаның температурасы көтерілсе (жоғарыласа), цитоплазманың козғалысы да күшейеді, төмендесе - баяулайды. Жоғары температурада цитоплазмада зат алмасу үдерісі (қоректену, тыныс алу) жылдамдайды.
Слайд 17Ядро - жасушаның реттеуші орталығы. Пішіні - домалақ, таяқша, үрмебұршақ
тәрізді, екі жағы қысыңқы және т. б.эритроциттер (қан жасушасы) мен
тромбоциттерде (қанның пластинкасы) ядро болмайды. Ядроның сыртын цитоплазмадан бөліп тұратын екі қабат жарғақша қаптайды. Ядроның ішінде толтырып тұратын іркілдек ядро шырыны болады. Ядро қабықшасында да өте ұсақ тесіктер - шұрықтар бар. Ядро солар арқылы цитоплазмамен байланысады. Ядро цитоплазмамен тығыз байланысып, жасушаның барлық тіршілік әрекеттеріне (өсу, көбею, зат алмасу) қатысады. Ядро кабықшасы (жарғақшасы) заттардың козғалысын (ядроға енуі, ядродан шығуы) реттейді. Ядро шырынында хромосомалар мен ядрошықтар болады.
Слайд 18 Хромосома (гр. chroma - түсі, гр. soma
- тән, тез боялатын дене) - тұқымқуалау қасиетін сақтайтын жіл,
таяқша тәрізді түзіліс. Адамның дене жасушаларында хромосомалардың саны тұрақты - 46, жыныс жасушаларында 23. Хромосоманың бөліктерін - «ген» (грекше гр. genos - туыс, тегі бір) дейді. Гендер хромосоманың ұзындығына қарай түзу сызық бойымен орналасқан. Олар тұқымқуалау белгілерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. Ядрошықтар - кейбір жасушаларда пішіні мен құрылымын өзгертіп тұратын тығыз түзіліс (денешік). Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде ядрошық жойылып, басқа кезеңінде қайта түзіледі. Ядрошық нуклеин қышқылының синтезіне қатысады.
Слайд 19Жасуша органоидтары:
1.Эндоплазмалық тор (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр.
плазма - жапсырылған) - жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан
түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.
Слайд 20 2.Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma - дене) - цитоплазмада
бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нөруызды дөнек тәрізді
өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады
Слайд 213.Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion - дәнек) -
барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс.
Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар - май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.
Слайд 224.Лизосома (гр. mitos - еріту, гр. soma - төн) -
домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің
әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.
Слайд 235.Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап
жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы
өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.
Слайд 246.Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum - орталық нүкте, орталық)
Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің
алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.
Слайд 257. Пластидтер – жасыл өсімдік жасушасының тұрақты органоиды. 3 типі
бар: жасыл – хлоропласт, қызыл, сары – хромопласт (жемісте, гүлде),
түссіз лейкопласт (тұқымда).
Слайд 268. Вакуоль – жасушаның дамуы және ескіруі барысында цитоплазмада анық
көрінетін сұйықтық. Минералды тұздар, қант, органикалық қышқылдар шоғырланады. Жас жасушада
ұсақ, қартайған сайын бір-бірімен қосылып ірі вакуольге айналады.
Вакуоль
Слайд 27Жануарлар мен өсімдіктер
жасушаларының айырмашылығы
Жануарлар мен өсімдік жасушаларының, айырмашылығы Жануарлар
мен өсімдік жасушаларының, айырмашылығы: 1. Жануарлар жасушасында центриоль болады. Жоғары
сатыдағы өсімдіктердің жасушаларында центриоль болмайды. 2.Жануарлар жасушасында пластидтер болмайды, дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Өсімдіктер пластидтері арқылы ағзалық зат түзеді. 3.Қалың, тығыз, жасунықты (целлюлозалы) қабықша тек өсімдік жасушасында болады. Ол өсімдіктің пішінін өзгертуге кедергі жасайды. Жануарлар жасушасындағы жарғақша (қабықша) өте жұқа цитоплазма қабатының тығыздалуынан пайда болтан. Сондықтан жануарлар пішінін өзгертіп, қозғалады. 4.Ірі вакуольдер (латынша «уасиш» - қуыс) өсімдіктерде болады, ал жануарлардың тек бір жасушалы қарапайым түрлерінде (асқорыту, жиырылғыш вакуольдер) ғана болады.
Слайд 32Биологиялық диктант
Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі _________ жасаған.
_________жеке тіршілік
ете алатын қарапайым тірі жүйе.
___________вирустардың тіршілігі клеткасыз формада өтеді.
_________жасушаның сыртын
қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген.
5. Жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сұйықтық - __________.
6. Ядроның ішін толтырып тұратын іркілдек ________болады.
7. ЭПТ-ға бекінген күйінде болатын нәруызды дәнек тәрізді түзіліс________.
8. __________жасушаның электр станциясы.
9. _________жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.
10. Жасыл өсімдік жасушасының тұрақты органоиды_________.