Слайд 1Татикова Галия Мырзабаевна.
Біліктілік санатым: бірінші санат.
Педагогикалық өтілім: 20 жыл.
Мамандығым :
химия - биология пәндерінің оқытушысы .
Слайд 2
Шығармашылық тақырыбым:
« биология химия сабақтарында тірек сызба әдісін оқушыны
дамыту құралы ретінде қолдану» .
3. Оқушыларды қазіргі таңдағы адамзат
баласының алдында тұрған экологиялық проблемаларымен және Қазақстан мемлекетінің экологиялық жағдайларымен таныстыра отырып, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу .
1. Сабақты түрлендіріп өткізу арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
2. Оқыту технологиясында тын әдістер колданып оқушылардың білім сапасын көтеру.
МАҚСАТЫМ:
Слайд 7МЕНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМЫМ
«Қазіргі кездегі қоғам мен табиғат арасындағы тәуелділіктің бүгінін
терең түсініп, келешегін болжай білетін экологиялық сауатты адам тәрбиелеу. Сабақта
жаңа әдіс тәсілдерді және жаңа ақпарат құралдарын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру ».
Слайд 8Шығармашылық шеберлігімді шыңдау жолындағы бағытым:
.
Тек білімді меңгерту емес,
оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін: есту,
көру, қимыл, ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру;
Қоғамдық қарым-қатынастың өзгеруін, өндірістің жетілуін, әлеуметтік прогрестің дамуын сабақ барысында оқушыларға түсіндіру;
Ұрпаққа үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру
Слайд 10«Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі»
Слайд 11ПАНОРАМАЛЫҚ САБАҚТАР АРҚЫЛЫ
оқытушының
ұйымдастыру және қатынастық қабілеттілігі;
шешендік өнерін қолдана білуі,
жалпы
білгірлігі;
пәндік білімі және жалпы білімдарлығы,
педагогикалық және әдістемелік шеберлік деңгейі,
сабақтың мақсатын, түрін және жұмыс әдістерін таңдаудағы дәлелділігі,
жаңашыл педагогикалық технологияларды тиімді қолдануы анықталады
.
Слайд 12ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАЯНДАМАЛАР
оқытушының
тақырыпты ашудағы мазмұны мен тереңділігін;
Өз позициясын талқылау
ерекшелігін;
Сөз байлығы, мәнерлілігі және сөйлеу бейнелілігін;
Қисын және ойын
мазмұндау реттілігін шыңдайды
Биология сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығы мен ойлау қабілетін арттыру. Баяндама.
«Қоршаған ортаның адам денсаулығына зиянды әсері”, гылыми жоба
“Маңғыстау облысының экологиялық жағдайы”, ғылыми-шығармашылық жұмыс
Слайд 13Жұмыс барысындағы өз тәжірибемде мынадай негізгі бөлімдерді атауыма болады.
1.
Оқушылардағы өсімдіктер, жануралар мен адам тіршілігіндегі ұғымдар мен заңдылықтарды, химия
пәніндегі негізгі заңдарды оқушы күнделікті өмірмен, табиғат құбылыстарымен байланыстыра білуі керек. Жаңа сабақты түсіндіргенде мұғалім сөзінің мазмұны мен тілі оқушысына түсінікті, жатық, нанымды болса ғана оқушының көңіл-күйін, сезімін тербетіп, білуге құштарлығын арттыратыны сөзсіз.
Тақырыпты толық меңгенрген оқушы құбылыстардың мән-мағынасына өзіндік талдау жасай алады.
2.есептер шыгару-биологиялык химиялык зандарды теренірек менгеріп логикалык ойлаудын дамуына,ерік пен қойылған мақсатқа жетудегі табандылыққа себі тиетін,ой қорытуға тиімді әдіс. Оқушылардын қызығушылығын арттыру үшін нүсқаларға бөлінген есептер беру өте маңыздыты. 3.Сыныптан с жұмыстын білімділік және тәрбиелік мәні зор.Ол оқушыларды белсенділікке,өз бетінше жұмыс істеуге,мамандық таңдауға мүмкіндік береді.Дебат,биологиялық кеш,рефераттар,көрмелер,буклеттер жасау,олимпиядалар жүргізу өте тиімді.
Слайд 14 Мектеп жұмысына үйреніп, дағдылана бастаған әрбір жас мұғалім
оқушымен шығармашылық бағытта жұмыстана бастайды. Дарынды да талантты жастар –
бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті,” – деп жеткіншектер болашағына үлкен мән бергенді. Баланы дарынды, бойында күш-қуаты жеткілікті екендігіне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш. Өйткені, сенім үлкен жеңіске жетелейді. Әрбір ұстаз борышы – терең біліммен қоса, саналы тәрбие беру. Оқушымен барынша мейірімді, сыйлы қарым-қатынас болғанда іс нәтижелі болады.
Слайд 15 Тегінде баланың өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен ізденіп, білімін
тереңдетуге үйрету – ең тиімді жол. Шығармашылық тұлға қалыптастыру –
қазіргі оқу процесінің ең басты талаптарының бірі. Шығармашылық – оқушы бойындағы ең негізгі қасиеттердің бірі. Ұстаздың міндетті оқушыдағы осы қасиеттің көзін тауып, оның оқу-тәрбие барысында ұшталуына көмектесу. Конфуций айтқан екен “Танымның үш жолы бар ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тәжірибе, ең мәртебелісі - ойлау”-деп. Сабақ барысында да осы үш саты қамтылады. Біріншісі – тақырыпқа қызығушылықты ояту, екіншісі – мағнаны ажырату, танып білу, үшіншісі – ой толғату сатысы. Яғни, оқушының оқудағы іс-әрекетін, ойлау дағдысын жетілдіру арқылы сабақтың алғашқы сатысы қызығушлықты ояту кезеңіне мына стратегиялар тиімді: топтастыру, болжау, терминдермен жұмыс, т.б.
Слайд 16 Күнделікті өткізетін биология, химия сабақтары барысында әдіс, тәсілдері
үнемі өзгертіп, жаңалықтар қосып байыта түсу ,оқушының танымын кеңейтудің де
оқушылардың шығармашылық бағытындағы көзқарастарын қалыптастырады.
Оқушыларға политехникалық білім беріп, олардың ғылыми көзқарастарын арттыруда биология, химия пәндерінің атқаратын рөлі ерекше. Бұл сабақтарда ұстаз әр түрлі тиімді жолдарды пайдалана отырып, оқушылардың сапалы білім алып, логикалық ой-өрістерінің артуына үлкен мән береді.
Слайд 17Осындай ойларымды тұжырымдай келе, жас ұрпақты білімді, саналы азамат етіп
тәрбиелеу үшін озық тәжірибе жемістерін сараптамадан өткізе отырып, бала бойына
шамшырақ жағатын білікті маман болуды өз міндетім деп ұғынамын.