9 «ә» сыныбына арналған ашық сабақ
Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес.
Дайындаған: Биология пәнінің мұғалімі –Майрамов Бексултан Нурмуханович 15.02.2016 ж
Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
“№28 жалпы білім беру орта мектебі” КММ
Презентация на тему Презентация на тему Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес. Сұрыптаудың тиімділігі. из раздела Биология. Доклад-презентацию можно скачать по ссылке внизу страницы. Эта презентация для класса содержит 28 слайдов. Для просмотра воспользуйтесь удобным проигрывателем, если материал оказался полезным для Вас - поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте наш сайт презентаций TheSlide.ru в закладки!
9 «ә» сыныбына арналған ашық сабақ
Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес.
Дайындаған: Биология пәнінің мұғалімі –Майрамов Бексултан Нурмуханович 15.02.2016 ж
Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
“№28 жалпы білім беру орта мектебі” КММ
Үйге тапсырмасын тексеру
І -ТОП
Сұрыптау дегеніміз не?
Сұрыптаудың түрлері?
Табиғи сұрыпталу дегеніміз не?
ІІ- ТОП
Қолдан сұрыптау және оның түрлері?
Эволюцияның қозғаушы күштері?
Ч.Дарвиннің 1859 жылы жазған еңбегі?
ІІІ- ТОП
К.Линнейдің еңбектері?
Ж.Б. Ламарктың эволюцияға қосқан үлесі?
Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?
ІV-ТОП
Өзгергіштік деген не?
Үйлесімді өзгергіштік дегеніміз не?
Модификациялық өзгергіштік деген не?
Мутациялық өзгергіштік дегеніміз не?
Ч. Дарвин тіршілік үшін күрес өзара бірін-бірі ығыстыратын екі себеп деп есептеді, ол себептер:
Тірі ағзалардың көбеюге шексіз бейімділігі.
Екінші тараптан табиғи ресурстардың шектеулілігі.
Дәстүр бойынша тіршілік үшін күрес 3 түрге белінеді.
Түрішілік.
Түраралық күрес.
Абиоздық факторлармен немесе әлі табиғатпен күрес.
Түрішілік күрес.
Бір түрге жататын даралар арасындағы күрес.
Мысалы:
екі ақ аюдың
өз тамағы
үшін күрес
(конкуренция).
Түрішілік күрес негізгі үш бағытта іске асады.
Қорек үшін.
Жыныстас әріптесі үшін.
Аумақ үшін күрес.
Тура күрес
Тура күрес кезінде дарақтар ашық соқтығысады. Мысалы, көптеген түрлердің аталықтары (әтештер, қоңыздар, мысықтар, морждар) аналықты иелену үшін қақтығыс-жарысады. Жануарлардың көпшілігі (қоңыр аю, арыстандар) аумақ үшін жұлқысады. Қорек жетімпесе (шортандар) немесе өзге себептер әрекетінен (арыстандар тұрақты топ жетекшісі ауысқан кезде) ересек дарақтар өз түріне жататын шабақтар мен күшіктерді жейді.
Жанама күрес
Жанама күресте ашық соқтығыс болмайды. Аталықтары аналығын қақтығыссыз-ақ сайрау арқылы шақыратын құстар тобы осылай бәскелеседі.
Түраралық күрес.
Әртүрлі түрге жататын даралар арасында жүреді. Мысалы: түлкілердің қояндарға шабуылы (жыртқыштық), қасқыр мен түлкі жемтігі үшін таласады (конкуренция-бәсекелестік), діңқұлақ пен ағаш (паразитизм).
Абиоздық фактормен- өлі табиғатпен күрес
Тіршілік үшін күрестің бұл түрі күрделі және сан алуан ағзалардың өзін қоршаған өлі ортамен өзара қарым-қатынасын қамтиды. Бұл мысалы, табиғи апатта (тасқын, ерте үсік, қар жауының ұзаққа созылуы, жанартау атқылауы) тірі қалу үшін күрес; таулы аймақтарда тәуліктік температураның күрт өзгеруіне бейімделу; маусымдық өзгерістерге ұзақ бейімделуін айтады.
Сонымен тіршілік үшін күрес барысында:
Орта жағдайларына жақсы бейімделген дарақтар тірі қалады және ұрпақ қалдырады;
Әсіресе түрішілік күрес күштірек өтеді, ал қалған екі форма көбінесе соны күшейте түседі.
Қолайсыз белгілері бар дарақтардың барлығы мүлде жойылып кетпейді. Кездейсоқтықтың нәтижесінде олардың бір бөлігі бәрібір сақталып, саны аз ұрпақ қалдырады.
Түршілік үшін күрес табиғи сұрыпталуға жеткізеді
Биологиялық диктант
________________- Бір түрге жататын даралар арасындағы күрес.
Тура күрес кезінде_______________________
Аталықтары аналығын қақтығыссыз-ақ сайрау арқылы шақыратын құстар тобы осылай бәскелеседі. Бұл күрес ____________________деп аталады.
Әртүрлі түрге жататын даралар арасында жүретін күресті____________________
Абиоздық фактормен- өлі табиғатпен күрес-_________________________________
№4 Ситуациялық сұрақ
Сыртқы ортаның қалайсыз жағдайларына не жатады?
Қолайлы жағдай дегеніміз не?
Кастус өсімдігін сипаттаңдар. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қалай бейімделген?
Алоэ мен кактусты сипаттаңдар.
Бекіту сұрақтары
Тіршілік үшін күрес дегеніміз не?
Түрішілік күрес формалары?
Түраралық күрес деген не?
9 «а» сынып оқушысы–Жубатырова Ырыстының Мұқағали Мақатаевтың «Жоқ, дәрігер» өлеңін орындау сәті
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть